Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы

жүктеу 1.15 Mb.



жүктеу 1.15 Mb.
бет1/5
Дата23.10.2017
өлшемі1.15 Mb.

Қазақстан республикасы


  1   2   3   4   5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ МСЖ құжат 3 деңгейлі ОӘК ПОӘК 042-18.2.1.02101-2013 «Әлемдік экономика » пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен Баспа № 5В011500 - «Экономика және құқық негіздері» мамандығына арналған «Әлемдік экономика » пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ - 2013 Мазмұны Глоссарий Дәрістер Практикалық сабақтар Студенттердің өздік жұмысы ГЛОССАРИЙ Әлемдік шаруашылық – бұл өндірістік, сауда және қаржы қатынастары негізінде бір-бірімен байланысты болатын ұлттық шаруашылық пен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің жиынтығы.
Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Шаруашылық өмірді интернационалдандыру – халықаралық мамандандырылу мен еңбек бөлінісіне негізделген әр түрлі ұлттық шаруашылықтар байланыстарының пайда болуы мен тереңдеуінің объективті тарихи процесі. Меркантелизм – шетке көп тауар сатып, шеттен аз тауар сатып алуды жақтайтын мектеп. Халықаралық еңбек бөлінісі – жеке елдердің белгілі бір тауарлардың түрлерін өндіруге мамандануы және осы тауарлармен айырбас жасауы. Елдің экономикалық потенциалы – бұл өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, күрделі құрылысты, жүктерді тасымалдауды, халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ете алатын халық шаруашылығы салаларының қабілеттілігінің жиынтығы.
Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.
Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)
Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Ұлттық экономика -қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).
Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
Ғаламдық – термині бүкіл адамзат баласының жалпы мүдделерін қамтитын жалпыпланетталық мәселелерді білдіреді. Ғылыми-техникалық революция - өндіргіш күштер саласындағы революция.
Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғылыми - техникалық , мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Елдің ресурстармен қамтамасыз етілуі – табиғи ресрустар және оларды пайдалану арақатынасын білдіреді. Трансұлттық корпорациялар – халықаралық көлемде әрекет ететін және дүниежүзілік өнеркәсіп өндірісі мен сауданың басым бөлігіне бақылау жасайтын ірі компаниялар. Салыстырмалы өндіріс шығындар теориясы - өз елінде салыстырмалы түрде арзанға түсетін тауарларды өндіру мен экспорттау және өз елінде өндіруден әлдеқайда арзанға түсетін тауарларды сырттан әкелу. Сыртқы сауда саясаты – мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына бағытталған әсері.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Протекционизм – отандық экономиканы шетел бәсекесінен қорғау саясаты. Автаркия (томаға-тұйық шаруашылық) – бұл шаруашылықтың оқшаулану саясаты, елдің өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуі, ерікті немесе мәжбүрлі түрде әлемдік нарықтан жекеленуі. Халықаралық жұмысшы күші миграциясы – жұмыс күшінің бір елден екінші елге ауысуы. Иммиграция – елге жұмыс күшінің келуі. Эммиграция – елден жұмыс күшінің кетуі. Импорттық операция – бұл шеттен әкелу арқылы шетелдік мемлекеттерден тауарды сатып алу. Экспорттық операция – шетке шығару арқылы шетелдік мемлекеттерге тауарды сату. Реимпорттық операция – бұл бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. Реэкспорттық операция – бұл бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату. Экономикалық интеграция – бірыңғай шаруашылық организмін құруға бағытталған бірқатар елдердің ұлттық шаруашылықтарының жақындасуы және өзара біте-қайнасып кетуі. Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы – мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салық. Квота – белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді білдіреді. Капиталды шетке шығару – бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шетелге ауысуы. Портфельді инвестиция – шетел кәсіпорынына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін, акциялар, облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлері. ҚЫСҚАША ДӘРІС КУРСЫ Тақырып 1. Əлемдік экономика: мəні, қалыптасуы жəне даму кезеңдері Дәріс сабағының мазмұны: 1.
Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Əлемдік экономиканың мəні мен ерекшіліктері 2. Əлемдік экономиканың негізгі субъектілері 3. Еңбектің халықаралық бөлінісі жəне оның формалары 4. Халықаралық экономикалық қатынастардың (ХЭҚ) негізгі формалары 5. Əлемдік экономиканың даму кезеңдері Қандай да пәнді зерттеуге кіріскенде, оның объектісі мен мәнін анықтау қажет. Халықаралық экономикалық қатынастар да осы кағидаға бағынады. Бұл ғылымның объектісі - дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні - мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі - мемлекет болып табылады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Қаншалықты өзгеше болып көрінгенімен, халықаралық экономиканың мәнін түсіну жеңіл. Бұл жерде экономистер арасында терминологиялық айрықшалықтар кездескенімен, аса көп қайшылықтар жоқ. «Қысқаша сыртқы экономикалық сөздік-анықтамада» «Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикаларыарасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі»- деп жазылған. Ал кейбіреулерінде «Халықаралық экономикалық қатынастар (дүниежүжілік шаруашылық байланыстары) - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі» - делінген. Басқадай