Главная страница
Контакты

    Басты бет


БАҒдарламасы 6 9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.56 Mb.



жүктеу 0.56 Mb.
бет1/2
Дата23.10.2017
өлшемі0.56 Mb.

БАҒдарламасы 6 9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 6 - 9 сыныптар Астана 2010 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ДүНИЕ ЖҮЗІ тарихы жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Бағдарлама авторлары: Тұрлығұл Т.Т., Жусанбаева Г.М., Төлебаев Т. Ә., Мәшімбаев С.М., Құсайынова Р.Т., Шупеков А.Ш., Қожахметұлы К.Қ Бекіш Р.М Жалпы білім беретін мектептің 6-9 сыныптарына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – Астана, 2010. –34 б. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010 І. ТҮСІНІК ХАТ «Дүние жүзі тарихы» пәні орта білім берудің маңызды компоненті ретінде «Адам және қоғам» білім беру саласына енгізілген. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан қарасақ қазіргі кезде біздің еліміз жан- жақты байланыс жасап отырған әлем елдері мен халықтарының тарихымен жастарды таныстырудың аса қажеттігі баршаға түсінікті. Дүние жүзі тарихы жас ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуына, өзінің жеке тарихи түп тамырын түсіне- білуіне, тұрмыстық, алуан түрлі моральдық адамгершілік мәселелерін дұрыс шеше білуіне көмектеседі Тарих оқу пәнінің негізгі нысаны — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен осы күнге адамзат тарихының аса маңызды құбылыстарымен, оқиғаларымен таныстырады. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дайындық дәрежесі ескеріле отырып, білім беру, тәрбиелеу, дамытушылық жағынан ең маңызды деректер, оқиғалар, құбылыстар, тарихи үрдістер, тарихи-ғылыми ұғымдар іріктеліп алынады. Бұл тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді. Мақсаты - жас ұрпақты әлеуметтік белсенділікке, адамзат басынан кешірген аса елеулі тарихи оқиғалармен, ол жинақтаған бағалы құндылықтармен таныстыра отырып, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, әлем халықтарының тарихы мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу болып табылады «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді: оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихы туралы жүйелі білім негіздерін бере отырып, олардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру; дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып, оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілік, бір- біріне деген жақындық идеясына тәрбиелеу; тарихи үрдістің көп қырлылығын, көп түрлілігін көрсете отырып, оқушыларды дүниежүзілік тарихи дамудың балама мүмкіндіктері барын түсінуге, соған қарай тарих ғылымын шығармашылықпен қарауға үйрету; оқушылардың дүниежүзілік мәдениетке, жеке халықтардың және отанымыздың рухани байлығын құрметпен қарауға дайындау; оқушыларды бейбітшілік пен ынтымақтастық рухында тәрбиелеу, олардың бойында шовинизмге, ұлтшылдыққа, нәсілшілдікке, соғысқұмарлыққа қарсылық сезімін сіңіру, адамзат прогресінің маңызды мәселелерін шешуге өзіндік үлес қосуға тәрбиелеу; тарихи материалды дұрыс іріктеп, сапалы оқыту арқылы оқушыларды ізгіліккке,саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбеке сүйгіштікке, олардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру; оқушылар бойында қоршаған орта мен табиғатқа ұқыптылықпен қарап, қорғау сезімін қалыптастыру; оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру; Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру Пән бойынша оқу жүктемесі Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес «Дүние жүзі тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты; 7 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағат; 8 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты; 9 сыныпта аптасына – 1,5 сағат, оқу жылында 51 сағатты құрайды. Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартындағы базалық білім мазмұны аясында мектептің мүмкіндігін және оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектерін ескере отырып, таңдау тақырыптары ұсынылады. Мысалы, «Динозаврлар әлемі», «Саяхатшылар естеліктерінен: рулар өмірі», «Алғашқы діни түсініктер», «Африкадағы көшпелілер», «Ит жеккендер елінде», «Аралдардағы тайпалар», «Жазу қалай пайда болған», «Алғашқы баспаналар», «Біздің арғы ата-бабаларымыз», «Қазақтардағы рулық құрылыс сарқыншақтары», «Әлемнің ежелгі дүниедегі жеті кереметі», «Орталық Азиядағы ежелгі мемлекеттер», «Қытай өнертапқыштары», «Еуропалық қайта өрлеу», «Капитал билеген әлемде», «Өнеркәсіп тарихынан», «Халықаралық сауда жолдары», «Қазіргі алып құрылыстар». ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ БІЛІМ МАЗМҰНЫ Білім мазмұнының сыныптар бойынша бөлінуі 6 сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат) ЕЖЕЛГІ ҚОҒАМДАР МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР Кіріспе (1 сағат) Ежелгі Қосөзен мемлекеттері (3 сағат) Шумер және Аккад мемлекеттері. Қосөзеннің төменгі ағысы бойының табиғат жағдайлары және оның алғашқы тұрғындары. Қала-мемлекеттердің қалыптасуы. Шумер мемлекеті. Аккад мемлекеті. III Ур әулетінің билігі. Ежелгі Вавилон. Ежелгі Вавилонның өрлеуі. Хаммурапи заңдары. Б.з.
