Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бексарыұлы Мұратбек delphi визуалды бағдарламалау жүйесі әдістемелік оқу құралы

жүктеу 1.27 Mb.



жүктеу 1.27 Mb.
бет3/10
Дата22.10.2017
өлшемі1.27 Mb.

Бексарыұлы Мұратбек delphi визуалды бағдарламалау жүйесі әдістемелік оқу құралы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Onchange

  • Onclick

  • onEnter деген түрлерімен таныстық.

    Әрбір бейнелік компонентте болатын мына маңызды оқиғалар төмендегі жағдайларда пайда болады:

    • onExit – компонент енгізу фокусын жоғалтқан сәтте;

    • ondblclick – компонентті мауспен екі рет шерткен сәтте;

    • onkeydown – пернетақта пернесін, ол төменгі қалыпта тұрғанда басқан сәтте;

    • onkeyup – пернетақта пернесін, ол жоғарғы қалыпта тұрғанда босатқан сәтте;

    • onkeypress – пернетақта пернесін басқан сәтте;

    • onmousdown – маус батырмасын, ол төменгі қалыпта тұрғанда басқан сәтте;

    • onmouseup – маус батырмасын, ол жоғарғы қалыпта тұрғанда босатқан сәтте;

    • onMouseMove – маус нұсқағышын компонент үстінде жылжытқан сәтте.

    Кезкелген бағдарламамен жұмыс жасарда, оның ең маңызды компоненті – Пішіннің басты оқиғасы – onCreate ескерілуі қажет. Оқиға пішіннің экранда көрінуінен бұрын пайда болады. Бұл оқиға, мыс, Пішіннің экрандағы өлшемдері мен орнын баптауға болатындай етіп бағдарлама элементтерінің тиісті қасиеттерін беру үшін қолданылады. Егер сіз көрінбейтін бағдарлама құрғыңыз келсе, онда пішіннің ені(Width) мен биіктігін(Height) нөлге(0) теңеуге болады. Бірақ оны жобалау кезінде жасасақ, онда экран көрінбей жұмыс істеуге кедергі болады. Сондықтан оны onCreate оқиғасы бойынша:

    Form1.Width:=0;

    Form1.Height:=0; орындайды.

    Енді Пішіннің тақырыбын да көрсетпеуге болады, ол үшін обьектілер инспекторында BorderStyle параметрін None – ге тең етіп алса болғаны. Сол кезде пішін тіпті көрінбейді, оның есептер тақтасында тек белгісі ғана шығып тұрады.


    1. Delphi тілі. Айнымалылар, тұрақтылар және

    олардың типтері.
    Delphi тіліндегі барлық мәліметтер оны қолданғанға дейін сипатталуы тиіс. Компилятор солай болғанда ғана мәліметтердің бағдарламада сипатталуына сәйкес қолданылғандығын бақылап, қатенің алдын алады. Delphi тілінде кезкелген шама тұрақты немесе айнымалы мәнге ие. Оның аты(идентификаторы) латын әріптерінің тізбегінен, цифрлар мен астын сызу таңбасынан тұрады, олар тек цифрдан басталмауы тиіс. Мұнда символдар регистрінің ролі болмайды.

    Бағдарламада мәліметтерді сипаттау орны логикалық блок – begin/end – тен тыс орналасады. Модульде implementation түйінді сөзінің алдында сипаттау блогы жазылады:



    var

    Form1: TForm1;

    Міне осы жерде, келесі жолдан бастап айнымалы мен тұрақтыларды жариялаған қолайлы. Айнымалылар былай сипатталады:

    Var айнымалы_аты: айнымалы_типі;

    Мұнда var – түйінді сөз. Атау ретінде кезкелген бұдан бұрын сипатталмаған және тілдің түйінді немесе қосалқы сөздері болып табылмайтын идентификаторды алуға болады.

    Бір типті бірнеше айнымалыларды сипаттау қажет болғанда, оны былай жазады:

    Var A,B,C: Integer;

    Егер бірнеше сипаттауды бірінен соң бірін жазғанда, бір ғана var түйінді сөзін қолдануға болады:



    var A,B: integer;

    C,D: String;

    Тұрақты шамаларды, басқаша константа деп атайды. Бағдарламада, әдетте, сандар мен жолдарды тікелей де пайдалануға болады: 3.1415 немесе ‘Бұл ПИ санының мәні'. Алайда тұрақтыларды идентификаторға меншіктеген ыңғайлы, ол үшін const түйінді сөзі қолданылып, былай жазылады:

    Const pi=3.1415;

    BelgiPi:String=’Бұл Пи санының мәні’;

    Айтпақшы, Pi тұрақтысы Delphi – де берілген, сондықтан оны қолданғанда 3.1415 санын тұрақтыға меншіктесе болғаны.

