Главная страница
Контакты

    Басты бет


БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Жалпы тіл білімі

жүктеу 241.57 Kb.



жүктеу 241.57 Kb.
Дата01.04.2019
өлшемі241.57 Kb.

БАҒдарламасы қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Жалпы тіл білімі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 6М050200 – ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ПРЕРЕКВИЗИТТЕР БАҒДАРЛАМАСЫ Қостанай, 2018 Негізгі бөлім 1 Жалпы тіл білімі 1.
Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) - жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография т. б.
1 Жалпы тіл білімінің нысаны, зерттеу объектісі. Тіл білімі: ғылымдар жүйесіндегі дәстүрлі және жаңа байланыстар. Тіл білімінің мақсаты мен міндеттері. Тіл теориялық және қолданбалы тіл білімінің ғылыми нысаны ретінде. Қазіргі тіл білімі: диффренциация және интеграция үдерістері және олардың тіл туралы ғылым құрылымындағы көрінісі: лингвосемиотика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, когнитивті лингвистика, интерлингвистика, контрастивті лингвистика, корпустық лингвистика, нейролингвистика, паралингвистика, компьютерлік лингвистика, инженерлік лингвистика, математикалық лингвистика, коммуникативтік лингвистика, мәтін лингвистикасы, дискурс теориясы, корпустық лингвистика және т.б.
Психолингвистика (фр. linguistigue - лат. lingua - тіл) - психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Мәтін лингвистикасы орысша лингвистика текста - тіл білімі ғылымының жеке саласы, зерттеу объектісі - мәтін. Мәтін лингвистикасы мәтіннінөзіне тән мәні мен болмысы, ерекшелігі, шындық болмыстың мәтінде бейнеленуі, мәтіннінтүзілу ерекшелігі, оны кабылдаудын сипаты, мәтіндегі автор мәселесі т.б.
Әлеуметтік лингвистика орыс. социолингвистика ( лат. soci(etos)коғам , фр. lingua - язык) тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография ғылымдарының түйіскен аралығында туып дамыған тіл білімі саласы.
Тіл туралы дәстүрлі ойлардың өзгеруі. Әлем тілдерінің номенклатурасы: генетикалық, типологиялық және ареалдық бейнелері. Тілдер өміршеңдігі мәселесі. Тірі, жойылу үстіндегі және өлі тілдер. Тіл өміршеңдігінің объективті және субъективті көрсеткіштері. Тілдерді сақтап қалу және олардың өміршеңдігін күшейтудегі ЮНЕСКО қызметі. Қазақ тілінің өміршеңдігі және тілдік саясат.
Генетика - бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” - шығу тегіне тән).
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Тілдегі табиғилық vs. Жасандылық. Табиғи тілдердің жасанды аналогтары: халықаралық көмекші тілдер, бағдарламалау тілдері, ақпараттық тілдер, ғылымның шартты тілдері, өмірде жоқ халықтардың ойдан шығарылған тілдері. Жасанды халықаралық тілдері: априорлы, апостериорлы, аралас. 1.2 Тіл ерекше сипаттағы семиотикалық жүйе ретінде. Тіл жүйелі- құрылымдық жасалым ретінде.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Тілдің деңгейлік стратификациясы. Парадигматика мен синтагматика.
Синтагматика - Тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектінің бірі, оның негізгі объектісі - сөйлеу үстінде не мәтінде жүйелі орналасқан тілдік бірліктердің бір-бірімен тікелей тіркесуінен пайда болатын ерекше Синтагматикалық қатынастарды талдау.
Функционалды лингвистика. Коммуникативті лингвистика: тілдік актілер теориясы - паралингвистика - мәтін лингвистикасы - дискурс теориясы. Тілдік құзіреттілік. 1.3 Жалпы фонетика мен фонология. Артикуляторлы, акустикалық және перцептивті фонетика. Акустикалық фонетика дыбыстық құрылымның физикалық ерекшеліктерін (жоғарылық, күш, ұзақтығы, тембр) зерттейтін пән ретінде.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Акустика (грекше akustіkos - естілетін, тыңдалатын) - физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Сөйлеу технологияларын (сөйлеу анализі мен синтезі) құрастырудағы акустикалық фонетиканың жетістіктері. Артикуляторлы фонетика дыбыстық құрылым бірліктерінің жасалуын зерттейтін пән ретінде. Артикуляция үдерістері және артикуляциялық база. Сегментті және суперсегментті дыбыстық құралдар: құрал-жабдықтар мен кызметі.
Сегмент (segment) жедел жадтағы бірін-бірі жабатын бір деңгейдің тармақтарының оверлейлік құрылымды программадағы тобының бірі; теле-өндеуде - буферде орналасатын хабардың бөлігі; жазба немесе жазбаның бөлігі.
Фонетикалық заңдар мен фонетикалық үдерістер. Перцептивті фонетика тыңдаушының дыбыстық сөйлеуді қабылдауын зерттейтін ғылым ретінде. Эксперименталды фонетика: әдістері мен тәсілдері. Фонология. Фонема. Фонологиялық теориялар. Халықаралық фонетикалық алфавит және транскрипция. Транслитерация. Фонология. Ғылым ретіндегі фонология тарихы. Фонема теориясы. 1.4 Жалпы морфология. Грамматикалық мағына және олардың әлем тілдерінде берілу жолдары. Морфема түсінігі. Морфемалар және тілдер классификациясы. Әлем тілдерінде грамматикалық мағынаның берілу жолдары. Грамматикалық категориялар және олардың түрлері.
Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
Транслитерация (лат. trans - арқылы, littera - әріп) - бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру. Егер сөздердін дыбыстық құрамына әліпби сәйкес келсе, онда әліпби ауыстыру қиындық келтірмейді.
Грамматикалық мағына орыс. грамматическое значение - тілде қалыпты сипаты бар (стандартты) сөздер тобы мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән жинакты, дерексіз тілдік мағына. Морфология саласында сөз таптарынын жалпы мағыналары болсын немесе сөз тұлгалары мен сөздердін жеке мағыналары болсын морфологиялық категориялар дәрежесін сактай отырып, бір-бірінен езгеше болып келеді.
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) - мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Сөзформалары, лексема, парадигма, грамматикалық санат. Әлем тілдеріндегі есімдердің негізгі грамматикалық категориялары. Әлем тілдеріндегі етістіктердің негізгі грамматикалық категориялары. 1.5 Жалпы синтаксис. Негізгі синтаксистік бірліктер. Дискурс. Терең және үстірт синтаксистің синтаксистік сипаттаманың деңгейлері регінде.
Есімдер, есім сөздер - адамның, заттың, құбылыстың, т.б. атауын, қимылын, түр-түсі мен санын, басқа да қасиетін білдіретін сөздер. Бұл сөздердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие болғанымен, бәріне ортақ белгілері мен тұлғалық категориялары (көптік, тәуелдік, септік жалғаулары) бар.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Негізгі синтаксистік бірліктер. Дискурс. Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері. Әлем тілдеріндегі синтаксистік қатынастарды білдіру тәсілдері. 1.6 Жалпы семантика. Семантикалықтеориялар. Мән мен мағына. Тілдік мәндердің типтері. Прагматика. Тілдік мәндер түрлері. Көпмағыналылылық мәселесі: тілдік және сөйлеу көпмағыналылық, полисемия. омонимия және мағыналардың диффуздылығы. Семантизация. Сөйленістегі эксплицитті және имплицитті ақпарат. 1.7 Тіл және ми. Тіл онтогенез бен филогенезде. Тіл мидың қай бөлігінде орналасады Солтүстік жартышардың үстемділігі немесе тілдің қызметтікассиметриясы. Тілдіңпайда болуы мен ойлаудың пайда болуы. Тіл және жануарлардың туа біткен коммуникативтік жүйелері.
Прагматика (грек,pragma,ілік септіктеpragmatosіс, әрекет) - семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардың кызметін зерттейтін саласы. "Прагматика"терминін 20 ғ. 30 жылдарында семиотиканың бір бөлімі түрінде Ч. У.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) - тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Ното loquens пен тілдіңкөпшілігі. Биологиялық түр ретіндегі адамның тілдік қабілеті (languagecompetence). Сөйлеу әркеті (languageperformance). Сөйлеу тудырудың үлгілері. Негізгі туа біткен примитив-концептілер. Когнитивті лингвистика. Тіл инстинкт ретінде (С.Пинкер). Тілдімеңгерутеориялары: тілдік кабілет пен тілдік дарын. Балалардың тілді меңгеруі. Модуль 2. Тіл білімінің жаңа бағыттары 2.1 Тіл - Социум - Этнос. Әлеуметтік лннгвистика: қайнар көздерінен тілді «әлеуметтік констекстте» зерттеуге дейін. Этнолингвистика. Саяси лингвистика. Гендерлік лингвистика. Юрислингвистика. Тілдік, этностық және әлеуметтік сәйкестілік. Тілдің өмір сүру формалары.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Диглоссия. Тілді кодтау мәселелері. Тіл және билік. Тіл және идеология. Әлемдегі және Қазақстандағы тілдік жағдаят пен тілдік саясат. Тілдік жағдаяттар түрлері мен тілдік саясат. Тілдік жоспарлау. Тілдік заңнама. Тілдік қатынастар және олардың нәтижелері. Лингвафранка. Пиджиндер мен креол тілдер. «Тілдік одақтар». Тілдің ауысуы. Тіл жылжуы. Билингвизм және оның түрлері. Билингвизм мен диглоссия. Трансференция. Интерференция. Қазақстандағы қазақ және орыс тілдері: қызметі және дамуының мәселелері. 2.2 Лингвистикалық типология. Тілдің типі және тілдегі тип. «Тіл- эталон». Тілдер типтері: флективті - агглютинативті - оқшауланған - инкорпоративті; аналитикалық - синтетикалық; белсенді - номинативті - эргативті тілдер. Қазақ тілі агглютинативті типті тілдердің өкілі ретінде. Орыс тілі тілдердің флективгі типінің өкілі ретінде.
Пиджиндер (ағыл.businessіс сөзін бұзып айтудан шыккан) орыс. пиджины - негіз-тілдің кұрылымын бұзып, карапайымдап Дамудан пайда болган тілдер типі. Пиджиндер көбінесе ағылшын тілінін негізінде калыптаскан, сонымен бірге француз, испан, португал тілдері негізінде калыптаскандары да кездеседі.
Орыс тілі (өз атауы Русский язык) - орыс халқының ана тілі. Үнді-еуропа тілдерінің шығыс-славян тілдері тобына жатады. Орыс тілін зерттейтін ғылым русистика деп аталады.