Хаммурапи заңдары - Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі.
бұрынғы VII - V ғасырлардағы Вавилон. Ежелгі Қосөзен мәдениеті. Гильгамеш туралы дастан. Сына жазу. Өнер. Аспалы бақ. Діни нанымдары. Ежелгі Египет (5 сағат) Египетте мемелекеттің пайда болуы. Ніл алқабының табиғат жағдайы. Нілдің тасуы. Алғашқы мемлекеттер. Бір орталыққа біріккен мемлекеттің құрылуы. Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жагдайы. Мүліктік және әлеуметтік жіктелудің ұлғаюы. Құлдардың, шаруалардың, қолөнершілердің, тас қалаушылардың және тау-кен жұмысшыларының еңбегі мен халі. Египеттегі үстем man өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты. Перғауындар, шонжарлар. Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтары. Египеттегі ғылыми білім негіздері. Египеттік жазудың шығуы және дамуы. Папирус. Математикалық білім. Аспан әлемі. Ежелгі Египеттегі медицина. Ежелгі Египеттегі мектеп. Ежелгі Египет әдебиеті мен өнері. Әдебиет. Ежелгі Египет діні. Египеттегі храмдар. Пирамидалар салу. Азияның оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер (8 сағат) Ежелгі Ассирия. Табиғат жағдайлары. Ассирия мемлекетінің құрылуы. Урарту. Ассирияның отаршылдық саясаты. Мәдениеті. Хетт патшалығы. Кіші Азияның табиғаты. Хетт патшалығының құрылуы. Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Мәдениеті. Ежелгі Финикия мен Палестина. Табиғи-географиялық жағдайы. Финикия қала-мемлекеттері. Израиль-иудей мемлекеті. Шығыс Жерорта теңізі халықтарының ежелгі мәдениеті.
Кіші Азия (түр. Anadolu - Анатолия) - Азияның батыс бөлігіндегі түбек, қазіргі Түркия аумағының ортаңғы бөлігі. Анатолия деп көбінесе Түркияның азиялық иеліктерін атайды (еуропалық иеліктері - Румелия).
Жерорта теңізі - Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңізі. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады.
Ежелгі Парсы патшалыгы. Табиғат жағдайлары. Парсы патшалығының құрылуы. I Дарий. Оның ішкі және сыртқы саясаты. Заратуштра ілімі. Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы күресі. Александр Македонскийдің (Ескендір Зүлқарнайынның) Орта Азияға басып кіруі.
Ескендір Зұлқарнайын немесе ІІІ Ұлы Александр(көне грекше: Ἀλέξανδρος Γ' ὁ Μέγας, лат. Alexander III Magnus, 20 шілде б.з.б. 356 ж.ш. - 10 маусым б.з.б. 323 ж.ш.) - Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б.з.б.
Орта Азия Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .
Спитаман – тәуелсіздік үшін күрестің даңқты басшысы. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы. Ежелгі Бактрия. Бактрия тарихының деректері. Б. з. б. I мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия. Мың қала елінде Кушан патшалығы. Кушан патшалығының саяси дамуы. Экономикалық қатынастары. Мәдениеті. Парфия патшалығы. Парфия патшалығының құрылуы. Парфиядағы басқару жүйесі. Көшпелілер мен парфиялықтар. Парфияның римдіктерді талқандауы. Ежелгі Оңтүстік және Шығыс Азия (5 сағат) Ежелгі Үндістан. Табиғат жағдайлары. Ең ежелгі қалалары. Үнді мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы. Қоғамдық қатынастары. Ежелгі Үнді мәдениеті. «Махабхарата» және «Рамаяна». Манудың зандары туралы. Будда діні. Өнер мен білім негіздері. Ежелгі Қытай. Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы. Шаруашылығы мен қоғамдық кұрылысы. Ұлы Жібек жолы және басқыншылық жорықтар. Ежелгі Қытай мемлекетінің ыдырауы. Ежелгі Қытайдың мәдениеті. Жазуы мен әдебиеті. Конфуций - Ежелгі Қытай данышпаны. Сыма-Цянь - Қытай тарихының атасы. Ғылыми білім мен өнер табыстары. Қайталау. (1сағат) Ежелгі Грекия (5 сағат) Грекияда таптық қоғам мен мемлекеттердің қалыптасуы. Крит-Ахей мемлекеттері және олардың күйреуі. Б. з. бұрынғы ХІ-ІХ ғасырлардағы Грекия. Грекияның қала-мемлекеттері. Афины мемлекеті. Ежелгі Спарта. Афиныда демократиялық щрылыстыц дамуы. Аттикадағы демократиялық өзгерістер. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы. Грекияда Македония билігінің орнауы. Ежелгі Грек өнері. Грекиялық мерекелер мен ойындар. Олимпиадалық ойындар. Гректердің діни нанымдары мен мифтері. Ежелгі грек театры. Сәулет өнері. Грек мүсіндері. Ежелгі грек мектебі мен гылыми білім. Грек мектептері. Ғылыми білім: математика, тіршіліктану, медицина, тарих, философия. Грек мәдениетінің маңызы. Ежелгі Македония. Табиғат жағдайлары және халқы. II Филипптің ішкі және сыртқы саясаты. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы. Ежелгі Рим (6 сағат) Римде республикалық құрылыстың орнауы. Римнің жаулаушылық соғыстары, Римдік және провинциялық ақсүйектер. Әлеуметтік топтары. Империя дәуіріндегі Рим. Империялық басқару жүйесінің орнауы. Шет аймақтарда Рим салтын қалыптастыру. Шаруашылық және әлеуметтік дағдарыстың басталуы. Империяның Шығыс және Батысқа бөлінуі. Ежелгі Римнің өнері. Рим мектебі. Рим поэзиясы. Шешендік өнер. Құкық. Римнің мәдени өмірі. Қалалар және қала өмірі. Сәулет өнері. Мүсін өнері. Христиан дінінің шығуы. Рим мәдениетінің дүниежүзілік маңызы. Батыс Рим империясының құлауы. Империядағы ішкі қайшылықтардың тереңдеуі. Ғұндардың батысқа жорығы. Ғұндар мен готтардың басып кіруі. Батыс Рим империясының құлауы. Қайталау (1 сағат) 7 сынып (барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат) ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ (V ғасырдан XVII ғасырдың ортасына дейін) Кіріспе (1 сағат) Орта ғасырлар ұғымы және оның мағынасы. Ортағасырлар кезеңдері. Орта ғасырларда дүние жүзінде мемлекеттердің құрылуы. Хронологиясы. Еуропаның, Азияның және дүниенің басқа бөліктеріндегі ортағасырлық мемлекеттер. I бөлім. Ерте орта ғасырлар (V — X ғасырлар) (12 сағат) V—X ғасырлардағы