Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

жүктеу 4.85 Mb.



жүктеу 4.85 Mb.
бет1/20
Дата12.02.2020
өлшемі4.85 Mb.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі.

  • МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жануарлар мен өсімдіктер", "жануарлар мен өсiмдiктердi" деген сөздер тиісінше "өсімдіктер мен жануарлар", "өсімдіктер мен жануарларды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "зерттеу мен пайдалану", "зерттеу және пайдалану саласындағы", "зерделеу және пайдалану", "зерделеу мен пайдалану" деген сөздер "зерттеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылып, 
150-баптың 2) тармақшасындағы ", жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы" деген сөздер "саласындағы, жер қойнауын зерттеу жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) атмосфераға ластаушы заттарды шығарудың жылжымалы көзі - әр түрлі отынмен жұмыс істейтін, ішкі жану қозғалтқыштарымен жарақтандырылған көлік құралдары, техника және өзге де жылжымалы құралдар мен қондырғылар;

      2) байқау пункті - қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті;

      3) белгіленген мөлшер - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелер шеңберінде айқындалған парниктік газдар сіңірулері ескерілген, парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі;

      4) белгіленген мөлшер бірлігі - Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруі саласындағы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы үшін парниктік газдар шығарындыларының көлемін айқындауға пайдаланылатын көміртегі бірлігі;

      5) биологиялық әртүрлiлiк - бiр түр аясындағы, түрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегi өсімдіктер мен жануарлар дүниесi объектiлерiнiң әртүрлiлiгi;

      6) биологиялық ресурстар - генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi;

      7) бірлесіп жүзеге асыру тетігі - парниктік газдар шығарындыларын шектеу және (немесе) азайту бойынша сандық міндеттемелері бар елдердің заңды тұлғалары арасында көміртегі бірліктерін беруге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасының бірлесіп жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі халықаралық шарттарында көзделген рәсім;

      8) валидация (детерминация) – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының, сондай-ақ шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу шеңберінде жобалық шешімдер мен құжаттаманың Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауы;

      9) верификация – валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген органның қондырғы паспортындағы қондырғы операторлары және олардың есепті жылдағы парникті газдарды түгендеу туралы есептерінде қамтылған парниктік газдар шығарындыларының көлемі туралы және жүзеге асырылатын шығарындыларды азайту және парниктік газдарды сіңіру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы деректердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыстығын растауы;

      10) генетикалық түрлендiрiлген организмдер - тұқым қуалайтын генетикалық материалдың өсiмiн молайтуға немесе оларды беруге қабiлеттi, табиғи организмдерден ерекшеленетін, гендiк инженерия әдiстерi қолданыла отырып алынған және құрамында гендiк-инженерлiк материал (гендер, олардың фрагменттерi немесе гендер комбинациясы) бар организмдер;

      11) генетикалық түрлендiрiлген өнiмдер - құрамында жансыз генетикалық түрлендiрiлген организмдер немесе олардың компоненттерi бар, гендiк инженерия әдiстерi пайдаланыла отырып, өсiмдiктерден және (немесе) жануарлардан алынған өнiмдер;

      11-1) гидрологиялық мониторинг – су объектілерінің жай-күйі туралы жедел және болжамды ақпарат алу мақсатында су объектілерінің жай-күйін және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі жүйесінің құрамдас бөлігін тұрақты және (немесе) мерзімді байқау жүйесі;



      11-2) диспергенттер – табиғи процестердің әсерінен бұзылуға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын, мұнай дағының ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік беретін беткі белсенді заттар мен еріткіштердің қоспасы;

      12) ең озық қолжетiмдi технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн қамтамасыз етуге дейiн шаруашылық қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiнiң деңгейiн азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететiн, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;

      12-1) жобалардың экологиялық сараптамасы – қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі мен инженерлік қорғау мәселелері бойынша жобалық шешімдер мен есептеулердің сараптамалық бағасы, ол мыналардың:

      жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттаманың) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобалары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасының бір бөлігі болып табылады.

      13) жойылуы қиын органикалық ластауыштар - ыдырауға төзімді, биожинақтағыштығымен сипатталатын және ауа, су және көшпелі түрлері арқылы трансшекаралық таралу объектісі болып табылатын, сондай-ақ құрлық экожүйелерінде және су экожүйелерінде жинақтала келіп, өздерінің шығарынды көздерінен алыс қашықтықта шөгетін, тірі организмдердің иммундық, эндокриндік жүйесінің бұзылуына және онкологиялық ауруларды қоса алғанда, түрлі ауруларға алып келетін неғұрлым қауіпті органикалық қосылыстар;

      14) квота бірлігі - квота көлемін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

      15) коммуналдық қалдықтар - елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;

      15-1) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;

      16) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      17) көміртегі бірлігі - көміртегі қостотығының бір тоннасына тең келетін есептік бірлік;

      18) көміртегі бірліктері мемлекеттік тізілімінің операторы - көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;

