Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Президенті Н

жүктеу 321.92 Kb.



жүктеу 321.92 Kb.
бет1/2
Дата17.09.2017
өлшемі321.92 Kb.

Қазақстан Республикасының Президенті Н


  1   2

Кіріспе


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2003 жылғы 4 сәуірде Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.




Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.




Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.




Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Өз мүмкіншілігінде ғаламтор философиялық дисциплина және философияның ғылыми жұмыстарын зерттейді. Маған ұсынылған желілік ресурстардың анықталған формасының мүмкіндіктері бір бірімен байланысты. Олардың орталығы ғылыми ресми немесе бейресми сайттары ғылыми және оқыту ұйымдарды болып табылады.

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (Кеңес Одағы, КСРО) - Еуропада және Азияда 1922 жылдан 1991 жылға дейiн өмір сүрген мемлекет. КСРО Еуразияның 1/6 бөлiгiнде орналасты және 1917 жылдан дейін Ресейлiк империя Финляндия, Поляк патшалығының бөлiгiнсiз орналасатын және (Карстың жерi, қазіргі Түркия) кейбiр басқа аумақтағы әлемiнiң елдері арасында орналасқан ауданы бойынша өте iрi болды.
Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін АҚШ-тың алдыңғы қатарлы жобаларды зерттеу агенттігі (ARPA) компьютерлік желі құруды ұсынды.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Бұл желіні құру ісі Лос-Анджелестегі Калифорния университеті, Стэнфорд зерттеу орталығы, Юта штатының университеті және Санта-Барбара қаласындағы Калифорния штатының университеттеріне тапсырылды.
Лос А́нжелес (Лос Анжелос, Лос Анжелес, Лос Анхелес) (ағылш. Los Angeles, ис. Los Ángeles, және де L.A. және City of Angels - Періштелер қаласы) - АҚШ-тағы Калифорния штатының оңтүстігінде Тынық мұхиты жағасында орналасқан.
Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.

ARPANET желісінің алғашқы сервері 1969 жылдың 1 қыркүйегінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Сервер ретінде орнатылған «Honeywell 516» компьютерінің оперативті жад көлемі небәрі 12 КБ болатын.

1971 жылы желі арқылы электронды почта әртүрлі хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін алғашқы компьютерлік бағдарлама жасалып, кеңінен тарала бастады.

1973 жылы бұл желіге трансатлантикалық телефон сымы көмегімен Ұлыбритания және Норвегияның ұйымдары қосылып, желі халықаралық сипатқа ие болды.

1970 жылдары интернет желісі тек электронды почта арқылы ақпарат жіберу үшін ғана пайдаланылды. Бірақ, бір кемшілігі интернет желісінің басқа техникалық стандарттарға негізделген желілермен байланыс орнату мүмкіншілігі болмады.

1970-жылдардың соңында мәліметтерді тасымалдау стандарттары үлкен қарқынмен тарала бастады.

Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

1982-83 жылдары бұлардың барлығы бір стандартқа келтірілді. 1983 жылдың 1 қыркүйегінде ARPANET желісі NCP протоколынан TCP/IP протоколына көшірілді. Бұл протокол қазіргі кезге дейін желілерді біріктіруде кеңінен қолданылады. 1983 жылы ARPANET желісіне қатысты айтылатын «Интернет» термині пайда болды.

1984 жылы домендік аттар жүйесі (DNS) жасап шығарылды.

1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады. Солардың бірі АҚШ Ұлттық ғылыми қоры (NSF) өз ішіне көптеген шағын желілерді (сол уақыттарда-ақ танымал болған Usenet және Bitnet желілерін қоса) біріктірген университетаралық ауқымды NSFNet (|National Science Foundation Network) желісін құрды. Бұл желінің ақпарат тасымалдау қабілеті ARPANET желісіне қарағанда, біршама артық еді. Бір жыл ішінде бұл желіге 10 мыңдай компьютер қосылды.

1988 жылы Internet Relay Chat (IRC) протоколы жасалып, Интернетте нақты уақытта сөйлесу (чат) мүмкіндігі пайда болды.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

1989 жылы Еуропада, Ядролық сынақтар бойынша еуропалық кеңес (CERN) қабырғаларында Бүкіләлемдік тор концепциясы пайда болды. Оны әйгілі ағылшын ғалымы Тим Бернерс-Ли ұсынды, ол екі жыл ішінде HTTP протоколын, HTML тілін және URI идентификаторларын ойлап тапты.