    Енді Delphi – де қолданылатын мәліметтер типін қарастырайық. Оларға – жолдар мен сандар жатады. Жол деп бірлік тырнақшаға алынып жазылған символдар тізбегін айтады. Мыс, 'бұл мәтіндік жол' деген сияқты. Егер мәтінде тырнақша белгісі болған жағдайда, онда оны екі мәрте жазу қажет, мыс: ‘бұл’’- бірлік тырнақша белгісі’.

    Жол бос болуы да мүмкін, онда ол былай белгіленеді: ‘’.

    Жол, көп таралған жолдық тип – String –пен сипатталады. Осы типті жол көлемі 2Гб-қа дейінгі символдардан тұра алады. Жолды шекті мөлшермен шектеу қажет болғанда, онда символдар санын String-тен кейін тік жақшаға алып жазады, мыс: String[50].

    Жеке символдар типі Char түрінде сипатталып, бірлік тырнақшаға алынып жазылады: ‘ү’ . Ал мынадай экранда бейнелеуге болмайтын, мыс, жол соңын білдіретін символды(#13), жолды тасымалдау символын(#10), олардың алдында # таңбасы бар сандық коды(ANSI) түрінде жазады, мыс: #0. Delphi-де нөл – терминделген жолға жатады. Мұндай жолдардағы символдар есебі нөлден басталып, коды нөл болатын (#0) символымен аяқталады. Бұл жолдардың типі – Pchar.
    Сандар бүтін және бөлшек сандар болып бөлінеді. Мына кестеде бүтін сандардың стандартты типтері мен олардың тиісінше қабылдай алатын мәндерінің аралығы көрсетілген:


    Integer

    -2147483648 .. +2147483647

    Cardinal

    0 .. 4294967295

    Shortint

    -128 .. +127

    Smallint

    -32768 .. +32767

    Int64

    -263 .. +263-1

    Byte

    0 .. +255

    Word

    0 .. +65535

    Бүтін сандар типінің бағдарламада қолдануға ыңғайлысы – ол Integer. Ал оның басқа типтері мәліметтер компьютер жадынан барынша аз орын алуы үшін қолданылады. Бөлшек садардың ондық нүктемен ажыратылған бөлшек бөлігі бар. Оларды соңында сол жақ бөлігін 10-ның неше дәрежесіне көбейту керектігін көрсететін саны бар е(немесе Е) символымен жазуға болады.

    Төменгі кестеде бөлшек сандардың стандартты типтері мен олардың қабылдай алатын мәндерінің аралығы берілген:


    Real

    5*10-324 .. 1.7*10308

    Real48

    2.9*10-39 .. 1.7*1038

    Singl

    1.5*10-45 .. 3.4*1038

    Double

    5*10-324 .. 1.7*10308

    Extended

    3.6*10-4951 .. 1.1*104932-1

    Comp

    -263 .. +263-1

    Currency

    922337203685477.5807

    Бағдарламада қолдануға барынша ыңғайлы тип – Real. Оған шамалас типке Double жатады, бірақ оның алда өзгеруі де мүмкін. Currency(финанстық) типінен басқа бөлшек сандар жуықтап есептеледі.

    Мәліметтердің ендігі бір типіне логикалық Boolean типі жатады. Ол True(ақиқат) және False(жалған) деген екі мәнді ғана қабылдайды. Мұнда True > False болады.
    Енді жоғарыда айтылған компоненттерді, олардың қасиеттері мен оқиғаларын пайдаланып, өз айнымалыларын енгізу арқылы есептеу жүргізетіндей бағдарлама құрастыруға болады. Мұнда есептелген мәнді экранға қалай шығарамыз, соны қарастырайық. Ол үшін бұл мәнді қандай да бір Text не Caption қасиеті бар компонентке орналастыру қажет. Оған мысал ретінде Label мен Edit компоненттерін, тіпті Caption қасиеті арқылы ақпаратты шығаруға болатын Пішінді де қолдануға болар еді. Былай жазылған мына бағдарлама:
     var A, B, C: Integer ;
        begin
        A := 5 ;
        B := 10 ;
        C := A+B ;
        Label1.Caption := C ;
       end ;
    қате шақырар еді, өйткені мұндағы Text және Caption қасиеттері String типті, ал айнымалылар – Integer типті болып тұр. Мұндай бағдарлама есептеу жүргізе алмайды. Бұдан шығатын жол бар, ол үшін С айнымалысының мәнін жолдық мәнге түрлендіру қажет. Delphi-дің мұны орындайтын IntToStr ішкі функциясы бар. Сонда қате шақырған бағдарлама мына түрде жазылар еді:

    Label1.Capton:=IntToStr(C);

    Бірақ бұл бағдарлама 15 санын ғана көрсетеді.

