Главная страница
Контакты

    Басты бет


БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) 2013-2014 оқу жылына Астана қ, 2012 ж

жүктеу 0.93 Mb.



жүктеу 0.93 Mb.
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі0.93 Mb.

БАҒдарламасы (екіжылдық оқыту) 2013-2014 оқу жылына Астана қ, 2012 ж


1   2   3   4   5   6

БӨЛІМ 2 «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ»

Мазмұны

1-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі

2-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары

3-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары

4-тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы

5-тақырып. Азаматтық істердің соттылығы

6-тақырып. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

7-тақырып. Іске қатысушы тұлғалар

8-тақырып. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы

9-тақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы

10-тақырып. Соттағы өкілдік

11-тақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу

12-тақырып. Сот шығындары

13-тақырып. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары

14-тақырып. Іс жүргізу мерзімдері

15-тақырып. Бұйрық өндірісі

16-тақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары

17-тақырып. Талап қою бойынша іс жүргізу

18-тақырып. Талап қоюды қамтамасыз ету

19-тақырып. Істі сотта қарауға әзірлеу

20-тақырып. Сотта іс қарау

21-тақырып. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

22-тақырып. Сот актілерін орындау

23-тақырып. Аралық сотта іс қарау.

Аралық (лат. intervallum) - Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық; Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық; Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс; Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.
Аралық сот шешімін орындау.

24-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

25-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту

26-тақырып. Арызды қараусыз қалдыру

27-тақырып. Сот ұйғарымы

28-тақырып. Хаттамалар

29-тақырып. Сырттай іс жүргізу

30-тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

31-тақырып. Ерекше іс жүргізу

32-тақырып. Сот актілеріне аппеляциялық шағымдану, наразылық келтіру

33-тақырып. Кассациялық сатыда апелляцииялық сатыдағы соттың қаулылары мен ұйғарымдарына шағымдану және наразылық келтіру

34-тақырып. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу

35-тақырып. Заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу

36-тақырып. Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру

37-тақырып. Халықаралық процесс


1ақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі

Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, жүйесі және әдісі. Азаматтық іс жүргізу құқығының құқық жүйесіндегі орны.

Азаматтық сот өндірісінің (азаматтық іс жүргізудің) түсінігі. Азаматтық сот өндірісінің міндеттері. Азаматтық сот өндірісінің түрлері. Азаматтық процестің сатылары.

2ақырып. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының түсінігі және мазмұны. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының ерекшеліктері. Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері.

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субьектілері және оларды топтастыру.

3ақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары

Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түсінігі және маңызы. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің түрлері және жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығы принциптерінің арақатынасы.



4-тақырып. Азаматтық істердің ведомстволық бағыныстылығы

Ведомстволық бағыныстылықтың түсінігі және маңызы. Жалпы юрисдикциялы соттарға ведомстволық бағыныстылық. Өзара байланысты бірнеше талаптардың ведомстволық бағыныстылығы.



5ақырып. Азаматтық істердің соттылығы

Соттылықтың түсінігі және маңызы. Соттылықтың ерекшеліктері. Соттылықтың ведомстволық бағыныстылықтан айырмашылығы.

Соттылықтың түрлері.

6ақырып. Соттың құрамы, қарсылық білдіру

Сот құрамының түсінігі. Бірінші саты сотының құрамы. Судьяға, процестің басқа қатысушыларына қарсылық білдірудің негіздері. Судьяға және процестің басқа қатысушыларына қарсылық білдіру туралы өтінішті қарау тәртібі.



7ақырып. Іске қатысушы тұлғалар

Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі. Тараптардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.

Процессуалдық бірге қатысу. Бірге қатысудың мақсаты және негіздері. Бірге қатысудың түрлері. Бірге қатысушылардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.

Тиісті және тиісті емес тараптардың түсінігі. Тиісті емес тарапты ауыстырудың салдары.

8ақырып. Прокурордың азаматтық процеске қатысуы

Прокуратураның азаматтық процестегі ролі мен орны. Прокуратураның азаматтық процестегі міндеттері.

Азаматтық процестің барлық сатыларында прокурордың іске қатысуының негіздері мен нысандары.

Барлық - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы ауыл, Коробиха ауылдық округі құрамында.
Прокурордың процессуалдық жағдайы. Прокурордың міндетті қатысуы.

9ақырып. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуы

Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының негіздері және мақсаты. Басқа тұлғалардың құқықтарын қорғайтын мемлекеттік органдардың, жергілікті басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың азаматтық процеске қатысуының міндеттері.

