Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бағдарламасы № басылым «Микроэкономика»

жүктеу 227.99 Kb.



жүктеу 227.99 Kb.
Дата24.05.2018
өлшемі227.99 Kb.

Бағдарламасы № басылым «Микроэкономика»




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

УМКД 042-16.1.03/02-2013

«Микроэкономика» пәні бойынша студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы

№__ басылым


«Микроэкономика» пәні бойынша

барлық экономикалық мамандықтар үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей 2013





  1. ҚҰРАСТЫРҒАН

Қуантқан Б. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының доцент м.а., э.ғ.к.

  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес а» кафедрасының мәжілісінде

Хаттама №___, «____» ____________ 2013 жыл


Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Д.Жайлаубаева
2.2.Қаржы-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюроның мәжілісінде

Хаттама №___, «____» ____________ 2013 жыл


Төраға ____________ С.Х.Тойкин



  1. БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды

Хаттама №___, «____» ____________ 2013 жыл


ОӘК төрайымы ____________ Г.К.Искакова
4. ЕНГІЗІЛДІ

№4 басылым 10.10.2012 №3 басылым орнына



Мазмұны


  1. Жалпы мағлұматтар

  2. Пән мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттардың бөлінуі

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер



  1. ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР.

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

    • Оқытушының фамилиясы, аты, жөні – Қуантқан Б.Қ. э.ғ.к., доцент м.а.;

    • Кафедра – «Экономика және бизнес»;

    • Байланыс ақпараты – тел: 530373, №8 оқу ғимараты, №209 кабинет;

    • Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша;

    • Пән аты - «Микроэкономика»;

    • Несие саны – 3;

1.1 Курсқа қысқаша сипаттама:

Микроэкономика тұтынушылар, фирмалар мен үкiмет сияқты шағын экономикалық бiрлiктер жасайтын таңдауды зерттейдi.

Микроэкономикада бiз жеке сала, фирма, үй шаруашылығы терминдарын пайдаланып, назарымызды өндiрiс не нақты тауар бағасы, бiр фирмада жұмыс iстейтiн жұмысшылар саны, жеке үй шаруашылығы мен фирманың түсiмi немесе пайдасы, олардың шығындары сияқты шамаларға аударамыз. Микроэкономикада бiз бейнелеп айтсақ орманды емес , ондағы ағаштарды жете зерттеймiз. Микроэкономикалық талдау бiздiң экономикалық жүйенiң кейбiр компоненттерiн өте жақын арақашықтықтан көру үшiн қажет.

1.2 Курс мақсаты:

Студенттерді микроэкономиканың негізгі көрсеткіштерімен таныстыру, экономикалық үлгілер құрып, талдау жасауға, шешімдер қабылдауға үйрету, көптеген шешімдер арасынан ең ұтымдысын таңдауда бағдар беру болып табылады. Сондай-ақ, студенттің микроэкономиканы зерттеуде экономикалық ойлау, талдау қабілетін арттыру.

1.3 Курс міндеттері:

«Микроэкономика» курсы қазіргі экономиканың қызмет етуін зерттейді, «Жеке экономикалық субъектілермен, тұтынушылармен, капитал салушылармен, ресурс иелерімен және жеке фирмалармен

шешімдер қалай және неге қабылданады? Тұтынушылар мен фирма, қалыптасушы нарық пен өнеркәсіп салалары қалай өзара әрекеттеседі?» деген сұрақтарды түсіндіру.


Және студент адамдардың экономикалық іс-әрекетін зерттеп, олардың жалпы негізгі заңдылықтарын біледі.

1. 4. Оқу нәтижелері:



  • микроэкономиканың негізгі түсініктерін білуі қажет.

- негізгі проблемалар мәні және оларды шешуде әртүрлі бағыттарға бағдар жасай алуы қажет.

  • курсты оқу нәтижесінде нарықтың қызмет ету жағдайында басқару шешімдерін қабылдаудың практикалық дағдысын үйренуі қажет.

1. 5. Курстың пререквизиттері.

  • Экономикалық теория;

  • Жоғарғы математика.

