Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау»

жүктеу 90.55 Kb.



жүктеу 90.55 Kb.
Дата15.03.2019
өлшемі90.55 Kb.

«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау»


«Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі жөнінде өткізілген қоғамдық тыңдаулар хаттамасы, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов кенті.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Жарма ауданы - Шығыс Қазақстан облысы Жер аумағы 22,6 мың км². Тұрғыны 49,1 мың адам, орташа тығызд. 1 км²-ге 2,1 адамнан келеді (2009). Аудандағы 87 елді мекен 1 қалалық, 8 кенттік және 16 ауылдық округке біріктірілген.

Өткізілген күні : 28 тамыз 2014 жыл. Өткізілген орны: Әуезов кенті Жарма ауданы. Қоғамдық тыңдауларды Әуезов кентінің әкімшілігі ұйымдастырды. Қоғамдық тыңдаулар өткізілетінідігі туралы ақпарат жұртшылықтың назарына мынандай әдістермен жеткізілді: «Рудный Алтай» газетінде (06.08.2014 ж.), «Қалба тынысы» газетінде (07.08.2014ж.), «Дидар» газетінде (05.08.2014ж.) хабарландырулар жариялау, Әуезов кенті әкімшілігінің қабырғасында орналасқан тақтайшаға хабарландыру ілу, Жарма ауданы әкімінің: http:garma.vko.gov.kzrunews.htmid=001043 сайтына хабарландыруды орналастыру жолымен. Қатысқандар: Жарма ауданы әкімшілігінің өкілдері, Әуезов кенті әкімшілігінің өкілдері, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өкілдері, «Эколира» ЖШС жобалаушыларының өкілдері, БАҚ өкілдері, Көпшілік қоғам өкілдері. Қоғамдық тыңдауларға қатысқан тұрғындардың толық тізімі осы Хаттамаға қосымшада келтірілген. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібінде: Уақыты Сөз алушылардың сөйлейтін сөздерінің тақырыбы Баяндамашы 14:30-15:10 Қатысушыларды тіркеу 15:10-15:15 Қоғамдық тыңдауларды ашу, күн тәртібін бекіту; төраға мен хатшыны бекіту, қатысушылар мен баяндамашыларды ұсыну. Қоғамдық тыңдаулар төрағасы – Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. 15:15-15:20 Әуезов кенті әкімшілігі өкілінің кіріспе сөзі Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. 15:20-15:30 «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС өкілдерінің кіріспе сөзі «БКӨК» ЖШС Бас директоры Овчинников Ю.Б. 15.30. – 15.45 Кәсіпорынның даму жоспары- тақырыбындағы баяндама «БКӨК» ЖШС Бас директорының өндірістік сұрақтар жөніндегі орынбасары Исаев К.О. 15.45-16.10 «Полиметалл компаниясының кәсіпорындарындағы қоршаған ортаны қорғау және экологиялық менеджмент жүйесі» тақырыбындағы баяндама ПМ УК Бас экологы Яцевич Е.В. 16:10-16:35 «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша баяндама «Эколира» ЖШС директоры Кашин А.К. 16.35 – 16.55 Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың алдын-ала кент тұрғындарынан келіп түскен сұрақтарға жауап беруі. ҚТ қатысушылары өз қызметі жауапкершілігіне сәйкес 16:55-17:25 Қоғамдық тыңдауға қатысушылардың жарыс сөзі (бос микрофон жұмысы) Барлық қатысушылар 17:25-17:30 Қоғамдық тыңдаулар төрағасының қорытынды сөзі. Қоғамдық тыңдаулар төрағасы Сөз сөйлегендер : Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. – қоғамдық тыңдауларды ашып, қатысушыларды қоғамдық тыңдаулардың тақырыбымен таныстырды. Қоғамдық тыңдаулар кезінде төраға мен хатшы сайланды. Төраға болып - Әуезов кентінің әкімі Амиргазин Б.А. сайланды. Хатшы болып - «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС заң бөлімінің бастығы Романенков Д.С. сайланды. Қоғамдық тыңдауларды өткізу регламенті бекітілді: баяндамашыларға 15-20 минут, қатысушылардың жарыс сөз сөйлеуінесұрақтар қоюына 5-10 минуттан артық болмайтын уақыт бөлу бекітілді. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі бекітілді. «БКӨК» ЖШС Бас директоры Овчинников Ю.Б. – қатысушыларды кәсіпорынның тарихымен, кәсіпорындағы жоспарланып отырған жобалау, құрылыс салу және болашақта пайдалану қызметтерімен таныстырды. Жоспарланып отырған инвестиция көлемін, кәсіпорынның кен және алынатын металл бойынша жобалық өнімділігін, жұмыс тәртібін, жобаның толық жұмыс істеу циклін жария етті. Көпшіліктің назарына жобалық және рұқсат беретін құжаттарды дайындау мен бекітуден бастап, толықтай пайдалануға беруді бастауға дейінгі кезеңге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспары ұсынылды. Ауданның, сондай-ақ кенттің әлеуметтік саласына инвестиция салу сияқты әлеуметтік қызмет аспектісіне көңіл бөлетіндігін айқындап көрсетті.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Исаев К.О. – қатысушыларды кәсіпорынның жобаланып отырған өндірістік қызметімен, тау-кен жұмыстарын жүргізу технологиясымен, кенорны кенін қайта өңдеу стратегиясымен, басқа да жоспарланып отырған жұмыстардың өндірістік аспектілерімен таныстырды. Оның ішінде, мына төмендегілердей жерасты өңдеулерінен бұрын ашық әдіспен өндірудің негізгі артықшылықтары да айтылды: кеніш құрылысын салудың жылдамдығы, пайдалы қазбаларды толықтай бөліп алу, күрделі қаржы шығындары мен пайдалану шығындарын азайту, күрделі тау-кен техникалық жағдайларын ескере отырып, тау-кен жұмыстары өндірісінің қауіпсіздігі, тұрақты жоғары өнімділікті қамтамасыз ету және т.б.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.

