Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық А. Даркенбаев, А. Дауренбекова

жүктеу 36.95 Kb.



жүктеу 36.95 Kb.
Дата17.09.2017
өлшемі36.95 Kb.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық А. Даркенбаев, А. Дауренбекова



Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық ынтымақтастық

А.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Даркенбаев, А.Дауренбекова

Қазіргі заман ақпараттық технологиялардың жетік дамыған дәуірі. Ақпаратты жинап, өңдеп және оны шартарапқа таратудың түрлі әдістері мен технологиялары адамзаттың секунд сайын жаңа ақпарат алуына, ақпаратпен алмасуына үлкен мүмкіндік тудыруда. Бұқаралық ақпарат құралдарына түсінік берерден бұрын, оның қатарына телекөрсетілімдер мен радиохабарларын тарату, тираждалған баспа, дыбыс және визуалды өнімдері ( мысалы: газет-журнал, кітаптар, компакт-дискілер мен бейне-, магнитофон пленкалары, т.б.) жататынын айта кеткен жөн. Ғаламтордың даму заманында бұқаралық ақпарат құралдары санатына интернетті де жатқызуға болады.

Магнитофондар мен (магнит және көне грекше: φωνή - дыбыс сөздерінен) қабылданған дыбыс әлсіз ауыспалы электр тогына айналады да, магнитофон құралында бірнеше рет өңдеуден, коррекциядан өтеді. Алдымен микросхемадағы немесе транзистордағы күшейткішке түседі.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Интернет Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Дегенмен дәл солай деуге, жаһандық ақпарат алмасу желісін пайдалануға нақты бекітілген заңды негіз жоқ. Тіпті, ғаламторды журналистика қатарына қосу немесе қоспау мәселесі журналистика саласының өзінде де әлі күнге дейін түрлі пікір тудыруда.

Мемлекеттер арасындағы ақпараттық мәселелерді шешуге екіжақты мемлекетаралық келісімдер ықпал еткен. Өзара байланыс саласындағы мұндай екіжақты келісімнің алғашқысы ретінде 1849 жылы жасалған телеграф желісін қосу туралы Австрия-Пруссия келісімін атауға болар. Әрине, телеграф желісі қалың бұқара халыққа арналған ақпараттарды таратпағандықтан, бұл уақытта да, бұл келісімде де бұқараға ақпарат таратудың мәселелері қарастырылмаған болатын. Бұл құжат хабарды кең ауқымда тарату техникасы пайда болмай тұрып қабылданған болатын.

Әсіресе XX ғасырдың бас кезінде әлем бойынша белең ала бастаған көтеріліске деген ұрандардың, соғысқа деген насихаттың көбеюі халықаралық құқықтық реттеуді қажет етті. Шешуін іздеген мәселелер: төңкеріске шақыратын ойлар мен ұрандардың таратылуын шектеу және соғысты насихаттауды тоқтату болатын. Себебі сол кездің өзінде өзге мемлекеттің рұқсатынсыз сол елдің халқына тиісті ақпарат таратудың түрлі техникалық әдіс-тәсілдері болған. Осы жайттерды ескере мемлекеттер бірте-бірте шетелдік насихатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы шектей бастады.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жұмыстарын халықаралық-құқықтық реттеумен қатар, өзара ақпарат алмасу жағы да тиісті келісімдер негізінде реттеліп отырды. Қазіргі таңда қоғамдық ұйымдар арқылы мекемелер мен жеке адамдар арасында ақпараттық өнімдермен алмасу үкіметаралық ақпарат алмасумен қатар жүріп жатыр. Ақпарат алмасудың аса маңызды мәселелері саяси мәселелермен қатар мемлекетаралық деңгейде талқыланып, шешіледі.

