Главная страница
Контакты

    Басты бет


Біржан Белғара Очерк тынысы жайлы сындарлы зерттеу

жүктеу 56.25 Kb.



жүктеу 56.25 Kb.
Дата04.06.2018
өлшемі56.25 Kb.

Біржан Белғара Очерк тынысы жайлы сындарлы зерттеу


Біржан Белғара Очерк тынысы жайлы сындарлы зерттеу Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Шындалиева Меңдігүл Бұрханқызының “Қазақ очеркінің қалыптасуы, дамуы” атты монографиясы басылып шықты.

Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) - жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б.

Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.

Бұл еңбекте қазақ очеркінің қалыптасуы, дамуы, жанр жүйесі, идеялық-эстетикалық ерекшеліктері айқындалып, очерктің даму тенденциялары ашып көрсетілген. Қазақ очеркінің проблемалары әр жылдары жарық көрген Т.Ыдырысов, Т.Амандосов, М.Барманқұлов, Т. Қожакеев, З.Қабдолов, Б.Кенжебаев еңбектерінде белгілі дәрежеде зерттелген болатын. Осы уақытқа дейін М.Шындалиева әдебиеттану, әдебиет тарихы саласында біраз зерттеулер жасаған, қазақ әдебиеті тарихына ақындық пен шешендіктің дәстүрлі байланысын, Омбы өңірі қазақтарының әдеби мұрасын зерттеген ғалым ретінде белгілі болып келген.

Әдебиеттану - көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетикалық ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Ал, жоғарыдағы монографиясында очерк жанрның жүйесіне ерекше мән беріп, оны бүгінгі әдеби процеспен тығыз бірлікте қарастырады. Қазақ очеркінің қаз тұрып қалыптасу, дамуы, кемелдену кезеңдерін әлемдік, орыс очерктерінің классикалық үлгілерінен үздіксіз үйреніп, үнемі очеркшілеріміздің тәжірбие алмасып отырғандығын кеңінен сөз етеді. Кез келген проблемаға еңбек авторы жан-жақты талдау жасай отырып, қазақ очеркінің ішкі табиғатына, даму диалектикасының сырларын әртүрлі салыстырулар арқылы ашады.

Автор (лат. auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.)

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Очерктік шығармаларды жанрлық жағынан жіктей отырып, жетілу, толысу кезеңдерін жалпы әдеби процеспен бірлікте қарастыра отырып, образ мәселесі, типтендіру проблемалары, ойдан шығару, көркемдік құралдардың пайдаланылуы, очерктің өзіне тән публицистикалық элементтерінің жетілуі, әртүрлі очерк түрлерінің молаюы, бәрі-бәрі сабақтастырыла қарастырылады.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Монография кіріспе, төрт бөлімнен, түйін сөзден тұрады, кіріспесі еңбектің мәнін, мақсатын айқындайтын беташары іспетті, бірінші бөлімде қазақ очеркінің табиғатына, төл сипатына, идея, шындық, сюжет, композиция, типология, ойдан шығару, характерлер проблемасына тоқталған. Еңбектің екінші бөлімінде қазақ очеркінің тарихи негіздері байырғы жазба ескерткіштерден бастап, шежірелік еңбектер, ХІХ-ХХ ғасырдығы очерктердегі дерекшілдік нышандары жайлы сөз болады.

Ескерткіш– кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.)

Еңбек авторы әдебиет тарихы мен қоғам тарихының тығыз байланыстылығын ескере отырып, очерк жанрындағы уақыт ағымы тудырған даму заңдылықтарын назардан тыс қалдырмайды. Үшінші бөлімде қазақ очеркінің түрлері дәлелді жіктеліп, тың тұжырым мен соны қорытындылар алға тартылады. Мұндағы талдау обьектілерінің бәрі ұлттық классикадан алынған. Зерттеуші Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиннің шығармаларына әдеби-эстетикалық талдау жасап, бұрын-соңды айтылған пікірлерді қайталамай, соны қырларын ашылған. Классик жазушылардың очерктік шығармаларының ерекшеліктерін теориялық тереңдікпен зерттей отырып, жанрдың салмағын дұрыс саралап, өзімізге таныс еңбектердің бөге-шүгесіне дейін талдайды.