Батыс және Орталық Еуропа (2 сағат) Герман тайпалары. Герман тайпаларының Батыс Рим империясына басып кіруі. Ғұн тайпалары. Франк тайпалары және олардың Батыс Рим империясы аумағына басып кіpyi. Франк мемлекетінің құрылуы. Франктер империясы. Ұлы Карл империясы. Империяның ыдырауы. Ұлы Карл кезіндегі империя мәдениетінің дамуы. Ү-Х ғасырлардағы Византия империясы мен Таяу Шығыс (7сағат) Византия империясының құрылуы. Константинополь және басқа провинциялар. Император билігі және империяны басқару жүйесі. Юстиниан және оның зандары. Славяндардың, арабтардың империя территориясын басып алуы және олардың орнығуы. VI—X ғасырлардағы арабтар. Араб тайпалары және олардың географиялық жағынан орналасуы. Әлеуметтік жағдайы. Арабтардың жаулауы. Араб халифатының құрылуы. Халық көтерілістері. Халифаттың құлауы. Ислам дуниесіндегі мәдениеттің дамуы. Ислам діні. Мүхаммед пайғамбар. Ислам дінінің пайда болуы және таралуы. Араб тілі. Кітапханалардың пайда болуы. Білім беру ici. Әдебиет. Философия. Өнер. Ерте орта ғасырлардағы Орталық Азия жерінде феодалдық қатынастардың пайда болуы. Эфталит мемлекеті. Эфталиттердің Орта Азия жерлерін жаулауы. Қалаларда шаруашылық пен мәдениеттің дамуы. Феодалдық қатынастардың қалыптасуы. Эфталит мемлекетін түріктердің талқандауы. Ерте орта ғасырлардағы түркі халықтары. Ерте түркі халықтары, олардың мемлекеттері, шаруашылығы. Көне түркі жазба ескерткіштері, олардың тарихи маңызы. Ерте орта гасырлардагы славяндар. Батыс, оңтүстік славяндар және олардың қоныстары. Қоғамдық құрылысы. Славяндар кәсібі, шаруашылығы. Ежелгі Киев Русі. Ярослав Мудрый. Киев Русінің мәдениеті. Жазу. Білім. Ежелгі орыс мәдениеті. Ежелгі Русьтің сәулет өнері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері және ерекшеліктері (2 сағат) Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері: феодалдық поместье, феодалдық бытыраңқылық, феодалдардың тәуелсіздігі; феодалдық шаруашылық; феодалдық қырқысулар. Ерте орта ғасырлардағы феодалдар. Феодалдық саты: король, герцоттар мен графтар, барондар, мырзалар. Фсодалдардың тұрмысы мен әдет - ғұрыптары. Феодалдардың замогы. Орта гасырлардагы шаруалар. Шаруалардың жіктелуі: басыбайлы (крепостной) шаруа. Тәуелді шаруа. Шаруалардың міндеткерлігі. Шаруалардын тұрмысы. Феодалдардың шаруаларға жүргізген үстемдігі. Феодалдық қанауға қарсы күрес. Қайталау (1 сағат) ІІ бөлім Орта ғасырлар ( ХІ-ХҮ ғасырлар) ( 23 сағат) XI—XV ғасырлардағы Еуропа мемлекеттері (11 сағат) Орталықтанған монархиялардың құрылуы. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің қажеттілігі. Король өкіметі, оның қызметі. Мемлекеттік басқару аппаратының қүрылуы. Дворяндық сословие. Франция. Француз жерлерінің бірігуі. XI Людовик және оның корольдік өкіметті нығайту жолындағы қызметі. Бас штаттар қызметі. Франциядағы абсолюттік монархия. Англия. Англиядағы Алқызыл және Ақ раушандар феодалдық соғысы. III Ричард. Бір орталыққа бағынған күшті мемлекеттің орнығуы. Тюдорлар әулеті. Ағылшын парламенті. Германия. Герман жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері. Герман серілігі. Еркін қалалар. Германияның діни орталықтары. Испания. Арабтармен күрес. Реконкиста. Испанияның