Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

жүктеу 3.56 Mb.



жүктеу 3.56 Mb.
бет4/19
Дата14.03.2019
өлшемі3.56 Mb.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

11-2-бап. Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн иеленетін банктердiң еншiлес ұйымдары және қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәндi және үмiтсiз активтерді иеленетін ұйым

      Ескерту. 11-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Банк уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана өзіне осы Заңның 8-бабында берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға құқылы.

      Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат берудің тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      1-1. Банк екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым құруға (иеленуге) құқылы.

      Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйымды құру немесе иелену нәтижесінде банкте осы ұйымның капиталына қомақты қатысу туындаған жағдайда, осы қатысуға уәкілетті органның алдын ала рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көрсетілген мүлік, сондай-ақ банктердің күмәнді және үмітсіз активтері және (немесе) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым иеленген банктің күмәнді және үмітсіз активтер бойынша талап ету құқықтары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ұйымның жарғылық капиталына салым болуы мүмкін.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым, осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарға ақы төлеуге жіберілген ақшаны қоспағанда, өзінің қызметінен алынған ақшаны осы ұйымның қатысушыларының (акционерлерінің) жалпы жиналысында бекітілетін күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген тәртіппен және мөлшерде өзінің қатысушыларына (акционерлеріне) аударуға міндетті.

      2. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым осы баптың 4-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға байланысты шығыстарды төлеу үшін жұмсалатын ақшаны қоспағанда, өз қызметінен алынған ақшаны бас банкке аударуға міндетті.

      3. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібі, сатып алынған күмәнді және үмітсіз активтерді еншілес ұйымдардың басқару мерзімі, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      4. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктің еншілес ұйымы, сондай-ақ күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын ұйым:

      1) банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленуге және өткізуге;

      2) жылжымалы және жылжымайтын мүлікті және (немесе) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде банктің меншігіне өткен, аяқталмаған құрылыс объектілеріне меншік құқығын иеленуге және өткізуге;

      3) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша кепіл (бас тарту төлемі немесе қамтамасыз ету) ретінде қабылдаған не кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде бас банктің меншігіне өткен жағдайларда, оларды иеленуге және өткізуге;

      4) мүлікке өндіріп алуды қолдану нәтижесінде оның меншігіне өткен, кепіл нысанасы, өзге де қамтамасыз ету ретінде болған немесе банктен иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтары бойынша бас тарту төлемі түрінде алынған, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мүлікті жалға беруге немесе осындай мүлікті өтеулі уақытша пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға;

      5) иеленген күмәнді және үмітсіз талап ету құқықтарының немесе өзге де активтердің сапасын жақсарту мақсатында уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      5. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 1), 2), 3), 4), 7), 9), 10), 11), 13-1) және 14) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ:

      1) алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) еншілес ұйымды сатып алған жағдайда тиісті өтініш берудің алдындағы соңғы аяқталған тоқсан үшін еншілес ұйымның қаржылық есептілігі;

      3) оларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын күмәнді және үмітсіз активтердің сапасын жақсарту бойынша бизнес-жоспар мен іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

      5-1. Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (сатып алынатын) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсатты алуға арналған өтінішке осы Заңның 11-1-бабы 4-тармағының 2), 3), 7) 10) және 11) тармақшаларында және осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттар мен мәліметтер, сондай-ақ ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсат бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.

      Күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйыммен бірлесіп құрылатын (иеленетін) ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 6-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      6. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:

      1) осы Заңның 11-1-бабы 6-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) еншілес ұйымға берілетін күмәнді және үмітсіз активтердің осы баптың 4-тармағының талаптарына және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келмеуі негіз болады.

      7. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иеленетін банктердің еншілес ұйымдары, сондай-ақ қатысушылары банк және екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым болып табылатын күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйым банктік қарыз шарттары бойынша банк берген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциялары жөніндегі кредиторлар (қарыз берушілер) болып танылады және банк талап ету құқықтарын ұйымның пайдасына берген банктік қарыз шартында белгіленген банктің барлық құқықтары мен міндеттеріне ие болады.

