Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты

жүктеу 82.3 Kb.



жүктеу 82.3 Kb.
Дата20.03.2017
өлшемі82.3 Kb.

«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты




«Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн
компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы
қорытындылар беру» мемлекеттiк қызмет көрсету
стандарты


1. Жалпы ережелер

1. Мемлекеттік қызметтің атауы: «Бақылау-касса машиналарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындылар беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.



2. Мемлекеттік қызметтің осы стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі - ККМ) әзірленген.
Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.


3. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін қызметті берушісі Байланыс және ақпараттандыру Комитеті болып табылады, және www.mtc.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар бойынша қызметті көрсетуді жүзеге асырады.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерін беруді «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.e.gov.kz жүзеге асырады.


2. Мемлекеттік қызметтің көрсетудің тәртібі

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетілетін қызметті берушісіне осы стандарттың ___ қосымшасында көрсетілген мекен-жайы бойынша жүгінген жағдайда - мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күн ішінде;

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

көрсетілетін қызметті алушыға жүгінген күні қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

2) порталға жүгінген жағдайда ___ сұраныс берген кезден.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған).

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін компьютер жүйесінің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады.

Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Порталға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрінде жіберіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) уәкілетті органда көрсетілетін қызметті берушімен аптасына бес күнде (дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн; сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен) көрсетіледі.

2) порталда құжаттарды қабылдау тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден тыс) жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетілген қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

1) тікелей көрсетілген қызметті берушіге жүгінген жағдайда:

осы стандартқа _____ белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама-өтініш;

дара кәсіпкерді, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық қызметі органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі, немесе жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі;

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мемлекеттік тіркеу - тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.

компьтерлік жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасы;

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулық;

банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесін қамтитын электрондық ақпараттық жеткізгіш;

банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьтерлік жүйесін орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулық;

компьтерлік жүйесінің құрамына кіретін және ақпараттық процеске (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері») қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификаты.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілген қызметті берушінің қызметкерімен осы стандартқа _____ қосымшада белгіленген нысан бойынша берілген уақыты көрсетіп құжаттарды қабылданғаны жөнінде талон беріледі.

2) портал арқылы жүгінген жағдайда:

көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

компьтерлік жүйесінің функционалдық мүмкіндіктері мен ерекшеліктерінің сипаттамасының электронды көшірмесі;

«Салық инспекторының жұмыс орны» модулін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электронды көшірмесі;

банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьютер жүйесiнің функционалдық көшірмесі;

банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда қолданылатындарды қоспағанда, компьтерлік жүйесін орнату және іске қосу жөніндегі нұсқаулықтың электронды көшірмесі;

компьтерлік жүйесінің құрамына кіретін және ақпараттық процеске (ҚР СТ МЕМСТ Р ИСО/МЭК 15408-2006 «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігін бағалау критерийлері») қатысатын фискалдық режимнің, фискалдық жадының техникалық және бағдарламалық құралдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі сертификатының электронды көшірмесі.

Порталға жүгінген жағдайда мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын көрсетілген қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы, жеке тұлғаның дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілген қызметті беруші сәкес мемлекеттік ақпараттық ресурстардан мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетке» көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алатын күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылады:

1) құжаттарды ресімдеуде қателердің анықталуы;

2) құжаттардың тиісінше ресімделмеуі;

3) компьютер жүйесінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысымен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлік жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны беру қағидаларында белгіленген техникалық талаптарға сәйкес келмеуі туралы актінің берілуі;

Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинетіне» осы стандартта белгіленген мерзімдерде хабарлама түрінде жіберіледі.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.


2. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқару органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сонымен қатар қызмет берушілер және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарының және (немесе)

олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Қала Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Көрсетілген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы көрсетілген қызметті берушінің басшылығына белгіленген тәртіпте, көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында : www.mtc.gov.kz көрсетілген мекен-жай бойынша шағым бере алады.

Көрсетілген қызметті алушы мемлекттік қызметтің көрсетілген қызмет нәтижелерiне шағым келтіру тәртібі бойынша ақпаратты көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz көрсетілген мекен-жай бойынша көрсетілген қызметті берушіден ала алады.

12. Шағым жазбаша түрде поштамен, электрондық поштамен, немесе көрсетілген қызметті берушінің кеңсесінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейiн, сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен қабылданады.

Шағым «электрондық үкіметтің» веб-порталының форумы арқылы www.1414.kz мекен-жайы бойынша беріле алады.

13. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілген қызметті алушының қолы қойылады.

14. Қабылданған шағым көрсетілген қызметті берушінің ақпаратты есепке ала журналында тіркеледі. Шағымды қабылданғаның растайтын құжат осы стандартқа _____ қосымшада белгіленген нысан бойынша берілген уақыты, күні мен уақыты, шағымды қабылдаған тұлғанын тегімен аты-жөнінің бас әріптері, сонымен бірге келтірілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орыны және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

Көрсетілген қызметті алушымен «жеке кабинеттен» портал арқылы шағымды жібергеннен кейін мемлекеттік органмен өңдеу барысында жаңаланып тұратын (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау нәтижелері бойынша жауап немес қарастырудан бас тарту) шағым туралы ақпарат қол жетімді болады.

Шағымды қарау 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

15. Көрсетілген қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы тапсырысты хатпен не қол қойылып өзіне хабарланады.

Порталда – көрсетілген қызметті алушының жеке кабинетінде.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
17. Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуға уәкілетті органға жүгінген жағдайда, осы стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар, көрсетілген қызметті алушымен осы стандарттың __ қосымшасына сәйкес көрсетілген қызметті берушінің орыны бойынша тапсырады.

Өтініш бланкілерін көрсетілген қызметті берушінің қызметкерлерімен беріледі, сондай-ақ ККМ: www.mtc.gov.kz. интернет ресурсында орналастырылады.

18. Көрсетілген қызметті алушылар жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

19. Мемелкеттік қызмет келесілер негізінде:

1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабының 3-тармағына;

2) «Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу үшiн компьютерлiк жүйенiң техникалық талаптарға сәйкестiгi туралы қорытындыны беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1265 қаулысына сәйкес көрсетіледі.

20. Ұсынылатын мемлекеттiк қызмет туралы қосымша ақпаратты

ККМ интернет-ресурсынан: www.mtc.gov.kz порталда алуға болады .

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі: 1414 арқылы алуға болады.

21. ККМ Байланыс және ақпараттандыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрлiктер үйi», 14-кiреберiс, телефон 8 (7172) 74-06-85.

22. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген қызметті алушының және өкілінің ЭЦҚ болған жағдайда көрсетіледі.

23. Көрсетілген қызметті алушы қашықтағы қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету жағдайы жөнінде ақпарат алуға мүмкіндігі бар.




___________________________________

  • 1. Жалпы ережелер
  • 2. Мемлекеттік қызметтің көрсетудің тәртібі
  • Ақпараттық технологиялар
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

  • жүктеу 82.3 Kb.