1. 6. Курстың постреквизиттары:


  • Макроэкономика;

  • Кәсіпорын экономикасы;

  • Менеджмент;

  • Маркетинг;

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу.


2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

Кесте 1


№ р/с

Тақырыптардың атауы

Сағаттар

Әдебиет

ДС

ЗС

ТС

ОЖСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8



Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

2

2

2

2

2

1, 3-10 б.

2, 5-9 б.

3, 4-12 б.

4, 3-15 б.

5, 6-17 б.

6, 5-11 б.





Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері.

4

4

4

4

4

1, 10-21 б.

2, 10-17 б.

3, 13-22 б.

4, 16-23 б.

5, 18-22 б.

6, 11-20 б.





Сұраныс және ұсыныс икемділігі.

2

2

2

2

2

1, 21-45 б.

2, 10-26 б.

3, 13-20 б.

4, 15-19 б.

5, 18-23 б.

6, 11-17 б.





Тұтынушы талғамы теориясы.

2

2

2

2

2

1, 45-55 б.

2, 27-35 б.

3, 20-25 б.

4, 20-25 б.

5, 24-39 б.

6, 12-20 б.





Өндіріс теориясы

2

2

2

2

2

1, 55-65 б.

2, 36-45 б.

3, 25-33 б.

4, 26-35 б.

5, 40-49 б.

6, 21-32 б.





Өндіріс шығындары

4

4

4

4

4

1, 66-75 б.

2, 46-58 б.

3, 34-56 б.

4, 36-48 б.

5, 50-61 б.

6, 62-73 б.





Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс

4

4

4

4

4

1, 76-85 б.

2, 59-66 б.

3, 55-73 б.

4, 49-60 б.

5, 58-71 б.

6, 74-79 б.





Монополия және монопсония.

2

2

2

2

2

1, 80-96 б.

2, 67-70 б.

3, 74-81 б.

4, 61-64 б.

5, 68-76 б.

6, 75-85 б.





Монополиялық бәсеке

2

2

2

2

2

1, 85-102 б.

2, 72-85 б.

3, 83-96 б.

4, 65-90 б.

5, 74-88 б.

6, 91-105 б.





Олигополия

2

2

2

2

2

1, 105-128 б.

2, 82-99 б.

3, 95-98 б.

4, 91-106 б.

5, 85-96 б.

6, 98-109 б.





Өндіріс факторларының нарығы

2

2

2

2

2

1, 108-135 б.

2, 103-110 б.

3, 99-118 б.

4, 91-106 б.

5, 97-106б.

6, 110-129 б.





Жалпы тепе-теңдік, қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер. Ассиметриялық ақпарат

2

2

2

2

2

1, 143-169 б.

2, 123-136 б.

3, 135-164 б.

4, 108-141 б.

5, 109-135 б.

6, 128-156 б.




3. ПӘНДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Микроэкономиканы оқу барысында пәннің логикасы мен құрылымын жетекшілік ету керек. Мысалы, өндіріс факторлары нарығын алдымен нарық, бәсеке, сұраныс және ұсыныс тақырыптарын игермей оқу күрделірек болады. Өздігімен дайындалу үшін экономикалық жоғарғы оқу орындарына, факультеттерге немесе экономикалық мамандықтағы студенттерге арналған микроэкономика бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды қолдану ұсынылады. Бір тақырыптың белгілі бір оқулықта басқа әдебиеттерге қарағанда толық, тереңірек қарастырылатынын ескеру қажет. Айталық, сұраныс және ұсыныс сұрақтары, тұтынушы тәртібі теориясы В.М. Гальперин редакциясымен «Микроэкономикада», Н. Мамыров, Тілеужанованың «Микроэкономикасында», ал өндіріс теориясы, кәсіпорын және кәсіпкерлік формалары Р.М. Нуреев редакциясы бойынша «Курс микроэкономики» оқулығында толығырақ қарастырылған. Әйгілі батыс оқулығы (аударылған) Макконнелл және Брюдің «Экономиксі» сұраныс және ұсыныстың , жетілген және жетілмеген бәсеке нарықтары жағдайында өндіріс көлемі мен бағасын анықтауды, микроэкономикалық тепе-теңдікті терең талдауымен ерекшелінеді. М.Х. Айдарханов пен С.Қ. Жұмашбекованың «Микроэкономика» оқу құралында өндіріс шығындары, өндіріс факторлар нарығы, жалпы тепе-теңдікті талдау, асимметриялық ақпарат тақырыптары кеңірек талданған.

