Главная страница
Контакты

    Басты бет


БАҒдарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж Пән бағдарламасы (Syllabus) ф фсо пгу 18. 4/19 бекітемін фмжат факультетінің деканы Н. А. Испулов

жүктеу 1.37 Mb.



жүктеу 1.37 Mb.
бет3/10
Дата09.03.2017
өлшемі1.37 Mb.

БАҒдарламасы ( Syllabus ) Павлодар, 2014ж Пән бағдарламасы (Syllabus) ф фсо пгу 18. 4/19 бекітемін фмжат факультетінің деканы Н. А. Испулов


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Үшінші кезең (60 жылдардың басы – 1980 ж.). Интегралды микросхемалар негізіндегі компьютерлер. Алғашқы көпміндетті операциялық жүйелер.

Есептеуіш машиналарының дамуының келесі маңызды дәуірі - 60-шы жылдардың басынан бастап – 1980 жылдарға дейін. Осы кезде техникалық базадада өзгерістер басталды - транзистор типті жартылай өткізгіштік элементтерден интегралды микросхемаларға көшу басталды. Есептеуіш техникасы сенімдірек және арзанырақ бола бастады. Компьютерлермен шешілетін тапсырмалардың саны мен күрделілігі өсті. Процессорлар өнімділігі артты.

Процессорлық уақыттарды пайдалану тиімділігін арттыруға енгізу- шығарудың механикалық құрылғыларының жұмысының төмен жылдамдығы кедергі жасады (перфокарталарды ең жылдам оқитын құрылғы минутына 1200 перфокарта өңдесе, принтерлер минутына 600 жол ғана баспаға шығарды). Тапсырмалар пакетін перфокарталардан жадыға тікелей оқылуының орнына, оның алдын ала магниттік лентаға, ал содан соң дискіге жазылуы қолданыла бастады.

Магнит (грек. magnetіs, Magnetіs lіthos - Магнесия тасы; Магнесия - Кіші Азиядағы көне қала) - магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.

Егер тапсырманың орындалу барысында деректерді енгізу талап етілсе, онда, олар дискіден оқылады. Дәл осылай алдымен шығарылатын ақпараттың көшірмесі жүйелік буферге жасалады да лентаға немесе дискке жазылады, ал тапсырма аяқталғаннан кейін ғана баспаға шығарылады. Басында енгізу-шығарудың нақты амалдары off-line тәртібінде, яғни басқа, қарапайымдау, жеке тұратын компьютерлерді пайдалану арқылы жүзеге асатын. Арықарай олар есептеу жүргізетін компьютерлерде орындала бастады, яғни on-line тәртібінде. Осындай іс-әрекет spooling (Simultaneous Peripheral Operation On Line қысқартуы) немесе деректерді қосу-алу (орыс.подкачка-откачка) деп аталды. Пакеттік жүйелерге қосу-алу техникасын енгізу бір тапсырманың енгізу-шығару нақты операцияларын басқа тапсырманың орындалуымен үйлестіруге мүмкіндік берді. Бірақ осы операциялардың аяқталғаны жөнінде процессорге хабар беру үшін үзу аппараттарын дайындауды қажет етті.

Магниттік ленталар біртіндеп жол ашатын құрылғылар болғандықтан, яғни олардан мәлімет жазылу реті бойынша ғана оқылатын.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Ақпаратты оқу тәртібі маңызды емес, яғни тікелей жол ашатын құрылғының – магниттік дисктің пайда болуы есептеу жүйесінің ары қарай дамуына алып келді. Магниттік лентадағы пакетті өңдеу кезінде тапсырма шығару кезегі олардың енгізу тәртібімен анықталды. Магниттік дисктегі тапсырмалар пакетін өңдеу кезінде кезекті орындалатын тапсырманы таңдау мүмкіндігі пайда болды.

Таңдау (белгілеу, ерекшелеу) (Выбор (выделение, маркирование; selecting) Windows ортасында - жұмыс үстелінің кез келген объектісіне тышқан меңзерін алып барып, оны шерту операциясы. Осылай белгіленген объект түсі өзгеріп ерекшеленеді.

Пакеттік жүйелер сұралған қорларға, есептеу жылдамдығына және т.б. байланысты тапсырмаларды жоспарлаумен айналыса бастады.

