Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.06 Mb.



жүктеу 1.06 Mb.
бет1/7
Дата23.03.2017
өлшемі1.06 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар камитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ

Күндізгі оқу факультеті

Өрттің алдын алу пәндер

кафедрасы




«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы

техникалық ғылыми кандидаты

_______________ Қ.К.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Карменов


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»



Тақырыбы: Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.
Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .



Диплом жазушы: ______________Н. Исаев

Дипломдық жетекші:

ЖТП кафедрасының

аға оқытушысы

ө.қ.қ подполковнигі ________М.Тұрғынбаев


Көкшетау 2015 ж

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар камитеті

«Көкшетау техникалық институты» РММ

Күндізгі оқу факультеті

Өрттің алдын алу пәндер

кафедрасы




ТАПСЫРМА

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының дипломлық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша.


Жұмыс (жоба) тақырыбы: Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Маңғыстау облысы - Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік|әкімшілік бірлігі.


1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 157 «10» 09 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі «05» 06 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаны) бастапқы берілгендер компрессор станциясының жобасы.
Компрессор– ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина. Бұл гидравликалық машина сорғы қозғалтқыштан алған механикалык энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді; ең көп тараған түрі - поршеньді Компрессор цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді компрессорлар болып келеді.

4. Қысқаша мазмұны немесе өңдеуге жататын сұрақтар тізімі, тарауларды орындау мерзімдері.


Тарау атауы

Орындау

мерзімі


Кіріспе

01.02.2015ж

Қорғалатын объекттің қысқаша сипаттамасы

05.02.2015ж

Өрт қауіптілігін сараптау

15.02.2015ж

Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау

20.02.2015ж

АӨСҚ – ның гидравликалық есептелуі

25.02.2015ж

Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы

25.02.2015ж

Қорытынды

21.04.2015ж

Әдебиеттер тізімі

22.04.2015ж

Графикалық бөлімі

25.04.2015ж

Дипломды алдын-ала қорғау

17.05.2015ж






5. Консультанттар: Өрттің алдын алу кафедрасының оқытушысы өртке қарсы қызмет майоры _________________________________________А.Д.Салпыков
6. Бекітемін: ӨАА кафедрасының бастығы т.ғ.к, өртке қарсы қызмет полковнигі______________________________________________ Қ.К. Карменов

7. Жетекші: ЖТП кафедрасының аға оқытушысы өртке қарсы қызмет подполковнигі_______________________________________ М.Ж.Тұрғынбаев


8. Тапсырманы орындауға қабылдадым______________________ Н.А. Исаев



9. Тапсыру мерзімі « » 2015 жыл.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе

6

1.Тарау - Өрт қауіптілігін сараптау

12

1.1. Жалпы талаптар

12

1.2. Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

14

1.3. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

18

1.4. Ғимараттардың құрылымдар мен құрылыстардың электрлiк қондырғыларын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

19

1.5 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

22

1.6 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлiк жабдығын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

25

1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

27

1.8 Өрт сөндiру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

29

2.Тарау - Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі

30

2.1 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі

30

2.2 Газ өндіруді қарқындату тәртібі

31

2.3 Газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі

34

2.4 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері

38

2.5 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі

40

2.6 Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі

42

2.7 Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі

42

    1. Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі

43

2.9 Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі

44

3. Тарау - Қорғалатын объекттің жалпы сипаттамасы

45

3.1 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының Қазақстан Республикасында алатын орны

45

3.2 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының қысқаша сипаттамасы

46

3.3 Жер бедері мен ауа-райы

48

3.4 Негізгі ғимараттар мен құрылыстар

48

3.5 Негізгі ғимараттар мен құрылыстардың қысқаша сипаттамасы

49

4. Тарау - Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары

51

4.1 Элертр энергиясын тұтынушылар және энергетикалық жүктемелер

51

4.2 Компрессорлы

51

4.3 Электрлі химиялық қорғау іс-шаралары

51

4.4 Бақылау және автоматтандыру

52

4.5 Автоматтандырудың көлемі

53

5. Тарау - Өрт сөндіру қондырғыларын жобалау

55

5.1 Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану

55

5.2 Бастапқы өрт сөндіру құралдары

56

5.3 Автоматты көбікті өрт сөндіру қондырғыларының әрекет ету принцпі

56

5.4 Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі

58

5.5 Менің ұсынып отырған жұмысым «өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципі»