Тілдік ұқсастықтар мен тілдік әмбебаптар. Әмбебаптар лингвистикасы барлық немесе көпшілік тілдерге тән ерекшеліктер мен қасиеттерді зерттейтін ғылым саласы ретінде. 2.3 Лингвистика әдіснамасы. Лингвистиканың метатілі және металингвистика. Тілдегі верификация, дәлелдеужәне аргументация. Тілдізерттеу мен сипаттаудың әдіс-тәсілдері. Байқау, тәжірибе, сипаттау, модельдеу және т.б. эмпирикалық зерттеулердің жалпы ғылыми әдістері. Рефлексия мен интроспекция. Рефлексивті лингвистика. 2.4 Тілдің ішкі және сыртқы реконструкциясының әдіснамасы. Қатысымдық хронология мен глоттохронология, лингвистикалық география әдіснамасы. М. Сводештізімдері. 2.5 Салғастырмалы әдіс. Жасырын салғастыру және тілдік параллерьдер. Тілдердің типологиялы сипаттамасы мен типологиялық классификациясы. Контент-талдау. Компоненттікталдау. Таксономиялық талдау. Дистрибутивті талдау, трансформациялық талдау, тікелей құрамдастар әдісі. Эталон тіл әдісі. 2.6 Нақты әдістер (математикалық логика, статистика, ықтималдылық теориясы, ақпарат теориясы) және қолданбалы тіл білімі.
Лингвистикалық география - тілдік құбылыстардың таралған кеңістігін зерттейтін тіл білімінің саласы. Лингвистикалық география, аймақтық тіл білімі, диалектография деген ұғымдар бір-біріне өте жақын. Лингвистикалық география географиялық карталарға шартты түрде белгілі бір аймақ тұрғындарына тән дыбыстық, грамматикалық т.б.
Ақпарат теориясы - математиканың ақпаратты сақтау, түрлендіру және тасымалдау әдістерін зерттейтін бөлімі, кибернетиканың маңызды саласы. Ақпарат теориясының негізгі ұғымы ақпарат (хабар) болып есептеледі.
Тілдік үдерістерді модельдеу. 2.7 Тіл корпусы сәйкестендірілген, құрастырылған және белгіленген тілдіксөйлеу мәліметтерінің электронды нұсқадағы жиынтығы ретінде. Корпустық лингвистика. Компьютерлік лингвистика. Тіл туралы ақпарат алудың жаңа тәсілдері мен тілді зерттеудің заманауи әдістері. Лингвистикалық сипаттаулардың ресімделуі. Лингвистикада қолданылатын аралас ғылымдар әдістері. Емтихан сұрақтары 1. Жалпы тіл білімі – тіл ғылымдарының жалпы тілдік теориясы 2. Жалпы тіл білімінің нысаны, салалары 3. Қазіргі тіл білімі: диффренциация және интеграция үдерістері. 4. Әлем тілдерінің номенклатурасы: генетикалық, типологиялық және ареалдық бейнелері. 5. Тілдер өміршеңдігі мәселесі. Тірі, жойылу үстіндегі және өлі тілдер. 6. Қазақ тілінің өміршеңдігі және тілдік саясат. 7. Тілдегі табиғилық және жасандылық. 8. Тіл жүйелі- құрылымдық жасалым ретінде. 9. Тілдің деңгейлік стратификациясы. 10. Парадигматика мен синтагматика. 11. Функционалды лингвистика. 12. Коммуникативті лингвистика: тілдік актілер теориясы - паралингвистика - мәтін лингвистикасы - дискурс теориясы. 13. Жалпы фонетика мен фонология. 14. Артикуляторлы, акустикалық және перцептивті фонетика. 15. Фонетикалық заңдар мен фонетикалық үдерістер. 16. Перцептивті фонетика 17. Эксперименталды фонетика. 18. Фонология. Фонема. Фонологиялық теориялар. 19. Жалпы морфология. Грамматикалық мағына және олардың әлем тілдерінде берілу жолдары. 20. Грамматикалық категориялар және олардың түрлері. 21. Сөзформалары, лексема, парадигма, грамматикалықсанат. 22. Жалпы синтаксис. Негізгі синтаксистік бірліктер. Дискурс. 23. Негізгі синтаксистік бірліктер. 24. Синтаксистік қатынастар және олардың түрлері. Әлем тілдеріндегі синтаксистік қатынастарды білдіру тәсілдері. 25. Жалпы семантика. Семантикалықтеориялар. Мән мен мағына. 26. Тілдікмәндердіңтиптері. Прагматика. 27. Тілжәне ми. Тіл онтогенез бен филогенезде. 28. Тілдің пайда болуы мен ойлаудың пайда болүы. 29. Сөйлеутудырудыңүлгілері. 30. Тілді меңгеру теориялары: тілдік кабілет пен тілдік дарын. 31. Тіл - Социум - Этнос. 32. Этнолингвистика. 33. Саяси лингвистика. 34. Гендерлік лингвистика. 35. Юрислингвистика. 36. Диглоссия. Тілді кодтау мәселелері. 37. Әлемдегі және Қазақстандағы тілдік жағдаят пен тілдік саясат. 38. Билингвизм және оның түрлері. Билингвизм мен диглоссия. 39. Қазақстандағы қазақ және орыс тілдері: қызметі және дамуының мәселелері. 40. Лингвистикалық типология. Тілдер типтері: флективті - агглютинативті - оқшауланған - инкорпоративті; аналитикалық - синтетикалық; белсенді - номинативті - эргативті тілдер. 