Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.26 Mb.



жүктеу 1.26 Mb.
бет4/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.26 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


1   2   3   4   5   6   7   8

2.2.Сәулеттендіру

Аумақтарда көгаландыру, сәулеттендіру жұмыстары (тротуарлар) жаяу соқпақтар, қоршаулар, қоқыс салғыштар (урна),отырғыштар қарастырылған.

Шаруашылық мұқтаждықтар үшін 320-8 (Шаруашылық алаңдар үшін аз сәулетті үлгідегі жобалар) қоқыс үшін контейнер 1-дана қарастырылған.

Контейнер - автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара).

Аумақты қорғау үшін металл түрі М3В болып келетін металл торлардан және биіктігі 2м, диаметрі D-114мм тіреуші темір құбыр жасалынған ұзындығы 705м қоршаумен қоршалған.

Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі - метр.

Көрші ғимараттармен байланыстыру үшін ені 1м, жалпы ауданы 70 м2 болып келетін жаяу соқпақтар (тротуар) қарастырылған.

Жақсы санитарлық-гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету үшін көгаландыру жұмыстары ескерілген. Ғимарат жандарында IC-1A 1-дана орындық, II типті 2-дана қоқыс салғыш (урна) 310-54 (Шаруашылық алаңдар үшін аз сәулетті үлгідегі жобалар) бойынша қарастырылған.




3.Экономикалық техникалық көрсеткіштер

Қоршалған аумақ ауданы – 1,82 га

Салынған құрылыс ауданы – 0,5 га

Алаң ішіндегі жабындылар ауданы және

оның ішіне кіретін жүру өткелдері – 0,33 га

Тротуарлық төсегіштер ауданы – 0,007 га

Қоршау ұзындығы – 705м

Көгаландыру жұмыстарына бөлінген аумақ ауданы – 0,009 га

Құрылыс коэффициенті – 28 %

Көгаландыру коэффициенті – 0.5 %



Құрылыстық - сәулеттік шешімдер

Бұл жобада келесі ғимараттардың құрылысы ескерілген.



Компрессорлық

Компрессорлық ғимараты – бір қабатты, тіктөртбұрыш тәрізді жоспарда көрсетілген өлшемдері 16х42м.

Ғимарат қаңқасы, жақтаулық байланыстар схемасы негізгі тіреуші құрылымдар мен металлдық фермалар болып табылады. Бағана және өткізу жолдары темір өнімдерінен жасалынған.

Ғимарат қаңқасы мықты болуы үшін бір-бірімен байланыстырылып жасалынған.

Жапқыш құрылымдар “ Сэнвич ” тәрізді шатыр және қабырға панельдерінен жасалынған. Терезелер МЕСТ 12506-84, ал есіктер МЕСТ 14624-84 бойынша қабылданып, салынған.

Операторлық басқару орталығы

Қолмен басқару (РУ) орталығы

Қолмен басқару және операторлық ғимараттарының өлшемдері 6447х2489 (Қолмен басқару ғимараты ) және 6474х7467 (операторлық ғимараттары) Пенза қаласында өндірілген блок-контейнерлерден салынған.

Блок-контейнерлер бір-бірімен болттар арқылы тартылған және қажеттілігіне қарай ғимарат ретінде қолданылады.

Блок-контейнерлер іргетасы МЕСТ 13579-78 бойынша қабылданған.Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.

Алаң ішіндегі желілердің құрылысы келесі ғимараттармен қарастырылған:


  • Көлемі V- 12,5м3 болатын дренажды сыйымдылық

  • ГРПШ және оны қоршаған аумағы

  • Конденсат жинау алаңы

  • КТПК-Э іргетасы

  • Жарықтатқыш діңгегі

  • 1 орынды әжетқана

  • 2 дана лафетті оқпан қоюға арналған алаңы

  • Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы

  • Көлемі V-8м3 жаңбырлы-өндірістік суларды жинайтын дренажды сыйымдылық

  • Жапқыш алаңындағы алаң

  • Көлемі V- 12,5м3 болатын дренажды сыйымдылық

Көлемі V- 12,5м3 болатын жер асты дренажды сыйымдылығы жоспарда көрсетілген өлшемі 7,0х3,0м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм монолитті сульфатты бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын бетоннан жасалынған.
Сульфаттар. Сульфидтерде күкірттің өзі жеке түрде аниондық ролін атқарады, ал сульфаттарда күкірт оттекпен қосылып күрделі (комплексті) [SО4 ]-2 анион құрайды. Күкірттің осы сияқты екі түрлі күйде болуы негізінде: оттек жетіспейтін жерде күкірт жеке анион болады, ал оттек жеткілікті жерде күкірт ең алдымен сол оттегіне қосылып, комплексті ион құрайды.
Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.
Периметр (гр. perimetron - айнала өлшеймін) түйықталған жазық пішіннің шегі; түйықталған жазық пішін шегінің ұзындығы. Мысалы, көп бұрыштың периметрі оның қабырғаларының қосындысына тең.
Дренажды сыйымдылық-Зауытта құрыштан жасалған. Сыйымдылық бетон іргетасына қамыттармен (хпмуттар) бекітілген.Іргетас жоспар бойынша өлшемдері 3,8х2,6м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Дренажды сыйымдылық жанында қоқыс құбыры (септик) қарастырылған. Ол темірбетоннан диаметрі 1,5м шеңбер тәрізді, теріңдігі 1,65м етіп жасалынған.Қоқыс құбыры (септик) беті темірбетон плитасымен жабылған.Құдық түбі жоба бойынша темірбетон плитасымен жасалынған.

- ГРПШ және оны қоршаған аумағы.

ГРПШ аумағы – жоспар бойынша қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық нығыздалған және қорғағыштармен қорғалған алаң. Тіректер диаметрі 108мм болатын құбырдан қойылған. Тірек негізіндегі бетон- өлшемі 1,4х0,7м бетонның В 15 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.

- Конденсат жинау алаңы

Конденсат жинауға арналған алаң – жоспар бойынша сыйымдылығы жоспарда көрсетілген өлшемі 4,5х4,5м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм монолитті сульфатты бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм жасалынған бетоннан жасалынған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.

Сыйымдылық асты іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 0,8х0,8м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Технологиялық құбырларға әр түрлі биіктіктегі жоба бойынша тіреулер қойылған.Тіреулер бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.

- КТПК-Э іргетасы

КТПК-Э іргетасы МЕСТ 13579-78 бойынша қабылданған. МЕСТ 13579-78 бойынша өлшемдері 2,2х4,8 болатын құрастырмалы блоктардан тұрады. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.

- Жарықтатқыш діңгегі

Жарықтатқыш діңгегі ұзындығы 22м болып келетін темірбетоннан жасалынған. Жарықтатқыш діңгегі жерге бұрғылау әдісімен орналастырылған.

Жарықтатқыш діңгегінің орнықтылығы үшін темірбетонды ригельдер қолданылған. Жарықтатқыш діңгегінің түбі қиыршақ тастар нығыздалып салынған. Жарықтатқыш діңгегінің 19,7м биіктігінде металлды баспалдағымен қызмет көрсету алаңы орналастырылған.Темірбетонды баған мен металл констукциялардың байланыстырылуы металлдық сағалармен орындалған. Сағаға металлдық алаңшаның бекіту монтаждық болттармен орындалған.Металлдық баспалдақтар әр 1,5м арақашықта қамыттар (хомуттар) арқылы бекітелген.

-1 орынды әжетқана

1 орындық әжетқана – жоспар бойынша өлшемдері 1,1х2,6м болатын ағаштан салынған.Шұңқыры бетоннан жасалынған, ал өлшемдері жоспар бойынша 1,5х1,85м болып келетін бетонның В 15 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 50мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.

- Лафетті оқпан қоюға арналған алаң.

Лафетті оқпан қоюға арналған алаңы жоспар бойынша өлшемдері 1,0х1,0м болатын бетонның В 15 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Қызмет көрсету алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған. Металл констукциялардың бір-бірімен байланыстырылуына 6мм жігін (шва) дәнекерлеу жұмыстары қолданылған.

- Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы

Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы жоспар бойынша өлшемдері 7,0х10,0м бетонның В 15 W8 классты қалыңдығы 50мм бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген. Сыйымдылық асты іргетасы өлшемі 1,2х0,4м бетонның В 20 классты монолитті сульфатты бетоннан және МЕСТ 13579-78 бойынша құрастырмалы темірбетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 1м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған. Технологиялық құбырларға әр түрлі биіктіктегі жоба бойынша тіреулер қойылған.Тіреулер бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.

