Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бексарыұлы Мұратбек delphi визуалды бағдарламалау жүйесі әдістемелік оқу құралы

жүктеу 1.27 Mb.



жүктеу 1.27 Mb.
бет6/10
Дата22.10.2017
өлшемі1.27 Mb.

Бексарыұлы Мұратбек delphi визуалды бағдарламалау жүйесі әдістемелік оқу құралы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

5-сурет

3. «Сәлемдесу»


Жұмыстың мақсаты - мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1.Бағдарлама іске қосылғаннан кейін тышқанмен «Сәлемдесу» батырмасын басқанда «Алғашқы жетістігім» хабарламасын шығару.





6-сурет.

2. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен «Жабу» батырмасын шерту керек.


Бағдарламаны орындау жоспарының сипаттамасы.

1.Жаңа жоба ашу.

2.Пішінге: Label белгісі мен екі Button батырмаларын орналастыру.

3.Мына кестеде жазылған әрекеттерді орындау:



2-кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Form1

Properties

Caption

Пішінге «Жоба 2» атын орнату

Label1

Properties

Caption

Жазбаға «Алғашқы жетістігім» мәтінін енгізу

Button1

Properties

Caption

Батырмаға«Сәлемдесу» атын орнату

Events

OnClick

Label1.Caption:='Алғашқы жетістігім'

Button2

Properties

Caption

Батырмаға«Жабу» атын орнату

Events

OnClick

Close;

4.Жобаны сақтаңыз, сосын оны іске қосып, орындалуын тексеріңіз.
Өздігінше орындауға арналған тапсырма.

1. Шығарылатын «Алғашқы жетістігім» сөзінің қаріпін стандарттан түрі, түсі және өлшемі бойынша өзгеше етіп жазу.



Көмек: Object Inspector-да Font қасиетінің оң жағында екі рет шерту.

2. «Шығу» батырмасының түрін тартымдылау түрге ауыстыру.



Көмек: Батырманы ауыстыру үшін, әуелі бастапқыны өшіріңіз, ал басқа BitBtn-ды компоненттер палитрасының Additional астарынан табасыз. Содан кейін оның түрін Kind қасиетінің көмегімен өзгертіңіз.

3. «Сәлемдесу» батырмасын басқаннан соң экранда «Бұл жұмысымыздың соңы болмасын!» деген хабарлама шығатын етіңіз.



Көмек: Button1 батырмасының OnClick оқиғасына әсері кезіндегі Label1 белгісінің Caption қасиетінің мәнін өзгертіңіз.
Бағдарламаның листингі:

unit Unitl; interface uses

Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons;

TForm1 = class(TForm) Labell: TLabel; Buttonl: TButton; BitBtnl: TBitBtn;

procedure ButtonlClick(Sender: TObject);

private


{Private declarations }

public


{Public declarations } end;

var


Forml: TForml;

implementation

{$R *.DFM)

procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);

begin

Label1.Caption:= 'Бұл жұмысымыздың соңы болмасын!';



end;

end.


4. Пішіннің тақырыбын өзгерту
Жұмыстың мақсаты – Мына әректтерді орындайтын бағдарлама құру: 1. Бағдарламаны іске қосқанда мәтіндік өріске мәтін шығару.



7-сурет
2. «Терезе тақырыбын өзгерту» батырмасын тышқанмен шерткенде, терезенің тақырыбы өзгеруі тиіс.


8-сурет
3. Терезенің тақырыбын Enter пернесін басу арқылы өзгерту.

4. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.


Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы

1. Жаңа жоба ашу.

2. Пішінге Label белгісі, Button батырмасы, Edit мәтіндік өрісі компоненттерін орналастыру.

3. Мына кестеде көрсетілген әрекеттерді орындау:



3-кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Forml

Properties

Caption

Пішінге «Жоба 3» атын орнату

Labell (Standard астары)

Properties

Caption

Мәтіндік өріске «Жаңа тақырып енгізіңіз:» мәтінін енгізу

Editl (Standard астары)

Properties

Text

Text қасиетінің мәнін тазарту

Buttonl (Standard астары)

Properties

Caption

Батырмаға «Терезе тақыры-бын өзгерту» атын орнату

Default

Ашылған тізімнен True мәнін таңдау

Events

OnClick

Form1.Caption := Edit1.Text;

4. Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып, орындалуын тексеріп көріңіз.
Өздігінше орындауға арналған тапсырма.

Мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1. Бағдарламаны іске қосқанда: евро мен доллардың ағымдағы курстарын енгізуге арналған екі жол; ақшаның сомасын теңгемен енгізуге арналған жол; евро және доллармен ақшаның эквивалентін шығаруға арналған екі жол бейнеленуі қажет.



9-сурет
2. Евро мен доллардың ағымдағы курсын енгізіңіз.

3. Ақша сомасын теңгемен енгізіңіз.

4. «Эквивалентті есептеңіз» батырмасын тышқанмен шерткенде, ақша сомасы евро және доллармен шығуы тиіс.

5. Евро мен доллар үшін жаңа ағымдағы курсты енгізіңіз.

6. Жаңа ақша сомасын теңгемен енгізіңіз.

7. «Эквивалентті есептеңіз» батырмасын тышқанмен шерткенде, жаңа ақша сомасы евро және доллармен шығуы тиіс.

8. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.

5. «Қозғалмалы батырма»


Жұмыстың мақсаты – мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1. Батырманы тышқанмен шерткенде, ол батырма не тоқтауы не қозғалуы тиіс.




10-сурет.
2. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы

1. Жаңа жоба ашу.

2. Пішінге мына компоненттерді: Button батырмасын, Timer таймерін орналастыру. Мұнда батырма таймерді іске қосады және ажыратады, ал таймер батырманы қозғалтады.

3. Мына кестеде көрсетілген әрекеттерді орындау:



4 - кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Forml

Properties

Caption

Пішінге «Қозғалмалы батырма» атын орнату

Timerl

Properties

Enabled

Enabled қасиетіне Enabled = false мәнін орнату

Enabled қасиеті таймердің қосылып не қосылмай тұрғанын анықтайды (әдетте ол қосулы болады).



Interval

Interval = 100

Interval қасиеті OnTimer оқиғасының пайда болу аралығын миллисекундпен анықтайды(әдетте ол интервал 1 секундқа тең).






Events

OnTimer

Button1.Left := Button1.Left - 5; if Button1.Left < 10

then Button1.Left := 100;



Buttonl

Properties

Caption

Батырмаға «ОК» атын орнату

Default

Ашылған тізімнен True мәнін таңдау

Events

OnClick

Timer1.Enabled := not Timer1.Enabled;

4. Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып орындалуын тексеріп көріңіз.

6. «Альбом»


Жұмыстың мақсаты – Мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1. Бағдарламаны іске қосқанда терезеде сурет бейнеленеді.





11-сурет
2. Суретті тышқанмен шерткенде сұхбат терезесі пайда болады.

3. Осы ашылған сұхбат терезеде кезкелген суретті таңдаңыз.





12- сурет
4. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы

1. Жаңа жоба ашу.

2. Пішінге мына компоненттерді: Panel жақтауын, Image суретін, OpenDialog сұхбат терезесін орналастыру.

3. Мына кестеде көрсетілген әрекеттерді орындау:



5 - кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Forml

Properties

Caption

Пішінге «Альбом» атын орнату

Panell

(Standard астары)



Properties

Caption

Caption қасиетінің мәнін тазарту

BevelOuter

Ашылған тізімнен bvLowered мәнін таңдау

BevelInner

Ашылған тізімнен bvNone мәнін таңдау

BewelWidth

2 мәнін меншіктеу

Width

241 мәнін меншіктеу

Height

185 мәнін меншіктеу

Imagel

(Additional астары)



Properties

Left

2 мәнін меншіктеу

Top

2 мәнін меншіктеу

Width

237 мәнін меншіктеу

Height

181 мәнін меншіктеу

Stretch

True қасиетін қосу

Picture

Құрушы батырма көмегімен Picture Editor (Кескін редакторы) сұхбат терезесін ашу. Load (Жүктеу) батырмасын шерткенде - Load Picture (Суретті жүктеу) сұхбат терезесі ашылады. C:\Windows бумасын ашып және одан ... файлды таңдап,

Ашу/Открыть батырмасын шерту. Сурет редакторы терезесіне оралып, ОК батырмасын шерту.



Image1.Picture.LoadFromFile (OpenDialog1.FileName);

Events

OnClick

OpenDialog1.Execute;

OpenDialog1

(Dialogs астары)



Properties

Title

"Кескінді таңдау" мәтінін енгізу

FileName

Файлға апаратын жолды толық енгізу: C:\Windows\Pec.bmp

Filter

Мәтін енгізу: Растрлық кескін

DefaultExt

Қасиетіне: .bmp мәнін меншіктеу

Options

ofFileMustExit ішкі қасиетіне (Файл бар болуы қажет) True мәнін меншіктеу

4. Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып, орындалуын тексеріп көріңіз.

