Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

жүктеу 3.56 Mb.



жүктеу 3.56 Mb.
бет1/19
Дата14.03.2019
өлшемі3.56 Mb.

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2001.03.02 № 162, Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алынып тасталды - 2005.07.08 № 69 Заңдарымен.


      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ставкаларды", "ставкасының", "ставкалар", "Ставкалар", "ставкалары", "ставкасын", "ставкасы", "ставкасына", "ставканың", "ставкаларын" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерді", "мөлшерлемесінің", "мөлшерлемелер", "Мөлшерлемелер", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесін", "мөлшерлемесі", "мөлшерлемесіне", "мөлшерлеменің", "мөлшерлемелерін" деген сөздермен, "процентінен", "процентін", "процентімен", "процент", "проценттен", "проценті", "проценттік", "процентсіз" деген сөздер тиісінше "пайызынан", "пайызын", "пайызымен", "пайыз", "пайыздан", "пайызы", "пайыздық", "пайызсыз" деген сөздермен, "аффилиирленген", "аффилиирленгені", "аффилиирлендірілген" деген сөздер тиісінше "үлестес", "үлестестігі", "үлестес" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз).

I Бөлiм


Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң негiздемесi мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер



1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны тіркеуші органдарда (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясының болуымен айқындалады.

      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1997.07.11 № 154, 1999.07.16 № 436, 2001.03.02 № 162, 2003.07.10 № 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:

      бір тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу пайызынан астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның заңды тұлға акцияларының елу пайызынан астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;

      бір тұлғаның заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын дербес сайлау мүмкіндігі болған;

      Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;

      заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде шешімдерін бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

      2-1) банкаралық клиринг – төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізу және клирингке қатысушылардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

      3) банк конгломераты – банк холдингінен (бар болса) және банктен, сондай-ақ банк холдингінің еншілес ұйымдарынан және (немесе) банктің еншілес ұйымдарынан және (немесе) капиталына банк холдингі және (немесе) оның еншілес ұйымдары және (немесе) банк қомақты түрде қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы;

      Банк конгломератының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, сондай-ақ капиталына еншілес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденті емес банк холдингі қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденті еместер болып табылатын ұйымдар кірмейді.

      3-1) банктің субординарлық борышы – осы Заңның 16-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін, банктің шығарылған облигациялар немесе алынған қарыз бойынша қамтамасыз етілмеген міндеттемесі;

      3-2) банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) – банктік және өзге де қызметтер көрсетілетін, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

      4) банк холдингі – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

      5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

      6) банктің ірі қатысушысы – уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам пайызын тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызымен тікелей немесе жанама дауыс беруге;

      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      8) депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға – банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және Ұлттық почта операторына олардың алғашқы талап ету бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз толық немесе бөліп-бөліп тікелей депозиторға қайтарылуы не тапсыру бойынша үшінші тұлғаларға берілуі тиіс не тиіс емес екеніне қарамастан, оларды номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозитті қоспағанда) қайтару талабымен беретін ақша;

      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

      10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам пайызын иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

      12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың

      (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам

      пайызын тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам пайызымен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;

      12-1) мамандандырылған салалық банк – қызметі Қазақстан Республикасының жеке заңнамалық актісімен реттелетін екінші деңгейдегі банк;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      12-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      13) мінсіз іскерлік бедел – кәсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      13-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14) тұрақтандыру банкі - консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияны жүзеге асыру мақсаты үшін уәкілетті органның шешімі бойынша құрылатын екінші деңгейдегі банк. Тұрақтандыру банкін құрудың, оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңда белгіленген.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.11.20 № 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 № 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары

      1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің үлестес тұлғалары болып табылады.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің үлестес тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.

      2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, ұлттық басқарушы холдинг не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары ірі акционері ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын банктің үлестес тұлғалары болып табылмайды.

      Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.

