Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.26 Mb.



жүктеу 1.26 Mb.
бет2/8
Дата16.09.2017
өлшемі1.26 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


1   2   3   4   5   6   7   8

Алаң ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі.

Мұнай базаларының, құю және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиіс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгісі, ал тиек арматурасында нөмірлеуі болады. Қызмет көрсетуші персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды білу үшін құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.

Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бірге пайдалануға тапсыру алдында біріктіру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтеді.

Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor - су, aulos - түтік) - сүйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді.

Жер үстіндегі құбыр жолдарының бекітпелері мен тіреуіштерінің жағдайына, олардың қауіпті салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тіреуіштердің ақаулықтары дереу жойылады.

Құбыр жолдарының ішінде пайда болған шөгінділерді құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкін.

Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшін тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.

Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсіпорынның бас инженерімен бекітлген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.

Құбыр жолдарында тұйыққа тірелген жолдар болмауы тиіс. Ал бұндай жерлердің болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

Мұнай өнімдерімен толып тұрған құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.

Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі

Компрессор жұмыс істеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.

Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.

Компрессор– ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина. Бұл гидравликалық машина сорғы қозғалтқыштан алған механикалык энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді; ең көп тараған түрі - поршеньді Компрессор цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді компрессорлар болып келеді.

Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.

Компрессордың қажалатын бөлшектерін үнемі майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.

Қысудың әр сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Әуе қоспасы компоненттері құрамының жұмыстың әр режиміне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетілгеннен асуына жол берілмейді.

Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желілері шамалы артық газ қысымымен ұсталады.

Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желі сиректетуде болуы тиіс болса, газды қысылғаннан кейін құрамында оттегі болуына жүйелі түрде талдау жасалады.

Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелі герметикалықтығына тексеріледі. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.

Жарық беру құралдарын жөндеу кезінде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупі жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.

Аккумулятор (лат. accumulator - жинақтауыш) - химиялық реакция энергиясын электр энергиясына айналдыратын аспап; ол электр және су энергиясын гальвани батареяларының көмегімен жинайды. Ол жиналатын энергия түріне сәйкес электр аккумуляторы, гидравликалық аккумулятор, пневматикалық аккумулятор, жылу аккумуляторы, бу аккумуляторы және инерциялық аккумулятор болып бөлінеді.

Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.

Резервтегі компрессорлар газ қабылдау желілерінен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.

Әуе компрессорлары үшін ауа ғимараттың сыртында жиналады.

Жанғыш бу немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.

Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскені байқалғанда ол дереу тоқтатылады.

Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгінділері кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен шайып тазартылады.

Мұнай және газ өндіруді қарқындату тәртібі

Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру мұнай газ өндіретін кәсіпорынның басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

«Аварияларды жою жоспарын құру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдістерін жүргізуді ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспары белгіленген тәртіппен кәсіпорынның әкімшілігі әзірлеп, келісіледі және бекітеді.

Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік бекеті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.

Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталар іліп қойылады.

Жұмыс істеу кезінде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөліктің пайдаланылған құбырлары ұшқын өшірушілері бар сөндіргіштермен жабдықталады.

Агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарының ішіндегі мұнай мен химиялық реагенттердің қалдықтарын өнеркәсіптік канализацияға құюға жол берілмейді.

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін дұрыс ресімдеу кезінде мәміле жасасқанда төленген қосылған құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады.

Барлық өндірістік және қосалқы үй-жайлар, құрылыстар мен қоймалар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тиісті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берілмейді.

Жер үсті белсенді заттары, мұнай өнімдері қолданылатын объектілерде от жағуға, темекі шегуге үзілді-кесілді жол берілмейді.

Химиялық заттар қоспаларын дайындағанда, қолданғанда және оларды сақтағанда темекі шегуге және от шығаруға жол берілмейді. Темекіні арнайы бөлінген жерлерде шегуге болады.

