Главная страница
Контакты

    Басты бет


Білімді бағалау жүйесін автоматтандыру бейсенғалиев М., Қабенов Д. И

жүктеу 45.61 Kb.



жүктеу 45.61 Kb.
Дата17.09.2017
өлшемі45.61 Kb.

Білімді бағалау жүйесін автоматтандыру бейсенғалиев М., Қабенов Д. И



ӘOЖ 004.891
БІЛІМДІ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН АВТОМАТТАНДЫРУ
Бейсенғалиев М., Қабенов Д.И.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана
Ғылыми жетекші – Разахова Б.Ш.
Қазіргі уақытта компьютерлік технология адамзаттың барлық қызмет саласына тығыз енді. Білім беру саласында әрбір оқытушы қандай-да бір дәрежеде компьютерлік технологияны қолданады.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Соның ішінде білімді бағалауды автоматтандыру. Білімді бағалау зерделік мәселе болып табылады. Себебі білімді дұрыс бағалау үйренушілерге жеке ықпал жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар білім берудің жаңа кезеңіне өтуге көмектеседі. Қазіргі қалыптасқан жүйелерде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Мұндай міселелелерді шешу үшін бұлдыр жиындар теориясы қолданылып жүр [1].
Жиындар Теориясы – жиындардың (көбінесе шексіз жиындардың) жалпы қасиеттері жөніндегі ілім. Шексіз жиындарды сандық түрде салыстыру мүмкіндігі туралы мәселе жиындардың шешілуге тиісті ең алғашқы мәселесі болды.
Біз бүл жұмыста білімді бағалау жүйесінің механизмін жетілдіру алгоритмдерін қарастырамыз. Бұлдыр жиындар теориясы оқытушының ауызша сұрау барысында шешім қабылдауы секілді білімді бағалау сараптамалық жүйесінің дұрыс шешім қабылдау механизмін жақсартуға мүмкіндік береді. Бұлдыр логиканы қолданудың тағы бір нәтижесі оқытушыға білім алушының оқу материалына сәйкес білімін тұтастай бағалауға мүмкіндік береді.

Білімді бағалау жүйесін автоматтандыру мәселесін шешуде Ш. Шахбазова [1], В.С. Аванесов [2], В.П. Беспалько [3], Г.Г. Асеев [4], Э.Г. Петров [5], Н.В. Шаронова [5] көп үлестерін қосты. Көп тараған білімді бағалау жүйелерінде қорытынды баға келесі формула бойынша есептеледі:



, (1)

мұндағы - қорытынды баға, si - i-ші тапсырма қиындығы (салмақтық коэффициент),



- i-ші тапсырманы орындау бағасы,

nтапсырма саны.

Білімді бағалау үшін жүйенің білімдер базасын құру керек. Жасанды зерде жүйесінде білімді ұсыну үшін бірнеше тәсілдер қолданылады: семантикалық желі, фреймдік желі, нейрондық желі.

Семантикалық желі (семантическая сеть; semantic network) - білімнің белгіленіп бағдарланған граф түріндегі ұсынылу тәсілі; оның төбелері ұғымға, объектіге, әрекетке, жағдайға немесе күрделі қатынастарға сәйкес келсе, доғалары қасиеттеріне немесе қарапайым қатынастарға сәйкес келеді.
Біз семантикалық желі көмегімен білімді ұсынуды қарастырамыз. Семантикалық желі – пәндік облыстың ақпараттық моделі. Семантикалық желі қоршаған ортадағы құбылыстарды логикалық өрнектер түрінде сипаттауға мүмкіндік береді. Семантикалық желілер математикалық формулаларды визуалдау нәтижесінде пайда болды. Семантикалық желілерді бейнелеудің басты тәсілі ретінде граф саналады. Бірақ та кез- келген графикалық бейнелеу негізінде қатаң математикалық жазба жатқанын еш уақытта ұмытпау керек және бұл екі форма ешқашан бір-бірімен бәсекелеспейді, керісінше олар өзара бір- бірін толықтырып тұрады оны келесі 1-суреттен көруге болады.