    Енді Edit компонентін пайдаланып көрейік. Енгізілген сандар осы компоненттердің Text қасиеттерінде жатады. Пішінге Edit-тің екі, бір Label компонентін және батырманы басқанда есептеу жүргізетін Button батырмасын орналастырайық. Edit1 және Edit2 компоненттеріне қосындыны табу үшін сандар енгізейік. Сонда ол бағдарлама былай жазылады:


       var A, B, C: Integer;
       begin
        A := Edit1.Text;
       B := Edit2.Text;
       C := A+B;
       Label1.Caption := IntToStr(C);
      end ;

    Бұл да жоғарыдағы сияқты, қате шақырады, себебі мұнда да А мен В айнымалылары сандық Integer типті болса, ал Text қасиеті – String типті. Осы қатені жөндеуге StrToInt функциясы көмектесе алады, өйткені ол мәтінді бүтін санға түрлендіреді. Сонда А мен В айнымалысына мән меншіктеу операторлары былай жазылады:

    A:=StrToInt(Edit1.Text);

    B:=StrToInt(Edit2.Text);

    Мұнда біз А,В,С айнымалыларын түсінуге оңай болу үшін пайдаландық. Осы бағдарлама операторларын бір жолға былай жазған өте ыңғайлы:

    Label1.Caption:=IntToStr(StrToInt(Edit1.Text)+StrToInt(Edit2.Text));

    Осыған ұқсас Real типті жылжымалы үтірлі нақты сандарды жолдық айнымалыға(FloatToStr) және оны кері түрлендіретін (StrToFloat) функциялары бар. Көбінесе Delphi-де Real типті есептеулер нәтижесінде үтірден соң ұзын «құйрық» болады. Мұны қалай шектеуге болатынын «Жолдық айнымалымен жұмыс» тақырыбында қарастырамыз.
    6. Мәліметтердің өздік және құрылымдық типтері.
    Мәліметтердің сандар мен жолдардан басқа күрделірек қосымша типтерін пайдаланбай жақсы бағдарлама құру мүмкін емес. Delphi-де бағдарламалаушы өз мақсатына жету үшін мәліметтердің өздік (өзі қалаған) типін құра алады.

    Бағдарламаға мәліметтердің жаңа типін енгізу үшін Type түйінді сөзін қолданатын оператор енгізіледі:



    Type типтің_атауы = типтің_сипатталуы

    Мәліметтердің саналатын типі-бұл мәндер аралығы жай ғана реттелген идентификаторлардан тұратын тип. Бұл типті мәндерді сандармен емес, сөзбен сипаттау неғұрлым көрнекілеу болатын мәліметтер типін сипаттауға қолданған тиімді болады. Ол идентификаторларға кіретін әр атау тұрақты болып саналады да, бір-бірінен үтірмен бөлініп, жалпы атау тізімі жай жақшаға алынып жазылады. Мыс, Қазақстанның кейбір футбол командаларын сипаттайтын типті былай жазып көрсетуге болады:


    Type FootballKazTeam=(Kairat, Kaisar, Tobyl, Ordabasy, Esyl);

    Var MyTeam: FootballKazTeam;

    Begin

    MyTeam:=Kairat;



    End;
    Жалпы саналатын типке мәндерінің тізбектілігі мен олардың үлкендігін анықтауға болатын барлық типтерді жатқызуға болады. Саналатын типке мыналар жатады:

    • барлық бүтін санды типтер;

    • символдық типтер(Char);

    • логикалық типтер.

    Мәліметтердің құрылымдық типтері кезкелген бағдарламада қолданылады. Оларға:

    • массивтер(жиымдар);

    • жазбалар;

    • жиындар

    түріндегі типтер жатады.