Алаңда бетонды траптар қарастырылған. Бетонды траптарды тірейтін жоспар бойынша өлшемдері 0,5х0,5м, жерге отырғызу тереңдігі 0,40м болатын тіректер жасалынған.Тірек беті металлдық тормен жабылған. Негізі таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Қызмет көрсету алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған бағаннан және прокатты.

Қызмет көрсету алаңы және алаулы (факельный) газды сеператор алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған. Металл констукциялардың бір-бірімен байланыстырылуына 6мм жігін (шва) дәнекерлеу жұмыстары қолданылған.

- Алаулы (факельді) қондырғы іргетасы.

Алаулы (факельді) қондырғы іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 2,4х2,4м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Зәкір астындағы тартулар бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаулы (факельді) қондырғы және қызмет көрсету алаңы – зауытта жасалған. Алауды өртеу және оларды басқару жүйелері құрылады: реттейтін блок бетонның В 15 W8 классты бетоннан қалыңдығы 300мм бетон іргетасынан және басқару пульттінің жоспар бойынша өлшемдері 0,5х0,5м бетонның В 18 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.

- Көлемі V-8м3 жаңбырлы-өндірістік суларды жинайтын дренажды сыйымдылық

Көлемі V- 8м3 болатын дренажды сыйымдылық іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 4,0х3,0м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.

Көлденең болатты дренажды сыйымдылық – зауытта жасалған.Сыйымдылық бетонға бекітілген. Сыйымдылық асты бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 0,7м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.

- Технологиялық құбырлар тіректері.

Технологиялық құбырлар тіректері әр түрлі биіктіктегі және конструкциялардан жоспарланған.Тіректер бетонның В15 W8 классты болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.

- Жапқыш қондырғы (задвижки) астындағы алаң.

Құбырдың жапқыш қондырғы (задвижки) астындағы алаң жоспар бойынша өлшемдері 3,0х3,0м және 1,0х1,0м В15 классты қалыңдығы 300мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған.. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 0,5м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.

- Өрт сөндіру келесі құрылыс имараттарынан тұрады:

- Сорғыш станциясы

-Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары

Сорғыш станциясы

Жоспар бойынша өлшемі 6х12м болып келетін тіктөртбұрышты өртті сөндіруге арналған сорғыш имараты.

Имарат бір қабатты, биіктігі 5,35м, ал тасымалдаушы қабырға конструкциясының биіктігі 3,4м. Имарат ішінде 1 т жүкті көтеретін қолмен басқарылатын жүк көтергіш орналастырылған.

Сорғыш имарат негізі бетонның В20 W8 F50 классты болатын ленталық монолитті бетоннан жасалынған.Негізгі тіреуші қабырғалар ұлутас блоктарынан салынған.Ұстатқыш (перемычки) 4 үлгі 1,038 сериялы етіп қабылданған.

Ағаш терезелер МЕСТ 12506-84

Ағаш есіктер МЕСТ 14624-84 бойынша қабылданып жасалынған.

Жабынды – прокатты арқалық металлдық қуыстармен жасалынған.

Шатыр – қалыңдығы 100мм жазық бір еңісті “ Сэнвич ” тәрізді шатыр панельдерінен жасалынған.

Ғимарат айналасы ені 1,5м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.

-Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары тік цилиндрлік, көлемі 400м3 етіліп құрыштан зауытта жасалынған.

Цилиндр (көне грекше: κύλινδρος - білік, цилиндр) цилиндр немесе цилиндрлік бет - берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны; тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене .
Сыйымдылық диаметрі – 8530мм, биіктігі – 7460мм. Іргетасы негізі бетонның В20 W8 F50 классты болатын ленталық монолитті бетоннан жасалынған. Іргетас асты екі қабатты тығыздалған құмды-қиыршақ тас жастық қызметінде өтеу үшін төселген.

Сыртқы желілер үшін құрылыстар келесі имараттардан тұрады:

- диаметр 50мм болатын үрлеу май шамының іргетасынан

- технологиялық құбырлар тіректер

- диаметр50мм болатын үрлеу май шамы

Бұл құрылыс астары жоспар бойынша өлшемі 0,75х0,75м бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған

-Технологиялық құбырлар тіректері.

Технологиялық құбырлар тіректері әр түрлі биіктіктегі және конструкциялардан жоспарланған.Тіректер бетонның В15 W8 классты болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.



Технологиялық шешімдер

Осы бөлімде әзірленді: компрессорлы станцияның сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жабдық пен жұмыс көлемі, технологиялық имараттардың жинағы.