      19) көміртегі бірліктерінің қайталама айналымы - парниктік газдар шығарындылары нарығы субъектілерінің арасында көміртегі бірліктерін беру, сату және басқа да айналымы процесінде қалыптасатын құқықтық қатынастар;

      20) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімі - көміртегі бірліктерін айналымға енгізуге, сақтауға, беруге, сатып алуға, резервке қоюға, жоюға, айналымнан шығаруға байланысты операцияларды есепке алу жүйесі;

      20-1) қайталама шикізат – тұтыну қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау, ұнтақтау, сығымдау немесе оларға басқа да әсер ету тәсілдері процесінде алынған материалдар және (немесе) өнім алу үшін кәдеге жаратуға және (немесе) қайта өңдеуге дайындалған тұтыну қалдықтары;

      21) қалдықтарды есепке алу - қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы ақпаратты жинау және беру жүйесi;

      21-1) қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін өндірушілер (импорттаушылар) жүзеге асыратын төлемақы;

      22) қалдықтарды жою - қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;

      23) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;

      24) қалдықтарды кәдеге жарату - қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;

      25) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;

      26) қалдықтардың түрi - шығу көзiне, қасиеттерiне және жұмыс iстеу технологиясына сәйкес ортақ белгiлерi бар, қалдықтар сыныптауышы негiзiнде айқындалатын қалдықтар жиынтығы;

      27) қалдықтарды орналастыру - өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;

      28) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;

      29) қалдықтарды сақтау - қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;

      30) қалдықтарды сыныптау - қалдықтардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауiптiлiгiне сәйкес оларды деңгейге жатқызу тәртiбi;

      30-1) қалдықтарды уақытша сақтау – өз қызметі нәтижесінде түзілетін өндіріс және тұтыну қалдықтарын тұлғалардың оларды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу, сондай-ақ қайта өңдеуге немесе кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтарды жою жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға беру үшін жобалау құжаттамасында айқындалған уақытша сақтау орындарында және мерзімдерге (бірақ алты айдан асырмай) жинап қоюы;

      31) қалдықтармен жұмыс iстеу - қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеудi, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлерi;

      32) қалдықтар сыныптауышы - қалдықтарды сыныптау нәтижелерi қамтылған, қолданбалы сипаттағы ақпараттық-анықтамалық құжат;

      33) қауiптi емес қалдықтар - қауiптi қасиеті жоқ қалдықтар;

      34) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;

      35) қауiптi қалдықтар паспорты - қалдықтардың шығу көзi бойынша пайда болу процестерiнiң, олардың сандық және сапалық көрсеткiштерiнiң, олармен жұмыс iстеу қағидаларының, оларды бақылау әдiстерiнiң, осы қалдықтардың қоршаған ортаға, адам денсаулығына және (немесе) тұлғалар мүлкiне зиянды әсер ету түрлерiнiң стандартталған сипаттамасы, қалдықтарды шығарушылар, меншiгiнде қалдықтар бар өзге де тұлғалар туралы мәлiметтер қамтылған құжат;

      36) қауіпті химиялық заттар - адам денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей немесе ықтимал зиянды әсер ете алатын қасиеттері бар заттар;

      37) қолайлы қоршаған орта - жай-күйi экологиялық қауiпсiздiктi және халықтың денсаулығын сақтауды, биологиялық әртүрлiлiктi сақтауды, ластануды болғызбауды, экологиялық жүйелердiң тұрақты жұмыс iстеуiн, табиғи ресурстарды молықтыруды және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ететiн қоршаған орта;

      38) қондырғы – парниктік газдар шығарындыларының стационарлық көзі немесе өзара бірыңғай технологиялық процеспен байланысты және бір өндірістік алаңда орналастырылған парниктік газдар шығарындылары стационарлық көздерінің тобы;

      39) қондырғы операторы – меншігінде немесе өзгедей заңды пайдалануында қондырғысы бар жеке немесе заңды тұлға;

      40) қондырғы паспорты – пайдаланылатын технологияның сипаттамалары, қондырғының географиялық орналасқан жері және оның операторының қызмет түрлері туралы деректерді қамтитын құжат;

      41) қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;

      42) қоршаған ортаға келтiрiлетiн залал - табиғи ресурстардың жұтаңдануы мен сарқылуын немесе тiрi организмдердiң қырылуын туындатқан немесе туындататындай етiп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгiленген нормативтерден артық алу;

      43) қоршаған ортаға эмиссиялар – ластаушы заттардың шығарындылары, төгiндiлерi, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, күкіртті қоршаған ортада ашық түрде орналастыру және сақтау;

      44) қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттер - қоршаған ортаға белгiлi бiр мерзiмге белгiленетiн эмиссиялардың нормативтiк көлемi;

      45) қоршаған ортаға эмиссияларға квота - нақты табиғат пайдаланушыға белгiлi бiр мерзiмге бөлiнетін қоршаған ортаға эмиссияларға арналған лимиттiң бөлiгi;

      45-1) қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесі – нақты уақыт режимінде деректерді беру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен онлайн-байланысы бар, ластану көздерінде қоршаған ортаға эмиссияларды өндірістік экологиялық бақылау жүйесі;