    Жиым – элементтеріне нөмірі немесе индексі бойынша қатынас жасалатын мәліметтердің құрылымдық типі. Жиымның барлық элементтері бір типтес болады. Ол былай сипатталады:



    Type жиым_типінің_аты = array[аралығы] of элемент_типі

    Мұндағы аралығы – жиымның жоғарғы және төменгі шекарасын, яғни ондағы элементтер санын анықтайды. Жиымға қатынас жасалғанда ізделінді индекс көрсетілген аралықта жатуы тиіс. Мыс, бүтін типті 100 элементтен тұратын жиым былайша сипатталады:



    Type TMyArray=array[1..100] of Integer;

    Мұндағы TmyArray типті айнымалыны былай сипаттауға болады:



    Var A,B: TMyArray;

    Енді типті меншіктеп жатпай-ақ, оны жиым ретінде бірден сипаттауға мүмкіндік туды:



    Var A,B:array[1..100] of integer;

    Сонымен жиым элементіне қатынас жасау үшін жиымның аты мен элементтің индексі тік жақшаға алынып көрсетілуі керек екен. Жиымның индексі ретінде мәндері оның сипаттамасында көрсетілген аралықта жататындай санды, идентификаторды немесе өрнекті алуға болады. Мыс:


    var N: Integer;
    begin
       N := 65;
       A[5] := 101;
       A[N] := 165;
       A[N+3] := 200;
       B := A;
    end;

    Кейде жиымның жоғарғы шегін білу қажеттігі туады. Delphi – дің High функциясы жиымның жоғарғы шегі болып табылатын санды қайтарады.

    Бағдарламадағы B:=A өрнегі В жиымының әр элементі сондай индексті А жиымының элементіне тең екендігін білдіреді. Мұндай меншіктеу айнымалылар қандай да бір атаулы тип арқылы сипатталса ған немесе бір тізімде болса ғана мүмкін болады. Мына жағдайда:

    var A: array[1..100] of String;
               B: array[1..100] of String;

    ондай меншіктеу қолданылмайды, бірақ мұнда элементтерді бір-бірден B[1]:=A[2]; және т.б. меншіктеуге мүмкіндік бар.

    Жиымдар бірнеше өлшемді бола алады.

    Мыс, бізге 4 баған, 5 жолдан құралған кесте берілсін делік.

    Бұл кесте екі өлшемді жиым түрінде былай сипатталады:
    Type MyKeste=array[1..4,1..5] of integer;

    Var X:= MyKeste;

    Y:=Integer;



    Begin

    Y:=X[4,3];



    End;

    Осы бағдарлама орындалғанда, жиымның 4-бағаны мен 3-жолының қиылысында орналасқан Y элементінің мәні 12 – ге тең деген жауап аламыз.

    Көпөлшемді жиымды, мыс, екі өлшемді жиымды жиымның жиымы ретінде сипаттауға болады:

    Type TMyArray=array[1..4] of array[1..5] of integer;

    Нәтижесі жоғарыдағы мысалға ұқсас.

    Жоғарыда сипатталған элементтер саны өзгермейтін статикалық жиым деп аталатын жиымдардан басқа, Delphi-де элементтерін бағдарлама талабына сәйкес өзгертуге мүмкіндігі бар динамикалық жиымдарды қолдана алады. Ол жиымдармен жұмыс аздап жайлау жүргенмен бұл компьютер ресурсын үнемдеуге жағдай жасайды.

    Динамикалық жиымдар статикалық сияқты, бірақ онда индекстер аралығы көрсетілмей сипатталады:

    Type TDinArray=array of integer;

    Var A:TDinArray;

    Динамикалық жиым құрылып болғанда, онда бірде бір элемент болмайды. Бағдарламада қажетті өлшем арнаулы SetLength процедурасы арқылы беріледі.

    Сонда 100 элементтен тұратын жиым былай жазылар еді:



    Begin

    SetLength(A,100);



    End;

    Динамикалық жиымның төменгі шегі әрқашан нөлге тең. Содан да А жиымның индексі 0-ден 99-ға дейін өзгере алады.

    Көпөлшемді динамикалық жиымдар жиымдардың жиымы ретінде сипатталады. Мыс, екі өлшемді жиым былай сипатталады:

    Type T3DinArray=array of array of integer;

    Var A: T3DinArray;

    Бағдарламада алдымен бірінші өлшем(бағандар саны) беріледі:




    SetLength(A,3);
    Содан соң екінші өлшем әрбір үш баған бойынша беріледі:

    SetLength(A[0],3);

    SetLength(A[1],2);

    SetLength(A[2],1);



    Міне осылай үшбұрышты матрица құрылады:



    A00 A10 A20


    A01 A12
    A02

    Динамикалық жиымға бөлінген жадыны босату үшін тұтас жиымға nil мәнін меншіктеу керек: A:=nil; Delphi-де nil түйінді сөзі мәннің жоқтығын білдіреді.


