Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Заңы

жүктеу 0.56 Mb.



жүктеу 0.56 Mb.
бет4/4
Дата25.05.2017
өлшемі0.56 Mb.

Қазақстан Республикасының Заңы


1   2   3   4

16. «Қазақстан Республикасында зейнет­ақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; 2014 жылғы 2 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 4-баптың 2-тармағы 3) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға беріледі.»;

2) 10-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар адамдарға төленедi.»;

3) 13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет;»;

4) 15-баптың 5-тармағы мынадай редакция­да жазылсын:

«5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiнiң, әскери қызметшiлердiң, Қазақ­стан Республикасының iшкi iстер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, прокура­тура, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдары қызметкерлерiнiң және зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен өндi­рiстердiң, жұмыстардың, кәсiптердiң, лауазымдардың және көрсеткiштердiң №1 тiзiмi бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерi бойынша жеңiлдiктi шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдерi мөлшерiн қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленетін айлық есептiк көрсеткiштiң 41 еселенген мөлшерінің 75 пайызынан аспайды.

Республикалық бюджет - бюджет жүйесінің дербес бөлігі; мемлекеттік бюджет жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және несиелік даму саласындағы шаралардың қаржыландырылуын қажет қаражатпен қамтамасыз етеді.

»;

5) 24-баптың 4-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар босатылады.»;

6) 64-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы

1. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлердi қоспағанда), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған мына:

1) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;

2) әскери қызметте, арнаулы атақтар, сы­ныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына байланысты, өзінің еркі бойынша және денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған;

3) офицерлердің, прапорщиктердің (мич­мандардың), арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің орта, аға және жоғары басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ әскери қызметтi келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген, әскери қызметте және арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлiп, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына, штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен шығарылған, жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, олардың кемiнде он екі жылы мен алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет құрайтын адамдардың еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2. Қызметтен шығарылған және 1998 жылғы 1 қаңтарға он және одан да көп жыл еңбек сiңiрген әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға, осы баптың 1-тармағына сәйкес еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнетақы алуға құқығы болмаған кезде Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi осы Заңға сәйкес жалпы негiздерде тағайындалады.

3. Әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлердi әскери (арнаулы) атақ, сыныптық шен бере отырып, мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде зейнетақы төлеу лауазымға тағайындалған күннен бастап тоқтатылады.

4. Құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған қызметкерлерiнiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша 2012 жылғы 1 қаңтарда әскери (арнау­лы) атақ, сыныптық шен бойынша тiркелген, осы санаттағы адамдар үшiн әскери және құқық қорғау қызметтерiнде болудың шектi жасына сәйкес келетін жасқа толған кезде еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.»;

7) 65-баптың 1, 4, 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлем­дері:

1) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он және одан да көп жыл болған кезде – толық көлемде;

2) осы Заңның 64-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша зейнетақы төлем­дерін алуға құқығы бар адамдарға әск­ери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан аз болған кезде толық емес көлемде тағайындалады.»;

«4. Әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметте жиырма бес жылдан асатын еңбек сiңiрген жылдарының әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның – 2 пайызына, еңбек өтілінің әрбір жылы үшiн 1 пайызына ұлғайтылады. Жиырма бес жылдан асатын жалпы еңбек өтiлiнiң әрбір жылы үшiн осы Заңның 64-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалған толық көлемдегi зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалатын ақшалай қамтылымның 1 пайызына ұлғайтылады.

5. Осы баптың 1 – 4-тармақтарына сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерiнiң жалпы мөлшерi осы Заңның 67-бабына сәйкес айқындалған ақшалай қамтылымның 65 пайызынан аспауға тиіс. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнау­лы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға төленетін айлық зейнетақы төлемдерiнiң ең жоғары мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 109 еселенген мөлшерiнен аспауға тиіс.»;

8) 66-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Әскери қызметшiлердің, арнаулы мем­лекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүргізіледі.»;

9) 67, 68, 69, және 70-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамты­лымның мөлшері

1. Әскери қызметшілерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күнге айқындалады.