Жазушы (кейде литератор) - қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.

Тереңдік - суқоймалардағы немесе ағын судағы су бетінен су түбіне дейінгі тік бағыттағы аралық (қашықтық). Суқоймадағы немесе ағын судағы терендікті өлшеу процесі - өлшеу деп аталады.

Төртінші бөлімде қазақ очеркінің көркемдік ерекшелігі, диалог, образ сомдау, пейзаж, тіл мен стильдің қызметі түбегейлі қарастырылып, қазақ очеркіне тән өзгешелік тап басылып, тың теориялық тұжырымдар ұсынылған. Мұнда да Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, О.Бөкей, Ә.Кекілбай т.б. жазушылардың очерктік шығармаларын сөз ете отырып, образ сомдау, диалогпен сөйлету, пейзажбен суреттеу т.б. арқылы көркемдік биіктерге көтерілу жолдарын әр қырынан танытады. М.Шындалиева зерттеуінде әр жазушыдан алынған очерктердің өзіндік ерекшеліктерінің табиғатын ашу, авторлардың тақырып таңдау, образ жасау, публицистикалық элементтерді пайдалану шеберліктеріне үңіле отырып, оқырманды елең еткізер қызғылықты фактілерді дөп басу жағы орынды.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Бұл монографияда әр тақырыпты сан қырынан алып қарастырған, очерктік шығарманың жанрлық қыры, жазылу шеберлігін жан-жақты талдаған, түйінді пікірлер ұсына білген деп айта аламыз. Очерктік шығарманың жанрлық ерекшелігі, жазылу тарихы, кейіпкер мен автор арасындағы байланыстың жай-күйін егжей-тегжейлі талдап қана қоймай, оны оқырман мен әдеби ортаның бағалауына да тоқтайды, дәйекті пікірлер ұсынады. Әсіресе, очерк жанрының түрлеріне талдау жасағанда оқиғалы очерктердегі оқиға желісі бір-біріне ұласып, жалғасып кете беретіні, оқырман шын мәніндегі өмір ағысын көзбен көргендей әсер алатынын ғылыми тұрғыдан жеткізеді. Көлемді көркем шығармалардағы оқиғалар бірнеше тарауларға бөлініп, бір-бірімен жалғасып барып бір арнаға құйылатын болса, көркем очерктегі оқиғалар белгілі бір оқиға төңірегінде қысқа да тиянақты баяндаумен шектелетіні белгілі. Публицистикалық очеркте материалға ерекше әлеуметтік, саяси тереңдік берілетіні, публицистикалық бастама басты орын алады.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Шынайы өмірді көрсетуге, қоғамдық ойды мазмұндауға басты назар аударылатын публицистикалық очеркте образдық жүйе екінші орынға қойылып, оқушылармен сыр шертісу жағы басым болатынын өмірмен сабақтастырыла түйінделеді.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Мемуарлық очерктер көркем шығарманың санатына жатады. Оның өмірбаяндық, күнделік, естелік ретінде жазылған үлгілері бар. Автор өмірде болған оқиғаларды негізге алып, өзінің басынан кешкен оқиғалары мен құбылыстарын нақтылы дерек, фактілерге жүгініп жазатыны да терең таным-талғаммен талданады. Лирика-философиялық очерктерді сөз еткенде С.Ерубаев, О.Бөкей, Ә.Кекілбай шығармаларындағы өткен кезеңмен қоса бүгінгі өмір шындығы, осы жазушылардың нәзік көңіл күйімен, сезім әсерлерінен тұратын, танымдық концепциялары, әлем, қоғам, адам заңдылықтарын түсіндіруге ұмтылыс жасайтын тұстары пайымды да терең. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басында қазақ әдебиетінде жол-сапар очерктері кеңінен қанат жайып, өркендеп дамығаны әдебиет тарихынан белгілі. Саяхат туралы очерктер адам танымының көкжиегін кеңейту, тәжірбие жинақтау, адамзаттың қысқа өмірінде көре алатын барлық нәрселерін білуге деген құштарлығын қанағаттандыратыны туралы пікірлері салмақты. Мұнда көбінде алыстағы елдерді, олардың тұрғындарын, сол жердің табиғатының әсемдігін, саяхаттың ерекшелігі мен кездейсоқтықтар бедерленетіні де сөз болады. Портреттік очерк үлгілерінде кейіпкердің тек сырт көрінісі емес, керісінше, кейіпкер характерін әр түрлі жағдайда, тартыс, әрекет үстінде көрсете отырып, қаһарманның іс-қимылдары арқылы айқындалатыны нақты мысалдар арқылы дәлелденеді. Этнографиялық очерктерде халық өмірін тікелей бақылаудың нәтижесінде сан алуан деректер жиналады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Өткен өмір мағлұматтарын қазіргі деректермен салыстыра отырып жазылатыны, әр халықтың тұрмысы мен мәдени дамуының тарихи процесінде бақыланған негіздерге сүйенгенде толыққанды этнографиялық очерктер туатынының сыр-себебі де еңбекте ашылады. Автордың кез келген очерктің түрін талдау барысында өмір шындығын саралауға аса ықыласты екендігіне көз жеткізгендей болдық. Әдебиеттану ғылымында аз зерттелген очерк жанры туралы Меңдігүл Шындалиеваның “Қазақ очеркінің қалдыптасуы, дамуы” атты монографиясына қосымша “Қазақ очеркі” атты библиографиялық көрсеткіш кітабы да жарық көрді. Уақыт пен әлеуметтік ортаның, адам мен қоғамның «жанды» шежіресі ретінде очерктің рухани мәдениет аясындағы мән-маңызы айрықша зор. Бұл тұрғыдан келгенде очерк жанрына қоғамды шыңдайтын, талғамды жетілдіретін мәдени-рухани ықпалды «құрал» деп қарап, оның эстетикалық және ағартушылық қасиеттеріне ғылыми зердемен ден қойған жоғарыдағы монографияның да, библиографиялық көрсеткіштің де маңызы зор. Қазақ топырағында туындаған очерктер сандық та, сапалық та өресімен осындай терең зерттеу жасауға әбден лайық деп ойлаймыз.

