Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайлары

жүктеу 42.73 Kb.



жүктеу 42.73 Kb.
Дата11.02.2020
өлшемі42.73 Kb.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайлары


«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі жағдайлары Салықтық рақымшылықтың (ақшаны қоса алғанда мүлікті жария ету) мақсаттары мыналар болып табылады: - «көлеңкелі» экономиканы қысқарту;

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

- ел экономикасына қосымша қаржы қаражатын тарту, ел экономикасына инвестицияларды ұлғайту; - төлем теңгерімін тұрақтандыру; - бюджетке қосымша түсімдер. Жария етудің негізгі қағидаттары Біріншіден, жария ету елдің экономикалық айналымына қосымша қаржы қаражатын және мүлікті тарту мақсатында жүргізіледі. Екіншіден, жария етілген ақша мен мүлік салық салу мақсатында табыс ретінде танылмайды, тиісінше табыс салығы салынбайды. Ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Салық кодексіне тиісті толықтыру енгізіледі. Үшіншіден, жария ету басталғанға дейiн алынған мүлiк (ақшаны қоса алғанда) жария етуге жатады. Төртіншіден, жария ету субъектілері бірқатар баптар бойынша қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылады. Заң жобасы бойынша мүлiктi жария ету мерзiмi болып - 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең анықталған. Жария ету объектілеріне мынадай мүлік жатқызылады: - ақша, бағалы қағаздар және заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі.

Салық кодексі - мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының салық төлеушілермен салықтық қатынастарын реттейтін, мемлекеттің жоғарғы билігі деңгейінде қабылданған заңнамалық нормалардың негізгі жиынтығы.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

- мақсатты пайдалануға және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар). Бұл ретте жария етілетін объектілер орналасқан жер учаскелері жария ету субъектілерінің меншік құқығына тиесілі болуы тиіс.  - тиесілі емес тұлғаға ресімделген құрылыстар (ғимараттар); - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік. Жекелеген қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүлік жария етуге жатқызылмайды. Олардың қатарында жеке адамға, адамның конституциялық және өзге құқықтары мен бостандықтарына, конституциялық құрылыс негiздерiне және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және өзге құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстарды жасау нәтижесінде алынған мүлік.

Жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.

Конституция, Ата Заң ( латынның лат. constitutio - яғни «құрылым» сөзінен шыққан) - Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Жария ету тетіктері мен құралдары Жария етілетін ақша екiншi деңгейдегі банктерде ашылған арнайы жинақ шоттарына  есептелуі тиіс.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Бұдан әрі субъект жария етудің құралын таңдауға кірісуі тиіс. Біріншіден, ақшаны бес жыл ішінде екінші деңгейдегі банктерде ашылған жоғарыда атап өтілген шоттарда нарықтық мөлшерлемелер бойынша сыйақы ала отырып, сақтауға болады. Екіншіден, ақшаны мерзімінен бұрын пайдаланғысы келсе, экономикаға инвестиция жасауға болады, мұның жолы: мемлекеттік бағалы қағаздарды, екiншi деңгейдегi банктердiң, ұлттық басқарушы холдингтер мен компаниялардың, даму институттарының облигацияларын және «Халықтық IPO» Бағдарламасының шеңберінде іске асырылатын акцияларды, сондай-ақ  Қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды сатып алу.

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) - акционерлік қоғамды немесе кәсіпорынды дамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.

Үшіншіден, азаматтар жекешелендірудің екiншi толқыны аясында объектілерді сатып ала алады. Егер ақшасын жария ететін азамат жоғарыда аталған инвестициялау тетіктерін пайдаланғысы келмесе, оның өз ақшасына қалауы бойынша иелік етуге құқығы бар. Екінші деңгейдегі банктер мұндай ақшаны төлеу кезінде, жария етілетін ақшаның 10 -ы мөлшерінде алым ұстайды. Ілеспе заң жобасымен Қазақстан Республикасының Азаматтық және Бюджет кодекстеріне тиісті толықтырулар енгізіледі. Мүлік бойынша (ақшадан басқа) Мүлікті жария ету (ақшадан басқа) жария ету субъектілерінің өтініштерді және тиісті құжаттарды беру жолымен әкімдіктер жанындағы комиссиялар жүргізеді. Бұл ретте Қазақстаннан тыс жерде тұрған мүлікті жария ету үшін 10 жинақ алынатын болады. Заң жобасына сәйкес жеке басқа тұлғаға, конституциялық және өзге адамның құқықтары мен еркіндігіне қарсы қылмыстардың, конституциялық құрылым және мемлекеттік қауіпсіздік негіздеріне қарсы жасалған қылмыстар нәтижесінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен  қылмыстар нәтижесiнде алынған мүлік жария етуге жатпайды. Егер мүлік Заң бойынша жария етуге жататын санатқа жатса, немесе азамат жария етуге тыйым салынбаған тұлғаға жататын болса, онда мазасызданудың қажеті жоқ. Заңның 13-бабына сәйкес мүлікті Заңға сәйкес жария еткен азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауаптылықтан босатылады. Бұдан басқа, Заңның 5-бабымен мүлiктi жария етудi өткiзу кезінде алынған ақпарат негiзiнде, қандайда болмасын процесстік әрекеттер жүргiзуге тікелей тыйым салынған.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

Егер жария етілген мүлік туралы алынған ақпаратпен тікелей байланысты емес, мысалға жария етуді жүргізу барысында тергеу органдарымен сыбайластық және қылмыстық құқық бұзушылық нәтижелерінде алынған мүлікті жария ету фактілері жедел іс-шаралар жүргізу барысы салдарынан бәрібір анықталатын болса, онда ондай жария ету нәтижелері (мысалға, жария ету туралы комиссияның шешімі), оның ішінде, қажет болған жағдайда сот тәртібінде жойылатын болады.

  • Салық кодексіне

  • жүктеу 42.73 Kb.