Компрессорлы станция «Сазтөбе» УПН шамшырақ желісінен «Сазтөбе-ГСП Толқын» УПН» газ құбырына ілеспе мұнай газын ажырату үшін жобаланды. С.Ш. Сазтөбе кен орнындағы УПН-да Тасым, О.Ш.Сазтөбе және С.Ш.Сазтөбе кен орындарынан ілеспе мұнай газын жинастыру жүргізіледі. Одан кейін газ тығыздалғаннан соң «Толқынмұнайгаз» газ жинастыру пунктіне жіберіледі. Мұнай газы ұзындығы 181 м, диаметрі 219 мм сорғыш газ құбыры арқылы компрессорлы станцияның жобаланған алаңына келеді. Көрсетілген газ құбырының жер бетіне шығысында құбырды қаңғыма тоқтардан құбырды қорғау үшін оқшаулағыш фланцілі қосу қарастырылған. Газ мұнай газын тамшылы сұйықтықтан ажырату үшін ГС1-4,0-600-1-И газ айырғышына кіреді. Газ айырғышындағы ауланған сұйықтықтың деңгейі электржетегімен реттеледі (ЗП7). Ауланған сұйықтық ЕНП-12,5-2000-1-3 сорғыту сыйымдылығына жеткізіледі. Газ айырғышында бекіткіш ысырмасымен газдың кірісі мен шығысының аралығында өшіргіш арматура мен байланысты желі қарастырылған. Газ айырғышынан кейін газ ГРПШ-ға бағытталады. Жалпы ұзындығы 375 м болатын компрессорлы станциядан айдау газ құбыры МЕСТ 8732-78 бойынша 159х8мм диаметрлі құбырдан жобаланған. Газқұбыры құбырдың түбіне дейін 0,8 м тереңдікке түсірілген. Айдау газқұбырының «УПН Сазтөбе – ГСП Толқын» газқұбырына дәнекерлеу жеріне дейінгі қашықтық 375 м. Автожолмен түйіскен жерде газқұбыры 426х10мм диаметрлі қорғағыш футлярға салынады. Қаптаманың шеттері көбікті-битумды тығыздағышпен тығыздалады. Құбырдың автожолмен түйіскен бұрышы 90º құрайды. Жер асты газқұбырының негізгі бөлігі ВСН 2-38-85 сәйкес ІІ санатқа жатқызылады. Автомобиль жолдарынан өту кезінде және құбырды дәнекерлеу барысында газқұбыры тиісінше 25м және 10м қашықтықта І санатқа жатқызылады. Құбырлардың бұрылу бұрыштарында ажыратқыш белгілер қойылады. Құбырды бітемеленуіне тексеру және беріктілігіне сынау Рсынау=1,25Ржұм. гидравликалық тәсілмен жүргізілгені дұрыс. Дәнекерленген түйісу орнын бақылау: 100% физикалық тәсілмен, оның ішіндегі 25% радиографиялық тәсілмен жүргізіледі.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Жер асты газқұбырларын оқшаулау күшейтілген (сырлау, оқшаулағыш поливинилді/хлорлы жабысқақ лента, ПЭКОМ қорғағыш орамасы).

Жобамен апаттық өшіру үшін электржетекті арматура қарастырылған. Арматура ғимараттан 4 м қашықтықта, 219 мм коллекторлы сорғышта (ЗПЗ) және 159 мм қысымдағышта (ЗП6) орнатылған. Сонымен қатар, электрожетекті өшіргіш арматурасы 325 мм (ЗП4) шамшырақ коллекторында және 57 мм кезекші шілтерге газды беру желісінде (ЗП4) орнатылған. Кіріс және шығыс негізгі коллекторлар, шамшырақты және сорғыту коллекторлары құбыр түбіне дейін 1,2 м биіктікте тірек эстакадасына ғимараттан 2,1 м қашықтықта қойылған.

Электрожетекті өшіргіш арматурасы УПН (ЗП2) сорғыш газқұбырында және 0,4 МП (артық) қысымымен газды 108 МП (артық) дейін тығыздау үшін «CameronCompressionSystems» фирмасының AJAX DPC-2802LE маркілі компрессорларын орнату қарастырылған.