бірігуі. Католиктік монархия. Инквизиция және дінсіздерге қарсы күрес. Католик шіркеуі. Италия. Қала-мемлекеттер және олардың даму ерекшеліктері. Венецияның күшеюі. Флоренция. Медичидің банктік қызметі. Еуропа мемлекеттерінің ішіндегі Италия жерлері. XI—XIII ғасырлардагы Русь. Феодалдық қатынастардың дамуы. «Русская правда». Владимир Мономах. «Бағзы замандардың хикаясы». XI—XV гасырлардагы шаруашылық табыстар және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі. Еуропада орта ғасырлық қалалардың пайда болуы. Қала халқының жіктелуі. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу. Еуропадагы қала өмірі. Қалалар және халықтың тұрмысы. Қала ақсүйектерінің қалыптасуы. Серілік, серілікті қабылдау анты. Әскери өнер. Орта ғасырлардағы ханымдар және олардың мінез-қүлық ережелері. XI—XV ғасырлардағы Еуропадагы ағарту ici мен ғылыми білімнің дамуы. Ортағасырлық мектептер. Жоғары оқу орындарының ашылуы. Жылнама. Халық аңыздары. Әдебиеттің дамуы. Ғылыми білім. Орта гасырлардагы өнер. Сәулет өнері. Атақты соборлар мен храмдар. Мүсін өнері. Бейнелеу өнері. Сәулет өнеріндегі шығыстық ықпал. XI—XIII ғасырлардағы христиан шіркеуі. Крест жорыктары (1 сагат) Шіркеу және дін қызметкерлері. Шіркеудің бөлінуі. Христиан қоғамындағы папалардың рөлі. Епископтар мен архиепископтар. Шіркеудің ғылымның дамуына кері әсері. Шіркеу үйінің мақсаты мен символдары. Крест жорықтары. Крест жорықтарының шығу себептері. Шіркеу — шы-ғысқа жорықтың ең негізгі ұйымдастырушысы мен дем берушісі. Кедейлердің Шығысқа жорығы. Кейінгі крест жорықтары. Крест жорықтарының салдары. Орта орта ғасырлардагы Шығыс әлемі (5 сағат) Жапониядағы феодалдық құрылыс. Жапонияда феодализмнің пайда болуы және дамуы. Шаруалардың жағдайы. Қалалардың дамуы. Бір орталыққа бағынған мемлекеттін қалыптасуы. Жапонияның оқшаулануы. Қытайда феодалдық құрылыстың орнауы Кытайды біріктіру. Қытай империясының кұрылуы. Қытай императорлары. Сарай қызметшілері. Шаруашылығы. Қолөнер. Қазақ-кытай қатынастары. Қытайдагы білім берумен өнер. Қытай мектептері. Кітап басу ici. Тарих. Медицина. География. Сәулет және сурет өнері. Үндістандағы феодалдық құрылыс Үндістанда феодалдық құрылыстың орнауы. Феодалдық бытыраңкылық. Үндістанды жаулап алу. Бабыр және оның қызметі. Ұлы Моғолдар империясы. Империяның қуатты державаға айналуы. Қолөнер мен сауданың дамуы. Діни нанымдары мен әдебиеті Мәдениеттің дамуындағы ерекшеліктер. Буддизм. Индуизм. Ислам. Әдебиет. Бабырнама — түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы. Үнді халықтарының билері мен әндері. Ғылым мен өнер. Математика. Астрономия. Медицина. Өсімдіктану. Үнді сәулет өнеріндегі әртүрлілік. Мүсін өнері. Храмдар мен кесенелердің салынуы. Аджант храмы. Тәж-Махал кесенесі. Түркия. Осман империясының құрылуы. Сұлтанның билігі. Түріктер келгенге дейінгі Балқан елдері. Халықтардың осман жаулап алушыларына қарсы күресі. Түрік мәдениеті. Әдебиет. Ғылыми білімдер. Түрік сәулет өнерінің ерекшеліктері. Мешіттер, кесенелер, сарайлар. Қолөнер. Каллиграфия өнері. Түрік саяхатшылары. XI-XV ғасырлардағы Орта және Орталық Азия (3 сагат) Хорезмшах мемлекеті. Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі. Қоғамдық құрылысы. Шаруашылығы. Қолөнердің дамуы жоне оның ерекшеліктері. Бұхара мен Самарқандағы азаттық қозғалыстар. Хорезмшах мемлекетінің әлсіреуі. Орталық Азия мен Қазақстан халықтары арасындағы шаруашылық және мәдени байланыстар. Орта Азия қалалары. Қалалардың мәдени және гылыми орталыққа айналуы. Үргеніш. Бүхар. Самарқан. Мерв. Башкент (Ташкент). Хиуа. Ниса. Отырар. Тараз. Түркістан. Ғылыми білімдердің дамуы. Медреселер мен обсерваториялардың ғылымды дамытудағы рөлі. Ұлықбектің астрономиялық мектебі. Әбу-Райхан Бируни — ғалым энциклопедияшы. Әл-Хорезмидің алгебраны дамытудағы рөлі. Әбу-Әли ибн-Синаның медицина ғылымын дамытуы. Әдебиет. Ә. Фердоуси. А. Рудаки. Ә. Науаи. Омар Хайям. Рашид-ад-Дин. Жылнамалар жинағы. Қазақ ғалымдары. Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Насыр Исмаил әл-Жауһари әл-Фа-раби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағүн, М. Дулати, Қ. Жалайыри. Манас эпосы. Сәулет, сурет өнері және көркемөнер. Сәулет өнеріндегі ерекшеліктер. Мешіттер, медреселер, кесенелер және мұнаралардың салынуы. Монғол-татар шапқыншылыгына қарсы халықтардың күресі (2 сагат) Монғол-татар шапқыншылыгы қарсаңындағы феодалдық бытыраңқылық. Феодалдық бытыраңқылықтың себептері. Русьте жеке князьдіктердің құрылуы. Орта Азия жеріндегі мемлекеттердің де бірте-бірте әлсіреуі. Монғол-татар шапқыншылыгы. Монғол тайпаларының тұрмысы. Монғол тайпаларының қоғамдық құрылысы. Шыңғыс хан әскерлерінің Орта Азия мен Закавказьеге басып кіруі. Бейбарыс сұлтан. Батый әскерлерінің Руське шабуылы. Алтын Орданың құрылуы. Халықтардың жаулап алушыларға қарсы күресі. Қайталау (1 сағат) Ill бөлім. Кейінгі орта ғасырлар (XV—XVII ғасырлардың ортасы) (14 сағат) Еуропа мемлекеттері (5 сағат) XVI—XVII гасырдың ортасындағы Англия. Өндірістің дамуы. Ауыл шаруашылығындағы төңкеріс. Мануфактура. Сауданың дамуы. Ағылшын абсолютизмі. Ирландияны отарлау. XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Франция. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы. Өнеркәсіп және сауда. Абсолютизмнің қалыптасуы. Нант эдикті. Кардинал Ришелье. XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Германия. Экономикалық жағдайы. Ауыл шаруашылығы. Реформация және шаруалар соғысы. Аусбург бітімі. Князьдар арасындағы қырқыстар. Отыз жылдық соғысқа қатысу. Кейінгі орта гасырлардагы Испания. Экономикалық жағдайы. Мемлекеттік құрылым. Испанияның құлдырай бастауы. Марискілерді қудалау. Португалияның бөлінуі. Нидерланд буржуазиялық революциясы. XVI—XVII гасырдың бірінші жартысындагы Италия. Савонарола. Экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы. XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басындағы географиялық ашулар (1 сағат) Географиялық ашулардың қажеттілігі. XV ғасырдағы Америка халықтары. Майя халқы және оның мәдениеті. Ацтектер. Колумбтың Американы ашуы. Географиялық ашулардың нәтижелері. Орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы және Алтын Орданың құлауы (XV-XVI ғасырлар) (3 сағат) Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігуі. Алтын Орданың әлсіреуі. Тоқтамыстың Мәскеуді талқандауы. Біртұтас мемлекеттің қалыптасуы. Шаруашылықтағы жетістіктер. Мәскеудің өрлеуі. Куликово