      8. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      9. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Рұқсатты қайтарып алған жағдайда осы Заңның 11-1-бабының 13-тармағының екінші бөлігінде көзделген салдар басталады.

      Ескерту. Заң 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.



12-бап.

      Ескерту. 12-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi

      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.

      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.

      Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.

      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.

      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.

      Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.10. N 483 (01.01.2004 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

14-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттары

      1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.

      2. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

      толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;

      акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

      3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

      банкiнiң толық және қысқартылған атауы;

      банк қорларын пайдалану түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер;

      банк органдарының шешiм қабылдау тәртiбi;

      осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2003.05.16 N 416, 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы

      1. Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады.

      1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.

      Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.

      2. Уәкілетті органнан басқа барлық банктерге өз атауында кез келген тiлде толық немесе қысқарған түрде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi пайдалануға тыйым салынады.

      3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттiк" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.

      3-1. Ислам банкінің атауында "ислам банкі" деген сөз тіркесі болуға тиіс.

      4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.

      Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талап өздеріне қатысты осы Заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банктерге, сондай-ақ осы Заңның 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған еншілес банктерге қолданылмайды.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.06.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Банктің жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебінен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.

      2. Банктің акциялары орналастырылған кезде ақы тек қана ақшамен төленуге тиіс. Осы талап мынадай:

      1) банктің акцияларын банк кредиторлары арасында орналастырған және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргізген кезде банктің тиісті кредитор алдындағы ақшалай міндеттемесі жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу арқылы оларды төлеген;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) банктің акцияларына айырбасталатын эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі негізінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған;

      2-1) банктің жарғысы және оның акциялар шығарылымының проспектісі негізінде банктің орналастырылған акцияларының бір түрін осы банк акцияларының басқа түріне айырбастаған;

      3) "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын қайта ұйымдастыру кезінде банктің акцияларын төлеген жағдайларда банктерге қолданылмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда банк акцияларын орналастырған кезде бағалау жүргізу талап етілмейді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Банкті қайта құрылымдау рәсімі шеңберінде бағалы қағаздарды банктің акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлеріне бағалы қағаздарды және (немесе) банктің ақшалай міндеттемелерін оның акцияларына айырбастау арқылы өзінің акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берілмейді.

      3-1. Банк, егер акциялар бойынша дивидендтерді есепке жазу пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келген жағдайда, шығару проспектісімен банктің атқарушы органының артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді есепке жазбау құқығы көзделетін артықшылықты акцияларды шығаруға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4. Жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталына оның акционерлері осы банкті тіркеу кезінде елу пайыз және ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде толық төлем жасауға тиіс.

      5. Банктің меншік капиталын және инвестицияларын есептеу әдістемесін уәкілетті орган айқындайды.

      Банк міндеттемелерінің сомасы оның активтерінің құнынан артық болған жағдайда, банктің меншік капиталы теріс болып табылады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6. Банктің меншік капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.

      Уәкілетті органның банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы, ол банк акцияларын (акционерлердiң үлестерiн) кейiннен жаңа инвесторға сату мақсатында оларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдаған күнгi оның міндеттемелерінің сомасы шегеріле отырып, банк активтерінің құнын негiзге ала отырып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады. Уәкілетті орган банктiң сатып алынған акцияларын олардың сатып алынған бағасымен дереу сатады. Банктiң мәжбүрлеп сатып алынған барлық акциялары иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi жаңа инвесторға көшедi.

      Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған, бiрақ осы талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаған жағдайда, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi.

      Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың және оларды кейiннен инвесторларға мiндеттi түрде сатудың тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



16-1-бап. Субординарлық борыш

      Бір мезгілде мынадай шарттардың болуы қамтамасыз етілмеген міндеттемені субординарлық борышқа жатқызу шарттары болып табылады:

      1) қамтамасыз етілмеген міндеттеме шығарылған не алынған мерзім кемінде бес жыл құрайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) кредиторлар қамтамасыз етілмеген міндеттемені өтеу не орындау туралы талапты туындаған кезінен бастап бес жылдан ерте қоя алмайды;

      3) қамтамасыз етілмеген міндеттеме банктің бастамасы бойынша, егер бұл пруденциялық нормативтерді уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген мәннен төмен азайтуға алып келетін жағдайда, мерзімінен бұрын өтелуі не орындалуы мүмкін;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) банк таратылған кезде, қамтамасыз етілмеген міндеттеме жай акциялардың меншік иелері - акционерлері талап еткенге дейін осы Заңның 74-2-бабында айқындалған сегізінші кезекте қанағаттандырылады.

