Главная страница
Контакты

    Басты бет


Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 348.21 Kb.



жүктеу 348.21 Kb.
бет1/3
Дата12.02.2020
өлшемі348.21 Kb.

Білім және ғылым министрлігі


  1   2   3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 3деңгейлі СМК құжаты ПОӘК ОӘКҚ 042-14.4.01.20.0101-2011 ПОӘК «Ауыл шаруашылық өсімдіктер биотехнологиясы» пәнінен студентке арналған жұмыс жоспары 18.09.2010 ж.
Ғылым (араб.: علم‎ (ілім) - білім, тану; лат. scientia - білім) - ақиқат жайлы объективті білімдерді жетілдіру мен жүйелеуге бағытталған адам іс-әрекетінің саласы. Жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
басылым орынына № 2 басылым 01.09.2011ж. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080100 «Агрономия» мамандығына арналған «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨСІМДІКТЕР БИОТЕХНОЛОГИЯСЫ» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ –2011 МАЗМҰНЫ Глоссарий Дәрістер Тәжірибелік және зертханалық сабақтар Курстық жоба және дипломдық жұмыс ОСӨЖ 1 ГЛОССАРИЙ Интрон –ДНК мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері, прсессинг нәтижесінде рестриктаза ферментінің әсерімен интрон үзіліп түсіп қалып отырады да, қалған мағаналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық РНК түзіледі. Каллус- ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Кариотип – организімдегі хромосомаларына тән белгілерінің жиынтығы, ол хромасомалар саны, пішіні, мөлшері, өлшемі, морфологиялық ерекшелігімен ерекшеленеді.
Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) - өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.
Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Клетка циклі – клетканың бір бөлінуінен екінші рет бөлінуіне дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестерінің жүйесі, ол митоздан (миоздан) және интерфазадан тұрады. Клеткалар популяциясы- жасанды қоректік ортада өсірілген клеткалардың жиынтығы. Клеткаларды мұздатып сақтау- мұздатып алып өте төменгі -196 С температурада сақтау. Клетка генерациясының мерзімі- клетканың кезекті екі бөліну арасындағы мерзім. Клон- қоректік ортада жалғыз бір клеткадан көбейген клеткалар. Клондау- құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНК-ы молекуласы бар, бактериялық клеткаларды қоректік агарға сеуіп, ДНК молекула қоспасын бөлу.
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.
Бір бактериялық колонияны бір клетканың ұрпағы деп түсіну керек, оның барлық клеткалары құрамында бір тиіптік рекомбинанттық ДНК молекуласы бар. Компентенция – клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организімнің индукторлық әсерді қабылдап алуға қабілеттілігі және әсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму бағытын өзгертуі. Комплементарлық ДНК- ферменттер қатысуымен жасанды жолмен синтезделген и РНК-ның көшірмесі.
Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді: оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лиазалар, изомеразалар, лигазалар.
(кДНК) Генетикалық комплементация- будан клеткалар ішіндегі әрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің функциясын өз қалпына келтіруі. 2 ДӘРІСТЕР Дәріс 1 Өсімдіктер биотехнологиясына кіріспе. Жоспар; Өсімдік клеткаларын өсірудің қысқаша тарихы. Биотехнологияның пән аралық байланыстары. Өсімдік клеткаларының тотипатенттілігі. Өсімдк клеткаларын қоректік ортада өсіру жолдары. Клеткаларды өсіру деген ұғымға өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді қоректік ортада заласыздандырылған жағдайда өсіру енеді.