Ішкі бағдарламаның листингі:

procedure TForm1.Image1Click (Sender: TObject); begin

OpenDialog1.Execute;

Image1.Picture.LoadFromFile (OpenDialog1.FileName); end;

7. Мәзірмен /Менюмен/ жұмыс
Жұмыстың мақсаты – мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1. Бағдарлама іске қосылғанда терезеде мәзір жолы (Файл, Шығу) бейнеленеді.





13-сурет
2. Файл мәзірі пунктін таңдаған кезде мәзірдің (Суреттер, Шығу)

пункттері пайда болады. 14-сурет

3. Суреттер мәзірі пунктін таңдаған кезде екі пункттен (Ата-ана, АӘД сабағы) тұратын ішкі мәзір көрінеді.

4. Тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде контекстік мәзір шығады.

5. Пункттер бойынша басқа сурет таңдау.

6. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.

7. Егер Шығу пунктінің қайсысын таңдасаңыз да, бағдарлама жұмысы аяқталады.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы

1. Жаңа жоба ашу.

2. Пішінге мына компоненттерді: Panel жақтауын, Image суретін, OpenDialog сұхбат терезесін орналастыру.

3. Мына кестеде көрсетілген әрекеттерді орындау:



6 - кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Forml

Properties

Caption

Пішінге «Менің мәзірім» атын орнату

Events

OnMouseDown

Var p:TPoint; begin

p.X :=X;


p.Y :=Y;

p := ClientToScreen (p); PopupMenu1.Popup (p.X, p.Y); end;



Мәзір редакторын іске қосу (пішіндегі мәзір белгісін екі рет шерту)

Forml.MainMenul

Properties (Object Inspector терезесінде ешбір нысан таңдалмаған)

Caption

Мәзір пунктіне - Файл мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N1 атын меншіктейді.

Мәзірдің бұрыннан бар және енді жасалған пункттерінің бірінен-біріне тышқанды шерту арқылы немесе курсорлық пернелердің көмегімен ауысуға болады.

Forml.MainMenul

Properties

Caption

Мәзір пунктіне - Шығу мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N2 атын меншіктейді.

Events (Мәзір жолындағы Шығу пункт-інде шерту)

N2Click

Close;

Файл пунктінде шертіңіз. Мәзір редакторы осы пункт ішінен тағы бір дайындама әзірлеп қойды. Бұл дайындама жұмыс істеп тұрған бағдарламаның Файл пунктін таңдаған кезде ашылатын мәзірге арналған. Дайындамаларды пайдаланып, осы мәзірден мынадай екі пункт құрыңыз: Суреттер (система оған N3 атын меншіктейді) және Шығу (N4). Мәзір редакторында Суреттер пунктін таңдап, сосын Ctrl + Оңға пернелерін бірге басыңыз.

N4: TMenuItem

Events

OnClick

Ашылатын тізімнен бұрыннан бар N2Click өңдеуіш-процедураны таңдаймыз

Forml.MainMenul

Properties

Caption

Мәзір пунктіне – Ата-ана мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N5 атын меншіктейді.

N5: TMenuItem

Events (Пішіндегі Ата-ана пунктіндегі мәзір жолынан таңдау)

OnClick

Image1.Picture.LoadFromFile('C:\Documents and Settings\М±ратбек\Мои документы\Мои рисунки\Atanam.bmp');

Forml.MainMenul

Properties

Caption

Мәзір пунктіне – АӘД сабағы мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N6 атын меншіктейді.

N6: TMenuItem

Events (АӘД сабағы пунктіндегі мәзір жолынан таңдау)

OnClick

Image1.Picture.LoadFromFile ('C:\Documents and Settings\М±ратбек\Мои документы\Мои рисунки\NvpSp1.bmp');

Мәзір редакторының терезесін жауып, енді мәзір жолы бағдарлама-ның бас Пішінінде пайда болатындығына көз жеткізіңіз.

PopupMenu

(Standard астары)



Properties

Caption

Мәзір пунктіне – Ата-ана мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N7 атын меншіктейді.

Caption

Мәзір пунктіне – АӘД сабағы мәтінін енгізіп, сосын Enter-ді басу. Жүйе оған N8 атын меншіктейді.