    Жазбалар өте маңызды әрі ыңғайлы құрал болып табылады. Оның көмегімен арнайы технологияны қолданбай-ақ мәліметтердің өзіндік деректер қорын құруға болады.

    Жазбалар деп, мәліметтердің әр элементтің өз аты мен типі бар құрылымдық түрін айтады. Жазбалар элементін басқаша өріс деп те атайды. Олар былай сипатталады:
    Type жазба_типінің_аты=record

    өріс_аты : өріс_типі;

    ...

    өріс_аты : өріс_типі;



    end;
    Бірыңғай типті өріс аттарын, айнымалыларды сипаттағандай, арасын үтірмен бөліп бір жолда көрсетуге болады. Жазба өрісіне қатынас жасау үшін, алдымен жазбаның аты, нүкте, сонан соң өріс аты жазылады. Мыс, бір мекеменің қызметкерлері жайлы деректерді, жазбаның мына типімен ұйымдастыруға болады:
    Type TKyzm=record

    Tegy,Aty,Aka:string; Tj:integer; Jo:string;

    Ka:string;

    End;

    Var Kyzm:TKyzm;

    Begin

    Kyzm.Tegy:=’Adet’;

    Kyzm.Aty:=’Muratbek’;

    Kyzm.Aka:=’Bexaruly’;

    Kyzm.Tj:=1942;

    Kyzm.Jo:=’114 орта мектеп’;

    Kyzm.Ka:=’бағдарламалаушы’;

    End;
    Енді осы деректерді оның типін алдынала TKyzm түрінде белгілеп, файлға жазамыз. Міне деректер қоры дайын болды.

    Delphi-де файлдық айнымалы деген ұғым бар, ол былай сипатталады:

    VFile:file of файл_типі; Мұнда тип ретінде кезкелген шектеулі тип пайдаланылады.

    Бұл айнымалыға String типін қолдана алмаймыз, себебі ол айнымалыға 2 ГБ-қа дейін мән беруге мүмкіндік жасайды. Бірақ оны String[N] деп шектеу арқылы(N-символдар саны) қолдануға болады. Жоғарыда алынған мысалдағы Tkyzm типін былайша сипаттауға болар еді:


    Type TKyzm=record

    Tegy,Aty,Aka:string[20] ;

    Tj:integer;

    Jo:string[15];

    Ka:string[15];

    End;
    Міне осы типті айнымалы жадыдан нақты орын алады да, оны файл түрінде жазуға болады. Бұл туралы біз кейінірек тоқталатын боламыз.
    Жиындар деп, бір атауға біріктірілген элементтер тобын айтады. Оның элементтерін басқалармен салыстыра отырып, олардың осы жиынға тиістілігін анықтауға болады. Бір жиындағы элементтер саны 256-дан аспауы тиіс. Жиын былай сипатталады:

    Type жиын_аты=set of жиынның_мәндер_аралығы;

    Мәндер аралығы ретінде элементтерінің саны 256-дан аспайтын кезкелген типті көрсетуге болады. Мыс: type TmySet=set of 0..255;

    Type TMySet=set of Byte;

    Бағдарламада жиынның нақты мәндері тік жақшаға алынған элементтер тізбесі түрінде беріледі. Мұнда элементтердің аралығын көрсету мүмкіндігі бар:


    var MySet : TMySet;
    begin
        MySet:=[1, 3 .. 7, 9];
    end;

    Қандай да бір мән жиын элементі екендігін тексеру үшін in операторы шартты оператормен бірге қолданылады:


     var Key : Char;
       Str : String;
       begin
        if Key in ['0' .. '9', '+', '-'] then

    Str:='Math';


       end;
    7. Өрнектер және операторлар.
    Delphi-де өрнектердің мына түрлері қолданылады:

    • математикалық өрнектер

    • логикалық өрнектер

    • тіркестік өрнектер және оның мұнан басқалары да бар.