Синтез (гр. ,synthesis құрастыру, тіркестіру) - Берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру; Бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау; Тілдік құбылыстың құрамын өзара байланыста, тутас қалпында алып қарастыру.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Өсімдік клеткаларын іn vitro жағдайында нәтижелі өсіру жұмыстарын ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Ф. Уайт пен Р.Готре бастап еді. Өсімдіктің тірі клеткасы лайықты коректік ортада өзіне тән тотипатенттік қасиетін көрсетеді, яғни бүтін регенерант өсімдігін түзеді. Іn vitro жағдайында пайда болған өркені мен тамыры жетілген өсімдікті регенерант деп атайды. Өсімдіктер биотехнологиясы ғылым ретінде ботаниканың негізінде пайда болып алғашында биотехнологиялық процесстерді баяндау жолымен түсіндірілді.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Ботаника (гр. botn - шөп, өсімдік) - өсімдіктер туралы ғылымдар жиынтығы, биологияның бір саласы; өсімдіктер туралы ғылым. Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.
Физикалық-химиялық зерттеулердің әдістерінің пайда болуына байланысты бұл ғылым дамып, өсімдіктерде өтетін процестерді тәжірибе негізінде зерттейді. Өсімдіктер биотехнологиясының табыстары ең алдымен физика мен химия саласындағы жаңалықтарға байланысты болды. Бұл ғылымдардың жетістіктері биотехнологиялық процестерді молекулалық деңгейде зерттеп, білуге жәрдемдесетін әдістерді жасап шығаруға мүмкіндік берді. өйткені физиологиялық функциялар негізінде биохимиялық реакциялар жатады. Ауорганизмді құратын заттардың қасиеттері олардың физикалық құрылымына байланысты.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Биохимия, биологиялық химия - тірі организмдердің химиялық құрамын, ондағы биохимиялық қосылыстардың синтезделіну жолдарын, заңдылықтары мен қасиеттерін, молекулалық құрамын, жасушалардың биологиялық, биохимиялық және физиологиялық қызметін зерттейтін ғылым.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Элементтік және молекулалық құрам организм құрылысына, құрылым функциясы атқаруына байланысты. Химия мен физиканың, биохимия мен биофизиканың енуі ғылымның жаңа салалары биотехнологияның пайда болуына мүмкіндік туғызды. Тотипатенттілік деген –клетканың өзіне тән генетикалық потенциялын толық жүзеге асыру қасиеті.
Биофизика, биологиялық физика (био.. және физика) - тірі организмдерде жүретін физикалық және физикалық-химиялық процестерді, сондай-ақ, биологиялық жүйелердің ультрақұрылымын зерттейтін ғылым. Физика, химия, математика ғылымдарының идеясы, теориялық негіздері мен биологиялық әдістердің ұштасуы Биофизиканың дамуына зор мүмкіндік туғызды.
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).
Тотипатенттілік қасиет туралы гипотеза белгілі ғалым Г.Габерландтың есімімен байланысты. Өсімдіктің жеке клеткасы жасанды ортада өздігінене дами алады. Мұндай тәжірибені алғашқы рет 1902 жылы Габерлант жүргізді, ал 1930 жылы Уайт оқшауланған тамырларды жасанды ортада өсіріп, олардың дамуын байқады. Осы әдіспен сәбіз тамырынан бөліп алған бөліктерді жасанды стирильді ортада жетілдіру арқылы каллус ұлпасы өсірілді. Каллус тек біріңғай паренхима клеткаларынан тұрады. Бұл факторлардың әсерімен каллус дифференциацияланып, одан әрі түрлі тканьдер пайда болады. Каллусты өсіру арқылы клеткалардың өсуіне, дамуына қажетті қоректік заттар, витаминдер мен гармондардың әсерлері зерттеледі.
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
Дәрумен - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Дәрумен (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды.
Гармонь, гармоника (грек. үндес, үйлесімді) - клавишті-пневматикалық аспап, сырнай. Дыбысты көріктің қысымынан туатын ауа ағысы арқылы қозғалысқа келетін металл тілшелер шығарады. Гармоньды 1822 ж. неміс шебері Ф.