Азаматтық процеске қатысушы мемлекеттік органдардың түрлері.

10ақырып. Соттағы өкілдік

Соттағы өкілдіктің түсінігі және маңызы. Өкілдіктің негіздері. Өкілдіктің түрлері. Өкілдің соттағы өкілеттіктері. Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.



11ақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу

Сот дәлелдемелерінің түсінігі. Дәлелдемелердің түрлері. Нақты деректер және дәлелдеу құралдары. Дәлелдемелік айғақтар.



12ақырып. Сот шығындары

Азаматтық процестегі сот шығынының түсінігі. Азаматтық процестегі сот шығынының түрлері. Мемлекеттік баж. Іс бойынша өндіріспен байланысты шығындар. Мемлекеттік бажды төлеуден босату. Сот шығындарын бөлу.



13ақырып. Азаматтық процестегі мәжбүрлеу шаралары

Мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері, оларды қолдану негіздері мен тәртібі.



14ақырып. Іс жүргізу мерзімдері

Іс жүргізу мерзімдерінің түсінігі және маңызы. Іс жүргізу мерзімдерінің түрлері.

Азаматтық істерді қарау мерзімдері.

Іс жүргізу мерзімдерін есептеу. Өткізіліп алынған іс жүргізу мерзімдерін ұзартудың және қалпына келтірудің тәртібі.



15ақырып. Сот хабарлаулары мен шақырулары

Іске қатысушы тұлғаларды сот мәжілісінің орны мен уақыты туралы хабарландыру тәртібі, шақыру қағазының, хабарлаудың, шақырудың мазмұны.

Мәжіліс (араб.: меджлис‎- жиналыс, кеңес, әңгіме) - қауым алдында тұрған мәселені шешу мақсатында бас қосып кеңесу, алқа құрып жиналыс жасау; Түркия, Иран елдерінде заң шығарушы орган;Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы.
Шақыру қағазын жеткізу және тапсыру. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартудың салдары. Іс бойынша өндіріс кезінде мекен-жайды ауыстыру, оның іске қатысушы тұлғалар үшін салдары, мекен-жайды ауыстырғаны туралы сотқа хабарламау. Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы, оны іздестіру.



16ақырып. Бұйрық өндірісі

Бұйрық өндірісінің мәні мен маңызы. Сотқа жүгіну тәртібі. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар. Бұйрық шығару туралы талапты қараудың процессуалдық тәртібі. Сот бұйрығының құқықтық табиғаты. Сот бұйрығына шағым беру және оны орындау. Бұйрық өндірісінің талап өндірісінен айырмашылығы.



17ақырып. Талап қою бойынша іс жүргізу

Талап өндірісінің мәні мен маңызы.

Талап арызды қабылдау. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың, қайтарып берудің және қозғалыссыз қалдырудың негіздері. Азаматтық іс қозғаудың құқықтық салдары.

Талаптың түсінігі. Талаптың элементтері. Талаптарды біріктіру және бөлу. Жауапкердің мүдделерін қорғау. Талапқа қарсылық білдіру. Қарсы талап. Қарсы талап қою тәртібі.

Талапты өзгерту. Талаптан бас тарту.

Талапты мойындау. Бейбіт келісім.

Талапты қамтамасыз ету және талапты қамтамасыз етудің күшін жою тәртібі.

18-тақырып. Талап қоюды қамтамасыз ету

Талап қоюды қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және маңызы. Талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау үшін негіздер. Талап қоюды қамтамасыз ету шараларының түрлері, қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыру. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы өтінішті қараудың тәртібі мен мерзімдері. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымға шағым беру тәртібі. Талап қоюды қамтамасыз етуден бас тарту. Талап қоюды қамтамасыз етумен келтірілген зиянды өтеу.



19-тақырып. Істі сотта қарауға әзірлеу

Істі сотта қарауға әзірлеудің мәні мен маңызы. Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу тәртібінде судья атқаратын процессуалдық әрекеттер. Істі сотта іс қарауға тағайындау.



20-тақырып. Сотта іс қарау

Сотта іс қараудың мәні ме маңызы.

Сот істі қараудың бөліктері. Сот мәжілісіне шақырылған тұлғалардың сотқа келмей қалуының салдары.