N7

Events

OnClick

Ашылатын тізімнен бұрыннан бар N5Click өңдеуіш-процедураны таңдаймыз

N8

Events

OnClick

Ашылатын тізімнен бұрыннан бар N6Click өңдеуіш-процедураны таңдаймыз

Image

(Additional астары)



Properties

Stretch

True мәнін меншіктеу

4. Жобаны сақтаңыз, сосын оны іске қосып, орындалуын тексеріп көріңіз.


Ішкі бағдарламаның листингі

procedure TForm1.N2Click (Sender: TObject);

begin

Close; end;



procedure TForm1.N5Click (Sender: TObject); begin

Imagel.Picture.LoadFromFile ('C:\Documents and Settings\М±ратбек\Мои документы\Мои рисунки\Atanam.bmp '); end;

procedure TForm1.N6Click (Sender: TObject); begin

Imagel.Picture.LoadFromFile ('C:\Documents and Settings\М±ратбек\Мои документы\Мои рисунки\NvpSp1.bmp'); end;

procedure TForml.FormMouseDown

(Sender: TObject; Button: TMouseButton; Shift: TShiftState; X. Y: Integer); var p:TPoint; begin

p.X :=X; p.Y :=Y;

p := ClientToScreen (p); PopupMenul.Popup (p.X, p.Y); end;

8. Сөйлем құраушы

Жұмыстың мақсаты – мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:

1. Бағдарлама іске қосылғанда терезеде үш өріс бейнелеу.



15-сурет
2. «Кездейсоқ таңдау» батырмасын тышқанмен шерткенде үш сөзден тұратын кездейсоқ сөйлем құрау.



16-сурет
3. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы

1. Жаңа жоба ашу.

2. Пішінге мына компоненттерді: тізімі бар үш ComboBox өрісін, Button батырмасын орналастыру.

3. Мына кестедегі әрекеттерді орындау:



7 - кесте

Белгі-ленген нысан

Object Inspector терезесінің астары

Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты

Атқарылатын әрекет

Form1

Properties

Caption

Пішінге «Сөйлем құраушы» атын орнату

Events

OnCreate

ComboBox1.ItemIndex :=0;

ComboBox2.ItemIndex :=0; ComboBox3.ItemIndex :=0;



ComboBoxl

(Standard астары)



Properties

Style

Ашылатын тізімнен cSDropDownList мәнін таңдаңыз

Items

Құрушы батырманы шертіңіз. Сонда String List Editor (Жолдар тізімінің редакторы) терезесі ашылады. Әр жолға бір-бірден тізім пункттерін енгізіп, оның соңынан Enter-ді басып отырыңыз. Тізім дайын болған соң ОК батырмасын шертіңіз.




ComboBox2

(Standard астары)



Properties

Style

Ашылатын тізімнен cSDropDownList мәнін таңдаңыз

Items

Құрушы батырманы шертіңіз. Сонда String List Editor (Жолдар тізімінің редакторы) терезесі ашылады. Әр жолға бір-бірден тізім пункттерін енгізіп, оның соңынан Enter-ді басып отырыңыз. Тізім дайын болған соң ОК батырмасын шертіңіз.

ComboBox3

(Standard астары)



Properties

Style

Ашылатын тізімнен cSDropDownList мәнін таңдаңыз

Items

Құрушы батырманы шертіңіз. Сонда String List Editor (Жолдар тізімінің редакторы) терезесі ашылады. Әр жолға бір-бірден тізім пункттерін енгізіп, оның соңынан Enter-ді басып отырыңыз. Тізім дайын болған соң ОК батырмасын шертіңіз.

Buttonl

(Standard астары)



Properties

Caption

Батырмаға «Кездейсоқ таңдау» атын орнату

Events

OnClick

ComboBox1.ItemIndex := Random(ComboBox1.ItemIndex); ComboBox2.ItemIndex := Random(ComboBox2.ItemIndex); ComboBox3.ItemIndex := Random(ComboBox3.ItemIndex);

4. Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып орындалуын тексеріп көріңіз.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Өздігінше орындауға арналған тапсырма.
  • Көмек
  • 4. Пішіннің тақырыбын өзгерту
  • 5. «Қозғалмалы батырма»
  • 7. Мәзірмен /Менюмен/ жұмыс
  • Ішкі бағдарламаның листингі
  • 8. Сөйлем құраушы

  • жүктеу 1.27 Mb.