Микроэкономика бойынша оқулықтар жыл сайын қайта өңделіп басылады, сондықтан оларды неғұрлым жақсы, табысты деп бөліп қарауға болмайды..Терминологиядағы кейбір сұрақтарды экономикалық сөздіктермен толықтыруға болады.

Барлығымыз сіздермен өркениетті нарықтық қатынастар қалыптасу процесін бастан кешіріп жатқан жағдайда өзекті болып теорияны практикамен, дағдарыстың нақты процестерімен және әлеуметтік-экономикалық реформалармен байланысы табылады. Сондықтан пәнді зерттеу кезінде бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылым материалдарын қолдану маңызды. Сонымен қатар, кафедрада оқу процесінің кітаппен қамтамасыз етілуі бойынша мәліметтер бар. Оларды пайдалана отырып, өздігімен дайындалу үшін басты қайнар көз болып дәріс, семинарлық сабақ жазбалары табылатынын ұмытпағаныңыз жөн.

Дәрістерді жазып отыру қажет (минимум – негізгі жағдайларды). Олар маңызды сұрақтар мен түсініктерді бөліп қарауға, жаттығулар мен есептерді шешуге бағдар алуға көмектеседі. Дәріс жазбалары сырттай бөлімде оқитын студенттерге семинар сабақтарына дайындалуда уақытты үнемдеуге көмектеседі. Студенттің семинарлық сабаққа белсенді қатысуы экономикалық тіл , экономикалық талдау дағдыларын дамытуға , есептерді, жаттығуларды, тест сұрақтарын шешуге, графиктерді құруға, дискуссияға қатысуын жетілдіреді. Сырттай оқу бөлімі студенттері тестілер, жаттығулар, проблемалық есептер және басқа білімін өздігімен тексеру үшін қажетті микроэкономика бойынша тренингтер бар оқу-әдістемелік құралдарға қызығушылық білдіруі керек. Егер мүмкіндік болса, тестілер, есептерді шығару жолымен пәнді білуіне қатысты өзіндік жарыстар ұйымдастыруға болады. Осы сияқты ойындарды өткізу тәсілі бойынша негізгі жағдайлар мен түсініктерді жақсы есіне сақтауға қызмет етеді. Ол үшін келесі оқу құралдарын ұсынамыз: Мамыров Н.Қ. «Микроэкономика», «Практикум по микро и макроэкономике» (ред. жетекшісі Огибин О.Ю), Мухамедиев «Микроэкономика», Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер, Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық).

Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарын бағалауда біріншіден, студенттің өз бетінше талдау және қорытынды шығаруға ұмтылуы, екіншіден, жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді орындаудағы тиянақтылығы қаралады. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек.

Микроэкономиканы базалық ғылым ретінде ынтамен оқуға тырысыңыз, ол көптеген арнайы экономикалық пәндерді жақсы игеруге септігін тигізеді.
4. КУРС ФОРМАТЫ

Аудиториялық уақытқа дәрістер, семинар сабақтары, оқытылған материалды талқылау және әртүрлі тапсырмаларды орындау кіреді.Әрбір сабаққа студент әдебиеттің негізгі және қосымша қайнар көздерінің тізіміне сәйкес дайындалуы керек (негізгі бөлімдер мен бөлімшелер әрбір сабақта нақтыланады). Аралық бақылау жұмысында болмаған студенттер автоматты түрде 0 балл алады және бақылау жұмысын тапсыруға жіберілмейді.

Негізгі ұғымдар дәрістерде ұсынылады және түсіндіріледі. Сабаққа қатысу және дәрісте негізгі ұғымдарды, түсіндірмелерді және мәліметтерді жазып алу студенттің міндеті болып табылады. Егер студент қандай да бір жағдайлармен дәріске қатыспаған жағдайда, дәрістің материалын топтағы басқа студенттен алуы керек. Оқытушы материалды бір де бір студентке дәрістің бір де бір уақытында босату себебіне қарамастан ұсынбайды.