61

5.6 Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау

62

5.6.1 Жұмыстың қауіпсіздігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, пайдаланылғын шығындар

62

5.6.2 Нұсқаларды салыстыру және экономикалық нәтижені таңдау

63

6. Тарау - Техникалық қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар

65

6.1 Техникалық қызмет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау

66

6.2 Өрт дабылдағышын пайдалану және техникалық қызмет етуі

67

Қорытынды

69

Қолданылған әдебиеттер тізімі

70


Кіріспе
Менің дипломдық жобамның тақырыбы Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.

Менің бұл тақырыпты алу себебім Қазақстан Республикасының газ саласының одан әрі дамуы айтарлықтай әлеуметке ие, ол болашақта Қазақстанды табиғи газдың жетекші өндірушілері қатарына шығаруға мүмкіндік береді.
Табиғи газ - Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.
Осындай маңызды өндірістік объекті де өрт бола қалған жағдайда оны сөндірудің тиімді тәсілдерін яғни
өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципин ұсынып отырмын. Бұл автоматты өрт сөндіру қондырғысы өрттен келетін шығындарды азайтуға және агрегаттардың зақымдалуының алдын алатын шешімдердің бірі болады деп санаймын. Бұл жүйе жылу дабылдағышы арқылы жүзеге асады. Жылу дабылдағышы өзінің тиімділігімен ерекшеленіп жарты ғасыр бойы түрлі өндірістік ғимараттарда өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етуде.
Қорғаныс аймағы - инженерлік құрылыстармен жабдықталған жергілікті жер ауданы. Қорғаныс аймағы құрамалар (бірлестіктер) ұрыстық ретке (операцияға тізілу) жайылып, қорғаныс ұрысын (шайқасын) жүргізеді. Ұлы Отан соғысы жылдары мен соғыстан кейінгі кезенде қорғаныс аймағы тактикалык және оперативтік болып бөлінген.
Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.


Соңғы жылдары техниканың дамуы өзінің ықпалымен түрлі салалардың дамуына үлкен ықпал жасап, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштер көрсетіп жаңа техналогиялық процестерді үлкен қарқынмен даму үстінде. Осындай қарқынды дамулар ғимараттардың заманауи автоматты өртке қарсы қондырғыларына деген сұраныстарды арттыруда. Міне осыған байланысты автоматты өртке қарсы қорғау қондырғыларының рөлі артады және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді. Сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді және жаңартуды керек етеді.
Қарқын (Темп) - тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Өрт автоматикасының пайда болуы мен дамуы адам қоғамының ғылыми-техникалық прогресімен тығыз байланысты. Өрт сөндірудің автоматтанған құрылғылары өте ертедегі деректерде келтірілген. Жекелеген түрде, өртпен күресу үшін әртүрлі техникалық құрылғылардың баяндалуы Архимед еңбектерінде, грек механик оқымыстысы Ктесибитя – б.з.д. ІІ-І ғасырларда Александрияда өмір сүріп, су көтеретін сорғышты ойлап шығарған, Герон Александрийскийдің, Пифагордың трактаттарында, рим архитекторы Витрувия және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.

Алғашқы (нақты көрсетілген дерек) рет өрт сөндірудің автоматты құрылғысын 1973 жылы ағылшын Джон Грин патентін ұсынған. Өкінішке орай, бұл құрылымның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі бізге жеткен жоқ. XVII ғасырдың аяғымен XVIII ғасырдың басында Батыс Европаның бірқатар елдерінде өрт сөндірудің автоматты құрылғылары облысында ойлап тапқыштық „жарқ” етті.

Самостық Пифагор (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570-490 жж. б.з.д) - ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.
Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
Олардың барлығы жарылғыш құрылғылармен жасалды, жұмыс істеген кезде ыдыстан лақтырылып және өрт сөндіру құралдары шашылды. Мұндай құрылғылардың қатарына 1708 – 1710 жылдары Ресейде І Петрдің қатысуымен жасалған бөшке тәрізді ыдыстар, 1715 жылы Захари Грейлем (Германия), 1723 жылы – Годфрей (Англия), в 1770 жылы. – артилерия полковнигі Роттың (Германия) құрылғылары жатады. 1769 жылы К. Д. Фролов қазіргі пайдаланылып жүрген өрт сөндірудің қондырғысының туындысының макеті мен жобасын жасағанын жариялады. 36 жыл өткен соң 1806 жылы ағылшын Джон Кэри осыған ұқсас қондырғыны патенттеді.

XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе соңғы он жылында су шашатын түтікті және дренчер қондырғыларының шығуымен есте қалады, олардың „тууы” және жаппай таралуы Стюарт Гарисон (Англия), Генри Пармели и Фредерик Гриннеля (АҚШ) есімдерімен тығыз байланысты.

1769-1770 жылдары орыс офицері К.Д.Фроловпен қазіргі заманғы сулы өрт сөндіру қондырғысының жобасы мен макеті шығарылды. Жоба сипаттамасында автор өрт машинасының су өткізгіш қондырғысы ретінде қолдана алатынын жазған. Оның механизмы өте қарапайым болатын.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Қозғалтқыш ретінде кривошипно-шатунный механизмды қозғалысқа келтіретін су құйғыш дөңгелек қызмет еткен. Өрт жағдайында тұрақтар аяғына «шприцтары бар былғары жеңдер» отырғызылатын және өрт ошағына суды беретін кран ашылатын. Шатырлы бөлмелерге су тұрақтар бойынша берілетін. Мұндай бөлмелер ішінде суды барлық бөлмелер бойынша шашырату үшін тесіктері бар көлденең құбырлар орналастырылған. Бірақ бұл жоба практикада қолданылмаған болатын, ал суреттер мен қондырғының сипаттамасы мұрағатарда сақталған.

1806 жылы ағылшын Джон Кэри сәйкес келуші қондырғыны жасап шығарады және оған патент алады. Фролов пен Кэридің конструкциясынан автоматты жүйелерге дейін бір ғана қадам қалған болатын. Және ол 1864 жылы ағылшын ғалымы Стюарт Гаррисонмен жасалды, ол қондырғыны шашыратқышпен жабдықтаған.

1874 ж. «Пармели и К°» американ фирмасы спринклер (ағылшын сөзінен аударғанда «шашырату») деген атаққа ие болған шашыратқыш конструкциясын өңдейді.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.
Жеті жылдан кейін Пьер Ориоль (Франция) «Ориоль автоматты өрт сөндіргішін» құрады. Оның жұмыс істеу принципі алдындағы белгілі жүйелерден шашыратқыш конструкциясынан басқа ерекшеліктері болмаған. Суды шашырату үшін торлы шашыратқышты пайдаланған. 1881 жылы Фридерик Гриннель (АҚШ) барлық бағыттарда спринклерден суды бере алатын сәулелегішті шығарады.

Алғашқы өндірістік спринклерлі қондырғылар оларға спринклерлі бастиектермен қосылған су өткізгіш жүйе түрінде болатын. Спринклердің негізгі бөлігі бірнеше жұқа пластинкалардан тұратын, белгілі бір балқу температурасы бар өзара жеңіл балқитын металлмен байланысқан көпір түрінде болады.

Балқу температурасы - кристалдық күйден сұйык күйге фазалық өту болатын температура.
Қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған кезде көпірдің жеңіл балқығыш металлы балқыған болатын, және спринклер ашылып қалатын. Судың шашырауын тоқтату су өткізгіш жүйенің кранын жабумен тоқтатуға болатын.

Спринклерлі жүйелерге сол кездің өзінде-ақ қатаң талаптар ұсынылатын: судың қорғалатын ауданға тепе-тең және жеткілікті мөлшерде түсуі; спринклердің жеңіл балқығыш құлыбы белгілі температура кезінде тығынның босатылуына бөгет жасамайтындай ыдырауы қажет етілетін. Бұл шарттарға Америкада кең қолданыс тапқан «Гриннель» спринклері жауап берген болатын, ал содан кейін барлық өндірістік дамыған елдерде.

Дамыған елдер - индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.

Англияда 1882-1904 жылдары спринклерлі қондырғылар 2,5 мың фабрикалар мен зауыттарда орналастырылған болатын.

Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.
Олардың өндірісін ағылшын акционерлік қоғамы «Матер и Платт» жүзеге асырған. Сипаттамада көрсетілгендей, өрт сөндіргіш су құбырларымен қолданылған, не қалалық құбырға, не қорғалатын бөлме үстінен белгілі бір биіктікте орнатылатын арнайы бакқа қосылған. Төбе бойынша бір-бірінен 2,5-3,0 м қашықтықта су өткізгіш құбырдың бірнеше параллельді қатарларымен өткізеді. Әрбір құбырда 3,0-3,5 м қашықтықта спринклерлер орнатылады.

Ресейде «Гриннель» спринклерлі қондырғылары 1891 жылдан бастап қолданыла бастады. Сулы өрт сөндіретін автоматты қондырғыларды құру бойынша жұмыстар бірнеше бағыттарда бір уақытта жүргізілетін. 1882 жылы Ф. Баром Варшавада «автоматты сөндіру және өрт көрсеткішін» өңдейді.

Варша́ва (пол. Warszawa [varˈʂava] (ақп.)) - Польшадағы көлемі және тұрғындары жағынан алғанда ең үлкен қала. 1596 жылы Вавель қорғанының өртенген сәтінде Сигизмунд ІІІ өз резиденциясын осында ауыстырған сәтінде ресми түрде қала мәртебесін алды, сонда да Конституция бойынша 1791 жылы ғана астана мәртебесі бекітілген болатын.
Онда суды жауын түрінде шығару үшін клапандардың ашылуы электр көмегімен жүзеге асырылған. Дыбыс клапандарға оқшаулағыш массамен жабылған, сымдар түрінде жасалған датчиктен түскен. Температураның жоғаралауы кезінде бұл масса балқитын, және сымдар соңы қосарласа отырып электр тізбегін тұйықтаған. Осымен бір уақытта электр қоңырауының тізбегі тұйықталады және дабыл дыбысы берілетін. 1882 ж. тамыз айында В. Ванкербергер (Брюссельден) фабрика бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолдану қажеттілігін ұсынды, оның сезгіш элементі түрлі кеңею коэфициенттеріне ие болған металл жинақтарынан тұратын пластинка болып табылатын. Температураның жоғарылауы кезінде пластинка механикалық тартпаны қозғалысқа келтіреді, оның әсерінен буөткізгіш жүйенің краны ашылып және қоңырау іске қосылатын. Автордың пікірі бойынша, бөлмедегі жоғары температура кезінде жеңіл жанғыш шнур көмегімен белгілі бір жағдайда ұсталатын болат пластинканы қолдануға болады.

Бір ай бұрын Ресейдің патенттік ведомствасына казан сатушысы Ю.Кюн ұсыныс жасады, оның ұсынысында су өткізгіш құбырларда герметикалық клапандары бар конустық құбыршалар орнатылған. 1884 ж. 23 мамырда, яғни Ф.Гриннельден бір ай бұрын Н.П. Зимин патенттік ведомстваға автоматты өрт сөндіргішті ұсынады, оның ұсынысында су шашатын тор шыны немесе фарфорлы колпактармен тығыз жабылған. Бұл колпак жеңіл тұтанғыш заттың жануы кезіндегі қозғалысқа келтірілетін жүкпен немесе жеңіл балқғыш металлдың балқуы кезінде бұзылатын. Су өткізгіш жүйенің тірегіш құрылғысы ретінде шыны колпактың қолданылуы агрессивты орталарда сулы өрт сөндіру қондырғыларының қолданылуға мүмкіндік берді. Бұл өте маңызды жетістік болатын, өйткені «Гриннель» спринклерлері металл коррозиясының нәтижесінде қышқыл бар атмосферада іске сирек қосылатын.

1893 жылы Ф. Гриннель Ресейде өзінің спринклеріне жаңа толықтырулар алады, оның сипаттамасы былайша көрсетілген еді «ауаның, тежегіш газдар мен судың әсерінен клапандардың бүлінуін жою, олардың нәтижесінде клапан керек кезінде ашылмай, ал қажет кезде ашылуы мүмкін». Ол оларды шыныдан, фарфордан және кремнийлі қосылыстардан жасауды ұсынады. Бұл спринклер «бульб-спринклер» деген атпен белгілі болды.