Процессорды пайдалану тиімділігін арықарай жоғарылатуға мультипрограммалау көмегімен қол жеткізілді. Мультипрограммалау идеясы келесіден көрінді: бір программа енгізу-шығару операциясын орындап жатқан кезде, бірпрограммалық режим кезіндегідей процессор босқа тұрмайды, ол басқа программаны орындайды. Енгізу-шығару аяқталған кезде, процессор бірінші программаны орындауға қайтып оралады. Бұл идея емтихандағы оқытушы мен студенттердің мінез-құлқын еске түсіреді.

Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.

Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.

Бір студент (программа) сұрақ жауабын (енгізу-шығару операциясын) ойланып отырған кезде, оқытушы (процессор) басқа студент (есептеу) жауабын тыңдайды. Әрине бұндай жағдаят бөлмеде бірнеше студент болуын талап етеді. Мультипрограммалау да дәл солай, жадыда бірнеше программа бір мезгілде болуын талап етеді. Бұл кезде әр программа оперативті жадының тарау деп аталатын әр учаскесіне енгізіледі және басқа программаның орындалуына әсер етпеуі керек (студенттер жеке-жеке отырады да бір-біріне көмектеспейді).

Мультипрограммалаудың пайда болуы есептеу жүйесін құруда нағыз революцияны талап етеді.

Әсер - адамға не өзге жанды-жансыз дүниеге сырттағы құбылыстан, іс-әрекеттен болатын ықпал.

Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.

Бұл жерде ең елеулі ерекшеліктері төменде келтірілген аппараттық қолдау маңызды роль атқарады.



  • Қорғаныс механизмдерін іске асыру.

    Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

    Программаларда қорларды бөлуге дербес жол болмауы керек. Бұл пұрсатты (привилегиялы) және пұрсатты емес командалар пайда болуына әкеледі. Пұрсатты командалар, мысалы енгізу-шығару командаларын операциялық жүйелер ғана орындай алады. Ол пұрсатты режимде жұмыс істейді дейді. Басқарудың қолданбалы программадан операциялық жүйеге өтуі режимнің бақыланатын кезегімен қатар жүреді. Одан басқа бұл – бәсекелес пайдаланушы программаларды бір-бірінен, ал операциялық жүйені пайдаланушылар программасынан оқшауландыруға мүмкіндік беретін жады қорғанысы.

  • Үзудің орын алуы (болуы). Сыртқы үзулер операциялық жүйені асинхронды жағдай, мысалы енгізу-шығару операциясы аяқталғаны туралы хабардар етеді. Ішкі үзулер (қазір оларды ерекше жағдаяттар деген атау қолданылып жүр) программаны орындау операциялық жүйенің араласуын қажет ететін жағдаятқа әкелгенде пайда болады. Мысалы: нольге бөлу немесе қорғанысты бұзуға қадам жасалу.

  • Сәулетте параллелизмнің дамуы. Жадыға тікелей жол ашу және енгізу-шығару каналдарын (арналарын) ұйымдастыру орталық процессорды күйбің операциялардан босатуға мүмкіндік берді.

Мультипрограммалауды ұйымдастырудағы операциялық жүйе ролі де маңызды. Ол келесідей операцияларға жауап береді.

  • Жүйелік шақырулар көмегімен қолданбалы программа мен операциялық жүйе арасында интерфейсті ұйымдастыру.

  • Жадыдағы тапсырмалардан кезек ұйымдастыру және тапсырмалардың біреуіне процессорды бөлу процессорды пайдалануды жоспарлауды талап етті.

  • Бір тапсырмадан басқасына өту регистрлер мазмұнын және тапсырманы орындауға қажетті деректер құрылымын, басқаша айтқанда есептеуді дұрыс жалғастыруды қамтамасыз ету үшін контексті сақтауды талап етеді.

  • Жады шектеулі қор болып табылғандықтан, жадыны басқару стратегиясы қажет, яғни жадыда ақпаратты орналастыру, алмастыру және таңдау үрдістерін тәртіпке келтіруді талап етеді.

    Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

    Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.



  • Файл түріндегі сыртқы тасымалдауыштарда ақпаратты сақтауды ұйымдастыру және нақты файлға пайдаланушылардың белгілі бір категорияларына ғана жол ашуды қамтамасыз ету қажет.

  • Программаға деректерді рұқсат етумен алмастыру қажет болатындықтан, оларды коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету қажет.

  • Деректермен дұрыс алмасу үшін түрлі қорлармен жұмыс істеуде туындайтын талас жағдаяттарды шешу қажет және программалардың өз әрекеттерін үйлестіруін болжай білу, яғни жүйені синхронизациялау құралдарымен жабдықтау қажет.