Кенорны кенін қайта өңдеу бойынша компанияның кезеңдік стратегиясы ұсынылды. Кенорнын ашық әдіспен өңдеуді меңгерудің бірінші кезеңінде соңғы өнім ретінде сульфидтік концентрат алу ұйымдастыралытн болады; Екінші кезеңде кенді автоклавты тотықтыру, концентратты соңынан автоклавты тотықтыру флотациясын және флотациялық концентратты сыртқы сатып алушыларға сатуды қоса алғанда, тиімді қайта өңдеу технологиясын таңдап алу мақсатында өңдеудің әртүрлі варианттарын бағалау және салыстыру жүргізіледі.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Флотация (фр. flottation - су бетіне қалқып шығу) - сулы ортадағы бір минералды басқа минералдан ажыратып алу әдісі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Бұл жағдайда сапа техникалық-экономикалық негіздемесінде (ТЭН) кен қорын бекіту үшін соңғы өнім-Доре балқымасын алу жолымен сульфидтік концентратты өз орнында қайта өңдеу қарастырылады. ПМ УК Бас экологы Яцевич Е.В. тыңдаушыларға «Полиметалл» компаниясының басқа да тау-кен өндіру кәсіпорындарында, оның ішінде кен өндіру жағдайлары осыған ұқсас кәсіпорындарында қолданылатын қоршаған ортаны қорғау аспектілерін айтып өтті. Негізгі кезеңдері: заманауи технологиялық қондырғыларды, тазалау қондырғыларын және т.б. қоршаған ортаға кері әсерін тигізуді төмендететін қондырғыларды қолдану. Апаттар мен оқиғалардың алдын алу үшін барлық жалпыға белгілі технологиялар қолданылады. «Полиметалл» компаниясы, жергілікті жерде ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету принципі үшін қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін өз жұмысына жергілікті тұрғындарды да тартатын болады. Мысал ретінде Россия Федерациясы мен Қазақстан Республикасы аймағындағы «Полиметаллдың» көптеген кәсіпорындары келтірілді. Компанияның тобында арнайы экологиялық қызмет, «Полиметалл Инжиниринг» ЖАҚ-да жобалау тобы құрылған. Компанияда қызмет ететін экологиялық менеджмент жүйесі, басқару тәртібі, жөн-жосықтарды орындау және т.б. толық сипатталды. Компанияның экология саласындағы жетістіктері толық көрсетілді (лас заттың ауаға шығуы мен таралуын азайту, экологиялық тәуекелдің алдын-алу және сақтандыру).

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) - жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылган, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады.

«Эколира» ЖШС директоры Кашин А.К. қатысушыларға «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» құрамындағы «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі бойынша алғашқы таныстыру рәсімін (презентация) ұсынды. Баяндамашы ластаушы заттардың ауаға, су ресурстарына, топыраққа, флораға, фаунаға әсер етуін алдын-ала бағалауды көрсетіп берді, бөлім бойынша қорытындыларды ұсынды. Жүргізілген қоршаған ортаға әсер етуді алдын-ала бағалау қорытындысы бойынша Жобадан болатын барлық әлеуетті әсер етулер, егер дайындалған кешенді ұйымдастыру және табиғатты қорғау шаралары сақталған жағдайда, рұқсат етілген норма көлемінде болады деп есептеліп отыр.

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.