ОЖСӨЖ мақсаты – қазіргі микроэкономикалық субъектілердің ерекшеліктерін зерттеу.

ОБЖСӨЖ міндеттері келесілерді қарастырады:


  • экономикалық ғылымдар жүйесiнде микроэкономиканың алатын орны туралы;

  • курстың методологиясы және зерттеу әдiстерi;

  • қазiргi микроэкономика және оның ерекшелiктерi туралы.

Студенттердің өздік жұмысы – бұл тұлғаның жеке танымды қызметі, ол өзіне тек қана алған білімін бекітіп қоймауы, сонымен қатар жеке шығармашылық ойлау процесі болып табылады. Өзіндік жағынан ол келешек маманның шығармашылығы үшін жаңа білімінің ашылуына, қалыптасуына жағдай жасайды.

Өздік жұмыс сонымен қатар студенттің максималды белсенділігін қарастырады және ол алған білімін ұйымдағы ғылыми зерттеу, қоғамдық және өндірістік қызметтерде көрінеді.


5. КУРС САЯСАТЫ

Әрбір сабақта студент материалды талқылауда белсенді қатысуы керек. Белсенділік сөз сөйлеу арқылы бағаланады. Белсенділік үшін максималды балл әрбір сабақта жарияланады.

Бесінші аптада студент аралық бақылау жұмысына дайындалады. Аралық бақылау жұмысының тапсырмалары беріліп, студент жетінші аптаға дейін тапсыруы керек.

Дәрістердегі түсініксіз сұрақтар бойынша сіз оқытушыдан әрқашан түсінік ала аласыз.

Студенттерге жазба жұмыстарын орындау үшін Шәкәрім атындағы СМУ компьютерлерін (компьютерлік сыныптарда) қолдану ұсынылады.

Тыңдаушылар Шәкәрім атындағы СМУ кітапханасында бекітілген ережеге сай шұғылдана алады және оқулықтар мен оқу құралдарын үйге алады.

Емтиханға жіберілген барлық студенттер үшін компьютерлік тестілік түрде емтихан жүргізіледі.. Әрбір тестілік нұсқа өткен курс тараулары бойынша бөлінген.

Сабақ кезінде ұялы телефонды өшіріп тастау қажет..



6. БІЛІМДІ БАҒАЛАУ САЯСАТЫ

«Микроэкономика» пәні бойынша баллдың бөліну

Кесте 2

Жұмыс түрлері


Баллдар




Тәжірибелік сабақ бойынша жауап беру ((15*6)+6+(12*7))

180

ОЖСӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін (әрбір ОЖСӨЖ тапсырмасы максималды 15 балл, барлығы 6 ОЖСӨЖ тапсырма)

90

СӨЖ тапсрымаларын орындау (әрбір СӨЖ тапсырмасы максималды 35 балл, барлығы 5 СӨЖ тапсырма)

130

Межелік бақылау – 1 аралық бақылау бойынша – 70 балл және 2 аралық бақылау бойынша - 70 балл)

140

Барлығы :

540

Баллдардың апталар бойынша бөлінуі

Кесте 3


Балл түрінде

Апта

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Тәжірибелік сабақ




15

15

15

15

15

15

6

12

12

12

12

12

12

12

180

ОЖСӨЖ




15




15




15







15




15




15







90

СӨЖ







30




35













30




20




15




130

Межелік бақылау






















70



















70

140

Жиыны




30

45

30

50

30

85

6

27

42

27

47

27

12

82

540

Студент курс бойынша оқу кезінде жақсы білімімен ең жоғарғы көрсеткіш – 540 балл ала алады.

Студент емтиханға - 50% босатылады және қорытынды бағасы пән (семестр) бойынша (кесте 3) қарау керек.

