Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Бітірушілерге психологиялық көмек көрсетуге арналған жаттығулар»

жүктеу 44.94 Kb.



жүктеу 44.94 Kb.
Дата08.03.2020
өлшемі44.94 Kb.

«Бітірушілерге психологиялық көмек көрсетуге арналған жаттығулар»


«Бітірушілерге психологиялық көмек көрсетуге арналған жаттығулар» Бітірушілерге сынып оқушыларына ҰБТ-ны сәтті тапсыру мақсатында, мектептерде көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Күнделікті сабақтан соң оқушылардың білімдерін шыңдау үшін қосымша сабақтар өткізумен қатар, оларға психологиялық тараптан көңіл-күйді көтеру, қорқу, қобалжу, үрейді жеңу, бос уақытында немен айналысу, көз талғанға, зейін тұрақтылығын, есте сақтауды дамыту жаттығулары жүргізілуде.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Амандасу рәсімі. Шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Әр бала 1,2,3-шіге саналады. Бірінші номердегілер қолдарын иықтарына, екіншідегілер – белдеріне, үшіндегілер – тізелеріне қояды. Әр бала шеңбер ішінде қозғалып жүріп, бір-бірлерімен шынтақтарымен амандасады. «Сағат тілі» жаттығуы. Шарты: Сағаттың суреті бейнеленген қағаздар таратылып беріледі. Қатысушылар психологтың нұсқауымен уақыт аралықтарына өздері қалаған қатысушылардың есімдерін жазады. Есімдер жазылып болған соң, психологтың бұйыруымен әрбір қатысушы өз таңдаулары бойынша адамдарды іздейді. Мысалы: 13-14 аралығы – амандасу; 15-16 аралығы – күлімдеу; 17-18 аралығы – комплимент айту; 19-20 аралығы – басынан сипау; 21-22 аралығы – қол алып амандасу; 23-00 аралығы – мимика арқылы сыйлық сыйлау. «Көңіл-күй неге ұқсас». Шарты: Ойыншылардың олардың бұгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Мысалы: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз. «Алманы жұл» жаттығуы. Шарты: Сенің алдыңда үлкен ғажайып алма өсіп тұр. Алмалар сенің нағыз төбеңде өсіп тұр – деп елестет, бірақ оны оңайлықпен алу мүмкін емес. Сенің оң жақ төбеңдегі үлкен алманы алу үшін, оң қолыңды неғұрлым жоғары көтеріп, аяғыңның ұшымен тұрып, тез терең тыныс ал, сосын алманы үзіп алып, жердегі шөптің үстіне қой да тынысыңды ақырын шығар. Келесі қолмен осыны орында. «Шар» жаттығуы. Шарты: Барлық қатысушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Кейін жүргізуші шеңбердің ортасына шар лақтырады да, бір дене мүшесін атайды: аяқ, қол, бас. Қай дене мүшесі аталса, сол дене мүшесінің көмегімен қатысушылар шарды бір-біріне беріп, жерге түсірмеулері керек. Жүргізуші біртіндеп шардың санын көбейтеді. Қатысушыларға қолдарын жіберуге болмайды. Түлектерге арналған аффирмация (Аффирмация тақтадан көрсетіліп, дауысталып оқылады). Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады; Әрбір күн, әрбір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады; Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда; Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда; Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді; Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін; Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда; Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын; Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын; Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
«Шеңберден басып өту» жаттығуы. Шарты: Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Әрбір ойыншы қарама-қарсы кім тұратынын анықтайды. Сіз «жүр» дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек. Мұны барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет! Әдетте қатысушылар шошынады да, бірақ ақырын-ақырын үйренеді. Кейін ойыншылардан көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз. Жаттығу шынайы өмірмен қалай сәйкес келеді. «Импульс» жаттығуы. Шарты: Қатысушылар теңдей екіге бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Пайда болған екі қатардың соңына үстел қойылып, оның үстіне маркер қойылады. Екінші шетіне жүргізушінің өзі тұрып, бірінші тұрған қатысушылардың қолдарын ұстайды. Әрі қарай қатысушылар тізбек бойынша бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Жүргізуші қатысушылардың қолдарын қысу арқылы тізбек бойымен «импульс» жібереді. Қатысушылар оны жалғастырып, ең жылдап болған топтың соңғы қатысушысы өзіне импульс келген бойда үстел үстіндегі маркерді жылдам алуы керек. Алғаннан кейін ол тізбектің басына орын ауыстырады да сол тізбектің қатысушылары бір қадам алға жылжиды. Қай топтың соңғы қатысушысы бірінші болып өз орнына келсе, сол топ жеңіске жетеді. «Дыбыстық гимнастика» Шарты: Психологтың нұсқауы бойына берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады; Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді; И – ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады; О – жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді; Х – барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі; Ха – ха – көңіл күйді көтереді. «Стресті қалай жеңуге болады» Шарты: Ортаға 12 оқушы шығады. Оқушыларға шар үлестіріледі, психолог оқушылардың бір шетінен «Сендердің қандай жағдайда жындарың келеді» деген сұрақ қояды. Оқушылар сол сәттерімен бөлісіп, шарды үрлейді, әрбір оқушының айтқан сөзінен кейін шар үрлене береді, шар үлкейе береді, үйге барсам ата-анам ұрсады, мектепке келсем сынып жетекшім оқушылар алдында сынайды, осы сөздердің барлығы айтылады, оқушылар үлкен болып шыққан шарды жарады. Сосын оқушыларға екінші шар үлестіріліп, психологтың алдыңғы сөзді қайталауы бойынша үрленіп, үлкейеді, «Ата-анам мені үнемі жақсы болсын дейді, сол үшін ұрсады, мұғалімім мені болашақта жақсы азамат болсын дейді, сол үшін сынайды» деген сөздерден кейін оқушылар шардың желін ақырындап шығара бастайды. Шардың ішінде жел қалмайды.


жүктеу 44.94 Kb.