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

Бүгінгі таңда қазақ очеркінің 300-350 томдай болатын мәтіндік материалдары бар екені көпшілікке белгілі. Бұл – мәдени-рухани толымды қазына болғандықтан, оның көркемдік-эстетикалық болмысын ғылыми зердемен парықтау – үлкен міндет. Бұл тараптағы зерттеу еңбекке қосымша библиографиялық көрсеткішті құрастырудың өзі игілікті іс. Оқырман назарына ұсынылған библиографиялық еңбекте қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының бәрін қамту және оларды түбегейлі тізіп беру мүмкін емес екендігі тағы белгілі. Алайда, қазақ топырағында туындаған очерк жанрының тек-тамыры мен қалыптасу жолдарына ден қоя отырып, очерктің толысқан үлгілерін ғылыми зердемен саралау-реттеу бұл библиографиялық еңбектің өзекті мақсаты болып шыққан. Библиографиялық көрсеткіш аңғарту, очерк жанрында жарық көрген кітаптар (500-дей), мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген (1000-нан астам) очерктер, авторлар мен очерк жинақтарының әліпбилік көрсеткішінен тұрады. Монографиялық еңбектегі әр тақырыптың кеңейіп, кемелденіп, дамып отыруының өзі бұл зерттеудің бірегейлігін көрсетсе керек. Бұл әдебиетке қызығатын қалың қауымға арналған, кешегі, бүгінгі өміріміздің шежіресі очерк жанрының қалыптасып, дамуы жөніндегі, бұл жанрдың күрделі проблемаларынан мол мағлұмат беретін сындарлы еңбек деп бағалауға лайықты деп ойлаймыз. Біржан Белғара Филология ғылымдарының кандидаты


жүктеу 56.25 Kb.