      Ескерту. 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      16-2, 16-3-баптармен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi

      1. Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi емес заңды және жеке тұлғалар (осы баптың 5-тармағында және осы Заңның 18-бабында белгiленген шектеулердi ескере отырып) банкiнiң құрылтайшылары мен акционерлерi бола алады.

      2. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана банктің құрылтайшысы және акционері бола алады. Ұлттық басқарушы холдингті, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын қоспағанда, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар банктің құрылтайшылары және акционерлері бола алмайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Уәкілетті орган консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру мақсатында тұрақтандыру банкінің жалғыз құрылтайшысы болуы мүмкін.

      3. (алып тасталды)

      4. Банк кредиторларының мүддесін қорғау және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, егер уәкілетті орган қолданған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмесе:

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1) банк меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициентін және (немесе) өтімділік коэффициентін бір рет бұзған не өзге де пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі рет және одан да көп бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органмен келісім бойынша осы Заңның 17-2-бабында көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға және оның пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде банктің жарияланған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алатыны туралы шешім қабылдауға құқылы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша банктің қаржылық жағдайын қажетті жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша кейіннен міндетті түрде дереу өткізу шартымен банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.

      5. Оффшорлық аймақтарда тіркелген, тізбесін уәкiлеттi орган белгілейтін заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының резидент банктерінің дауыс беретiн акцияларын тiкелей немесе жанама иелене және (немесе) пайдалана алмайды және (немесе) оларға билiк ете алмайды.

      Көрсетілген шектеу Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің еншілес ұйымдары болып табылатын, рейтинг агенттіктерінің бірінің талап етілетін ең төменгі рейтингі бар банктерге қолданылмайды.

      Рейтинг агенттіктерінің тізбесін және талап етілетін ең төменгі рейтингті уәкілетті орган айқындайды.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      5-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-1. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын акционер, егер оның өз акционерлерінің (қатысушылардың) тіркелген елі туралы ақпарат банкте жоқ болса, өтінішті табыс етеді, онда осындай акционерлердің (қатысушылардың) осы баптың 5-тармағының талаптарын орындағаны туралы көрсетеді.

      Көрсетілген өтінішті табыс етпеген акционер акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға жіберілмейді.

      Өтініште көрсетілген ақпараттың дәйексіздігі анықталған не осы баптың 5-тармағының талаптарының бұзылуы анықталған кезде:

      1) егер шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (өтінішті табыс еткен акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берсе, акционерлердің жалпы отырысының шешімі осы акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі;

      2) егер өтінішті табыс еткен акционердің дауысы шешуші болса, аталған мән-жай уәкілетті органның не өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша акционерлердің жалпы отырысының шешімін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп тану үшін негіз болады.

      6. алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.

      7. Ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, тiкелей немесе жанама түрде банктiң акцияларын иеленетiн не банк акционерi қабылдайтын шешiмдерге ықпал ететiн тұлғалар уәкiлеттi органның талап етуі бойынша банктің ірі қатысушыларын және олардың қаржылық жай-күйiн айқындау үшін құрылтай құжаттарын және басқа да қажетті ақпарат беруге міндетті.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентiнiң 1996.01.27 N 2830, 1996.12.07 N 50, 1997.07.11 N 154, 1998.06.29 N 236, 1998.07.10 N 282, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2001.04.25 N 179, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 178, 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

  • 2-тарау. Банк құру және банк қызмет i н жүзеге асыру
  • 12-бап.
  • 14-бап. Банк i н i ң құрылтай құжаттары
  • 15-бап. Банкт i ң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
  • 16-бап. Банкт i ң жарғылық және менш i к капиталы
  • 16-1-бап. Субординарлық борыш
  • 17-бап. Банк i н i ң құрылтайшылары мен акционерлер i

  • жүктеу 3.56 Mb.