Іn vitro жағдайында өсірілетін ұлпа –каллус. Каллус деп клеткалардың ретсіз бөлінуі салдарынан пайда болған диференцияланбаған клеткалардан тұратын ұлпаны айтады. Клеткаларды агары бар қатты немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Жеке клеткаларды немесе кішігірім клеткалар топтарын арнаулы апараттарды қолданып, олардың аэрациясы мен араластыруын қамтамасыз ете отырып сұйық ортада өсіруді клеткалық суспензия деп атайды. Клеткалардан ферменттердің әсерімен протопластарды бөліп алу және оларды өсіру әдісі елеулі бір тарихи кезең болады. Себебі протопластарды өсіру өсімдктер биотехнологиясының клеткалық және гендік инженериясы деген маңызды бағыттардың негізін қалады. Биотехнология биологиялық процестер мен обьектілерді пайдалануға негізделген, экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттарды өндіру және жоғары өнімділігі бар организмдерді шығаратын ғылыммен өндірістің жаңа бағыты.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Суспензия - қатты дисперстік фазаның сұйық дисперстік орта-да таралған микрогетерогенді система. Ондағы қатты бөлшектердің өлшемі 0,1 мкм
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Өсімдік биотехнологиясы жалпы биотехнологияның күрделі бір саласы. Оның негізінде өсімдік клеткаларын жасанды қоректік ортада өсіру әдістері жатады. Бақылау сұрақтары Клеткаларды өсіру дегенімізді қалай түсінесіз Клеткалардың тотипатенттілігі деген не Кім бірінші болып осы туралы ой қозғады Каллус деген не Регенерант өсімдік қайдан шығады Клеткалық суспензия деп нені айтады Өсімдіктер клеткаларын өсіру әдістерін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдар кімдер Биотехнология деген не ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: Валиханова Г.Ж Биотехнология растении. Алматы-1996ж Бутенко Р.Г Биология клеток высшых растении in vitro и биотехнологии на их основе. М. ФБК-ПРЕСС, 1999 Шевелуха В.С и др. Сельскохозяиственнвя биотехнология. М., Вышая школа, 1998. Қосымша әдебиет: Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981. Закиров М. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі., Рауан баспасы, 1991. Жизень растений. т. IV-VI. М., Просвещение, 1978-1988 Дәріс 2 Өсімдік клеткаларын культивирлеу әдістері. Жоспар; Өсімдік клеткаларын іn vitro жағдайында өсіру Қоректік орталар Клеткаларды өсіруге қажетті жағдайлар Каллуст ыалу және оны өсіру Клеткаларды сұйық қоректік ортада өсіру Клеткаларды өсірге арналған қоректік орталардың құрамы өте күрделі. Олардың құрамына макро және микроэлементтер, көмірсулар, витаминдер, аминқышқылдары, фитогармондар кіреді. Клеткаларды нәтижелі өсіру үшін ең алдымен лайықты қоректік орта қажет. Клеткаларға әсер ететін сыртқы факторлар: температура, жарық, осмос қысымы, оттегі. Калллуыс ұлпасы клеткалардың ретсіз бөлінуі арқасында пайда болады. Каллустың туындауы және әрмен қарай өсуі фитогармондармен реттеледі. Каллус ұлпасын 3-4 апта сайын жаңа қоректік ортаға көшіріп отырып, өте ұзақ уақыт өсіруге болады. Ал қоректік ортаның құрамын өзгертіп, морфогенездің нәтижесінде регенерант өсімдікті алуға болады.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Морфогенез, морфогения, пішін қалыптасу (гр. morphe - пішін, түр және генез) - организмнің жануарлар түрлеріне, туысына, отрядына, сыныбына (класына), типіне байланысты дене бітімі мен пішінінің қалыптасу процесі.