    Математикалық өрнектер. Мұнда меншіктеу(:=), қосу(+), азайту(-), көбейту(*), бөлу(/), бүтін сандық бөлу(div), бөлуден қалдық табу(mod) амалдары пайдаланылады. Өрнектермен амалдар орындауда амалдардың орындалу басымдықтарын ескеру өте маңызды, сонда ғана есептеу дұрыс нәтиже береді. Сондықтан бағдарламалаушының осы басымдықтарды білуі тиіс.

    Мыс, мына өрнектің нәтижесі : 20-6/2+7*4 56 емес, 45-ке тең, себебі өрнекте ең алдымен көбейту мен бөлу амалдары бірінші кезекте, сонан соң қосу, азайту амалдары ретімен орындалуы керек. Амалдардың орындалуында жай жақша басымдыққа ие, яғни жақшаға алынған өрнек алдымен орындалады. Мыс, мына өрнектің мәні: ((20-6)/2+7)*4 енді 56-ға тең болады. Бұл өрнекте әуелі 1-жақша(14), сонан соң екінші үлкен жақша(14), сосын қалған амал(56) орындалады.


    Логикалық өрнектер.

    Бұл өрнектер логикалық Boolean типті амалдарда қарастырылады. Олар шартты операторларда қолданылады.


    Операторлар. Бағдарламада алгоритмдік логиканы жүзеге асыратын қолданба жасау үшін оның жұмыс барысын басқаратын құрал қажет. Ол құрал түрлі шарттарға байланысты операторлардың орындалу ретін өзгерте алады және көбірек қайталанатын үзінділер жұмысын тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Кезкелген алгоритмді мына операторлар көмегімен кодтауға болатыны математикалық тәсілмен дәлелденген. Олар:

    • циклдік оператор

    Меншіктеу операторымен(:=) осының алдында таныстық. Ол оператор былай жұмыс істейді: мұнда оператордың сол жағында тұрған айнымалы, оң жақтағы шамаға теңеседі және олардың типтері сәйкес болуы керек. Сөйтіп оң жағындағы өрнекте оның сол жағындағы шаманы пайдалануға болады. Осы айтылғандарды математикада қолдануға болмайды. Ал бағдарламалауда бұл жадыда тұрған бастапқы мән алынып, оған есептеу жүргізілетінін, сонан соң ол ұяшықтағы бұрынғы мән өшіріліп, соның орнына соңғы мән енгізілетінін білдіреді. Мыс:



    var M,N : Integer;
    begin
         M:=2;
         N:=10;
         M:=M*N-N/M;
    end;
    Бағдарламаның басында М-ге меншіктелген мән – 2 болса, ал бағдарлама орындалғанда оған 15 мәні меншіктеліп тұр.
    Шартты оператор. Осы оператордың көмегімен қандай да бір шарттардың орындалуына қарай операторлардың орындалу ретін өзгертуге мүмкіндік туады. Шартты оператор былай жазылады:

    If шарт then 1-әрекет else 2-әрекет;

    Мұндағы if(егер), then(онда) және else(әйтпесе) – қызметші сөздер, ал 1-әрекет немесе 2-әрекет – операторлардың орындалу нәтижесін білдіретін операторлар. Мұнда шарт ақиқат болса 1-әрекет, жалған болса 2-әрекет орындалады. Шарт логикалық әрекетке жатады. Бұл жерде өрнектер мәні(оның ішінде логикалық та) салыстырылады, ол үшін Boolean типті мәнді қайтаратын функциялар шақырылады және ол мәндерді логикалық амалдармен қоса қолдана алады.




       Амал

    таңбасы


    Амалдың

    атауы

    Логикалық амалдарды мына :
       and (логикалық ЖӘНЕ)
       or (логикалық НЕМЕСЕ)
       xor (жоққа шығарушы НЕМЕСЕ) байланыстырушы амалдармен бірге пайдалануға болады.
    Мәліметтердің кейбір типтері үшін қосымша амалдар бар. Мыс, жиын үшін in операторы – мәннің сол жиынға тиістілігін тексереді. K жиыны берілсін :

    K := [1, 4, 7, 10, 13, 16] ;


    мұнда 1 in K өрнегі ақиқат (true мәніне ие), ал 8 in K өрнегі жалған (false мәніне ие), өйткені 1 К жиынына тиісті, ал 8 мәні К-да жатпайды.

       =   

       тең   

       <>   

       тең емес   

       >   

       үлкен  

       <   

       кіші  

       >=   

    үлкен не тең   

       <=   

      кіші не тең   

       not   

    логикалық ЕМЕС – теріске шығару

  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


    жүктеу 1.27 Mb.