2. Әскери қызметшілерді, арнаулы мем­лекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнет­ақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшеріне лауазымдық айлықақы, әскери (арнаулы) атағы, сыныптық шені бойынша айлықақы (қосымша ақы) кіреді.

3. Әскери қызметшілерді, арнаулы мем­лекеттік және құқық қорғау органдары (кеден органдарын қоспағанда) қызметкерлерін, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамтылымның мөлшері соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.



68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру мерзімдері

1. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тағайындалған, бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ оларға ақшалай қамтылым төленген күннен кейін жүзеге асырылады.

2. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру алушылардың жалақысының немесе басқа да табысының болуына қарамастан, толығымен жүргізіледі.

3. Әскери қызметшілерге, арнаулы мемле­кеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға жеке зейнетақы жинақтарының қаражаты есебінен төленетін зейнетақы төлемдері зейнетақы шартына сәйкес жүргізіледі.

4. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген және Қазақстан Республикасының ішкі істер, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті, прокуратура, Кеден комитеті, Төтенше жағдайлар комитеті органдарының қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп қолданылатын арнаулы мемлекеттік органдардың және прокуратура органдарының, ішкі істер органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет және Әділет министрлігінің бұрынғы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті органдарының, қаржы полициясы және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.

5. Әскери қызметшілер арасынан, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органда­рының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнау­лы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар арасынан зейнеткерлерге бұрын тағайындалған зейнетақы төлемдері қайта төлене бастаған кезде немесе Орталықтан төленетін зейнетақыны еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы етіп қайта тағайындаған жағдайда зейнетақылар еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақыны төлеу тоқтатылған кезге айқындалған мөлшерде, зейнетақы төлеу тоқтатыла тұрған кезең үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген индекстеу есепке алынып төленеді.



69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі

1. Әскери қызметшiлер арасынан, арнау­лы атақтар, сыныптық шендер берілген жә­не прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті органдарының қызметкерлерi үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері арасынан 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткерлікке шыққан адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақының белгіленген мөлшері сақтала отырып, бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

2. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі бар әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3. 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам әскери қызмет немесе прокуратура, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарындағы қызмет өтілі бар әскери қызметшiлердi, арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген және прокуратура органдарының, iшкi iстер және бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетi органдарының қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп қолданылатын арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.

4. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызмет, құқық қорғау органдарындағы және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызмет өтілі он жылдан аз әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерi, сондай-ақ әскери немесе арнау­лы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар үшiн осы Заңның 67-бабының 2-тармағында белгiленген ақшалай қамтылым мөлшерінің 20 пайызы мөлшерiнде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, салымшының таңдауы бойынша жеке зейнетақы шотына бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару тәртiбi енгiзiледi.

Әскери қызметшiлер мен арнаулы мем­лекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызмет­керлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Жинақ (Набор; set) - белгілі бір ақпараттық мазмұны бар логикалық байланыстағы объектілер жиыны.

5. 1998 жылғы 1 қаңтардан кейiн алғаш рет қызметке қабылданған әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы баптың 4-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру тәртiбi қолданылады. Оларға зейнетақы төлемдерi жеке зейнетақы жинақтары негiзге алына отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылады.

70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органда­ры, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздан­дыруды жүзеге асыратын органдар

1. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мем­лекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындауды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырады.

2. Әскери қызметшiлердi, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қыз­меткерлерiн, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру осы Заңда айқындалатын тәртiппен жүзеге асырылады.».

2-бап.

1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Мамандандырылған оқу орталықтары мен олардың филиалдары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты айдың ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 8-тармағының 4) тармақшасына сәйкес келтіруге міндетті.

3. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды сақтауға және алып жүруге ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты бар жеке тұлғалардың қаруды ерікті түрде өтеулі негізде тапсыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.


Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 сәуір

№200-V ҚРЗ
1   2   3   4

  • «64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
  • «67-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай қамты­лымның мөлшері
  • 68-бап. Зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру мерзімдері
  • 69-бап. Зейнетақыларды төлеу қаражаты және тәртібі
  • 70-бап. Әскери қызметшiлер мен арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органда­ры, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздан­дыруды жүзеге асыратын органдар
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.

  • жүктеу 0.56 Mb.