41. Әмбебаптар лингвистикасы барлық немесе көпшілік тілдерге тән ерекшеліктер мен қасиеттерді зерттейтін ғылым саласы ретінде. 42. Лингвистика әдіснамасы. Лингвистиканың метатілі және металингвистика. 43. Тілді зерттеу мен сипаттаудың әдіс-тәсілдері. 44. Рефлексия мен интроспекция. Рефлексивті лингвистика. 45. Тілдің ішкі және сыртқы реконструкциясының әдіснамасы. 46. Салғастырмалыәдіс. Жасырынсалғастыружәнетілдікпараллерьдер. 47. Нақты әдістер (математикалық логика, статистика, ықтималдылық теориясы, ақпарат теориясы) және қолданбалы тіл білімі. 48. Корпустық лингвистика. 49. Компьютерлік лингвистика. 50. Тіл туралы ақпарат алудың жаңа тәсілдері мен тілді зерттеудің заманауи әдістері. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: 1. Амирова Т. А., Ольховиков Б. А., Рождественский Ю. В. История языкознания. - М.: Академия. 2005. 2. Гируцкий А.А. Обшее языкознание. - М.: ТетраСистемс. 2008. 3. Рождественский Ю.В. Лекции по общему языкознанию.-М.: Добросвет, 2002. 4. Звегинцев В.А. Очерки по общему языкознанию. Изд. 2, испр. -М.: URSS: Либроком, 2009. 5. Мечковская Н.Б. Общее языкознание. Структурная и социальная типология языков. Изд. 2-е - М.: Флиита. Наука. 2003. 6. Сулейменова Э.Д. Казахстанская лингвистика на рубеже веков: docendo discimus. - Астана: Фолиант, 2013. 7. Course in General Linguistics, Ferdinand de Saussure; Charles Bally; Albert Sechehaye; Albert Riedlinger; Tullio De Mauro - La Salle, III: Open Court, 2006. 8. Сһоmckу N. SyntacticStructures David W. Lightfoot (Preface).Hardcover, 2 nd, 2012. 9. Stump G., Finkel R.A. Morphological Typology from Word to Paradigm. - Cambridge Univercity Press, 2013. Қосымша: 1. Алефиренко Н. Ф. Современные проблемы науки о языке. - М.:Флинга, Наука. 2009. 2. Баранов А.Н. Введение в прикладную лингвистику. - М.: УРСС Эдиториал, 2001. 3. Ибраева Ж.К. Язык политики и политика языка. К обоснованию политической лингвистики. - Алматы: Тарихтағылымы, 2010. 4. Касевич В.Б. Труды по языкознанию. Т. 1. - СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2006. 5. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2010. 6. Левицкий Ю. А. Общее языкознание. - М.: Либроком, УРСС, 2009. 7. Маслов Ю.С. Избранные труды: Аспектология. Общее языкознание. -М.: Языки славянской культуры, 2004. 8. Моисеев М.В., Семкина Г.Г. Методы лингвистических исследований: учебно-методическое пособие -М.: Флинта, 2005. 9. Сулейменова Э.Д. Язык как ресурс мягкой силы и ресурсы мягкой силы языка. - Алматы: Қазақуниверситеті, 2016. 10. Шайкенова Л.М. Рефлексивная лингвистика. - Алматы: Қазақуниверситеті, 2009. 11. Широков О.С. Языковедение: введение в науку о языках. - М.: Добросвет, 2003. 12. Lyons J. Language and Linguistics - Cambridge Univercity Press, 2012. 13. Jackendoff Ray S. Foundations of Language: Brain, Meaning, Grammar, Evolution. - Oxford University Press, USA. -2003. 14. Umberto E. Semiotics and the Philosophy of Language.- Indiana University Press, 2005. Сөздіктер мен анықтамалықтар: 1. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов. — М.: Эдиториал УРСС, 2004. 2. Лингвистический энциклопедический словарь. Главный редактор В.Н. Ярцева..- М.: ООО Директ Медиа Паблишинг, 2008. 3. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Мадиева Г.Б., Авакова Р.А. и др. Тілбілімісөздігі. Словарь по языкознанию. Под обшей ред. Э.Д. Сулейменовой. - Алматы: Ғылым. 1998. 4. Сулейменова Э.Д., Шаймерденова Н.Ж., Аканова Д.Х., Смагулова Ж.С. Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі Словарь социолингвистических терминов - Под обшей ред. Э.Д. Сулейменовой. - Алматы: Арман-ПВ, 2008. 2 Әдебиеттануға кіріспе Модуль 1. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым 1.1Әдебиеттану ғылымы және оның салалары. Басқа ғылыми пәндер жүйесіндегі орны. Әдебиет сөз өнері болса, оны зерттейтін ғылым – әдебиеттану. Әдебиеттану ғылымының пайда болу, қалыптасу кезеңдері. Қазақ әдебиеттану ғылымы және оның бастаулары. Әдебиеттану ғылымының негізгі және жанама салалары туралы қазіргі жаңа топшылаулар. Әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны және олардың зерттеу объектілері.
Әдебиет сыны - әдеби сын, көркем әдеби сын - әдебиеттану ғылымының бір саласы.