«Гриннель» спринклерлерінен басқа, өткен ғасырдың аяғында басқа да үлгілер қолданылған. Олардың арасында австрийлік Х. Линзердің спринклері өзінің белгілі ерекшеліктерімен ажыратылған. Жеңіл балқығыш металлдан жасалған көпіршек, клапанның үстінде емес, басқа жаққа енгізілген, нәтижесінде қысылу емес, керісінше созылу әсер еткен. Екінші ерекшелік былайша қорытындыланды, клапан серіппелі диаграммаға емес, металл төстікке тірелген. Жұмыс істеу принципінің өзі Гриннельде тәрізді болған. Мамандардың пікірі бойынша, «Линзер» спринклерінің жетіспеушілігі ондағы қозғалғыш бөлшектердің бар болуы болған.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.

Фабрикалар мен зауыттарды қорғау үшін осы сияқты Ньютон және А. Пашковский спринклерлері қолданылған. Орыс ғалымы Пашковскийдің спринклерлері Гриннель және Ньютон спринклерлерінің арасында орта жағдайға ие болды. Аталғандармен салыстырғанда, Пашковский конструкциялары спринклерлердің бастиегін ауыстармауынсыз жұмыс қалпына келтіруге мүмкіндігі бар болған. Ескі бастиекке жаңа мостикті салу жеткілікті болатын. Бұл экономикалық тиімді болған, өйткені спринклерлі бастиектер қымбат тұратын. Құбыр өткізгіштердегі су маңызды жеңілдетілген, өйткені оның болмауы немесе кіші қысым спринклерден судың бөлінуіне әкелген. Барлық қондырғылардың 90% «Гриннель» спринклерлері құраған.

Бөлмелерді қорғау үшін сулы өрт сөндіру автоматты қондырғыларын қолдану отпен күрес ісіне зор үлестер қосты. 1904 жылы сақтандырушы өкіл Бэтлей Англияның спринклерлі фабрикаларында болған барлық өрттер анализын жасады. 810 өрттердің ішінде 734 (91%) спринклерлермен сөндірілген. Анализ кезінде спринклермен қорғалған фабрикалар мен зауыттардағы барлық өрттер ескерілген.

Бұл құрылғыларда оттан сенімді қорғанышты көрген, және 1895 жылы барлық дүние жүзінде 3 млн. 250 мың «Гриннель» спринклері саналған, онымен 12 мың ғимарат қорғалған. ХХ ғасырдың басында спринклерлі қондырғылар көмегімен жер бетінде 15 мың өрт тоқтатылған.

ХХ ғасырдың басында сол сияқты өрт автоматикасы аумағында біршама жаңа жетістіктер жасалған, меншігінде автоматты хабарлағыштар (бастапқыда жеңіл балқығыш сезгіш элементтермен, кейін биметаллды пластиналармен), троссты жібергіші бар химиялық көбікті сөндірудің автоматты қондырғылары, автоматты ұнтақты от сөндіргіштер («Пожарогас» от сөндіргіші) пайда болды.

ХХ ғасырдың 20 жылдар басы мен 30 жылдарда отандық автоматты өрт дабылдағыштарының жүйелері, сулы, газды және көбікті өрт сөндіру қондырғылары құрылған. Олардың құрылуында көп көмек көрсеткен Өрт лабораториясының ғылыми-зерттеу орталығы (ЦНИПЛ. 1930 ж.), кейін оның аты Өртке қарсы қорғанысының орталық ғылыми-зерттеу институтына (ЦНИИПО, 1937 ж.), ал 1968 жылдан бастап Өртке қарсы қорғанысының барлық одақтық ғылыми-зерттеу институтына (ВНИИПО) ауыстырылды. Қазіргі уақытта – Ресей ІІМ Федералдық мемлекеттік мекеме (ФММ) Өртке қарсы қорғанысының барлық Ресейлік ғылыми-зерттеу институты (ВНИИПО).

Автоматты өрттен қорғау өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Су шашатын және дренчерлі қондырғылардың эксплутациясының жарты ғасырдан астам уақыт тәжірибесі шаруашылық нысандарының өртен қарсы қорғауын қамтамасыз етуде.

