Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

жүктеу 2.63 Mb.



жүктеу 2.63 Mb.
бет1/10
Дата27.04.2018
өлшемі2.63 Mb.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

салыстырмалы кесте


т/т

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)



12-баб

1-тармақ


14), 18-1, 19-1), 39 тармақшалар

12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:





14) дивидендтер - акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, немесе жарғылық капиталды құрылтайшылар, қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не құрылтайшылардың, қатысушылардың үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткiзiлген баға арасындағы оң айырма;

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң нарықтық бағасы мен мұндай тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алынған баға арасындағы терiс айырма;

үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;

осы Кодекстің 163 - 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.

Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаты үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;




...
18-1) жоқ;



19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:



алтын монеталар үшін:

мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;

алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).

Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:

1800 жылға дейін соғылған;

«пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;

шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;

оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.

Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады;

қалған алтын үшін:

мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған;

мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);
...

39) сыйақы - мыналарға:





мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті қаржы лизингіне беруге байланысты;

....

12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:





14) дивидендтер – табыс:

акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс;

қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс;

заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың түріндегі бөлігі;

заңды тұлғаны тарату кезінде, немесе жарғылық капиталды қатысушылар салымдарының мөлшерiн барабар азайту жолымен не қатысушылардың (қатысушының) үлестерiн толық немесе iшiнара өтеу жолымен азайту кезiнде сондай-ақ құрылтайшыға, қатысушыға қатысу үлесін қайтарып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар;

исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тарапқа өткізілу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілу құны арасындағы оң айырма;

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;

үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;

осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.

Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден табыс мынадай тәртіпте айқындалады:

Т = сҚ – Су,

онда:

Т - мүлікті бөлуден табыс;

сҚ - мүлікті бөлу кезінде алатын (алған), оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына алатын (алған) құны;

қҚ - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген мүліктің, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құны.

Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі. Осы тармақшаның мақсаты үшін өзара байланысты тараптар осы баптың 1-1-тармағына сәйкес айқындалады;


18-1) құпиялылық туралы келісім - геологиялық ақпаратты пайдалануға берілген құжат. Мұндай құжатқа, оның ішінде: құпиялылық туралы келісім, ақпаратты алу туралы келісімшарт және ақпаратты алу туралы келісім жатады;




19-1) инвестициялық алтын - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген, сәйкестікті растау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы берген, мұндай алтынның ұлттық немесе халықаралық сапа стандартына сәйкестігін растау жөніндегі сертификаты немесе өзге де құжаты бар, мынадай талаптарға сәйкес келетін алтын:

ұлттық валюта монеталарын қоспағанда, алтын монеталар үшін:



мұндай алтын монеталардың нумизматикалық құндылығы жоқ;

алтын монеталардың тазалығы жалпы массасының 1000 үлесіне 900 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 900-сынамаға, 900-промиллеге, 90,0 пайызға немесе 21,6 каратқа сәйкес).

Бұл ретте, алтын монета мынадай талаптардың біріне сәйкес болған кезде оның нумизматикалық құндылығы бар деп танылады:

1800 жылға дейін соғылған;

«пруф» (proof) сапасында бетін айнадай етіп алуды қамтамасыз ететін технология бойынша соғылған;

шығарылымының таралуы 1000 данадан аспайды;

оның нарықтық бағасы монетадағы алтын құнының 80 пайызынан асады.

Алтын монетаның нарықтық бағасы алтын монетаны өткізу күніне Лондон қымбат бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (бағаның бағамдалуы) көрсетілген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту жолымен айқындалады;

қалған алтын үшін:

мұндай алтын құйма және (немесе) пластина нысанында жасалған;

мұндай алтынның тазалығы лигатуралық массаның 1000 үлесіне 995 мыңдық үлеске тең немесе одан асатын (бұл 995-сынамаға, 995-промиллеге, 99,5 пайызға немесе 23,88 каратқа сәйкес);



39) сыйақы - мыналарға:





қаржы лизингі шарты бойынша мүлікті қаржы лизингіне берумен байланысты, оның ішінде:

мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын,

қаржы лизингі шартының талаптарына сәйкес коэффициентті (индексті) қолдану кезінде лизингтік төлемдер мөлшерінің өзгеруіне байланысты төлемдерді,

лизинг берушіге лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, осындай шартпен байланысты өзара байланысты тарапқа төлемдер;



Нақтылаушы түзету.