Текстология, библиография және историография. Әдебиеттану ғылымының гуманитарлық, қоғамдық ғылымдар, атап айтқанда, эстетика, қоғамтану, философия, психология, мәдениеттану, мәтінтану, герменевтика т.б.
Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық.
жүйесіндегі орны мен өзіне тән ерекшелігі. 1.2 Әдебиет пен эстетика. Сөз өнері жайлы ұғым. Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер. Өнердің суреттеу пәні. Өнердің суреттеу амалдары. Өнердің суреттеу құралдары. Өнердің туындысын қабылдаудың сырлары. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі. Сөз өнерінің сыры мен сипаты. Сөз өнерінің образды бейнелеудегі өзгешелігі. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі. Сөз өнерін жасаушы суреткер шеберлігі туралы ғылыми тұжырымдар. Қаламгердің әлеуметтік тұлғасы. Әдебиеттің халықтығы туралы ұғым. Әдебиеттің ұлттық сипаты. Көркем шығарманың қоғамдық мәні. Таным тарапындағы қызметі. Тәрбиелік мәні. Сөз өнерінің эстетикалық сипаты. 1.3 Әдебиеттану ғылымының туу, даму және қалыптасу кезеңдері. Әдебиеттану ғылымының пайда болу, қалыптасу кезеңдері. Антикалық дәуірдің эстетикалық бағдары. Демокрит, Гераклит, Сократ, Платонның табиғат пен өмірге көзқарасы және өнердің танымдық қызметі туралы ойлары. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегінің мәні мен маңызы. Әсемдікті түсіну, бағалау жайлы өлшемдер. Орта ғасыр философиясының діни ұғым, наным-сеніммен байланысы.
Әсемдік - адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик.
Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі - б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) - ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 - 347) - ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған.
Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.
Өнердің танымдық негіздері жайындағы басқаша пікір. Символ туралы ілім. Әбу Насыр әл-Фарабидің “Риторика”, ”Поэзия өнері туралы”, ”Бақытқа жол сілтеу” этикалық, эстетикалық мәселелер жайындағы трактаттары. Қайта өрлеу (Ренессанс) дәуіріндегі эстетика. Мәдениет пен ғылым дамуы. Николла Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты, Гораций Флакктің «Поэзия ғылымы», Лессингтің «Лаокоон» еңбектері. Классицизм және ағартушылық дәуір эстэтикасы. Д.Дидро, Вильгелм, Фридрих, И.Кант, В.Гегельдің эстетиканы дамытудағы ролі. Ағартудағы демократиялық бағыт. Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смиттердің философиялық салондары. Өнердің барокко және классицизмнен рококо, сентиментализм, предромантизм стиліне ауысуы. 1.4 Қазақстандағы әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы. Батыс Еуропа әдебиетінің орыстың пәлсапалық, эстетикалық көзқарастарының қалыптасуына жасаған ықпалы.
"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.
Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы - 3,7 млн км². Халқы - шамамен 390 млн адам.
Орыс ойшылдарының өнерлі материалистік тұрғыда пайымдауының басты себептері. В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.Добролюбовтың сөз өнері туралы толғамдары. ХІХ ғасырдағы орыс әдеби сынының дамуы. Л.Толстойдың шығармашылық процесс туралы пайымдаулары. Қазақстандағы діни-ағартушылық көзқарас. ХІХ ғасырдағы қазақ оқығандарының әдеби-эстетикалық танымдарындағы орыс пәлсапасының ықпалы Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсариндердің шығармаларындағы эстетикалық тұжырымдар. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі. Модуль 2. Әдебиет туралы ілімнің ең басты пәні – көркем шығарма 2.1 Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ және образдылық. Шығарма әлемі – өмір шындығын көркем игеру. Өмір шындығы мен көркемдік шындық. Өнердің өмірді бейнелеу ерекшеліктері. Көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері. Образдылық – суретті, бейнелі сөз. Образды ойлаудың өзіндік ерекшеліктері. Көркемдік қиял мен көркем ойлаудың образ жасаудағы қызметі. Ойдан шығару – образға апарар жол. Ойдан шығарудың адам тұлғасын жинақтау мен даралаудағы ролі. 2.2 Көркем образ түрлері. Оның жасалу жолдары. Коркем образ – эстетикалық категория. Образ – адам – көркем бейне. Көркем образды әдеби тек, көркемдік әдіс және жасалу тәсілі тұрғысынан бірнеше түрге бөлудің ғылыми мәні. Эпикалық образ. Лирикалық образ. Драмалық образ. Романтикалық, фантастикалық, реалистік, юморлық, сатиралық, трагедиялық, қаһармандық образдар.
Фантастика (көне грекше: φανταστική – көзге елестету өнері) - әдебиеттің өмір шындығын қиял тұрғысында әсірелеп бейнелейтін жанры. Ғылыми түсінік жоқ кезде фантастика мифологиялық және діни шығармаларда орын алған (Гомердін "Одиссеясы", Овидийдің "Метаморфозалары", шығыс халықтарының "Мың бір түні" т.б.)
Романтика - бұл шынайы өмірдің мінездемесі бар арманның, эмоцияның, лирикалық көңіл-күйдің ортақ атауы.