шайқасы. Ресейде орталықтанған мемлекеттің құрылуы. Боярлар думасы. Самодержавиелік монархия. Ресейдегі реформалар. IV Иван Грозный. Опричнина. XVII гасырдагы Ресей. Ресейдің ішкі және халықаралық жағдайы. Борис Годуновтың таққа келуі. Поляк феодалдарының Мәскеуді жаулап алуы. К. Минин мен Д. Пожарский. Романовтардың таққа отыруы. XVII ғасырдағы Ресей халықтарының мәдениеті. Батые Еуропа мәдениетінің Ресей мәдениетіне тигізген әсері. Әдебиет пен өнер. Сәулет жөне сурет өнері. Орыс тұрмысының сипатты белгілері XV ғасырдың аяғы — XVII ғасырдың алғашкы жартысындагы Еуропа халықтарының мәдениеті (4 сағат) Батыс Еуропада қайта өрлеу мәдениетінің тууы. Италия - қайта өрлеу мәдениетінің орталығы. Антик дәстүрлеріне қайта оралу. Леонардо да Винчи. Микеланд-жело. Рафаэль Санти. Сурет өнеріндегі гуманизм. Альбрехт Дюрер. Рембрандт. Диего Веласкес. Еуропа халықтарының ағарту ici мен әдебиеті. Ақсүйектік білім беру. Зиялы қауым. Гуманист жазушылар: Томас Мор, Франсуа Рабле, Вильям Шекспир, Мигель Сервантес. Ғылыми білімнің дамуы. Табиғат құпияларын ашу. Химия. Джордано Бруно. Николай Коперник. Галилео Галилей. Қайталау (1 сағат). Қорытынды қайталау (1 сагат). 8 сынып (барлығы 51 сағат, аптасына 1,5 сағат) XVII-XX ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ (1640 - 1914 жылдар) Кіріспе (1 сағат). Жаңа тарихтың негізгі мазмұны. Жаңа кезең тарихының жалпы сипаттамасы мен негізгі мәселелері. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында капиталистік қатынастардың дамуы. Буржуазиялық революциялардың алғышарттары. Буржуазиялық революциялар: себептері, максаттары, қозғаушы күштері, маңызы. Бірінші бөлім. XVII-XVIII ғасырлардағы Дүние жүзі тарихыныц негізгі оқиғалары (23 сағат) Англияда капитализмніц орныгуы және ныгаюы (2 сағат). Ағылшын буржуазиялық революциясының себептері, революцияның басталуы. Индепенденттердің үстемдік ету кезеңі. Азамат соғыстары. Республиканың жариялануы. Левеллер мен индепенденттердің қозғалысы. О.Кромвель протектораты. Монархияны қалпына келтіру (реставрация). Ағылшын буржуазиялық революциясының маңызы. Конституциялық парламенттік монархия. Англиядағы аграрлық революция. Өнеркәсіп төңкерісінің ерекшеліктері. Отарлық жаулап алулар. XVIII гасырдагы дүние жүзі (2 сағат). XVIII ғасырдағы дүние жүзі елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулары. Жеке елдердегі капиталистік өндіріс дамуының ерекшеліктері. Аграрлық революция және оның жеке елдердегі өзіндік сипаттары. Өнеркәсіп төңкерісі: оның жеке елдердегі мазмүны, маңызы, өзіндік сипаттары. Ерте буржуазиялық мемлекет. Азаматтык қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасу үрдісі. Еуропалық мемлекеттердің отарлық экспансиясы. XVIII гасырдагы Солтүстік Америка (2 сағат). Солтүстік Америка континентін еуропалық державалардың отарлауы. Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы. Феодалдық және плантациялык шаруашылық- Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары. Қарулы күрестің басталуы. АҚШ-тың құрылуы. Тәуелсіздік декларациясы.
  1   2

  • Білім және ғылым министрлігінің
  • Хаммурапи заңдары
  • Кіші Азияның
  • Жерорта теңізі
  • Александр Македонскийдің

  • жүктеу 0.56 Mb.