Сұрақ-жауап бөлімі жүйеніің негізі болып табылады. Әрбір сұрақ жүйемен беріледі, сұрақтың жауаптары білім алушушының белгілі бір білім немесе шатасу деңгейін анықтайды. Демек қалыпты тестілеу жүйесіндегідей сұрақтың дұрыс жауабын «1», қате жауабын «0» деп бағалап ғана қоймай, дұрыс жауап 4 балл болса, қате жауаптарды да қаншалықты білмеу немесе шатасу деңгейіне қарай бағалау қарастырылады.




1-сурет. Тең бүйірлі үшбұрыш.
Білімді бағалауда қазіргі білім берудің кредиттік технологиясындағы 12 баллдық жүйе қолданылады. Аталған сұрақ-жауап жүйесін 1-суретте берілген онтологиялық білім негізінде қарапайым мысалмен көрсетуге болады (1-кесте).


Сұрақ: Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 1 м, табанының ұзындығы 0,4 м болса, бүйір қабырғасының ұзындығын табыңыз.

Жауап түрі 0,3 м

Дұрыс

Баға

4 балл

Негіздеме Осы сала бойыша білім алушының білімі өте жоғары.

Жауап түрі 1,4 м

қате

баға

0 балл

Негіздеме Мұндай қателікті түсіндіру мүмкін емес. Осы сала бойыша білім алушының білімі өте төмен.

Жауап түрі 0,2 м

қате

баға

2,33 балл

Негіздеме Периметр туралы түсінігі бар. Бұл жауапты білім алушының тең бүйірлі үшбұрыштың элементтерін шатастыруы мен түсіндіруге болады.

Жауап түрі 0,7 м

қате

баға

1,67 балл

Негіздеме Теңдеуді шешу жолын білмеуі себебінен.

Жауап түрі 0,4 м

қате

баға

0 балл

Негіздеме Тең қабырғалы үшбұрыш пен тең бүйірлі үшбұрыштарды ажырата білмеуінен.

Білімді бағалауды автоматтандыру үшін жасанды зерде жүйелерінде кеңінен қолданылатын Пролог логикалық программалау тілін қолданамыз. Себебі бұлдыр жиынның логикасын Прологтың предикаттарына жеңіл түрлендіруге болады. Мысалы, «Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығы а-ға, ал табанының ұзындығы с-ға тең болса, онда периметрі Р=2*a с формуласымен есептеледі» сөйлемі Прологтың келесі түрдегі ережесіне түрленеді:

тең_бүйірлі_үшбұрыш_периметрі(А,С,Р) :-бүйір_қабырға(А), табаны(С), Р=2*A C.
Әдебиеттер

1. Shahbazova, Sh. APPLICATION OF FUZZY SETS FOR CONTROL OF STUDENT KNOWLEDGE, Application Comput. Math., V.10, N.1, Special Issue, 2011, pp.195-208.

2. Аванесов В.С. Научные основы тестового контроля знаний. М.: Исследовательский центр, 1994. – 135 с.

3. Беспалько В. П. Элементы теории управления процессом обучения. Ч. II. Измерение процесса обучения. — М.: «Знание», 1971. — 72 с.



  1. Асеев Г.Г., Ситников Д.Э., Демина В.М. Об одном логико-алгебраическом подходе к построению автоматизированных систем контроля знаний // Вестн. Харьк. гос. политехн. ун-та. Сер. Систем. анализ, управление и информ. технологии. – Х., 1999.- . Вып. 51. –С. 193-198.

  2. Самосовершенствование преподавателя. Учебное пособие / Э.Г. Петров, Л.Н. Радванская, Н.В. Шаронова. – Херсон; ОЛДІ-плюс, 2002.–144 с.


жүктеу 45.61 Kb.