Көркем образға тән қасиеттер. жинақтау мен даралау. Тип және характер. Тип және прототип. Характердің жасалу жолдары. Мінездеу, портрет, психологизм, монолог, диалог, пейзаж т.б. Оларды жасаудағы қаламгердің ізденістері. Көркем шығармадағы көркемдік деталь қызметі. 2.3 Тақырып пен идея. Тақырып – өнер туындысының ірге тасы. Көркем шығарма тақырыбы туралы түсінік. Тақырыптың маңыздылығы, тақырыптың өзектілігі, тақырыптың ірілігі мен ұсақтығы. Тақырып пен идеяның бірлігі. Тақырыптың идеялық-коркемдік шешім табуы. Идея туралы пайымдаулар. Идеяның заманалылығы және маңыздылығы, идеяның кұрделілігі. Оның алғы шарттары мен негізігі принциптері.
Пайымдау - логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән.
Психологизм - әлеуметтанушылық зерттеу принципі; мұнда әлеуметтік процестер мен құбылыстар психологиялықтың туындылары деп сипатталады. Психологизм приципінің рөлі мен маңызын әлеуметтік өмірдің психологиялық механизмдерін жете зерттеген америкалық социологтар асыра бағалады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Көркем шығармадағы негізгі идея мен қосалқы идеялар. Авторлық идея мен объективті идея. Авторлық идея және шығармашылық фактор. Мәңгілік тақырыптар мен өміршең идея туралы қазіргі ғылыми тұжырымдар. Әдебиеттегі ұлттық тақырып пен ұлттық идея жайы. 2.4 Мазмұн мен пішін.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Мазмұн мен пішіннің философиялық әрі тарихи категория екендігі. Көркем өнердегі мазмұн мен пішін туралы ғылыми пайымдаулар. Сөз өнеріндегі идеялық мазмұнның образдылық пішінмен ара қатынасы. Мазмұнның пішінге қарағанда тұрақтылығы, пішіннің өзгермелілігі. Мазмұнның сонылығы. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішін бірлігі. Мазмұнның пішінге көшу процесі. Жаңа шындық – өнердегі жаңа мазмұн. Жаңа мазмұнның пішіндік жаңа ізденісті тудыруы. Мазмұн мен пішін үйлесімі. Әдеби туындының мазмұндық, пішіндік бөлшектері. Көркем шығармадағы мазмұн мен пішінге қатысты қазіргі ғылыми ой-тұжырымдар. Әдебиеттегі ұлттық мазмұн мен ұлттық пішін жайы және оның тұрақтылығы. 2.5 Сюжет пен композиция. Әдеби шығармадағы сюжет пен композицияның қызметі. Сюжет туралы әдеби-теориялық пікірлер, оның көркемдік қызметі. Сюжеттің қаламгер идеясын дамытудағы рөлі. Сюжеттің мінез қырларын ашудағы қызметі. Сюжет, оның даму сатылары: экспозиция, шиеленісу, шарықтау шегі, шешімі. Аңдату (пролог), үстемелеу (эпилог), фабула, дәлел (мотивировка), мотив туралы түсінік. Сюжеттің оқиға, құбылыс, фабуладан айырмасы.
Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Сюжет пен авторлық баяндаудың сабақтастығы. Сюжеттің өмірлік негіздері. Сюжет пен тартыс. Сюжеттің жаны – тартыс. Өмірлік тартыс – сюжет пен композицияны өрбітер қозғаушы күш. Композиция туралы түсінік. Көркем шығармадағы композициялық тұтастық. Композицияның сюжетпен байланысы. Композицияның мазмұнмен байланысы. Композицияның мотивпен байланысы. Сыртқы композиция бөліктері. Композиция мен сюжеттің бір-бірінен өзгешелігі. Көркем шығарма композициясына қатысты әр алуан ғылыми топшылаулар. Композиция және автор, кейіпкер көзқарастарының рөлі. Баяндау түрлері. Сюжет пен композицияның мазмұн мен пішінге қатысы. Сюжет пен композиция поэтикасы.
Поэтика (грек тілінде poietik fehne - шығармашылық өнер) - әдебиеттанудың пәні, көркем шығарма құндылығын бар болмысымен айқындайтын жүйе туралы ғылым. Поэтика негізгі 3 саланы, мәтіннің дыбыстық, сөздік, образдық құрылымын зерттейді.
Сюжет пен композиция және көркемдік мекеншақ. 2.6 Әдебиеттегі тек пен түр. Көркем әдебиеттегі әдеби жанр мәселесі. Әдеби тек, оның түрлері туралы ұғым. Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма. Әдеби шығарманың түрлері: роман, повесть, әңгіме, поэма, баллада, сонет, трагедия, комедия т.б. туралы түсінік. Эпикалық шығарма, ондағы баяндау формалары. Лирика – көркем әдебиеттің негізгі жанрының бірі. Драмалық шығарамалардың табиғаты. Әдебиеттану ғылымындағы әдеби сын жанрлары. Эссе, паробия, эпиграмма, памфлет, рецензия, шолу, шығармашылық портрет т.б. Жанр мәселесі туралы ғылыми ой-пікірлер. Аристотель, Н.Буало, В.Гегель, В.Белинскийлердің әдеби жанр туралы толғамдары. Қазіргі әдебиеттанудағы жанр мәселесінін зерттелуі. Жанр жөніндегі болгар ғылымы Ц. Тодаровтың, академиктер В.В. Виноградов («Сюжет и стиль») пен З. Қабдоловтің («Сөз өнері») еңбектері. Модуль 3. Көркем өнердің өмір шындығын бейнелеу тәсілдері 3.1 Құбылту (троп) пен айшықтаудың (фигура) түрлері, көркемдік қызметі. Көркемділік. Көркем әдебиеттің образдық табиғаты, дүние құбылыстарын бейнелеу арқылы көрсету. Бейнелеу құралдары (құбылту): метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет т.т. Көркем шығарма тілін құбылтудың жолдары. Метафора, синекдоха, метонимия, кейіптеу, астарлау, ирония, гипербола, литота т.б.
Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады.
Құбылтудың сөз мәнін өзгерту, суреттелетін құбылысты айқындау, бейнеленетін объектінің мазмұнын тереңдету ерекшеліктері. Әдеби тілдің әсемдігі мен әсерлілігін күшейтетін айшықтаудың (фигураның) түрлері: арнау және оның түрлері, шендестіру, дамыту, түйдектеу, инверсия, элипсис, егіздеу т.б. Айшықтау тәсіліндегі синтаксистік қалыптың өзгеру себептері. 3.2 Өлең құрылымы мен өлшемдері. Өлең туралы ғылыми пайымдаулар. Аристотельдің “Поэтика”еңбегіндегі өлең сөз туралы тұжырымдар. Әл-Фарабидің “Поэзия өнерінің конондары” трактатындағы поэзия тіліне қатысыты пайымдаулар. Абай Құнанбаев және Шоқан Уәлихановтың қазақ өлең жүйесіне қатысты ой-пікірлері.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері - 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) - қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы.
Өлең жүйелері. Метрикалық өлең жүйесіндегі әуеннің қызметі. Тоникалық өлең жүйесіндегі екпіннің қызметі. Силлабикалық өлең жүйесінің буынға негізделуі. Силлабо-тоникалық өлең жүйесі. Өлең құрылымының өзіндік ерекшеліктері. Өлеңның ырғақтық-интонациялық жүйесі. Шумақтардың құрылымдық сипаты. Шумақтың белгілі бір аяқталған ойға құрылатындығы. Тармақ және оның белгілі бір өлшемге негізделуі. А.Байтұрсыновтық бунақ туралы тұжырымдары. Буын және оның түлері. Қазақ өлеңіндегі буын сандарының сәйкесу заңдылықтары. Өлең ұйқасы оның түрлері. Ұйқастың көркемдік қызметі туралы қазіргі ғылыми пайымдаулар. 3.3 Көркемдік әдіс. Әдеби ағымдар мен бағыттар. Көркемдік әдіс туралы ұғым. Көркемдік әдістің ақиқат өмірді көркем бейнелеу сипаты. Көркемдік әдіс және жазушы дүниетанымы. Әдеби ағымдар, бағыттар және олардың пайда болу жолдары. Көркемдік әдіс пен әдеби ағым, бағыттардың өзара ықпалы. Әдеби мектеп. Әдеби ағым мен әдеби мектептің жазушы қолтанбасын қалыптастырудағы рөлі. Олардағы көркемдік-идеялық бағыттастық. Көркемдік әдістің әр дәуірде әртүрлі сипат алуы. Көркемдік әдіс пен әдеби бағыт түрлері. Символтизм, классицизм, сентиментализм, натурализм, романтизм, реализм, модернизм т.б.
Реализм (лат. relіs - заттылық, шындық) - әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум.
көркемдік әдістер мен әдеби ағымдардың қаламгер стиліне ықпалы. Реализмнің даму жолдары және түрлері. Кеңестік дәуірдегі социалистік реализм туралы қазіргі ой-пікірлер. 3.4 Қаламгер және стиль. Стиль туралы әдебиеттанудағы түсінік. Стиль - суреткердің дара шеберлігі, қолтанбасы. Стильдің көркемдік әдіспен сабақтастығы. Жазушы және стиль. Қаламгердің стильдік ерекшелігі. Стиль құраушы құбылыстар және олар туралы пікірлер. Жазушы стилінің қалыптасу сатылары. Қаламгердің даралық стилін айқындаудағы ойлау типі мен дүниетаным, өмірлік тәжірибе мен өмірбаянның алатын орны. Дәуір және стиль. Қаламгер стилінің халық өмірі, ұлт мәселесімен сабақтастығы. Стильдің көркем шығарма поэтикасымен байланысы. Стильді айқындайтын көркемдік жүйе мен ппоэтикалық көркемдік комппоненттер тұтастығы. Стильдің көркем тіл, баяндау мәнері, суреттеу сарыны, сюжет, композиция құру өзгешеліктерін көрсететін өзіндік сипаттары. 3.5 Көркем әдебиеттің даму заңдылықтары. Әдеби процесс. Әдеби процесс терминінің мәні. Әдеби процесс – көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс. Дәстүр мен жаңашылдықтың сабақтастығы. Қазіргі қазақ әдебиетінің идеологияға ықпалы, көркемдік ой-пікірдің дамуына қосқан үлесі.
Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Ұлттық әдебиетіміздің тарихын жаңаша пайымдау. Тәуелсіздік дәуірі жаңғыртқан тақырып – ұлттық тақырып.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады.