Қазіргі кезде мемлекетіміз бәсекеге 50 елдің қатарына кіруді көздеп отыр. Ол үшін жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Азамат [арабша азамат: 1. ұлылық, мәртебелілік; 2. тәкаппарлық; 3. кереметтілік; 4. ұлы мәртебелілік (сұлтандар титулы)] - 1. ел азаматы; 2. кәмелеттілік; 3. дара тұлға. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады.
"Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.
Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.
Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады.
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары, ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті.
Сондықтанда менің жұмысымның мақсаты компьютердің бала ағзасына әсерін және де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтарында зерттеу. Мен бұл тақырыпты алған себебім компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.


Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламтор.

Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін... Африкадағы әлдебір тайпа көсемінің өлімін, Америкадағы гейлердің шеруін, Ауғандағы әйелдің аянышты халін, Үндістандағы жалаң аяқ кем-кетіктің ауыр тұрмысын, аш-жалаңаш балалар тағдырын дер шағында көресіз де, келесі несі бар екен деп елеңдеп отырғаның.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.
Африка - аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі.
Жақсылық іздеу кемшін, қандай өрт, апат, қанқұйлы іс болды екен деп елегіземіз көбіміз...

Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда.

Мәдениеттану - мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу... Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды.
Академия - ғылыми қоғамдардың, мекемелердің, оқу орындарының атауы. "Академия" сөзі гректің Akademos деген мифтік батырының атынан шыққан. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда Афины маңындағы "қасиетті бақ" сол батырдың атымен аталып, онда Платон өз шәкірттеріне лекция оқыған.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім.
Сауықтыру - ауыз қуысы шырышты қабығының, тістердің, пародонт ауруларының және т. б. аурулардың алдын алуға, дер кезінде емдеп жазуға - сауықтыруға бағытталған шипалық шаралар жиынтығы.
Ал оған шамамыз жетпесе мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы... [5]


Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз...
Жеткіншек - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы ауыл, Шолаққорған ауылдық округі құрамында.
Есімдер, есім сөздер - адамның, заттың, құбылыстың, т.б. атауын, қимылын, түр-түсі мен санын, басқа да қасиетін білдіретін сөздер. Бұл сөздердің әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерге ие болғанымен, бәріне ортақ белгілері мен тұлғалық категориялары (көптік, тәуелдік, септік жалғаулары) бар.

Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.
Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады, мысалы тамақтың өзін қалыптан көп ішу, кітапты өте көп уақыт көз алмай оқу, көп ұйықтау т.сс. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.

Өркениет өркен жайған бүгінгі өскелең дәуірдегі өрелі жаңалықтардың бірі, тіпті бірі болғанда бірегейі ғаламтор техникасы. Қазіргі таңда осы техника біздің күллі тұрмыс-тіршілігімізге дендеп енді. Бұл күндері ғылым-техника, мәдени-ағарту, емдеу-денсаулық сақтау, сауда-финанс қатарлы сан алуан қызмет өтеу түрлерінің әрі тез, әрі өнімді, әрі икемді жақсы жүрілуін компьютерсіз, компьютерлер өзара тұтасқан ғаламторсыз көз алдыңызға елестетуіңіз қиын. Әлемді дүр сілкіндірген әлемилену үрдісінің өзі ақпарат технологиясы яғни ғаламтор арқылы жүріліп жатқан ықпалы күшті үлкен құбылыс.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Адам баласы ұзақ уақыт қолданып келген дәстүрлі қарапайым ақпарат тәсілі қазіргі электронды ми жүйесімен басқарылатын қарқыны тез ақпараттанған қоғамға, ғаламтор дүниесіне құшағын айқара ашқалы ол адам баласының ой еңбегімен дене еңбегін барынша жеңілдетіп, электронды тетіктер арқылы айлық алыс жерден қас қағым сәтте ақпарат алатын ғажайып мүмкіндіктерге ие етіп, адамдарды сан қилы әурешіліктерден жеңілдете бастағандығы айдан анық жағдай.

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни «сауаттылық» өлшемдерінің біріне айнала бастады.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.

Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.

Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады. Мысалы: www.sozdik.kz.Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді. Аська, Мейлруагент, мессенджер т.б. Далада, күннің астында азып тозып асық, футбол, волейбол ойнағанша, интернет арқылы әр түрлі қызықты онлайн-ойындар ойнауға болады. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан-жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе-көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.

Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зиян шекпек.

Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта істете білсеңіз оның пайдасы ұшан-теңіз. Сіз ғаламтор арқылы тексті, хат-хабарды, құжаттарды, фото суреттер мен дыбыс-кескін материалдарды қабылдап алуыңызға не қарсы жағыңызға жолдап беруіңізге; күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруыңызға; кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуыңызға; алыс аралықтан оқу оқуыңызға, яғни үйде отырып білім игеруіңізге; қызмет түрлерін ұсынуыңызға, тауар сатып алуыңызға не сатуыңызға; электронды жұмсақ бөлшектерді жасап мол кіріс табуыңызға; дос жарандарыңызбен дер кезінде хабарласып қоғамдық өрісіңізді кеңейте түсуіңізге т.б әлі толық байқалып жалпыласа қоймаған ақыл-парасат құндылықтарынан емін-еркін игіліктенуіңізге әбден болады.

Білгенге ғаламтор ғаламат-ақ!

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек.

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.

Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп «әлемилендіріп» жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн. [3]

Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті «ауылы аралас, қойы қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.

Ғылыми сараптауларда ғаламтор адам баласының өмір сүру дағдысына, тұтас рухани әлеміне ұнамды я ұнамсыз жақтан күшті ықпал ететіні анықталуда. Сондықтан оны пайдаланғысы келген адам ондағы бар болған мүмкіндіктерді тек өз қажеті үшін адасып ағат кетпей, денсаулығына, қызметіне кері әсерін тигізбей дұрыс игіліктене білгені жөн. Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.

Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды.

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.
Сол себепті сиқырлы да сырлы көк экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүйкеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған жас буынның санасына да мықтап сіңіру сіз бен бізге бұлжымайтын міндет, ағабуындық борыш болуға тиіс.

Егер сіз ғаламторды дұрыс мақсатта пайдалана білмесеңіз онда ол айықпас алапат дертке айналары даусыз. Қазіргі уақытта өте аз сандағы тектеп-тежеуден тысқары қалған жастар, әсіресе жасөспірімдер компьютер мен ғаламтордағы жасанды, ғажайып, қияли әлемге кіріп алып, мынау реал дүниеден мүлде қол үзіп, мәңгүрттенуге қарай бет бұруда. Осындай жасанды, қыяли әлемдегі өмір өсер ұрпақтың дене тұлғасы мен ақымақ, мұралдық жақтарынан ақаусыз өсіп жетілуіне кері әсерін тигізетін орасан зор құбыжық құбылысқа айналды.

Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қияли әлемге неғұрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз қажет.

Қазір әуелі ішінара іс басында отырған ұлтымыз уәкілдері мен атқа мінер азаматтарымыздың өзі компьютер мен ғаламтордан ойдағыдай игіліктеніп жүргені жоқ. Олардың кей бірінің сауаты мықтағанда компьютерді ашып-жабумен ғана шектелсе, ал кей біреуі бұл техникадан сауатты болғанымен қызмет үстіндегі тұтас бос уақытын қарта ойнаудан я болмаса ғаламторда белгісіз біреумен қысыр кеңес құрып, қажетсіз күлкімен өзін алдап күн өткізуден ары аса алмауда. Егер күнделікті өмірде әрқандай адам компьютер мен ғаламторды өз игілікті ісі үшін ғылыми түрде оңды пайдалана білсе онда ол ғаламдық дамуға бастайтын ғажайып құрал ролін атқардады да, ал керісінше болғанда адамдарды өзіне еліктіріп баурайтын ойыншық құралдың ролін ғана атқаратын болады. [4]