Мультипрограммалық жүйелер жүйелік қорларды тиімдірек пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етті (мысалы, процессорлар, жадылар, перифериялық құрылғылар), бірақ олар ұзақ уақыт пакеттік болып қалып отырды. Пайдаланушы тапсырмамен тікелей өзара әрекет ете алмады да басқарушы карта көмегімен мүмкін болатын барлық жағдаяттарды қарастыруға мәжбүр болды. Программаны жөндеу бұрынғыдай көп уақыт алып отырды және жадылар мен регистрлер мазмұнының көп беттік басылмасын зерттеуді немесе жөндеу терілімін пайдалануды талап етті.

Электрондық-сәулелік дисплейлердің пайда болуы және клавиатураларды пайдалану мүмкіндігін түсіну осы проблеманы шешуді кезекке қойды. Мультипрограммалау жүйесінің логикалық кеңеюі time-sharing жүйесі немесе уақытты бөлу жүйесі болды.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Оларда процессор тапсырмалар арасында енгізу-шығару операциясы негізінде ғана емес, белгілі бір уақыт өткеннен-ақ ауыстырылып қосылып отырды. Осы ауыстырылып қосылулар жиі өтетіні сондай, пайдаланушылар өз программаларымен оларды орындау кезінде, яғни интербелсенді өзара әрекет ете алады. Соның нәтижесінде бір компьютерлік жүйеде бірнеше пайдаланушы бір мезгілде жұмыс істей алу мүмкіндігі пайда болды. Бұл үшін жадыда әр пайдаланушының кем дегенде бір программасы болуы керек. Жұмыс істеуші пайдаланушылар санына шектеуді азайту үшін оперативті (жедел) жадыда орындалатын программаны толық емес табу идеясы енгізілді. Программаның негізгі бөлігі дискте орналасқан және сол мезетте орындалауы қажет фрагмент (бөлік) оперативты жадыға енгізіліп, қажет емесі қайтадан дискке көшірілуі мүмкін. Бұл виртуалды жады механизмі көмегімен іске асырылады. Бұндай механизмнің басты жетістігі ЭЕМ-нің шексіз оперативты жадысы бар деген иллюзия құру болып табылады.

Азайту - негізгі төрт арифметикалық амалдардыӊ бірі, қосу амалына кері амал сандардыӊ айырымын анықтайды, «−» таӊбасымен белгіленеді. Екі қосылғыштың берілген қосындысы мен осы қосылғыштың біреуі бойынша екінші қосылғышты анықтауға арналған.

Алдамшы көріністер, иллюзия (лат. іllusіo - алдаймын, мазақтаймын, келекелеймін) -

Уақытты бөлу жүйелерінде пайдаланушы программаны қалыптастыруды интербелсенді режимде тиімді жүргізу және ақпаратты перфокартаны пайдаланбастан, тікелей клавиатурадан дискке жазу мүмкіндігіне ие болды. On-line файлдарының пайда болуы дамыған файлдық жүйелерді даярлау қажеттілігін тудырды.

Есептеу жүйелерінің ішкі эволюцияларымен параллельді олардың сыртқы эволюциясы да жүрді. Осы кезең басталғанға дейін есептеу кешендері, әдетте сәйкес келмейтін. Әрқайсысының өз операциялық жүйесі, командалардың өз жүйесі және т.б.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

болды. Нәтижесінде машинаның бір типінде табысты жұмыс істейтін программаны басқа типті компьютерде орындау үшінтолық қайта жазып, қайтадан жөндеу қажет болатын.

Табысты - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі құрамында.

Үшінші кезең басында бір операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін программалық үйлесімді машиналар жанұясын құру идеясы пайда болды. Интегралды микросхемаларда құрылған, программалық үйлесімді компьютерлердің бірінші жанұясы IBM/360 машиналар сериясы болды. 60-шы жылдардың басында даярланған бұл жанұя баға/өнімділік критериі бойынша екінші буын машиналарынан елеулі түрде басым түсті. Одан кейін IBM желісімен үйлеспейтін PDP компьютерлер желісі шықты және оның ең үздік моделі PDP-11 моделі болды.