Ұлттық тақырып аясының кеңеюі. Қазақ романы тарихындағы үлкен бетбұрыс. Тәуелсіздік кезеңіндегі ұлттық поэзия. Қазіргі әдеби процестегі көркем аударма мәселесі. Емтихан сұрақтары 1. Әдебиет –сөз өнерi 2. Әдебиет ғылымының қалыптасуы, дамуы 3. Әдебиеттануға үлес қосқан ғалымдар зерттеулерi 4.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Әдебиеттiң негiзi –тiл 5. Өнер түрлерi 6. Әдебиеттiң эстетикалық мәнi 7. Автор-көркем бейне 8. Образ және образдылық 9. Типтiлiк және жинақтау мәселесi 10. Образдың түрлері 11. Әдеби тип 12. Прототип 13. Реалистік және романтикалық образ 14. Эпикалық, лирикалық, драмалық образдар 15. Геройлық, фантастикалық, сатирикалық, трагедиялық, комедиялық т.б. образдар 16. Мазмұн мен пiшiн 17. Идеяның түрлері 18. Тақырып пен идея 19. Сюжет құрамы 20. Қоғамдық идеал туралы түсiнiк 21. Кейiпкер сөзi. Монолог, диалог 22. Сюжет пен фабула 23. Композиция туралы түсінік 24. Сюжет пен композицияның байланысы 25. Дәстүр мен жаңашылдық 26. Көркем сөздiң мән-мағынасы 27. Көркем сөздiң шығармада атқаратын рөлi 28. Айшықтау, оның түрлерi 29. Құбылту, оның түрлерi 30. Дыбыс қайталаулар 31. Теңеу мен эпитет, олардың ерекшелері 32. Тек пен түр 33. Лирикалық шығарманың идеялық-тақырыптық негiзi 34. Трагедиядағы оқиға, комедиядағы күлкi, драмадағы тартыс 35. Поэма туралы түсiнiк 36. Лиро-эпостық жыр туралы түсiнiк 37. Лирикалық жанр,оның түрлерi 38. Эпикалық жанр, оның түрлерi 39. Драмалық жанр, оның түрлерi 40. Әңгiме, повесть, роман туралы түсiнiк 41. Әдеби ағым туралы түсiнiк 42. Әдеби әдiс туралы түсiнiк 43. Әдеби ағым түрлерi, олардың қоғамдық жағдайлардан туған түрлiше сипаттары 44. Романтизм, реализм әдiстерi 45. Стиль мен бағыт 46. Стиль туралы түсiнiк, оның түрлерi 47. Поэзия туралы түсiнiк 48. Проза туралы түсiнiк 49.
Проза (лат. prōsa) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).
Өлең жүйелерi туралы түсiнiк 50. Өлең өлшемдерi 51. Ұйқас туралы түсiнiк 52. Ұйқас түрлерi 53. Қазақ өлеңінің өлшемдері 54. Синоним , омоним, антоним,тұрақты сөз тiркестерi, идиома 55. Көркем әлем және болмыстық 56. А.Байтұрсыновтың өнер туралы зерттеулері 57. А.Байтұрсынұлының әдебиеттануға байланысты терминдері 58. Аристотель, Әл-Фараби, Белинский, Чернышевский т.б.ғалымдар еңбектері 59. Нақты тарихи, мәңгі тақырыптар туралы түсінік 60. Автор, көркем шығармадағы автордың сөзі, көзқарасы. 61. Әдебиеттің тәрбиелік мәні 62. Әдебиеттің халықтылығы 63. Әдеби стиль теориясы 64. Виноградов, Поспелов, Тимофеев, Жұмалиев, Қабдолов т.б. ғалымдардың стиль туралы ой-пікірлері 65. Әдебиеттанудың мақсаты мен мазмұны, оның негізгі салалары: әдебиет тарихы, әдебиет теориясы, әдебиет сыны 66. Сюжет пен композиция 67. Мiнез туралы түсінік 68. Мінездің түрлері Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі: 1.Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. Оқу құралы.- Қарағанды: «Арко», 2004 2. Введение в литературовдение: Учебное пособие Л.В. Черенц, В.Е. Хализев, А.Я. Эсалнек и др.; Под ред. Л.В. Чернец. – 2-е изд. Перераб. И доп. – М.: Высш. Шк., 2006. 3. Вершинина Н.Л. и др. Введение в литературоведение. – М.: Оникс. – 2005. 4. Джуанышбеков Н. Введение в литературоведение: учебник. – Алматы, 2007. – 344 с. 5. Ысмайлов Е. Әдебиет теориясының мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. Қосымша: 6. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы, 2010. 7. Джуанышбеков Н., Темирболат А. Теория литературы. Учебное пособие. – Алматы, 2009.–284 с. 8. Қабдолов З. Сөз өнері.- Алматы: «Санат», 2002 9. Исмақова А. Алаш әдебиеттануы. – Алматы, 2009. – 560 б. 10. Қалқабаева С. Ә. Нұршайықов прозасындағы адамгершілік ізденістер. Монография. – Алматы, 2004. – 168 б. 11. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы.
Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы - 2009 жылы Алматы қаласы «ҚАЗақпарат» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Ұ. О. Еркінбаев, А. Т. Ойсылбаев, жауапты редакторы - А. С. Ісмақов.
І-ІІ томдар. – Алматы, 23008. – 646 б. 12. Мамбетов Ж. Әдебиеттің эстетикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2011. 13. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы. -Алматы, 2010. 14. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. -Астана, 2003ж. 15. Хализев В.Е. Теория литературы. -М., 2005.

  • Транслитерация
  • Грамматикалық категориялар
  • Әсемдікті
  • Романтикалық , фантастикалық
  • Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы

  • жүктеу 241.57 Kb.