Клеткалар суспензиясы деген жеке клеткаларды немесе олардың кішігірім топтарын аэрациясы мен араластыруын қамтамасыз етіп сұйық ортада өсіру. Сұйық ортада өскен клеткалар агарлы қатты ортада өсірген клеткалармен салыстырғанда, қоректік заттармен және оттегімен жақсы қамтамасыз етіледі. Жеке клеткаларды борпылдақ каллустан сұйық ортада шайқап шығарып алады. Клеткалардың суспензияда ең лайықты тығыздығы бір милллилитрде 105-106 клетка шамасында болуы керек. Клеткаларды сұйық ортада өсірудің екі әдісі бар: қорландырып мерзімді өсіру, ағынды ортада үзіліссіз өсіру. Өсімдік клеткаларын сұйық ортады өсіргенде микроорганизмдерге арналған технология мен апараттар қолданылады. Клеткалар суспензиясын өсіру биореакторда (ферменттерде) хемостат және турбидостат принциптері арқылы жүргізіледі.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Бақылау сұрақтары: Клеткаларды өсіру үшін қандай жағдайлар қажет Қоректік ортаның құрамына қандай заттар кіреді Өсімдікті заласыздандыратын заттар. Диференциациалану және дедиференцациялану деген не Клеткалар суспензиясы қалай алынады Сұйық ортада өсетін клеткалардың қатты ортада өсетін клеткалармен салыстырғанда нендей артықшылығы болады Сұйық ортада клеткалар суспензиясын өсірудің тәсілдері ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: Валиханова Г.Ж Биотехнология растении. Алматы-1996ж Бутенко Р.Г Биология клеток высшых растении in vitro и биотехнологии на их основе. М. ФБК-ПРЕСС, 1999 Шевелуха В.С и др. Сельскохозяиственнвя биотехнология. М., Вышая школа, 1998. Қосымша әдебиет: Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981. Закиров М. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі., Рауан баспасы, 1991. Жизень растений. т. IV-VI. М., Просвещение, 1978-1988 Дәріс 3 Өсімдіктерді клодық көбейтудің әдістері. Жоспар: Өсімдіктерді клондық көбейтудің пайдасы. Клондық көбейтудің әдістері Микрокөбейту процесінің кезеңдері Өсімдіктердің клондық микрокөбеюіне әсер ететін факторлар Клондық микрокөбейту әдісін қолдану және оның болашағы. Клондық микрокөбейту –өсімдіктерді іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбейту. Пайда болған клон өсімдіктер бастапқы өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей болады. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар.
Вегетативтік (вегетативный); (лат. vegetativus - өсімдік, өсімдікке тән) - өсімдік организміне тән зат алмасу мен көбею қызметтерін атқаратын адам мен жануарлар организмдеріндегі жасуша бөліктеріне, мүшелерге немесе мүшелер жүйелеріне байланысты қолданылатын атау.
Оның ішінде ең маңыздыларының көбею коэффициенттері өте жоғары және өсімдіктерді вирустармен патогендік микроорганизмдерден тазарту.
Патогенез (гр. παθος - бүліну, ауру, гр. γενεσις - даму) - аурудың немесе оның көріністерінің пайда болуы мен динамикасының механизмдері. Патогенезді зерттеп дәрігерлер аурудың қалай пайда болып ,дамыған жолын айқындайды.
Клондық микрокөбейту әдістері іn vitro жағдайында қолтық бүршік мерисистемаларын өсіруге және басқа экспланттардан өсіруге негізделген. Жасанды тұқым деп- даму кезеңдері бірдей жасанды қабықшалармен қапталған, эмбриоидтарды айтады. Қабықшалар эмбриоидтарды және ұзақ уақыт аралығында тіршлік қабілетін сақтауын қамтамасыз етеді. Бірінші типтегі өсімдіктер тұтас өсімдікте бұрыннан бар меристемаларды (сабақтың ұшы, қолтық және бұйыққан бүршіктерін) активтендіру арқылы алынған. Меристемадан пайда болған бұл өсімдікттер генетикалық жағынан ата-аналық формаларымен бірдей, себебі меристемалар көпшілік жағдайда генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Өсімдіктің екінші типі бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуын индукциялау арқылы алынады. Бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуы: тікелей экспланттың маманданған ұпаларынан (репродуктивтік мүшелер ұлпаларынан, эпидермистен, субэпидермалық ұлпалардан, жапырақ қабыршағы мезофилінен т.б.
Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.
) эксплант клеткаларынан түзілген бастапқы каллустан; басқа ортаға көшіріп отырғызылған каллустан. Өсімдіктерді клондау арқылы микрокөбейтудің барлық процесстерін 4 кезеңге бөлуге болады: Өсімдіктерді бастапқы ұлпалардың экспланттарын in vitro өсіру. Бұл кезеңде қоректік ортада инфекциядан таза ұлпаларды өсіріп, олардың тіршілігін сақтап, экспланттардың тез өсуіне қол жеткізу керек. Өсімдіктерді көбейтуде жетістікке жету, эксплантты дұрыс таңдап алудан басталады, бұл кезде донорлық өсімдіктің өсу фазасы және өсу жағдайларын ескеру қажет. Нақтылы микрокөбейту кезеңі, яғни эксплантта бастама клеткалар (инициальдар) санын көбейтіп, олардын өркендердің пайда болуына жағдай жасау. Көбейтілген өркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Бұл кезде тамыр жүйесінің қалыпты өсуіне тлық жағдай жасалады, қоректік ортаға тамыр пайда болуына жауапты фактор ауксин қосылады. Одан кейін өсімдіктерді топыраққа отырғызуға дайындау басталады немесе сақтау үшін төмен температуражағдайына ауыстырады.
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Онда өсімдіктің өсуі тежеліп, оны ұзақ уақыт сақтап, қажет уақытта пайдалануға болады. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Алдын ала өсімдіктерді бұған бейімдеу жұмыстары жүргізіледі, олардың патогендік микрооргнаизмдерге және сыртқы ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығын арттырады. Әдетте ауа ылғалдылығын жоғарылатады және жарық қарқындылығын арттырады, өсімдік гетеротрофтық қоректенуден автотрофты қоректенуге көшеді.
Автотрофтар (гр. autos - өзім, өздігінен; trophe - қорек, қоректену, тамақтану) - бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газынан, судан, азоттың бейорганикалық қосылыстарынан) фотосинтез немесе хемосинтез арқылы органикалық дүниенің тіршілігі үшін тым қажет күрделі органикалық заттарды (акуыздарды, майларды, көмірсуларды) түзетін организмдер.
Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.
Бұл барлық жұмыстың жетістікке жетуін қамтамасыз ететін өте маңызды кезең, аса ұқыптылқты талап етеді, сонымен бірге осы кезеңде алынған өсімдіктердің көп шығыны болады. Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан ол әзірше селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабороториялық деңгейінде екі жарым мыңдай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді. Бақылау сұрақтары: Өсімдіктерді клондық микрокөбейту деп нені атайды Клондық микрокөбейтудің нендей артықшылықтары бар Қандай марфогенез процесінің нәтижесінде регенерант өсімдіктері пайда болады Қолтық бүршіктерінің меристемаларының дамуы клондық микрокөбейту үшін не себептен қолайлы Жасанды тұқым деген не Өсімдіктерді клондық микрокөбейту технологиясы қандай кезеңдерден тұрады Өсімдіктерді клондық микрокөбейтуге қандай факторлар әсер етеді Клондық микрокөбейту әдісін қолдану қандай кезеңдерде ұтымды Клондық микрокөбейтудің жетістіктерімен болашағы қандай ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиет: Валиханова Г.Ж Биотехнология растении. Алматы-1996ж Бутенко Р.Г Биология клеток высшых растении in vitro и биотехнологии на их основе. М. ФБК-ПРЕСС, 1999 Шевелуха В.С и др. Сельскохозяиственнвя биотехнология. М., Вышая школа, 1998. Қосымша әдебиет: Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996. Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981 Дәріс 4 Өсімдіктерді
  1   2   3


жүктеу 348.21 Kb.