21-тақырып. Сот шешімі және оны атқару тәртібі

Сот шешімінің мәні және маңызы. Сот шешіміне қойылатын талаптар. Сот шешімін шығарған соттың шешімнің кемшіліктерін жоюы. Қосымша шешім. Шешімді түсіндіру. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету.

Арифметика Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Шешімнің мазмұны. Шешімді орындау мерзімін кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту. Шешімнің заңды күшіне енуінің құқықтық салдары.

22-тақырып. Сот актілерін орындау

Сот актілерін орындау азаматтық процестің сатыларының бірі ретінде. Қаулыларды мәжбүрлеп орындатудың маңызы. Атқару өндірісіндегі заңдылық кепілдіктері.

Мәжбүрлеп орындау органдары. Атқару өндірісіндегі тараптар, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттері.

Атқару өндірісіндегі өндіріп алушының, борышқордың және басқа да тұлғалардың құқықтарын қорғау.

Атқару құжаттарының түрлері, олардың құқықтық маңызы. Атқару қағазын беру тәртібі. Атқару қағазының дубликаты. Атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату үшін берудің ескіру мерзімі. Атқару құжатын орындау үшін берілген, өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру.

23-тақырып. Аралық сот шешімін орындау

Аралық сот өндірісін құқықтық реттеу түсінігі мен маңызы.

Аралық сотта іс қарау азаматтық құқықтарды қорғау тәсілі ретінде.

24-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың түсінігі мен маңызы. Іс бойынша іс жүргізуді міндетті түрде тоқтата тұрудың негіздері. Тоқтата тұру мерзімдері. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымға шағымдану және наразылық білдіру. Іс бойынша іс жүргізуді қалпына келтіру тәртібі.



25-тақырып. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың түсінігі және маңызы. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың негіздері. Талап арызды қабылдаудан бас тартудан айырмашылығы. Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың тәртібі және салдары.



26-тақырып. Арызды қараусыз қалдыру

Арызды қараусыз қалдырудың түсінігі. Арызды қараусыз қалдырудың негіздері. Арызды қараусыз қалдырудың тәртібі және салдары.



27-тақырып. Сот ұйғарымы

Ұйғарымның түсінігі. Ұйғарым сот актісінің түрі ретінде. Ұйғарымның мазмұны. Ұйғарым шығару тәртібі, оған шағымдану тәртібі. Сот ұйғарымының көшірмелерін процеске қатысушыларға жіберу. Соттың жеке ұйғарымы.



28-тақырып. Хаттамалар

Сот хаттамаларының түсінігі және маңызы. Хаттаманың мазмұны. Хаттама жүргізу. Сот мәжілісінің хаттамасы. Жеке процессуалдық әрекеттің хаттамасы. Хаттаманың заң талаптарына сәйкес болмауының салдары. Хаттамаға жасалатын ескертпелер, оларды қараудың тәртібі.



29-тақырып. Сырттай іс жүргізу

Сырттай іс жүргізу мәні мен маңызы. Сырттай іс жүргізуге жол беретін жағдайлар. Сырттай шешімнің мазмұны. Сырттай шешімге шағымдану. Сырттай шешімді жою туралы өтінішті қарау тәртібі. Соттың сырттай шешімге қатысты өкілеттіктері. Сырттай шешімді жою және істі мәні бойынша қайта қарауды қалпына келтіру.



30-тақырып. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу

Сайлауға, референдумға қатысушы азамматтардың және қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу.

Референдум(лат. referendum - хабарлануға тиісті нәрсе) - мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттігі органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігін) дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу.

Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы істер бойынша іс жүргізу.

31-тақырып. Ерекше іс жүргізу

Ерекше іс жүргізудің түсінігі және маңызы. Ерекше іс жүргізудің талап өндірісінен айырмашылығы. Ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібі.

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істердің сотқа ведомстволық қатыстылығы.

Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану. Азаматты қайтыс болды деп жариялау.

Азаматты әрекет қабілетті шектеулі немесе әрекет қабілетсіз деп тану.

Мүлікті иесіз деп тану.

Азаматтық хал актілері жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау.

Нотариаттық іс-әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға жасалатын шағымдар.

Көрсетушіге берілген жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру.

Азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу.

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы істерді қарау.

Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша іс жүргізу.

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.

Психиатрия - 2011 жылы Алматы қаласы «Б. о. ж.» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Б. Жарбосынов, Ғ. М. Құдиярова. Беттер саны - 316.
Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) - «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы істер бойынша іс жүргізу.


1   2   3   4   5   6


жүктеу 0.93 Mb.