Техниканың дамуы өзінің механизация және автоматизациясы, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштегі жаңа технологиялық процестерді дамытады, олар қоймаларда шикізат және дайын өнімдерді ұзақ сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты өртке қарсы қорғау автоматикасының рөлі артады, және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді, сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді керек етеді. Бірақ та өз кезегінде, экономиканың кез келген саласындағы техникалық прогресс өртке қарсы қамтамасыз ету прблемаларымен тығыз байланысты, өйткені ол өрттің пайда болуы мен шығынның үлкен мөлшерінен бөлініп кете алмайды. Үлкен көлемдегі емес өрттердің өзі қазіргі таңда ертеректе ірі өрттер нәтижесінде болатын мөлшердегі үлкен шығындар мен салдарлар туғызады. Осының бәрі өрттен қарсы қамтамасыз ету проблемаларын қамтамасыз ету біздің республиканың ең өзекті проблемаларының бірі болып табылады.

Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауға қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында локалдық тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды звено болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егерде 60-шы жылдардың ортасында, 70-шы жылдардың бас кезінде өнеркәсіптік өндірістің цехтарында қызмет көрсететін қызметшілердің саны жеткілікті болды, нәтижесінде де қабілетті еркін өрт есептерін жасауға болатын, яғни өртті дер кезінде байқап, хабарлап, уақытысында сөндіруге болатын болса, қазіргі уақытта сондай мөлшердегі цехтарда тек бірнеше операторлардың (кейде бір-екеу) болуынан, олар пайда болған өртті байқамаулары мүмкін. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.

Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру – бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы енгізілу санының үздіксіз өсуі.

Жоғарыда келтірілген фактілерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасау қиын емес, өртке қарсы қорғаудың даму қарқыны өрттің материалдық қаупінің даму қарқынынан, яғни жаңа бұйымдардың, қондырғылардың, машиналар мен технологиялардың жасалу мүмкіндігінен қалып келеді. Осыған қарай, пайда болатын өрттердің санымен, олардан келетін шығын тенденциясы да артады. Бұл тенденцияны басу үшін көп мөлшерде адамдық және материалдық ресурстар (оның ішінде қымбат тұратындары, өрт автоматикасы құралдары сияқты) жұмсалады. Бұл тенденцияны тұрақтандыруға, керек болса азайтуға болады, егер де, өрт қауіптілігін бақылайтын өрттен қорғаудың барлық деңгей ұйымдастырылған күйде болса, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу нәтижелері, тәжірибелі-конструкторлық нәтижелер, тәжірибелі өндірістер. Осының көмегінің нәтижесінде дер кезінде потенциалды өрт қаупі нәтижесін анықтауға, қауіп көздерін жою іс-шараларын жүргізуге болады. Тек осындай жағдайда ғана алдын алу қызметі толық көлемде бақылау жасауға, өрттен қорғау шараларын жақсартуға мүмкіндік алады.

Өрттен қорғаудың мұндай мүмкіншіліктері іске асқанша, қазіргі кезде өрт қаупі потенциалын арттыруда ӨҚАҚ ең таңдаулы құрал болып саналады. Өртке қарсы қорғаудың конструктивті шешімі оның алдына қойған мақсатына және оның құрылысына байланысты. Өртке қарсы қорғаудың техникалық жүйелерінің спецификасы оны қандай дәрежеде қолдануына байланысты болады. Мысалы, өрт туралы хабарлау және сезу жүйелері, өрт қажеттілігіне суды беру жүйесі, өртті автоматты түрде сөндіру жүйелері қазіргі кезде өте көп таралған болып келеді.

Автоматикалық өртке қарсы қорғау жүйесінің дұрыс есептелуі және жобалануы жоғары тиімділікке жеткізеді, өрт бөлімдері келгенше өрт көзін жоюды қамтамасыз етеді немесе олардың жұмысы үшін тиімді шарттар тудырады. Сонымен бірге бұл жүйелер әлі де маңызды тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ету талаптары орындалуына жеткіліксіз.

Өрттен қорғаудың нақты шешімдері пайда болғанша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал автоматикалық өртке қарсы қорғау болып табылады.

  1   2   3   4   5   6   7

  • Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»
  • ТАПСЫРМА

  • жүктеу 1.06 Mb.