Қысқасы компьютер мен ғаламторды қандай ой-талғамда қалай пайдалану, әр азаматтың өз білім-деңгейіне, еркіне, адамдық арына, кісілік ұстанымына байланысты. Егер пайдаланушы өзін дұрыс арнаға салып тежеп-тектей білмей компьютер мен ғаламтордың жетегіне орынсыз ерік берсе, қажетін алып, қабілетін өсіре алмай, мағынасыз қысыр кеңес, бұралқы ойдың бұйдалауымен өз өмірін өзі ойыншық етіп азып-тозатын, саналы ғұмырын, алтын уақытын құр сандалыспен қор етіп өткізетін, денсаулығынан айырылып айықпас дертке душар болатын болады.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.
Ал дұрыс мақсатта пайдалана білсе компьютер мен ғаламтор адам өмірін әрлендіріп, кісілік құнын жоғарылатып, ғылым төріне жетелейтін ғаламат құрал. [5]

Өнер, білім бар жұрттан,

Тастан сарай салғызған.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызған, - деп Ыбырай атамыздың айтқанындай қазіргі таңда ғаламтор арқылы әлемдік хат алмасуға да болды.


Қазіргі заманда ғаламторсыз өмірді елестету мүмкін болмай барады. Хат алмасу да ғаламтор арқылы дүниенің тұтқасына айналды. Ғаламтор саяси құрал үшін таптырмас дүние болып шықты. Қазақстандағы ғаламторлың дамуы елді тұтастыруға, ұйыстыруға ықпал етіп отыр.


Қоғамдық, экономикалық дамуды алға бастырып, өндіргіш күштерді өркендеуге жебейтін, адамдарды біліктілікке бастайтын білім экономикасы дәуірінің ең маңызды қозғаушы күші.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Сондықтан біз компьютер мен ғаламторды заман талабына сай «Зарарынан қашық болуға, Пайдасына ортақ болуға» пайдаланып, ондағы бар болған күллі ғажайып мүмкіндіктерді өркениетті өмірден өз еншімізді молырақ алып қалу үшін қызмет еттіруге шебер болуымыз қажет.

Жаһандану дәуірі  ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.

Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Жаңа заман еуропалық мәдениеті Еуропа үшін жаңа заман (XVII-XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы маңызды тарихи кезең болып саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге толы.

1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.

2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Ғаламторды пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.

Бүкіл әлем бойынша ғаламтор қызметін пайдаланушыларды саны жыл санап артып келеді.

3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.

4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.

5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Ғаламтор арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».



@mail.ru сайтының бізге берер мүмкіндігі өте көп.

@mail.ru сайтының мынадай мүмкіндігін атап өткім келеді. Бұл облако бұрышының тиімділігі сіздің жеке компьтеріңіздегі не флешкаңыздағы барлық материалдарды осы облако бұрышына сақтап қоюыңызға болады, яғни сіздің флешңыздың сыйымдылығындағы немесе телефоныңыздың флешка сыйымдылығы толып қалған болса, ондағы барлық материалдарды осы облако бұрышына жүктеп қойыңыз.

Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.
Содан соң ол сіздің өзіңіздің электрондық почтаңыздың ңшңнде сақталып тұрады, қажет болған жағдайда ол құжатты немесе файлды ашып, өзгертіп, сақтауға мүмкіндігіңіз бар. Алдымен өзіміздің электрондық почтамызға енеміз. Төмендегі жұмыс аймағы ашылады, мына суретке қараймыз:



Облако бұрышына меңзерді басамыз. Жүктеу және құру батырмасы шығады. Біз жаңа бума құру батырмасын таңдаймыз. Жаңа бума пайда болады, оған өзіміз қалаған ат бере аламыз.

Мен өз таңдауым бойынша жаңа бумаға Kyrmyzy деп ат бердім. Енді осы бумаға өз флешкамдағы Ғылыми жоба деген файлды жүктеуім қажет. Ол үшін Жүктеу батырмасын таңдаймыз.


Қажетті буманың ішінен «Ғылыми жоба - Ғаламтор» деген файлды таңдап, ашу батырмасын бастым, енді жүктеу жұмысы жүргізілді.

Жасаған жұмысымыз сәтті жүктелді.

Ғаламтор және денсаулық.
  1   2

  • Кеңес Одағы
  • Лос-Анджелестегі
  • Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламтор.
  • Африкадағы
  • Академиялық кітапханалардың
  • Білгенге ғаламтор ғаламат-ақ!
  • @mail.ru сайтының бізге берер мүмкіндігі өте көп.
  • Облако бұрышына
  • Ғылыми жоба
  • Ғаламтор және денсаулық.

  • жүктеу 321.92 Kb.