Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан тарихы

жүктеу 77.38 Kb.



жүктеу 77.38 Kb.
Дата06.06.2018
өлшемі77.38 Kb.

Қазақстан тарихы



ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ


Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

1. Қазақстан жеріндегі ежелгі адамдардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған қыш ыдыстары табылды:

A) Батыс Қазақстандағы Алексеев тұрағынан

B) Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағынан

C) Қаратаудағы Қараүңгір мекенінен

D) Қызылорда облысындағы Сексеуіл тұрағынан

E) Маңғыстау түбегіндегі Шақпақатадан


2. Қаңлылардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлелдейтін археологиялық мәдениеттер:

A) Нұра, Құлажорға

B) Тасмола, Берел

C) Отырар-Каратау, Қауыншы

D) Беғазы-Дәндібай, Андронов

E) Ұлыбай-Тасмола, Атасу



3. Мұқан, Иштеми қағандар билік құрған мемлекет:

A) Батыс Түрік қағандығы

B) Түрік қағанаты

C) Қарақытай мемлекеті

D) Шығыс Түрік қағандығы

E) Қимақ қағанаты



4. Қытай императоры У-Дидің Батыс елдеріне елшілік жіберген уақыт:

A) Б.з.б.138 жылы

B) Б.з.б.108 жылы

C) Б.з.б.148 жылы

D) Б.з.б.168 жылы

E) Б.з.б.158 жылы



5. Тәуекел ханның кезінде қатты шиеленісті:

A) Қазақ-жоңғар қатынасы

B) Қазақ-орыс қатынасы

C) Қазақ-өзбек қатынасы

D) Қазақ-қытай қатынасы

E) Қазақ-монғол қатынасы



6. ХVІ ғ. Қазақ хандығында ең ұзақ уақыт билікте отырған хан:

A) Хақназар

B) Бұрындық

C) Бұйдаш

D) Қасым

E) Шығай


7. 1881-1883 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендердің орналасқан басты аймағы:

A) Маңғыстау

B) Муғалжар

C) Жетісу

D) Сарыарқа

E) Көкшетау



8. Е.Пугачев әскерімен Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар саны:

A) 200


B) 600

C) 500


D) 400

E) 300


9. Компартияның ХV cъезі жариялаған бағыт:

A) Жаңа бағыт

B) Ұжымдастыру

C) Жаңа экономикалық саясат

D) Әскери коммунизм саясаты

E) Қос өкіметі орнату



10. 1675- 1768 жылдар аралығында өмір сүрген ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі:

A) Жанақ ақын

B) Шал ақын

C) Ақтамберді жырау

D) Сүйінбай ақын

E) Бұқар жырау



11. Қола дәуіріне тән мәдениеттер:

A) Қазанғап, Тәңіқазған

B) Мұзбел, Қанай

C) Андрон, Беғазы-Дәндібай

D) Қостөбе, Алтын-асар

E) Қауыншы, Отырар-Қаратау



12. «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым» деген Дарийдің сөздері айтылатын жазба:

A) Фадланның «Рисаласында»

B) Анахарсистың еңбегінде

C) Бехистун жазбаларында

D) «ЦяньХаньшу»

E) «Авеста»



13. Оғыз мемлекетінің орталығы:

A) Баласағұн

B) Имақия

C) Сығанақ

D) Янгикент

E) Самарқан



14. Қазақ хандығын басқарған Шығай ханның ұлы:

A) Жәңгір

B) Тәуекел

C) Хақназар

D) Бұрындық

E) Тәуке


15. 1988 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған, есімдері халқына қайтарылған қайраткерлер:

A) О.Жандосов, С.Асфендияров

B) І.Жансүгіров, О.Исаев

C) Ж.Аймауытов, М.Дулатұлы

D) М.Масанчи, Н.Нұрмақов

E) С.Сейфуллин, Б.Майлин



16. 1728 ж. (1726 ж.) қазақтардың жоңғарларды жеңген маңызды шайқас болған өзен бойы:

A) Бұланты

B) Ертіс

C) Есіл


D) Арыс

E) Жайық


17. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанда жүргізілген іс-шара:

A) көшірілген өнеркәсіптерді қабылдау

B) концлагерлерді жабу

C) кәсіпорындарды жеке меншікке беру

D) әскерге жіберуді тоқтату

E) депортацияланған халықтарды қайтару



18. XX ғасырдың басында кітап басып шығару қолға алынған қалалар:

A) Перовск, Мерке

B) Орал, Шымкент

C) Орынбор, Орал

D) Ырғыз, Ақмола

E) Өскемен, Жәміш



19. 1989 жылы әлеуметтік мәселеге байланысты халық наразылығы орын алған өңірлер:

