Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Заңы

жүктеу 0.56 Mb.



жүктеу 0.56 Mb.
бет3/4
Дата25.05.2017
өлшемі0.56 Mb.

Қазақстан Республикасының Заңы


1   2   3   4

«41-1-бап. Байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын тоқтата тұру тәртібі

1. Байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-әрекеттерге қатысуға шақыруды қамтитын ақпаратты тарату үшін пайдаланған жағдайларда, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары уәкілетті органға байланыс желісінің және (немесе) құралдарының жұмысын уақытша тоқтата тұру, байланыс қызметтерін көрсету, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізу бойынша шаралар қолдану туралы талаппен заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізеді.

2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсе­тілген заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке орындау үшін жібереді.

3. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:

1) уәкілетті органнан осы баптың 1-тармағында көз­делген заң бұзушылықтарды жою туралы нұс­қаманы орындау бойынша шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін, оны байланыс желісінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметін көрсетуді, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қолжетімділікті уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын мерзімде орындауы тиіс;

2) уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып, қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтайды және оған мұндай ақпаратты жою бойынша шаралар қолдану талабымен хабарлама жібереді.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін уәкілетті орган байланыс операторына және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптың күшін жою туралы тапсырма береді.

6. Байланыс операторлары және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауы тиіс.

7. Уәкілетті орган, байланыс операторлары және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқ­тата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орын­да­ма­ғандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.».



11. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж.

Ақпан - қазіргі Григориан күнтізбесіндегі 2-ші келетін феурал айына сай қазақша атауы.

, № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат):

12-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«12-бап. Экстремистік материалдарды басып шығаруға және таратуға жол бермеу

Қазақстан Республикасының аумағында байланыс желілері мен құралдарын экстремизмді жүзеге асыру үшін пайдалануға, сондай-ақ экстремистік материалдарды басып шығаруға және таратуға тыйым салынады.

Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) - «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) - жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын және экстремизм белгілері бар ақпараттық материалдарды прокурордың мәлімдеуімен сот тыйым салу талабын мәлімдеген прокурордың тұрған жері бойынша немесе мұндай материалдардың табылған жері бойынша экстремистік деп танып, оларды әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салады.».

12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; № 21-22, 115-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 жылғы 15 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық ак­тіле­ріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):

көрсетілген Заңға қосымшаның 1-тармағы мынадай мазмұндағы 75-3) тармақшамен толықтырылсын:

«75-3) жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметіне;».

13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат):

1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:

«11-3) өзге де қару – жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруы, газды қару, электрлі қару, белгі беру қаруы, суық қару, лақтырылатын қару және қарудың басқа да түрлері;»;

2) 9-баптың 6 және 8-тармақтары мынадай редакция­да жазылсын:

«6. Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейiн құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Ұсталуға тиiсті сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет атқарылмаған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»;

«8. Әскерге шақырылу жасына жеткен және үлгерімі төмен болғаны, тәртiп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерiндегі әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома білім беру ұйымдарында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.»;

3) 14-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Егер қызметкерлердің іс-әрекеттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауаптылықта болмайды.»;

4) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.»;

5) 22-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) мемлекеттік фельдъегерлiк қызметке – «фельдъегерлiк қызмет».»;

мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

«9. Бұрын «ішкі қызмет аға прапорщигі», «ішкі қызмет прапорщигі», «әділет аға прапорщигі», «әділет прапорщигі» әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.»;

6) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату және қызметінен шығару түріндегі жаза жүргізілген қызметтік тексеру нәтижелері және тәртіптік комиссияның тиісті ұсынымдары бойынша қолданылады. Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза алқаның немесе құқық қорғау органы бірінші басшысы жанындағы жедел кеңестің шешімі негізінде де қолданылады.

Тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;

7) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануы»;

8) 59, 61 және 62-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты

Атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар және дене күші қоғамға қауiптi әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипаты мен нақты ахуалдарды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында қолданылады.»;



«61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану

1. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды:

1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату;

2) қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қам­тамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру;

Шабуыл - қарсыласты жеңуде шешуші маңызы бар ұрыс әдістерінің негізгі түрі. Шабуылдың басты мақсаты - қорғаныстағы қарсыластың әскерін тез арада (қысқы мерзімде) жойып, маңызды аудандарды (нысандарды) алу.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

3) жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;

4) қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамақта ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау;

5) егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, көлiк құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату;

6) адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;

7) дабыл белгiсiн беру немесе көмекке шақыру үшін;

8) қажетті қорғаныстың және аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында қолдануға құқығы бар.

2. Әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.

Кәмелеттік жасы - кемелденгендік, толысқандық, адамның бойы өсіп, бұғанасы қатқан, ақыл-ойы, рухани-моральдік жағынан жетілетін шағы. Бұл кезде адам қайратты, алға қойған мақсатын орындап шығарлықтай жігерлі, төзімді келеді.



62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары

1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған барлық жағдайларда қызметкер жеке адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауға, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшысына баяндауға міндетті.

2. Адамдардың өліміне немесе өзге де ауыр зар­даптарға әкеп соққан, атыс қаруы және өзге де қару, арнаулы құралдар, дене күші қолданылған әрбір жағдай туралы прокурор дереу хабардар етіледі.»;

9) 65-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке жарамсыздықтың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленген ауруларды қоспағанда, қызметкер осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерден асатын әртүрлі аурулар бойынша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, осы қызметкер құқық қорғау органының қарамағына шығарып беріледі.»;

10) 69-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Қайтыс болған, құқық қорғау органдары қыз­меткерлері арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнеткерлік төлемақы алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнеткерлік төлемақысы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөл­шерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушысы болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.

Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.

»;

11) 81-бап мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тар­мақтармен толықтырылсын:

«7. Қызметтен (кедендік қызметті қоспағанда) шығарылған қызметкерлерге біржолғы жәрдемақылар мынадай тәртіппен және мөлшерде төленеді:

күнтізбелік он жылдан аз еңбек сіңірген және денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға – үш айлық ақшалай қамтылым;

күнтізбелік он жылдан астам еңбек сіңірген және қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқаруына байланысты қызметтен шығарылғандарға:

он жылдан он бес жылға дейін – төрт айлық ақшалай қамтылым;

он бес жылдан жиырма жылға дейін – бес айлық ақшалай қамтылым;

жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін – алты айлық ақшалай қамтылым;

жиырма бес жылдан отыз жылға дейін – жеті айлық ақшалай қамтылым;

отыз жылдан асқандарға – сегіз айлық ақшалай қамтылым.

8. Біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін еңбек сіңірген жылдарға зейнетақы төлемін тағайындауға арналып күнтізбе бойынша есептелген еңбек сіңірген жылдары есепке алынады.

Біржолғы жәрдемақы соңғы штаттық лауазымы бойынша төленетін қызметақысы, қызметтен шығарылған күнгі арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшін қосымша төлемі негізге алына отырып есептеледі.

Құқық қорғау органының қызметкері құқық қорғау органдарына қайтадан (кейіннен) қызметке алынғаннан кейін қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде қызметтің біржолғы (жұмыстан шығу) жәрдемақысы төленбеген кезеңі есепке алынады.

9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығару кезінде бір­жолғы жәрдемақылар төлеумен қатар құқық қорғау орган­дарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрам адамдарына, қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты қызметтен шығарылғандарға арнаулы атақтар, сыныптық шендер үшін қосымша төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Төлемақыларды қызметкердің соңғы қызмет орны бойынша құқық қорғау органының қаржылық бөлімшесі жүзеге асырады.

Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдары басқарушы құрамы адамдарының арнаулы атақтары, сыныптық шендері үшін қосымша төлемдері өсетін болса, тиісінше еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алу құқығынсыз қызметтен шығарылған құқық қорғау органдарының (кедендік қызметті қоспағанда) орта, аға және жоғары басқарушы құрамы адамдарына төленетін осы қосымша төлем мөлшері де ұлғаяды.»;

12) 84-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Осы Заңның 6, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 38, 39, 40, 41, 42, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 55, 56, 57, 58, 59-баптарының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының, 62, 63, 64, 65, 66, 67-баптарының, 69-бабының 1, 2, 4 және 5-тармақтарының, 70, 71-баптарының, 72-бабының 1, 2, 3, 4 және 6-тармақтарының, 73, 74-баптарының, 75-бабының 4, 5, 6, 7, 8 және 9-тармақтарының, 76, 77, 78, 79, 80 (1-тармағының 12-1) тармақшасын қоспағанда)-баптарының, 81 және 82-баптарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне қолданылады.

