Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.51 Mb.



жүктеу 5.51 Mb.
бет23/32
Дата15.03.2017
өлшемі5.51 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

Ойын модельдеріне — әскери, экономикалық, спорттың ойындар жатады. Бұл модельдер әр түрлі жағдайда объектіні бақылауға жаттықтырады. Сондай-ақ қарсыласы немесе одақтасы тарапынан болатын іс-әрекетке қарай алдын алу шараларын анықтауға көмектеседі. Ойын модельдері адамдарға әр түрлі жағдайда психологиялық көмек көрсетеді.

Имитациялық модель — шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірибе нақты объектіні зерттеу, бағалау мақсатында бірнеше рет кайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. Мысалы, жаңа дәрілердің әсері мен қабылдау мөлшерін бекіту үшін оны алдымен тышқандарға беріп, тәжірибе жасайды.

Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.



Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы, тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі окушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді: бастауыш сыныптағылардың сүт тісі, орта және жоғары буын оқушыларының емделген, емделуге тиісті тістерінін саны т.б.

Динамикалық модель уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені, осы кітапша бойынша жыл сайын олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.

Үй салу кезінде оның іргетасының кабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығын тексеру керек. Бұл — үйдің статистикалық моделі. Сондай-ақ дауылға, жер сілкінісіне т.б. уақыт факторына байланысты болатын өзгерістерді де ескеру қажет. Бұл мәселелерді динамикалық модельге сүйене отырып анықтауға болады. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір объектіні статистикалық және динамикалық модельдерді пайдалана отырып, зерттеу мүмкіндігі бар.


Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.

Модель көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық болып үлкен екі топқа жіктеледі (2-сурет).




2-сурет. Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға да болады. Олар түпнұсканың геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдың модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады. Ойыншықтар көмегімен кішкене кезінен бала қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Мысалы, кішкене жұмсақ жолбарыс ойыншығымен ойнаған бала, зоопаркте оны бірден таниды. Сондай-ақ материалдық модельге биология кабинетіндегі құстар сұлбасы, тарих және география пәндеріндегі пайдаланылатын карталар, күн жүйесіндегі планеталардың схемалары, жер серігінің макеттері т.б. мысал бола алады. Мектептегі оку құралдарымен бірге физикалық және химиялық тәжірибелер де материалдық модель болады. Бұл тәжірибелер процестерді модельдейді. Сутегі мен оттегінің арасындағы реакцияны көрсету тәжірибесі арқылы процесті бақылай аламыз. Материалдық модель объектіні, процесті, құбылысты материалдық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық модельді колмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, олар тек ақпараттарға ғана кұрылады. Мұндай модельдер коршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді.



Ақпараттық модель дегеніміз — объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.

Объекіні немесе процесті сипаттайтын ақпарат әр түрлі көлемде, көрсету тәсілі түрліше және әр түрлі кұралдармен берілуі мүмкін. Әр адамның мүмкіндігі мен қиялы әр қилы болғандықтан алуан түрлілікке қойылар шек жоқ.



Ақпараттық модельге вербальдік (ағылшын тілінен аударғанда ауызша) модель жатады. Бұл модель ойлау мен оның қорытындысы нәтижесінде алынады. Вербальдік модель ойда қалуы немесе сөзбен жеткізілуі мүмкін. Мұндай модельге жолдан өту кезіндегі біздің тәртібімізді жатқызуға болады. Адам жолдағы жағдайға талдау жасайды, бағдаршамға қарап немесе көліктің қандай жылдамдықпен келе жатқандығын бағдарлап жолдан өтуді алдын ала ойша жоспарлайды. Егер осы жоспар, яғни модель дұрыс құрылса, жолдан сәтті өтеді, ал дұрыс құрылмаса, оқыс жағдай болуы мүмкін. Сондай-ақ осындай модельге ақынның ойындағы өлең жолдарын, сазгердің әуенін т.б. мысал ретінде келтіруге болады.

Вербальдік модель дегеніміз ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.

Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.

Таңбалық модельдерге сурет, мәтін, график, схемалар мысал бола алады. Вербальдік және танбалық модельдер бір-бірімен өте тығыз байланысты. Адамның ойындағы вербальдік модель әр түрлі таңба арқылы көрсетілуі мүмкін. Керісінше, таңбалық модель арқылы шын мәніндегі модельді жинақтап, ойша оның дұрыс моделін құруға болады.

Мысалы, өзіміз білетін аңызда Ньютонның басына құлап түскен алма оған Жердің тартылыс күші жөнінде ой салды. Осы ой занды таңбалар арқылы қорытып жазуға мүмкіндік берді.

Физикалық құбылыстың болу заңдылығын түсіндіретін мәтінді оқыған соң, адамда ойша оның бейнесі жинақталады. Осылайша бейне нақты құбылысты тануға әсерін тигізеді.

Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:

Геометриялық модельграфикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

Ауызша модельиллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

Математикалық модельобъект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.

Құрылымдық модельдерсхема, графиктер мен кестелер т. б.

Логикалық модельой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

Арнайы модельдерноталар, химиялық формулалар.

Әр түрлі модельдерді тарату үшін әр түрлі аспаптар қолданылады. Модельдерді сипаттау үшін көптеген формалды тілдер бар.

Материалдық модель кұру үшін суретші қылқаламы, фотоаппарат, ара, балға, сызғыш т.б. құралдар жеткілікті.