Қоғам өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертпелері: 1. Рәбиев Бейбіт –30-35 жылдан, компания жұмысын аяқтаған соң, карьермен не болмақ Жауап (Исаев К.О.): Кәсіпорын барлық бүлінген жерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Тау-кен жұмыстары аяқталған соң құрылыс (еңістер мен қияларды тегістеу) және өсімдік өсетін қабатты қалыптастыру, биологиялық топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ ғимараттар мен қондырғыларды бөлшектеу мен консервациялау жұмыстары да жүргізіледі.  Бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтірудің соңғы кезеңі болып жердің биологиялық құнарлылығын қайта қалпына келтіру болып табылады, бұған құнарлылығы қайта қалпына келтірілген жердің өнімділігін қайта қалпына келтіруге және жел мен судың эрозиясына ұшыраудың алдын-алуға бағытталған шаралар кіреді.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Бос жыныс үйінділерінің үстіңгі қабатына көпжылдық шөптер себіледі, және олар мал жаюға пайдаланылады. Қалдық қоймасы мен қалдықтар жиналған полигондарға мал жемейтін шөптер түрлері себіледі.  2. Бекишева Разия Мысырқызы – шахтаға су жіберілетіндігі (сумен басып тастайтындарыңыз) рас па, компания кенорнын толықтай зерттеді ме Жауап (Исаев К.О.): Кенішке бұған дейін де жартылай су жіберілгенін және ол бұған дейін де ішінара «ылғалды» консервация жағдайында тоқтап тұрғанын айтуымыз қажет, өйткені так как стволовые выработки до горизонта 10 деңгейжиекке дейін оқпандық өндіру сумен басылып қалған.

Консервация (лат. Conservatio - сақтау) - қозғалтқыштарды, станоктарды, т.б. жұмыссыз тұрған кезде немесе оларды ұзақ уақыт сақтау кезінде тот басудан корғайтын техник, шаралар; антисептикалық дәрілермен өңдеу, сырлау арқылы ағашты және ағаш өнімдерін шіруден сақтау; 3) өнер туындыларын, археологиялық жәдігерлер (бұйымдар) мен кітап және архив құжаттарын ұзак мерзімге сақтау.

Кенорны мейілінге толық зерттелді және жер асты жұмыстарымен аршылған кен денелерін өндіру ашық әдіспен жүзеге асырылатын болады. 3. Мұсабаева Райхан –№ 33 үй бойынша кәсіпорынның қандай жоспарлары бар Жауап (Овчинников Ю.Б.) – Үй БКӨК жұмысшалыра мен мердігерлері тұру үшін пайдаланылатын болады. 4. Бекишева Разия Мысырқызы – кәсіпорында жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау жүргізіле ме және Әуезов кентінің тұрғындары қандай да бір артықшылықтарды пайдалана ала ма Жауап (Овчинников Ю.Б.) – Әуезов кентінің тұрғындары осы кентте, яғни кісіпорын орналасқан жерде тұратындықтарынан, олар артықшылық құқықтарын пайдаланады. Кез-келген маманды даярлап шығаруға болады. Аттестациядан өткен соң және білім деңгейін, даярлығын, кәсіптік біліктілігі мен БКӨК-те жұмыс істегісі келетін қалауы бар екендігін тексеріп көрген соң қайта даярлау, біліктілігін көтеру, қосымша білімін көтеру курстары бағдарламасы дайындалатын болады.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Жұмыс көлемі өте ауқымды, кез-келген жұмыс істеймін деушіні әртүрлі учаскелер мен бағыттарда жұмысқа тартуға болады. Сондай-ақ, БКӨК тарапынан Әуезов кенті мен Шалабай ауылындағы мектептердің түлектеріне білім гранттарын өндіріске қажетті, нақты мамандықтар бойынша ғана ұсыну біздің көрсеткіштеріміздің бірі болып табылады. Талқылау қорытындысы бойынша негізгі қорытындылар: Қоғамдық тыңдаулар өткізілді деп саналады. Әр түрлі пікірлер туындаған жоқ. Қоғамдық тыңдаулар қорытындылары бойынша, қоғамдық тыңдауларға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, төрағаның ұсынысы бойынша өткізілген дауыс беру қорытындысы бойынша мынандай шешім қабылданды: «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау» бөлімі туралы баяндама назарға алынсын. «Бақыршық кенорнын ашық әдіспен өндірудің өнеркәсіптік сапасының техникалық-экономикалық негіздемесі» - «Болжанып отырған шаруашылық қызметінің қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалауға» қатысты қоғамдық тыңдауға қатысушылар тарапынан сөз алған кезде айтылған пікірлерді және ұсыныстарды, қойылған сұрақтарды есепке ала отырып, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-нің қызметін мақұлдансын. Осы шешімдер негізге алынсын. Бірауыздан қабылданды. Шешім жобасы бекітіледі. Қоғамдық тыңдауларға қатысқан қоғам өкілдерінің қоғамдық тыңдаулар Хаттамасының мазмұны бойынша айтқан пікірлерін, ұсыныстар мен ескертпелерді (олар бар болған жағдайда) есепке алу бойынша одан әрі жұмыс жүргізу, Жарма ауданы әкімінің: http:garma.vko.gov.kzru сайтына орналастырғаннан кейін жеті күнтізбелік күн ішінде Әуезов кентінің әкімшілігіне жолдау жолымен жүзеге асырылады. Қоғамдық тыңдаулар төрағасы: ______________________ Амиргазин Б.А. Қоғамдық тыңдаулар хатшысы: __________________________ Романенков Д.С.

  • Жарма ауданы

  • жүктеу 90.55 Kb.