      3. Осы баптың 1-тармағы екінші бөлігінің, сондай-ақ 2-тармағының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаттары үшін ескерілмейді.

      Ескерту. 2-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (21.02.2009 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiн білдіреді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (уәкілетті орган) мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiктері "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен айқындалады.

      Уәкілетті орган өз құзыретi шегiнде банк қызметiнiң мәселелерi бойынша реттеудi, сондай-ақ өзінің ведомствосымен қатар бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

      Уәкілетті органның банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұруға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

      4. (алып тасталды)

      5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

      5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.

      Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік бермейді. Ислам банктері акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы, ислам банктері тартқан депозиттердің қайтарылуына кепілдік беретін коммерциялық емес ұйымды құруға құқылы.

      Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.

      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.

      7. Қазақстан Республикасында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын қоспағанда, мемлекет қатысатын мамандандырылған салалық банктерді құруға жол берілмейді.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2001.04.25 N 179, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым

      Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Заңда көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болып танылады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның жалғыз акционері болып табылады.

      2. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға:

      1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акциялар, сондай-ақ өз қызметін қаржыландыру үшін облигациялар шығаруға;

      2) меншікті орналастырылған акциялары мен облигацияларын сатып алуға;

      3) банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерін, талап ету құқықтарын сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында олардың сапасына бағалау жүргізуге;

      РҚАО-ның ескертпесі!
      4) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге, және (немесе) оларды өткізуге;

      5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасына бағалау жүргізуге;

      6) заңды тұлғалардың, оның ішінде өздеріне қатысты талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;

      7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алуға, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге;

      8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беруге немесе осындай мүлікті уақытша өтеулі пайдаланудың өзге де нысанын пайдалануға, оны сенімгерлік басқаруға беруге;

      9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтарын және басқа да активтерді секьюритилендіру бойынша операциялар жүргізуге;

      10) дербес, сондай-ақ банктермен бірлесіп күмәнді және үмітсіз активтерді иеленетін ұйымды құруға (иеленуге);

      11) заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталға қатысу үлестерін қоса алғанда, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан талап ету құқықтары мен активтерді сатып алуға, күтіп-ұстауға, сақталуын қамтамасыз етуге, басқаруға, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру арқылы басқаруға, иеленуге және (немесе) оларды өткізуге құқылы.

      Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтерінің мөлшерінен он пайыз және одан да көп сомаға мүлік алған жағдайда, осындай мәміле жасасу туралы шешімді осы ұйымның акционері қабылдайды.

      Егер осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген мәмілелердің нәтижесінде кредитордың құқықтары (талаптары) ауысуы болған жағдайда қарыз алушының, кепіл берушінің, кепілдік етушінің және өзге де тұлғалардың келісімі мұндай ауысуға талап етілмейді. Бұл ретте жаңа кредитордың жеке басы борышкер үшін аса маңызы жоқ деп танылады;

      12) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банк шоты мен банк салымы шарттарының талаптарымен екінші деңгейдегі банктерге, уәкілетті органға және осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымдарға орналастыруға;

      13) ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      14) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға байланысты мәселелер бойынша ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін иеленуге;

      15) Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген және бекіткен арнайы бағдарламалардың іске асырылуын жүзеге асыруға;

      16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның осы тармақта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптар жалғыз акционердің нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым банктік қарыз шарттары бойынша өзіне берілген талап ету құқықтары бойынша банктік қарыз операциясы жөніндегі кредитор (қарыз беруші) деп танылады және ол банктік қарыз шартында белгіленген барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

      3. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым осы баптың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға бюджеттен нысаналы аударымдар алуға құқығы бар.

      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 25.12.2017 № 122-VI (11.03.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

  • 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  • 2-1-бап. Банктің үлестес тұлғалары
  • 3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйес i
  • 4-бап. Қазақстан Республикасының банк заңнамасы
  • 5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлер i н жүзеге асыратын ұйым
  • 5-1-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым

  • жүктеу 3.56 Mb.