Блокты компрессор болат қаңқаға құрылымдалады және оған компрессорлы қозғалтқыш, компрессор мен қозғалтқыштың май жүйесі, кіріс, аралық (әрбір қысым деңгейінен кейін) және шығыс айырғыштары, әрбір қысым деңгейінде соруда және қысымдауда пульсациялық сыйымдылықтың жинағы және газды деңгей/аралық және соңғы суытудың ауа суыту аппараты жатады. Сондай-ақ, АВО қозғалтқыш пен компрессорды суыту жүйесінде айналатын антифризбен суытылады.

Компрессормен бірге компрессор көрсеткіштерінің апаттық көрсеткіш жағдайында өшіруді және мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелінің жинағы да ұсынылады. «Жарылғышты және зиянды газбен жұмыс атқаратын поршенді компрессорлар құрылымы және қауіпсіз пайдалану ережесі» ПБ 03-582-03 сәйкес, мұнайлы газ құбырында ПАЗ компрессорының жүйесіне енгізілген пневмо/жетекті екі қатпарлы бекіткіш арматура мен қолмен іске қосылатын шарлы шүмек қарастырылады. Кірме айырғышының алдына «өзінен кейін» қысымды реттегіш орнатылады. Компрессордың айырғыштарында тамшылы ылғалды мұнай газынан (конденсат) ажырату жүзеге асырылады.

Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.
Компрессор айырғышымен қоса конденсатты автоматты түрде шығарудың барлық құбырлары жалпы коллекторға енгізілген. Коллектордан сорғыту V=12,5м3 сорғыту сыйымдылығына келіп түседі. Компрессорлардың сақтандырғыш клапандарында газды жалпы коллекторға шығару қарастырылған. Компрессорлардың апаттық тоқтау жағдайында газды автоматты түрде шығару да шамшыраққа шығарылады. Компрессорларды іске қосу және бос жұмыс істеу кезінде НК ПР және шуылды төмендету мақсатымен компрессорлы ғимаратқа шығарылған газды атмосфераға жергілікті шығару қарастырылған. Компрессорлы ғимаратта өрт сөндіру және газанализациялау жүйесі қарастырылады.

Газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады: технологиялық жүйеден газ шығуды автоматты анықтау (20% және 50% НКПР); газ детекторларынан персоналға ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл); 50% НКПР кезінде барлық айналып тұрған жабдықтардың автоматты түрде өшірілуі. Жобаланатын объектінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету үшін келесілер қарастырылады:

• апаттық жағдайда (аппараттардың бітемеленуінің бұзылуы, құбырлардың жарылуы, приборлардың ақаулығы, компрессорлы станция аумағында өрт болуы) газды қолданыстағы шамшырақ қондырғысына жіберу үшін УПН қолданыстағы шамшырақты газқұбырынан ЗП1 электрлі ысырманы ашу және УПН қосу кезінде жобаланатын сорғыш газқұбырында ЗП2 қашықтықты/электрлі ысырманы жабу арқылы УПН мұнай газын беруді тоқтату қарастырылады;

Прибор - 1) өлшеуге, өндірістік бақылауға, құрал-жабдықтарды қорғауға, машиналар мен қондырғыларды басқаруға, технол. процестерді реттеуге, есептеуге, санауға, есепке алуға арналған құрылғылардың үлкен тобының жалпы атауы.

сонымен қатар, апаттық жағдайда газды сорғыш газқұбырынан және компрессордан шығару және ол ЗП3 сорғыш коллекторында, ЗП6 қысымдағыш коллекторында электрлі ысырманы жабу және ЗП4 шамшырақты коллекторда электрлі/ысырманы ашу жолымен жобаланатын шамшырақты қондырғыда жағылады.

Қондырғының қосалқы жүйелері сорғыту сыйымдылығынан, шамшырақты жүйеден тұрады. Қосалқы жүйелер № 001/2009-KTM/IM/014/OKC-2-04 -002, -003, -004 № 001/2009-KTM/IM/014/OKC-2-06 -002, -007 сызбаларында көрсетілген.