      46) қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi;

      47) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары;

      48) қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластаушы заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң, магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға әсері;

      49) қоршаған ортаның авариялық ластануы - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптi түрлерiн жүзеге асыруы кезiнде болған авариядан туындаған және зиянды заттарды атмосфераға шығару және (немесе) суға ағызу салдары немесе жер бетi учаскесiнде, жер қойнауында қатты, сұйық немесе газ түрiндегi ластаушы заттардың жайылуы немесе иiстiң, шудың, тербелiстiң, радиацияның пайда болуы немесе сол уақыттағы жол берiлетiн деңгейден асатын электромагниттiк, температуралық әсер ету, жарықтың әсерi немесе өзге де физикалық, химиялық, биологиялық зиянды әсер ету арқылы қоршаған ортаны кенеттен абайсызда ластауы;

      50) қоршаған ортаның ластану учаскелерi - жер бетін, жер қойнауын және жерасты суларын ластауды болдырмайтын, қалдықтарды орналастыру және сарқынды суларды ағызу үшін жабдықталған және соған арналған объектілерді қоспағанда, белгiленген нормативтерден артық қауiптi химиялық заттармен ластанған жер бетiнiң шектеулi учаскелерi және су объектiлерiнiң учаскелерi;

      51) қоршаған ортаның сапасы - қоршаған орта жай-күйінің сипаттамасы;

      52) қоршаған орта сапасының нормативтерi - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер;

      53) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi - қоршаған ортаның сапасын бiртiндеп жақсарту қажеттiгiн ескере отырып, қоршаған ортаның белгiлi бiр уақыт кезеңiне нормаланатын параметрлерiнiң шектi деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер;

      54) мекендеу ортасы – қандай да бір организмнiң немесе популяцияның табиғи мекендейтiн жерiнiң тұрпаты немесе орны;

      55) мемлекеттік бақылау жасау желісі - қоршаған ортада болып жатқан физикалық және химиялық процестерді қадағалауға, оның метрологиялық, климаттық, аэрологиялық, гидрологиялық, гелиогеофизикалық, агрометеорологиялық сипаттамаларын айқындауға арналған қадағалаудың стационарлық және жылжымалы пункттер, зертханалар, орталықтар жүйесі;

      56) мемлекеттiк экологиялық бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;

      56-1) нормативтен тыс эмиссиялар – қоршаған ортаға экологиялық рұқсатпен белгiленгеннен артық эмиссиялар;

      57) озонды бұзатын заттар - өз бетінше немесе қоспада болатын, шаруашылық және өзге қызметте пайдаланылатын не осы қызметтің өнімі болып табылатын және озон қабатына зиянды әсер етуі мүмкін химиялық зат;

      58) озонды бұзатын заттарды залалсыздандыру - озон қабатын қоса алғанда, қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін, үнемі түрленуіне немесе компоненттерге бөлінуіне әкелетіндей бұзу арқылы озонды бұзатын заттардың қауіпті қасиеттерін жою;

      59) озонды бұзатын заттарды кәдеге жарату - қалпына келтіруге болмайтын озонды бұзатын заттарды қайтадан пайдалану немесе залалсыздандыру мақсатында, оларға техникалық қызмет көрсету барысында немесе есептен шығару алдында тетіктерден, жабдықтардан, контейнерлерден және басқа да құрылғылардан алынатын озонды бұзатын заттарды жинауға және сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;

      59-1) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өнімді (тауарларды) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың міндеттемелері;

      59-2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;

      59-3) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімді (тауарларды) және оның (олардың) орамасын өндірушілер (импорттаушылар) арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін, өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы бекіткен шарт;

      59-4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      60) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;

      61) өндiрiс пен тұтынудың орнықты моделi - қайта жаңартылмайтын ресурстарды тұтынуды азайту, қайта жаңартылатын ресурстарды қалпына келтiру және қоршаған ортаның антропогендiк ластануын азайту кезiнде өндiрiстiң өсуiмен сипатталатын әлеуметтiк-экономикалық модель;

      61-1) өз бетінше эмиссиялар – жылжымалы көздерден болатын эмиссияларды қоспағанда, экологиялық рұқсатсыз жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссиялар;

      62) парниктік газдар - атмосфераның табиғи және (немесе) антропогендік түрде шығатын, жылу беретін инфрақызыл сәулені сіңіретін және (немесе) оның шығу көзі болып табылатын, газ тәрізді құрамдас бөліктері;

      63) парниктік газдарды сіңіру бірлігі - парниктік газдардың сіңірілуін есептеу үшін қолданылатын көміртегі бірлігі;

      64) парниктік газдарды түгендеу - парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көлемін айқындау;

      65) парниктік газдар шығарындылары көздерінің және сіңірулерінің мемлекеттік кадастры - парниктік газдар шығарындылары көздерін, олар шығарған шығарындылар мөлшерін, сондай-ақ қондырғы операторы үшін белгіленген шекара шегіндегі парниктік газдар сіңірулері мөлшерін есепке алу жүйесі;
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


жүктеу 4.85 Mb.