Емтихан кезінде «Микроэкономика» пәні бойынша ең жоғарғы көрсеткіші 1-ші және 2-ші межелік көрсеткішіне қарап, емтихандағы бағасы арқылы мына формулаға сүйене отырып қойылады.:



И%=((Р12) / 2) х 0,4 +Е х 0,6,
где: Р1 – 1-ші межелік рейтингі;

Р2 - 2-ші межелік рейтингі;

Е – емтихандағы алған пайыздағы бағасы.

Егер студент сабақты ауырып қалған және басқа да себепті жағдайлар бойынша босатқан болса (тиісті ұйымдармен құжаттық расталған) және аралық бақылауды бекітілген уақытта тапсырмаған болса, онда оның аралық бақылауды жеке тапсыруға құқығы бар. Бұл жағдайда ұсынылған құжаттар негізінде факультет деканы емтихандық сессияның басталу мерзіміне дейін аралық бақылауды жеке тапсыру уақытын тағайындайды және студентке жеке рейтингтік ведомость береді. Студент пән бойынша қорытынды рейтингтік бақылауға жіберіледі, егер оның семестрдегі сомалық рейтингтік балы 50% -ға тең немесе жоғары болса. Пән бойынша қорытынды баға шкала бойынша анықталады.




Студенттің білімін бағалау шкаласы

Кесте 4


Бағаның әріптік эквиваленттері

Баға

Бағаның сандық эквиваленттері

Пайыз

(%)

1

2

3

4

А

Өте жақсы

4.00

95-100

А-

Өте жақсы

3.67

90-94

В+

Жақсы

3.33

85-89

В

Жақсы

3.00

80-84

В-

Жақсы

2.67

75-79

С+

Қанағаттанарық

2.33

70-74

С

Қанағаттанарық

2.00

65-69

С-

Қанағаттанарық

1.67

60-64

D+

Қанағаттанарық

1.33

55-59

D

Қанағаттанарық

1,00

50-54

F

Қанағаттанарсыз

0.00

0-49

I

Аяқталмаған

NA

-

P

Пәнді өтті

-

Өтті

Студенттерге аттестатция нәтижесі қалай шығарылатындығын оқытушылыр барынша толық түсіндіреді


7.ӘДЕБИЕТТЕР

7.1. Негiзгi

7.1.1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2004. – 420б.

7.1.2.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика (есептер мен тест жинағы): Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 168 б.

7.1.3. Ғабит Ж.Х. Микроэкономика. Оқулық. – Алматы: Print-S, 2012. – 423б.

7.1.4. Молдахметова А.Б. Микроэкономика. Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010. – 245б.

7.1.5. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

7.1.6. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007

7.2. Қосымша

7.2.1. Айдарханов М.Х., Зейнуллина А.Ж. Сборник тестов по экономической теории, микроэкономике и макроэкономике. /Учебное пособие. – Семей, 2008. – 214 с.

7.2.2. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007.

7.2.3.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000. – 420б.

7.2.4.Гальперин В.С., Гребенников И.И. Микроэкономика. Москва ,2000

7.2.5.Нуреев Р.Б. Курс микроэкономики.- Москва: Норма-Инфра М, 1998

7.2.6. Долан Эд., Линдсей Е. Рынок.Микроэкономическая модель.С-Пб, 1996

7.2.7. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика.-Спб: Питер,2000

7.2.8. Емцов Р.Г..\, Лукин М.Ю. Микроэкономика.-М.: Дис,1997

7.2.9. Кац М, Микроэкономика – Мн.: Новое знание,2004.- 828 с.

7.2.10. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика.- Алматы: Казахский Университет,2001

7.2.11. Микро-,макроэкономика.Практикум / под.ред. Огибина О.Ю: С-Пб, 1998

7.2.11. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Н.И. Базылева.-Минск: БГЭУ,2000

7.2.12. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Яковлевой Е.Б.- Спб:Поиск,2000

7.2.13. Тарануха Ю.В. Микроэкономика – М.: Дело и сервис, 2006. -634с.

7.2.14.Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, граф.упражнения, задачи)– М.: Дело и сервис, 2006. -206 с.





  • УНИВЕРСИТЕТІ 3 деңгейлі СМЖ құжаты
  • 1. 6. Курстың постреквизиттары
  • Жұмыс түрлері

  • жүктеу 227.99 Kb.