Көбік реагенті және басқа да жанғыш химиялық заттар бар ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.

Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.

Реагентті қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастырылады.

Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе мұнай, газ желілерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.

Жұмыс аяқталғанға дейін және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.

Генератор(Generator) - 1) кіріс тілі проблемалы-бағытталған тіл болып табылатын аударғыштың бір түрі; 2) машиналық командаларды генерациялауды орындайтын аударғыштың құрамдас бөлігі. Жазбалар генераторы (Генератор записей; rekord generator) - тестілеуге қажетті жазбаларды құрастыруға арналған машиналык программа.

Жылжымалы электр жарығын беру ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.

Кернеу бөлгіш - шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.

Ұңғыманың қазбабөлім аймағына күннің жарығында бу, жылу өндеу жүргізуге рұқсат беріледі.

Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етіп қарастырылады.

Пеш белгіленген шектерде мұнайды ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткізуді өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталады.

Отын құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегіш құралдарына конденсаттың түсуін алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.

Пештің оттығын қосар алдында шиыршық түтікке мұнайдың толғанына көз жеткізіледі.

Мұнайға арналған ыдысы бар арбада (шанада) орнатылған электр жабдығы, сондай-ақ мұнайды қыздыруға арналған тұрақты қондырғылар жарылыстан қорғалып орындалады.

Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

Ыстық мұнай ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.

Саға- өзеннің теңізге, көлге (бөгенге), басқа өзенге және т.б. құйылатын жері; мұнда өзен суы булануға және топыраққа сіңуге шығындалумен қатар, суармалауға, сумен қамтуға және т.б. жұмсалып құрылық бетімен толық жайыла ағады.

Мұнайды айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейін барынша жоғары жұмыс қысымынан бір жарым еселі қысымға сығымдалуы тиіс.

Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс.

Ұңғыма - тау жыныстарында немесе пайдалы қазбаларда механикалық немесе өзге әдістермен бұрғыланған тау-кен қазындысы. Тереңдігі 5 м-ден асатын, диаметрі 75 мм-ден жоғары цилиндр пішінді болып келеді. Ұңғыманың кіреберісін ауызы, ал түбін үңгубет деп атайды.
Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталады.

Ұңғымаларды өндеу үшін тек газсыздандырылған конденсат ғана қолданылуы тиіс.

Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.

Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат беріледі.

Конденсатты автоцистернаға құю, ағызу алдында оны жерге қосу керек.

Автоцистерналардан газ конденсатын құйып ағызғанда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

Құю-ағызу, ұңғыманы өндеу тек күндізгі уақытта жүргізіледі.

Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елді мекендер шегінде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берілмейді.

Агрегаттар мен автоцистерналар ұңғыманың құйылысынан 25 метр қашықтықта және жел жағынан бір бірінен 6 метр аспайтын қашықтықта орнатылады.

Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.

Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берілмейді.

Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерісінде жұмыс істеу аумағындағы газдылық тексерілуі қажет. ШРҚ (шекті рұқсат етілген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.

Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.

Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейін және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат беріледі.

Атмосфералық қысым - атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді.

Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерісінде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.

Қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндіргіштермен және ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.

Агрегаттарда тікелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпсіз аймақ шегіне жібергеннен кейін ғана агрегаттарды іске қосуға рұқсат беріледі.

Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан мұнай торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиіс.

Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берілмейді.

Күш беретін қондырғылардың отын бактары өртке қауіпсіз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.

Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.

Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және мұнай мен газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.

Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық үй-жайларда және учаскенің басқа да объектілерінде газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі

Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегіш және тіреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты тексеріледі. Тексерістер мен қадағалау нәтижелері вахта журналына жазылады.

От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өртке қауіпсіз өлшеуіштер қолданылуы тиіс. Өлшеуіш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрі – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда жіберіледі.

Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.

Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін өртенбейтін материалдар қолданылады.

Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жіберер алдында жеткізу желілері қауіпті қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшін үрленеді.

Қыздырылған агентті аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бірте-бірте көтере отырып, баяу жүргізіледі.

Түсіру кезінде резервуар (ыдыс) аппараттарынан су мен жауын-шашынның тұнбаларының ағысы қадағаланады, жұмыс алаңшалары мен аумаққа мұнайдың төгілуіне жол берілмейді.

Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су.

Сақтандырғыш клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұру жолымен жабдықталады.

Диаметр (гр. diametr - поперечник) - тұйық фигуралардың диаметрі, оның ең үлкен хордасы, яғни шеңбердің орталығы арқылы өтетін хорда. Кейінірек диаметр ұғымы метрикалық кеңістіктегі нысандарға да қолданылатын болды.

Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.

Мұнай және газ аулағыштар өртенбейтін материалдардан салынуы тиіс. Ашық мұнай аулағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.

Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындыларымен жабылады.

Шамшырақ тіреушесі кемінде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемінде 1 метр топырақпен үйіп бекітіледі, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.

Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.

Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.

Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.

Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.

Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.

Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.

Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.

Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.

Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.

Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.

Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.

Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.

Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.

Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.

Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.

Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.

Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.

Авария немесе өрт шыққан жағдайларда мұнай құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс.

Жағалау - құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ.
Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.

Авариялық ыдыстан ішіне ыстық сұйықтықты түсірер алдында ұқыпты түрде суланған өнімдерді шығарып, құрғақ бу жіберіледі.

Пеш форсункаларының фронттарында, ұқсас камераларда өрт шыққанда, көмейі мен түтіндігінде қара күйе жанғанда өрт сөндіру желілері арқылы бу жіберіп, өртке қарсы қызметі шақырылады.

Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.

Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Пеш- отын жағу, электр энергиясын түрлендіру нәтижесінде алынған жылуды ғимараттарды жылытуға, материалдар мен бұйымдарды жылулық өңдеуге, т.б. мақсаттарға қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы. Пеш жылу алынатын бөліктен, өңделмекші материалдар мен бұйымдар орналастырылатын жұмыстық кеңістіктен, бұйымдарды суытуға арналған жылу әкеткіштен, отын немесе электр энергиясын жеткізетін бөліктен, отын жанғанда бөлінетін қалдық заттарды сыртқа шығаратын құрылғыдан, материалдар мен бұйымдарды Пешке салатын, тасымалдайтын механизмнен, Пешті автоматты басқару жүйесінен, жанудан бөлінген газдардың қызуын пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылардан т.б. тұрады.

Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.

Мұнай айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.

Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.

Трематодтар - Бауырды немесе дененің басқа да беліктерін зақымдайтын және әртүрлі аурулар туғызатын құрттар. Қансорғыш қанға түсіп, шистосомоз ауруын туғызады.

Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.

Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.

Сорғыштардың астында жағар майлардың жиналуына, ағуына және шашырауына жол берілмейді. Сорғыш үй-жайларының едендерін таза ұстап, үнемі сумен шайылады.

Сорғыш үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.

Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.

Сорғыш бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол беріледі. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.

Сорғыш бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.

Сорғышты іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.

Төгіліп қалған мұнай өнімдерін жою үшін сорғыш бөлмелері резина шлангтан су ағысымен жабдықталады.

Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, төгіліп қалған мұнай жойылып, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.

Сорғыш станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш» деген бөлімінің ережелері қолданылады.

Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Құбыр жолдарының (мұнай, газ құбырлары) тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттік стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.

Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.

Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.

Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.

Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.

Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.

Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.

Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 800 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.

Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне мұнай мен газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.

Ақаулықтар дереу жойылады.

Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.

Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.

Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.

Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.

Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.

Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.

Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:

вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;

ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.

Вакуум (лат. vacuum - қуыс, бостық) - кеңістіктің еш заттегісіз күйі (физикалық вакуум), кейде газдық қысымы атмосфералық қысымнан әлдеқайда аздығын (техникалық вакуум) айтады. Вакуум - атмосфералық қысымның төменгі жайындағы газ қалыбы.

Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.

Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері

Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.

Тыйым салушы белгілер (орыс. запрещающие знаки) - Жол белгілері және сигналдары жөніндегі Вена конвенциясының «C» бөліміне сәйкес жол белгілері.

Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.

Маршрут (route) - графтың екі төбесінің арасындығы жол; есептеу желісінің тораптары мен терминалдарының арасындағы хабарламаны жеткізу жолы; микрокомпьютерлерде - жинақтауыштың логикалық атауы мен файлды қайдан іздестіру керек екендігін көрсететін өзара бағыныңқы каталогтардың атауларының тізбекшесінен тұратын белгі.
Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған ая киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.

Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.

Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады.

Канализация - қабылдап алып, тазартқыш ғимараттарға жеткізетін инженерлік құрылыстар, жабдықтар мен санитариялық шаралар кешені. Ағынды суларды елді мекендер аумағынан әкететін жер асты құбырлар жүйесі канализациялық желі деп аталады.
Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.

Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.

Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.

Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.

Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 40ºC аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 35ºC аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.

Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.

Желдеткіш (латынша: ventіlatіo - желдету) - өндіріс орындарын желдетуде, аэроқоспаларды құбырмен тасымалдауда, т.б. ауаны немесе басқа газдарды қозғалысқа түсіріп орнын ауыстыру үшін олардың артық қысымын (әдетте, 0,15 Мпа-ға дейін) тудыратын қондырғы.

Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамсыз етеді.

Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.

Тетік (ор. деталь) - құрастыру операцияларын қолданбай жасалған бұйымның бөлшегі.

Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.

Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.

Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.

Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.

Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.

Темір жол цистерналарын толтыруға арналған эстакадалардың құю бағаналары жерге қосылған болуы тиіс. Құю-ағызу фронттары шегінде темір жол рельстері бір-бірімен темір электр арқылы қосылуы және электр тарту желісін жерге қосуға қатысы жоқ жерге қосу құрылғысына қосылады.

Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.

Цистерна (лат. сіsterna - су бөгені) - сұйықты сақтауға арналған ыдыс; сұйық және ұнтақ заттарды тасымалдауға немесе сақтауға арналған ыдыс.
Шаршы метр (белгіленуі: m² - халықарылық, м² - қазақша) - SI жүйесіндегі қабырғалары бір метрге тең болатын шаршының көлемі.

Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.

Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.

Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі

Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.

Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газынжіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.

Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.

Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.

Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.

Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.

Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.

Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.

Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.

Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.

Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.

Пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.

Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.

Пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.

Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.

Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.

Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.

Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.

Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.

Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.

Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

Аумен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.

Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.

Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.

Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі

Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.

Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.

Сақтандыратын белгілер (орыс. предупреждающие знаки) - Жол белгілері және сигналдары жөніндегі Вена конвенциясы «A» бөліміне сәйкес бұл жол белгілері қозғалыстың қатысушысына алдын-ала қорғанысы үшiн қауiп-қатерге ұшырау мүмкіндігі жоғары қандай болса дағы жолдың бөлiгіне жақындағаны туралы жүргiзушiлерді хабардар етуі немесе ескертету үшін жол аумағының маңына қойылатын белгілер.

Газдың немесе мұнайдың кемуі бар құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.

Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.

Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.



Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі

Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.

Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.

Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.

Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.

Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.

Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.

Жалпы сыйымдылығы үш тәуліктік қордан аспайтын майға арналған жұмсалатын шағын ыдыстарды өз бетімен сыртқа шығу жолы және сығымдағыштан бөлек өртке қарсы қабырғасы бар үй-жайға орналастыруға болады.

Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.

Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.

Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.

Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.

Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.

Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.


1   2   3   4   5   6   7   8

  • Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі
  • Мұнай және газ өндіруді қарқындату тәртібі
  • Мұнай мен газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
  • Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері
  • Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
  • Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
  • Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі

  • жүктеу 1.26 Mb.