ЕП-12,5-2000-1-3 үлгідегі 12,5м³ көлемді жер асты сорғыту сыйымдылығы сорғытуды жинастыру үшін қолданылады. Сорғыту сыйымдылығына келесі өнімдер: технологиялық қондырғылардан сорғыту (компрессорлар, шамшырақты айырғыш, газайырғышы), газайырғышынан конденсат келіп түседі. Сорғыту сыйымдылығынан бөлінген газ шашырату құбыры арқылы атмосфераға шығарылады. Сорғыту сыйымдылығының ішіне жалын немесе от еніп кетуінің алдын алу үшін газды шашырату құбырында от сақтандырғышы қарастырылған. Сорғыту сыйымдылығынан сорғыту УПАН-ғы келесі НГС-ке келіп түседі. Сору НВ 50/120 (беріліс- 50м3/сағ., қысым-120м) үлгідегі көлбеу орнатылған жартылай көмілген электр/сорғыш агрегатының көмегімен жүзеге асырылады. Сұйықтың деңгейі НВ 50/120 жартылай көмілген сорғышты өшірудің (төменгі деңгейге жеткенде) деңгейлі (жоғарғы және төменгі) датчиктерімен және оператор жайындағы дабылмен қадағаланады. Шамшырақты жүйе шамшырақты қондырғы, шамшырақты айырғыш және шамшырақты айырғыштың сорғышынан тұратын бастапқы жабдық бірліктерінен тұрады. Жинақталған сұйықтық ОСС 13-70 сорғышымен сорғыту желісінің коллекторына, ол жерден жер асты сорғыту сыйымдылығына келіп түседі. Жобада зауытта жасалған шамшырақты қондырғы қолданылды, шамшырақ ұңғымасының диаметрі – 300 мм, биіктігі – 15м, ГФНГ-250/200 шамшырақты ұшымен, шамшырақ жануын және жалынды бақылау жүйелерімен жабдықталған. Технологиялық құбырлар «Ру 10 Мп дейін болат технологиялық құбырларды жобалау жөніндегі нұсқаулық» СН 527-80 жобалаудың технологиялық нормаларына сәйкес жобаланды. Технологиялық құбырларға қырларының тиісті қалыңдығымен 20-шы маркілі болаттан жасалған МЕСТ 8732-78 бойынша 45 – 300 мм диаметрлі жіксіз болат құбырлар, сонымен қатар құбырлардың бөлшектері тиісті қысымға сәйкес МЕСТ 17375 - 17378-2001 бойынша дайындалады.

Арматура жарылғышқа қауіпсіз орындалуымен 1,6МП - 16МП қысымда қабылданады.

Технологиялық құбырларды тарту құбыр түбінен 0,5 метрден 1,2 мерге дейінгі төменгі тірек биіктігінде жер үсті және құбыр эстакадаларында (құбыр түбіне дейін 1,2 м) жүргізіледі.

Жер беті құбырларын оқшаулау: 2 қабатқа МЕСТ 25129-82 бойынша ГФ-021 грунтовкасымен сырлау, 100 мм – 40 мм дейін, 100 мм – 60 мм артық диаметрлі құбырлар үшін оқшаулау қалыңдылығымен минералды/мақталы, 0,8 мм қалыңдықтағы мырышты парақтармен оралады. Дәнекерленген жерлерді бақылау: 100% - радиографирлендіру тәсілімен. Құбырларды беріктілікке сынау және бітемеленуіне тексеру Рсынақ=1,25Ржұмыс гидравликалық тәсілмен жүргізгені дұрыс болады.

Автомобиль жолдарымен түйіскен жерлерде газқұбырлары жол жамылғысының үстіңгі қабатынан құбыр түбіне дейін 4,5 м жер бетінде, ал сорғыту құбырлары 273 мм диаметрлі қорғағыш футлярда тартылады. Қаптамалардың шеттері жол жамылғысынан әр тарапқа 2 м шығарылуы тиіс. Қаптаманың шеттері көбікті/битумды тығыздағышпен тығыздалады. Құбырдың автомобиль жолымен түйісу бұрышы 90º құрайды. Жобамен сорғыш сыйымдылығының жағына қарай 0,002 ылдилануымен құбыр үстіне дейін 1,2 – 1,3 м тереңдікте 65мм диаметрлі сорғыту құбырының желісін жер асты тарту қабылданды. Дәнекерленген жіктерін бақылау: 100% - радиографирлендіру тәсілімен. Құбырларды мықтылығына сынау және бітемеленуіне тексеру Рсынақ=1,25Ржұмыс гидравликалық тәсілмен жүзеге асырылады.


1   2   3   4   5   6   7   8

  • 3.Экономикалық техникалық көрсеткіштер
  • Құрылыстық - сәулеттік шешімдер
  • Компрессорлық
  • Операторлық басқару орталығы
  • Алаң ішіндегі желілердің құрылысы келесі ғимараттармен қарастырылған
  • Технологиялық шешімдер

  • жүктеу 1.26 Mb.