Журналистика саласында шетелдік ақпаратты жинап, өндеп, оны таратушы, сонымен қатар халықаралық ақпараттың маңызды ақпарат көзі ақпараттық агенттіктердің қызметкерлері. Еуропаның біршама мемлекеттерінде шетел журналистері кәсіби журналист екенін айғақтайтын баспагерінің хаты негізінде үкіметтік ақпараттық мекемелерінде тіркеледі.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Еуропа Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін аккредиттеуді жүргізеді.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Сонымен қатар Қазақстанда шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен оның журналистерінің қызметі туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңында (24-баптың 2-тармағында) бекітілген: «Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел журналистерінің және басқа да шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқықтық жағдайы мен кәсіптік қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен реттеледі». Мемлекетіміздің Конституциясын және «БАҚ туралы» Заңның нормаларын бұзған болса, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға сот тәртібімен тыйым салынады, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан аумағында көрсетілген интернет-ресурстарға қол жеткізуді тоқтата тұру көзделеді.
Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio - яғни «құрылым» сөзінен шыққан) - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.
Ақпараттық саладағы халықаралық ынтымақтастықтың көптеген мәселелері мемлекеттер арасындағы көпжақты келісімдер арқылы шешіледі.

Мадридте 1932 ж. өткен конференцияда Халықаралық электро-байланыс одағы (ХЭО) құрылған болатын. Бұл Одақ әлі күнге дейін қызмет етіп келеді және БҰҰ арнайы мекемесі болып табылады. Бірнеше рет өзгеріске ұшыраған ХЭО-ның қазіргі конвенциясы 1998 ж. Миннеаполисте бекітілген болатын. Оның қатарында 150-ге жуық мүше-мемлекеттер бар. 1936 ж. Женеведа бейбітшілік мақсатта радиохабарларын тарату туралы халықаралық конференция өткізіліп, әлі де маңыздылығын жоғалта қоймаған конвенция қабылдады.

БҰҰ БА 1947 ж. 3 қарашадағы №110 қарары бейбітшілікке қауіп төндіретін, бейбітшілікті бұзатын немесе басқыншылық әрекеттерін мақсат ететін насихатты қатаң сынға алады. Осы сияқты және БҰҰ БА бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану туралы басқа да қарарлары, мемлекеттердің бұқаралық ақпараттар таратуда нұсқауға алуы тиіс принциптер тізбегін құрайды.

Басқыншылық, агрессия - дербес мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қарсы басқа бір мемлекеттің не мемлекетаралық әскери одақтастықтың қарулы күш қолдануы, өзге де өктемдік әрекеттерін жасауы.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Әрбір мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануда өз мүдделеріне, саяси көзқарастарына және дәріптейтін идеологияларына қайшы келмейтін арнайы нормалар меноларды халықаралық-құқықтық реттеудің принциптерін құра алды.



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысына сәйкес бірлескен қызмет қатарына байланыс жүйесін дамытудағы ынтымақтастық, ортақ ақпараттық кеңістікті дамытудағы ықпалдастық та жатады.
Жарғы- 1) заңды тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құжат. Заңды тұлғалардың Жарғысын құрылтайшы белгілейді. Белгіленген Жарғы міндетті түрде Әділет министірінің тиісті басқармаларында тіркеліп, заңды тұлғаның қызмет істеуіне рұқсат етілгендігі туралы куәлік беріледі.
Ең бастысы, ТМД құру туралы келісімде мүше-мемлекеттер арасында ақпарат беру, тарату еркіндігі қамтылған.

Ақпарат алуға, оны өңдеп, таратуға әрбір адам құқылы-ақ, бірақ қоғамдық пікірді оң немесе теріс бағытта қалыптастыру құралы болып табылатындықтан, ақпаратқа еркіндік беріліп, шектеу де қойылуы заңды құбылыс. Сонымен бірге қоғам сынына ұшыраған белгілі ой-пікірлердің насихатталғаны үшін жүктелетін жауапкершілікте қатааң болуы тиіс. Халықаралық ақпараттық құқықтың басты міндеттерінің де бірі осы мәселе болып табылады.

  • Конституциясын

  • жүктеу 36.95 Kb.