Осы Заңның 59-бабының, 60-бабының 1-тармағы 1), 5) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 61-бабының 1-тармағы 2) және 7) тармақшаларының, 2-тармағының және 62-бабының қолданысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлік қызметінің қызметкерлеріне олардың мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыру жөніндегі қызметтік міндеттерін орындауымен байланыс­ты қолданылады.».

14. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемле­кеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат):

1) 79-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрам қызметкерлеріне жұмыстан шығу жәрдемақысымен қатар арнаулы атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен босатылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.

Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге арнаулы атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның қызметкерлеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшерлері де ұлғаяды.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2.Әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке қайтадан (кейіннен) қабылданған қыз­меткер қызметтен шығарылған кезде біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау үшін қызметтің жәрдем­ақы төленбеген кезеңі қолданылады.»;

2) 85-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. «Аға прапорщик», «прапорщик», «старшина», «үшінші сыныпты сержант», «екінші сыныпты сержант», «бірінші сыныпты сержант», «штаб-сержант» не «шебер-сержант» әскери атақтары берілген қызметкерлер арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті осы Заңда сержанттар құрамы үшін көзделген тәртіппен және шарттармен өткереді. Бұл ретте олардың арнаулы мемлекеттік органдарда қызметте болуының шектi жасы, қоса алғанда қырық жеті жасқа дейінгі жасты құрайды.».

15. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат):

1) 26-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алу құқығынсыз қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығу жәрдемақысымен қатар әскери атақ бойынша айлықақылар төлеу қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойына сақталады.

Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне қызметтен шығарылғаннан кейін бір жыл өткенше төленетін осы айлықақылар мөлшері де ұлғаяды. Әскерге шақыру бойынша әскери қызметте тұратын офицерлік құрамның қызметтен шығарылған әскери қызметшілерінің әскери атақ бойынша айлықақылары қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы төлеуге жатпайды.»;

2) 51-бапта:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақта көрсетілген ережелер әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттарды қысқартуға байланысты әскери қызметтен шығарылған, әскери қызметінің жалпы ұзақтығы жиырма бес және одан да көп азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметтің жалпы ұзақтығына қарамастан, жауынгерлік іс-қимылдарға және терроризмге қарсы операцияларға қатысушыларға қолданылады.»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушы қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға алушының қайтыс болған кезіне үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы төлем төленеді.

Қайтыс болған, әскери қызметшілер арасынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемін алушылардың отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалуына қарамастан: әйеліне (күйеуіне) – асыраушысының үш айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде және отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне – асыраушысының қайтқан күніне дейін төленіп тұрған бір айлық зейнетақы төлемі мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Осы тармақта көзделген біржолғы жәрдемақы мөлшерін айқындау кезінде жәрдемақыға құқығы бар отбасы мүшелерінің қатарына: жасына және еңбекке қабілеттілігіне қарамастан әйелі (күйеуі); он сегіз жасқа толмаған немесе бұл жастан асқан, егер олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған немесе асыраушысы қайтыс болған күні күндізгі оқу орындарының оқушылары болып табылған және жиырма үш жасқа толмаған балалары; қайтыс болған адамның асырап-бағуында болып келген, заңнамада белгіленген зейнеткерлік жасқа толған не мүгедек болып табылатын ата-аналары енгізіледі.»;

3) 55-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін өздеріне берілген «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» әскери атақтары бар, запаста тұрған немесе отставкадағы әскери қызметшілердің, сондай-ақ азаматтардың аталған әскери атақтары сақталады.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толық­тырылсын:

«3-1. Әскери қызметті «старшина», «аға кеме старшинасы», «прапорщик», «мичман», «аға прапорщик», «аға мичман» атақтарында өткерген әскери қызметшілер әскери қызметін Әскери қызметті өткеру қағидаларында айқындалатын тәртіппен өткереді. Әскери қызметшілердің аталған санаты үшін осы Заңның 25-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жас әскери қызметте болудың шектi жасы болып табылады.».


1   2   3   4

  • 11. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы
  • «12-бап. Экстремистік материалдарды басып шығаруға және таратуға жол бермеу
  • 12. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына
  • 13. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына
  • «59-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолданудың мақсаты
  • «61-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану
  • 62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
  • 14. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемле­кеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына
  • 15. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына

  • жүктеу 0.56 Mb.