Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

жүктеу 3.56 Mb.



жүктеу 3.56 Mb.
бет19/19
Дата14.03.2019
өлшемі3.56 Mb.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi

      1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.

      Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.

      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.

      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.

      2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.

      Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.

      2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.

      Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.

      2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.

      2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.

      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.

      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.

      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.

      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.

      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.

      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.

      9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.

      Ескерту. 74-3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi

      1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргізуді жүзеге асыру мақсатында:

      1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;

      2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде, тарату комиссияларының анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгіленген мерзімде жою туралы және (немесе) белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарын ұсыну туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар шығаруға құқылы.

      Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралардың тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.

      Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгінуге;

      6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекітудің ерекшеліктерін және тәртібін белгілеуге;

      7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындауға құқылы.

      2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.

      3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

      Ескерту. 74-4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.03.02 N 162 Заңымен, 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.31 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-тарау.

      Ескерту. 9-1-тарау алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      Ескерту. 10-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердің тікелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.

      2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

      Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.

      2.1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.

      3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      75-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 75-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

76-1-бап. Өтпелі ережелер

      Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.

      Ескерту. 76-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

76-бап.

      Ескерту. 76-бап алынып тасталды - ҚР 1998.06.29 N 236 Заңымен.



77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру

      Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      77-бапты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

78-бап. Осы Заңның күшiне енуi

      1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.

      Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.





      Қазақстан Республикасының

      Президентi


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

  • 74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
  • 10-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
  • 75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
  • 76-1-бап. Өтпелі ережелер
  • 76-бап.
  • 78-бап. Осы Заңның күшiне енуi

  • жүктеу 3.56 Mb.