«Бір жанұяның» күші сонымен бірге оның әлсіздігі де болды. Осы тұжырымдаманың кең мүмкіндігі (барлық модельдердің болуы: мини-компьютерлерден үлкен машиналарға дейін; сан алуан периферияның көптігі; түрлі қоршаған орта; сан түрлі пайдаланушылар) күрделі және аса үлкен операциялық жүйені тудырды. Мыңдаған программалаушы жазған Ассемблердің миллиондаған жолы қатеге толы болып, оларды түзету қадамы туралы басылымдардың үздіксіз ағынын тудырды. OS/360 операциялық жүйесінің өзінде ғана 1000-нан аса белгілі қателер орын алды. Соған қарамастан операциялық жүйелерді стандарттау идеясы пайдаланушылар санасына кең сіңіп, кейіннен белсенді түрде дамыды.

Стандарттау, үлгіқалыптау (ағылш. standardization) - есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б.



Төртінші кезең (1980-жылдан қазіргі кезге дейін).

Дербес компьютерлер. Классикалық, желілік және таратылған жүйелер

Есептеу жүйесіндегі эволюцияның келесі кезеңі интегралды сұлбалар (ҮИС) пайда болуына байланысты. Бұл жылдары интеграция дәрежесінің күрт өсуі және микросхемалар құнының төмендеуі болды. Сәулеті бойынша PDP-11-ден ерекшеленбейтін компьютерге бағасы мен пайдалану қарапайымдылығы бойынша кәсіпорын бөлімі немесе университет бөлімі емес, жеке адам қол жеткізе алды. Дербес компьютерлер эрасы басталды.

Сұлба (Схема; грек, schema - сыртқы түрі, пішін) - машинада немесе механизмде негізгі немесе қосалқы функцияларды орындайтын элементтер мен байланыстардың жиынтыгын көрсететін масштабсыз Сұлба, сонымен қатар түзілімнің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, құрылыстың және т.б.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Басында дербес компьютерлер бірпрограммалық режимде бір пайдаланушы пайдалануына арналды. Бұл ЭЕМ сәулеті мен олардың операциялық жүйелерінің құлдырауына әкелді (оның ішінде, файлдар мен жадыларды қорғау, тапсырмаларды қорғау қажеттілігі жойылды және т.б.).

Компьютерлерді мамандардан да басқа адамдар пайдалана бастады. Бұл «достық» программалық қамтамасыз етуді даярлауды талап етті.

Дербес компьютерлерде шешілетін тапсырмалардың күрделілігі мен сан алуандығы, олардың жұмысының сенімділігін арттыру қажеттілігі үлкен есептеу жүйелерінің сәулетіне тән барлық нышандарының қайта пайда болуына әкелді.

80-жылдары компьютерлер желісі, оның ішінде желілік немесе таратылған операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейтін дербес компьютерлер желісі күрт дами бастады.

Желілік операциялық жүйелерде пайдаланушылар басқа желілік кңомпьютер қорларына қол жеткізе алады. Тек олардың бар-жоқтығы туралы және оны орындай білулері керек. Желідегі әр машина автономды компьютерлердің операциялық жүйесінен қосымша құралдардың барысымен ерекшеленетін өз жергілікті операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс істейді (желілік интерфейстік құрылғыларға және алысталған қорларға жол ашуға арналған бағдарламалық сүйеумен), бірақ бұл қосымшалар операциялық жүйе құрылымын өзгертпейді.

Таратылған жүйе, керісінше әдеттегі автономды жүйе сияқты көрінеді. Пайдаланушы файлдарының қай жерде - жергілікті немесе алысталған машинада орналасқанын, программасы қай жерде орындалып жатқанын білмейді және білмеуі тиіс. Ол жалпы компьютердің желіге қосылғанын білмеуі де мүмкін. Таратылған операциялық жүйенің ішкі құрылымы автономды жүйеден маңызды түрде ерекшеленеді.

Бұдан былай біз автономды операциялық жүйелерді классикалық операциялық жүйелер деп атаймыз.

Есептеуіш жүйелері дамуының кезеңдерін қарастырып болып, біз эволюция барысында классикалық операциялық жүйесі орындаған алты ­ негізгі функцияларды бөліп көрсете аламыз.


  • Тапсырмаларды жоспарлау және процессорды қолдану.

  • Программаларды коммуникация және синхронизация құралдарымен қамтамасыз ету.

    Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.



  • Жадыны басқару.

  • Файлдық жүйені басқару.

  • Енгізу – шығаруды басқару.

