Главная страница
Контакты

    Басты бет


Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5B070300-Ақпараттық жүйел ер»

жүктеу 66.88 Kb.



жүктеу 66.88 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі66.88 Kb.

Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5B070300-Ақпараттық жүйел ер»




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АКАДЕМИК Е.А.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Деңгейі: Бакалавриат
Академиялық дәреже «5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры

Қарағанды, 2016 ж.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті - Қарағанды қаласындағы мемлекеттік жоғары оқу орны.



«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «Ақпараттық жүйелер» мамандығының үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.



«5B070300-Ақпараттық жүйелер»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Теориялық оқытудың кредит саны – 131

1 Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

1 модуль. Қоғамды-коммуникативті

2 модуль. Саяси-әлеуметтік және жаратылыстану

3 модуль. Кәсіби дағдылары

4 модуль. Жоғары математика және физика

5 модуль. Қолданбалы математика

6 модуль. Программалау

7 модуль. Компьютерлік жүйелер

8 модуль. Компьютерлік технологиялар

9 модуль.

Жоғары математика - 2004 жылы Алматы қаласы «Қазақ-Британ техникалық университеті» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - А. К. Дүйсек., С. К. Қасымбеков. Беттер саны - 439.
Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.
Ақпараттық жүйелер

10 модуль. Ақпараттық үрдістерді ұйымдастыру

11 модуль. Мәліметтер базалары

12 модуль. Іс қағаздары

13 модуль. Тәжірибе

14 модуль. Мемлекеттік бақылау

6. Білім беру бағдарламасындағы модульдер кесіндісінде меңгерілген кредиттер көлемін бейнелейтін жинақ кесте.


  1. Білім беру бағдарламасының паспорты

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығының техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

Бітірушілердің кәсіби қызмет саласы өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару салалары болып табылады.

Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады: адамға қызмет етудің барлық салаларында ақпараттық жүйелерді жасайтын, іске қосатын және қолданатын әртүрлі меншік түрлеріне жататын кәсіпорындар мен ұйымдар.



1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні болып табылады: бітірушілердің кәсіптік қызмет пәні ақпараттық жүйелердің математикалық, ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оларды жобалау, игеру, іске қосу және сүйемелдеу технологиялар.



1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- жобалаушы-конструкторлық;

- өндірістік-технологиялық;

- ұйымдастыру-басқарушылық;

- эксплуатациялық.



1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады:

- жобалау;

- қолдану;

- әкімшілік ету;

- сүйемелдеу;

- тестілеу;

- бағдарламалық-аппараттық қорғалуын қамтамасыз ету.



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

«5B070300-Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры төмендегідей кәсіби қызметтің типтік міндеттерін атқара алады:

- ақпараттық жүйелердің әртүрлі компоненттері мен ақпараттық жүйелердің өзін жобалау мен жасау;

- ақпараттық жүйелердің тораптық инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және басқару;

- ақпараттық жүйелердің деректер базасын жобалау және басқару;

- ақпараттық жүйелер мен олардың бөлшектерінің ақпараттық, программалық, техникалық және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз етілуін сүйемелдеу.



2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары келесі түрде тұжырымдалған:



  • білім беру процесін басқаруда демократиялық принциптерді іс жүзінде жүзеге асыру, Жоғары оқу орындарының академиялық бостандылығы мен мүмкіндігін кеңейту;

  • ғылымның дамуына және қоғам талаптарының өзгерістеріне ғылыми зерттеулер мен мамандықтар бойынша жоғары білім берудің бейімделуін қамтамасыз ету;

  • мамандардың дайындық денгейін басқа мемлекеттерде мойындату;

  • еңбек нарығының өзгермелі жағдайында оқу бітірушілердің көтеріңкі бейімделушілігін қамтамасыз ету.

Жалпы білім беру пәндер (ЖБП) циклінің мақсаты-қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдарын білу негізінде, Қазақстан тарихын, қазіргі жаңа қапараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, орыс және шетел тілдерін халықаралық қатынастар құралы ретінде білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.
Қазақстан тарихы Қазақстан тарихы - Қазақстан аймағында адамның пайда болғаннан бастап қазіргі заманға дейінгі болған оқиғалар.

Базалық пәндер (БП) циклінің мақсаты –жалпы техникалық, экономикалық және жаратылыс-ғылыми білімді кәсіби білімнің қалаушысы ретінде тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету.



Кәсіптендіру пәндері (КП) циклінің мақсаты-ақпараттық технологиялар облысында теориялық білімнің тереңдетілуін және тәжірибенің молаюын қамтамасыз ету.

3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- оқу қызметі саласында: шығармашылық әлеуетін, жаңашылдығын, бастамасын дамыту үшін жағдай жасау, аақпараттық технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету, программалау технологияларын ғылымының негізін қалайтын пәндер бойынша білім алу, программалау мен ақпараттық жүйелер қызметкеріне қажетті практикалық дағдылардың болуы, оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өту барысында теориялық білімді тиімді бекіту, мамандыққа сәйкес сонымен қатар, жоғары білімнің келесі сатысында оқуды жалғастыруға байланысты пәндерді саналы таңдау, ақпараттық технологиялар мен IT-технологиялар саласында мамандық бойынша жұмысқа орналасуға болатын мүмкіндіктерге сәйкес жұмыс күштері бәсекеге қабылетті еңбек нарығындада бітіруші түлектердің қабілеттілігін қалыптастыру;
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
ЖОО ерекшелігін, тұлғаның қажеттілігін ескере отырып, кәсіби құзыреттілікпен білім беру саласында студенттердің жеке бағдарламаларын таңдау;

- кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеру, микро және макроэкономикалық құбылыстар, қаржы, менеджмент жайында ғылыми білімдерді игеру, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін, экономиканы мемлекеттік реттеу әдістерін білу және түсіну.


  • ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ « 5B070300-Ақпараттық
  • мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
  • Жоғары математика
  • Білім беру бағдарламасының паспорты 1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі
  • 1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары
  • 1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.
  • 1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.
  • 1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары
  • 1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері .
  • 2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.
  • 3. Негізгі құзыреттіліктер: - ана тілі, шет тілдері саласында
  • - фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында
  • - компьютерлік технология саласында
  • - әлеуметтік-мәдени қызмет саласында
  • - оқу қызметі саласында
  • - кәсіпкерлік, экономикалық қызмет саласында

  • жүктеу 66.88 Kb.