көптеген оқулықтар мен оқу құралдарындағы анықтамалар бұлардан онша ерекшеленбейді. Сонымен тұжырымдай келе, халықаралық экономика пәні әлемдегі көптеген елдер не үшін халықаралық сауда жасауға тырысатынын анықтауға мүмкіндік береді. Халықаралық экономикалық қатынастар басқа экономикалық қатынастар сияқты бір реттік, мызғымас қатынастардан тұрмайды. Оған үдайы өндірістің горизонталды ғана емес, вертикалды қатынастар сияқты әр түрлі реттік қатынастар енеді. Негізінде ұдайы өндірістік байланыстың кез келген бөлігі халықаралық болып келуі мүмкін. Бұл көптеген жағдайларға байланысты, бірақ ең біріншіден, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне енуіне байланысты болады. Осыған сәйкес, халықаралық экономикалық қатынастар әр түрлі түрлерге ие болады. Көптеген оқулықытар мен оқу құралдарында халықаралық эконмоикалық қатынастар түрлеріне мән берілмейді.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
«Халықаралық экономикалық қатынастар» - әлем елдері арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі.ХЭҚ маңызды түрлеріне халықаралык сауда, жұмысшы күші миграциясы, капиталды шетке шығару мен халықаралық несие, халықаралық валюталык және есеп айырысу қатынастары, халыкаралық ғылыми-техникалық және өндірістік байланыстар жатады.
Несие (лат. creditum - несие, credo - сенемін, сенім білдіремін), несие белгілі-бір мерзім бойы пайдаланып, қайтарылу үшін әдетте, пайыз төлеу шартымен ақшалай немесе тауар түрінде берілетін қарыз. Оның қозғалысы кезінде несиелер мен қарызгер арасында белгілі бір экономикалық қатынастар қалыптасады.
Бұл түрлері өзара тығыз байланысты және өзара әсер береді. ХЭҚ алдыңғы қатарындағы түрі халықаралық сауда болып табылады. Сауда «халықаралық» болып бастамасын ішкі рулық еңбек бөлінісіне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгін халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып, жаңа түрлерін тудыруда. Әрбір сауда қатынастары нәтижесінде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкін емес. Сондықтан келесі ХЭҚ-дың маңызды түрі - халықаралық қаржы (акша) қатынастары болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түріне ие болғандықтан, бұл түрін валюта-қаржы қатынастары деп атау қабылданған.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Бүгінде ол ХЭҚ-дың ең дамыған түрі. Ақша әр түрлі функция атқаратыны белгілі, оның ішінде ең бастылары айналым құралы, құнөлшемі мен қор жинау болып табылады. Ақшаның бұлфункциялары тарихи даму барысында бөлініп, жеке дара жаңа түрлерін тудыруда. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерін өмірге келтірді. Олардың шаруашылық өмірінің интернационализациясына ғана емес, белгілі бір даму деңгейінде ұлттық экономикалардың ингеграциясын тудырады. Әлемде интеграция процесі бір қалыпсыз, қайшылықты өтуде. Қазір ол әлемдік экономикалық процестердің ажырамас бөлігі болып, жер шарының белгілі бір аймақтарында ХЭҚ-ы шоғырландыруда. ХЭҚ-тар субъектісі дегенде, осы қатынастардың дамуы мен өзгеруіне белсеңді іс-әрекетімен әсер ететін ХЭҚ қатысушыларын айтамыз. Бұл ұғымның негізгі мазмұны халықаралық құқықта ашылған, бірақ ол әр түрлі субъектілерінің ХЭҚ-ғы орнының өзгеру әсерінен дамиды. Әлемдік экономика шығу тегі мен мәніне қарай нарықтық экономика болып табылады. Әлемдік экономиканың пайда болуының шарты әлемдік нарық болған. Нарықтық экономика өндіріс факторларына жеке меншіктің болуын жоспарлайды, осыған сәйкес оның қатысушылары (субъектілері) белгілі бір функциялары бар, тең құқылы меншік иелері болып табылады.
Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Ұғым - объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық.
Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
Нарықтық экономика субъектілерінің өзара байланыстылығының жалпы схемасын былай көрсетуге болады: «Үйшаруашылықтары (ресурс иелері)-кәсіпорындар (кәсіпкерлер)-мемлекет (шаруашылық процестердің іюттелуі)». Әлемдік экономика нарықтық болғандықтан, мұнда да сол субъектілер іс-әрекет етеді: жекелеген индивидтер (жеке тұлғалар); кәсіпорын, фирмалар (заңды тұлғалар); мемлекеттер мен оған қосымша ретінде халықаралық экономикалық үйымдар.
Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.
Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттык мемлекеттердің жиынтығы болып табылады.Осы шаруашылыққа дамыған және дамушы еддер енеді. Бұл процесс ХҮІ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уакытқа созылды. ХҮІ-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттық мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дүниежүзілік сипатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.
Дамушы елдер Дамушы елдер - империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы.
Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жетілік» елдердің көп экономикалық мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халкыныц 12-нан астамын құрайды. Осы «жетілік» үлесіне дүниежүзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50-дан артығы, ауыл шаруашылығы өнімнің 25-дан астамы келеді. Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа тұрғынымен салыстырғанда, «жетілікке» енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен. Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары өте жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын құрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бұл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы — әсіресе,
  1   2   3   4   5


жүктеу 1.15 Mb.