A) Атырау, Алматы облыстары

B) Теміртау қаласы, Ақмола облысы

C) Құлсары қаласы, Ақтау қаласы

D) Павлодар облысы, Теміртау қаласы

E) Маңғыстау, Қарағанды облыстары



20. Орта жүз қазақтарының Жайық бойына көшіп кетуі себебін анықтаңыз:

«Олардың Орта жүз қазақтарына, Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандардың иелігіндегі Ертіс пен Есіл өзендерінің бойына көшіп қонып жүрген уақ пен керей рулары мекендеген жерлерге 15000 қолмен шабуыл жасауы салдарынан ондағы қазақтар өздерінің мал- мүлкін тастап, Жайықтың бойына көшіп кетті.....». ( Крафт И.И. «Далалық аймақтардағы қазақтар туралы заңдар жинағы, 8 бет.)

A) Жоңғарлардың шабуылы

B) Қоқандықтардың шабуылы

C) Хиуалықтардың қысымы

D) Ресей жазалаушы отрядтарының басқыншылығы

E) Башқұрттардың шабуылы


Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Сақтардың Шірік- Рабат қаласы орналасқан жер(-лер)

A) Зайсан көлінің оңтүстігінде

B) Қызылорда облысында

C) Алматының шығысында

D) Іле бойында

E) Ертіс бойында

F) Алтайда

G) Шу бойында

H) Атырау облысында



22. Қыпшақтардың егіншілікпен айналысқанын хабарлаған (-дар)

A) Ибн Хаукаль

B) Сюань Цзянь

C) Петахья

D) әл-Идриси

E) әл-Марвази

F) Сыма Цянь

G) Абу-Дулаф

H) әл-Омари


23. Монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңнің тарихи тұлға(-лар):

A) Баласағұни

B) Әл-Идриси

C) Жиембет

D) Жалайыри

E) Бируни

F) Кашғари

G) Қорқыт

H) Доспамбет


24. ХVIII ғ. қазақ-орыс сауда байланысының орталығына айналған қала(-лар):

A) Орал


B) Петропавл

C) Қапал


D) Пішпек

E) Верный

F) Семей

G) Ақмешіт

H) Ташкент


25. XVIII ғасырдың 40-50 жылдары патша үкіметінің солтүстік-шығыс Қазақстан жерінде орнатқан шеп(-тер)

A) Железинск шебі

B) Колыван шебі

C) Ертіс шебі

D) Енисей шебі

E) Алтай шебі

F) Горькая шебі

G) Сібір шебі

H) Омбы шебі


26. Қарахан дәуірде салынған сәулет ескерткіштері

A) Жошы хан күмбезі

B) Ахмет Яссауи ескерткіші

C) Рабиға сұлтан Бегім ескерткіші

D) Арыстан баб ескерткіші

E) Шыңғысхан ескерткіші

F) Алаша хан күмбезі

G) Бабаджа қатын ескерткіші

H) Айша бибі ескерткіші


27. 1141 ж. Самарқан қаласына жақын Қатуан даласындағы жеңістен кейін қарақытайлар басып алған өңір (-лер)

A) Сары-Арқа

B) Дешті-Қыпшақ

C) Қашғар

D) Еділ аңғары

E) Ертіс аңғары

F) Мауараннахр

G) Шығыс Түркістан

H) Шығыс Қазақстан


28. 1718 жылы салынған бекініс:

A) Семей

B) Қарқаралы

C) Бұқтырма

D) Верный

E) Калмыково

F) Түркістан

G) Ташкент

H) Петропавл


29. 1125 жылы Жетісуда өз мемлекетін құрған орта азиялық тайпа(-лар):

A) Қарақытайлар

B) Наймандар

C) Арабтар

D) Түркештер

E) Қарлұқтар

F) Монғолдар

G) Ұйғырлар

H) Қидандар


30. Кенесары көтерілісінің басты мақсаты:

A) Қазақ жерінің дербестігін сақтау

B) Қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат ету

C) Жоңғар езгісіне жол бермеу

D) Жайық бойына бекіністер салуға жол бермеу

E) Батыс Сібір өлкесін қазақ жеріне қосу

F) Ресейдің бекіністер салуын тоқтату

G) Еділ мен Жайық бойын азат ету



H) Батыс Сібір генерал-губернаторлығын жою


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

  • Орта жүз қазақтарының Жайық бойына көшіп кетуі себебін анықтаңыз
  • ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

  • жүктеу 77.38 Kb.