2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Нақтылаушы редакция :

Салық кодексінің 327-бабы 2-тармағына сәйкес тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдi бюджетке төлеу жөніндегі мiндеттеме жер қойнауын пайдаланушы мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган арасындағы құпиялылық туралы келісім жасалған күннен бастап туындайды. Заңнамаға сәйкес геологиялық ақпаратты уәкiлеттi орган келісімшарттың негізінде береді, ол 2007 жылға дейін ақпаратты алу туралы келісімшарт (ақпаратты алу туралы келісім), ал 2007 жылдан бастап құпиялылық туралы келісім деп аталады. Аталған келісімшарттар өзара орнын алмастыра алатын құжаттар болып табылады және ақпаратты алу туралы келісімшарт жасасқан жағдайда, құпиялылық туралы келісім жасасу талап етілмейді. Бұл нақтылау салықтық қайшылықтарды болдырмау мақсатында қажетт.
Ұлттық валюта монеталары заңды төлем құралы болып табылады және Салық кодексінің 248-бабы 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатылады.




13-баб

1-тармақ 8) -тармақшасы



13-бап. Салық төлеушінің құқықтары

1. Салық төлеуші:

8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:



салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;

салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;

...

13-бап. Салық төлеушінің құқықтары

1. Салық төлеуші:



8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:

алып тасталсын


салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;

...


Салық кодексінің 598-бабына сәйкес келтіру мақсатында.

Салық кодексінің 598-бабында салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама алып тасталынды.





20-баб

1-тармақ 12) -тармақшасы


20-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері

1. Салық қызметі органдары:

12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:



салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;

салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;

...


20-бап. Салық қызметі органдарының міндеттері

1. Салық қызметі органдары:

12) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:



алып тасталсын

салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;

резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарының және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін беруге;

...


Салық кодексінің 598-бабына сәйкес келтіру мақсатында.

Салық кодексінің 598-бабында салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтама алып тасталынды.





37-бап

37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындау

9. Егер таратылатын заңды тұлғада есепке жатқызылған қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, онда көрсетілген асып кеткен сома осы Кодекстің 273, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.




37-бап. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасындағы қызметін тоқтатқан кезде салық міндеттемесін орындау

9. Егер таратылатын заңды тұлғада ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шыққан күнге дейін осы Кодекстің 272-бабына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының есепке жазылған салық сомасынан асып кететін сомасы болса, онда көрсетілген асып кеткен сома осы Кодекстің 273, 600 және 603-баптарында белгіленген тәртіппен таратылатын заңды тұлғаға қайтарылуға жатады.




2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
Нақтылаушы түзету



46-бап

5-тармақ


46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі

5. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.


Жоқ.




46-бап. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі

5. Егер осы тармақпен басқаша белгіленбесе, салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік бір жылға ұзартылады.



Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың 1-тармағында белгіленген талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталатын кезең үшін залалды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда көрсетілген талап қою мерзімі бюджетке төленетін корпоративтік табыс салығының есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлігінде күнтізбелік үш жылға ұзартылады.



Редакциялық түзету. Егер талап қою мерзімі күнтізбелік бір жылға жетпейтін уақыт ішінде аяқталса, салық төлеуші кәсіпорынның залалды ауыстыру бөлігінде өзгерістерімен және толықтыруларымен қосымша салық есептілігін табыс еткен жағдайда, талап қою мерзімін ұзарту мақсатында.

Назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес кәсіпорынның залалдары кейінгі он жылға ауыстырылуы мүмкін.




63-бап

2, 3 -тармақтар

63-бап. Жалпы ережелер

2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөнінде қамтиды есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65 - 67-бабының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;


2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;



63-бап. Жалпы ережелер

2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг жөнінде қамтиды есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияның, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау ережелерін осы Кодекстің 65 - 67-бабының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.



3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;

2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;





63-баптың 3-тармағы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

СЕН көлемі көп болуына және оларды толтыру Қағидаларын сәйкестікке келтіру қажеттілігі туындайтын салық заңнамасын жыл сайын жетілдіруге байланысты, ҚРҚЖ келісу рәсімдері ұзақ уақыт алатынын ескере отырып, СЕН тапсыру бойынша туындайтын міндеттемелер туралы салық төлеушілердің мерзімінде хабарланбай қалуы, өз кезегінде салық төлеушілер тарапынан наразылыққа және Салық кодексінің нормаларының мерзімінде орындалмауына келтіреді.


2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Бастапқы» салық есептілігі түрінің ұғымын алып тастау іс жүзінде СЕН тапсырған кезде «кезекті» салық есептілігі түрі салық міндеттемесі алғаш рет туындаған салық төлеушіні шатасып қалуына алып келуі мүмкін.

Бұдан тыс, жеке тұлғалардың табыстарын жалпыға бірдей декларациялауды енгізу кезеңінде салық төлеуші бастапқы салық есептілігін қашан, кезекті салық есептілігін қашан тапсыру керек екенін нақты межелеу қажет.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі)
  • Осы тармақшада көрсетілген мүлікті бөлуден табыс мынадай тәртіпте айқындалады
  • , оның ішінде бұрын енгізілгеннің орнына
  • 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
  • 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі.
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі
  • 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

  • жүктеу 2.63 Mb.