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Келтірілген функциялардың әрқайсысы әдетте операциялық жүйесінің құрылымдық компоненті болып табылатын ішкі жүйе түрінде іске асырылған. Әр операциялық жүйеде осы функциялар, әрине, өзінше, түрлі көлемде іске асырылды. Олар басынан операциялық жүйелердің құрамдас бөлігі ретінде ойлап табылмады. Есептеу жүйелері ыңғайылырақ, тиімдірек және қауіпсіздеу болғанына қарай, даму үрдісінде пайда болды. Адам ойлап тапқан есептеу жүйелерінің эволюциясы осы жолмен кетті. Бірақ әлі ешкім, бұл олардың дамуының жалғыз мүмкін жолы деп дәлелдей қойған жоқ. Операциялық жүйелер, олардың өмір сүруі есептеу жүйелерін пайдаланудың саналы жолы болғандықтан ғана қолданылып келеді.

Саналы - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Дәрмене ауылдық округінің құрамында.



Қолданбалы программалау интерфейсі

API (Application Programming Interface) – қолданбалы программалау интерфейсі.

Операциялық жүйе мен программалар арасындағы интерфейс жүйелік шақырулардың жиынтығымен анықталады.

Мысалы, егер пайдаланушы үрдісіне мәліметтерді файлдан оқу қажет болса, онда ол жүйелік шақырудың командасын орындауы керек, бұл дегеніміз ядро режиміне ауысатын үзуді орындау және мәліметтерді файлдан оқитын операциялық жүйенің функциясын активтендіру.

POSIX стандартының ең жиі қолданылатын жүйелік шақыруларды қарастырайық. POSIX –те 100-ден аса жүйелік шақырулар бар.



fork – жаңа үрдісті құру

exit – үрдісті аяқтау

open – файлды ашу

close – файлды жабу

read – мәліметтерді файлдан буферге оқу

write - мәліметтерді буферден файлға жазу

stat – файлдың қалып-күйі туралы ақпарат алу

mkdirжаңа каталог құру

rmdir – каталогты жою

linkсілтеме құру

unlink – сілтемені жою

mount – файлдық жүйені құрастырады

umount - файлдық жүйені демонтирует

chdir – жұмыс каталогын өзгерту

UNIX-тегі шақырулар, жүйелік шақыруларға қатынау үшін қолданылатын кітапханалық процедуралармен бірдей болып келеді.

Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) - 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.

Windows –қа арналған - Win32 API қолданбалы программалау интерфейсін қарастырайық.

Win32 API жүйелік шақырулардан бөлінген (отделен). Бұл программаны қайта жазбай, әр-түрлі версияларда жүйелік шақыруларды өзгертуге мүмкіндік береді.

Сондықтан түсініксіз: шақыру жүйелік (ядро арқылы орындалатын) болып келеді ме, немесе ол пайдаланушы кеңістігінде өңделеді ме?

Win32 API –де 1000 –нан аса шақыру бар. Шақыру санының көптігін былай түсіндіруге болады: UNIX пайдаланушысының графикалық интерфейсі пайдаланушылық режимде іске қосылады, ал Windows –та ядро ішіне ендірілген.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Сондықтан, Win32 API –де терезелерді, мәтіндерді, қаріптерді және т.б. басқаруға арналған көптеген шақырулары бар.

POSIX стандартының шақырулары тәрізді Win32 API –дің шақыруларын қарастырайық.

CreatProcess (fork) - жаңа үрдісті құру

ExitProcess (exit) - үрдісті аяқтау

CreatFile (open) - файлды ашу

CloseHandle (close) - файлды жабу

ReadFile (read) - мәліметтерді файлдан буферге оқу

WriteFile (write) - мәліметтерді буферден файлға жазу

CreatDirectory (mkdir) - жаңа каталог құру

RemoveDirectory (rmdir) - каталогты жою

SetCurrentDirectory (chdir) - жұмыс каталогын өзгерту

Win32 API интерфейсі программаларға Windows –тың барлық версияларында жұмыс жасауға мүмкіндік береді.    

Операциялық жүйелердің құрылымы

Ұйтқылы (монолитті) жүйе

Жүйе құрылымы:



  1. Талап етілген сервистік процедураларды шақыратын негізгі программа.

  2. Жүйелік шақыруларды іске асыратын сервистік процедуралардың жиынтығы.

  3. Сервистік процедураларға қызмет ететін утилиттер жиынтығы.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Төртінші кезең (1980-жылдан қазіргі кезге дейін). Дербес компьютерлер. Классикалық, желілік және таратылған жүйелер
  • Қолданбалы программалау интерфейсі API (Application Programming Interface)
  • CreatProcess
  • RemoveDirectory
  • Операциялық жүйелердің құрылымы Ұйтқылы (монолитті) жүйе

  • жүктеу 1.37 Mb.