Егер модель абстракты түрде бейнеленсе, оларды сипаттауға мүмкіндік беретін арнайы тіл, сызба, график, алгоритм, математикалық формулалар т.б. таңбалық жүйелер колданылады. Ал оларды тарату екі түрлі құрал арқылы іске асырылады. Бірі — кәдімгі аспаптар, ал екіншісі — кәдімгі компьютер болып табылады.



Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді

Компьютерлік модель деп программалық орта көмегімен іске асатын модельдерді айтады. Компьютердің ақпаратпен жұмыс істейтіні белгілі. Қазіргі кезде компьютерлер дыбыстың, бейне, анимация, мәтін, схема, кесте т.б. ақпараттармен жұмыс істей алады. Осы ақпараттарды өңдеу, тарату, кабылдау үшін компьютердің техникалық және программалық жасауы болуы тиіс. Техникалық және программалық жасауы компьютерлік модельдеудің құралдары болып табылады.

Мысалы, дыбыстық ақпараттармен жұмыс істеу үшін міндетті түрде дыбыстық карта және арнайы программалық жасауы болуы қажет. Композитор арнайы музыкалық редактормен жұмыс істей отырып, ноталық мәтінді теріп, оны басуға шығарып, өңдеу жасай алады т.б. Сондай-ақ сазгер әр түрлі аспапқа арнап жазған нотаның дыбыстық моделін жекелей немесе ансамбльде тыңдай алады. Компьютерлік модельдің цифрлық дыбысы шын мәніндегі аспаптардың тембрінен еш айырмашылығы жоқ деуге болады. Компьютер әншінің дауысын әуеннің дыбыстық моделімен сәйкестендіре алады, сондай-ақ әр түрлі биіктік пен тембрдегі (тенор, бас т.б.) дауыстарды модельдеу мүмкіндігі бар. Берілген ырғақ, екіпінге, музыкалық стильге т.б. сәйкес композиция құруға мүмкіндік беретін арнайы программалар бар.

Геометриялық. фигураларды графикалық редактордың көмегімен модельдеу мүмкіндігі бар. Графикалық редактордың көмегімен жазықты, көлемді, фигураларды модельдеуге болады.

Қазіргі кезде әр түрлі компьютерлік таңбалық модельдерді құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор, формула редакторы, электрондық кесте, дерек базасын басқару жүйелері, программалау орталары т.б. бар.



Модельдеудің негізгі кезеңдері

Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықталады. Модельдеудің жалпы кезендерін 9.4-суретте көрсетілген схемамен көрсетуге болады. Бірақ модельдеу шығармашылық процесс болғандықтан, бұл кезеңдердің кейбір блоктары болмауы немесе жақсартылуы, ал бірқатары толықтырылуы мүмкін.



1-кезең. Есептің қойылымы.

Жалпы алғанда есеп дегеніміз — шешілуге тиісті мәселе болып табылады. Есептің койылымында берілген бастапқы мәліметтерімен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті таңдау анық көрсетілуі кажет.




4-сурет. Модельдеу кезеңдері

Есептің қойылуы. Есеп (мәселе) табиғи тілде жазылады, сондықтан ол түсінікті болуы тиіс. Ең бастысы модельдеу объектісін анықтап, нәтижеде не болу керектігін түсіну кажет. Модельдеудің нәтижесі мөселені түсіну дәрежесіне байланысты.

Модельдеу мақсаты. Модель құрудың мақсаты — қоршаған ортаны тану деп айтуға болады.

Модельдеудің тағы бір мақсаты — берілген қасиеттеріне қарай объекті жасау болып табылады.

Модельдеудің бұдан өзге тағы бір мақсаты — объектіні немесе процесті басқару тиімділігі болып табылады.

Объектіні талдау. Бұл кезеңде нақты модельденетін объекті мен оның қасиеттері анықталады. Осы факторлардың барлығын модельдеудің бастапқы параметрлері деп атауға болады.

Бастапқы объект — бір-бірімен байланысқан бірнеше ұсақ құрама бөліктердің жинағы болып табылады. Таңдау дегеніміз — элементар объектілер деп аталатын объектіні құрайтын бөліктерін анықтау мақсатында оны кішкене бөліктерге бөлу. Талдау нәтижесінде қарапайым объектілердің жиынтығы шығады. Бұл объектілер бір-бірімен тең дәрежелі немесе өзара бағынышты байланыста болуы мүмкін.



2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, яғни ақпараттық модель жасалады.

Модель объектінің қасиеттерін, белгілерін, күйін толық көрсететіндей болуы қажет. Объектіні зерттеу үшін адам сол объект жөнінде ақпарат жинайды. Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатка сай болса, жеткілікті.

Кейбір объектілерге белгілі бір қасиеттер тән болғандықтан ол көзге анық көрініп тұрады. Модель кұру кезінде объектіні зерттеу мақсатына зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әр түрлі ақпарат жинақталады.

Объектінің қасиеттерін сипаттау үшін әр түрлі схемаларды, таңбалық жүйелерді қолдануға болады.



Ақпараттық модельде объектінің параметрлері мен оның құраушылары сандық. мәтіндік және басқа түрде беріледі. Ал зерттеу барысындағы іс-әрекеттер ақпаратты өндеу процесі түрінде көрсетіледі.

Ақпараттық модель адам өмірінде маңызды орын алады. Мектепте окытылатын пәндер де кұбылыстарды танып-білу мақсатында ақпараттық модель түрінде беріледі.

Ақпараттық модель еш уакытта объектіні толық сипаттай алмайды. Бір объект үшін әр түрлі ақпараттық модель құруға болады.

Таңбалық модель. Ақпараттық модель компьютерлік немесе компьютерлік емес таңбалық түрдің бірінде көрсетіледі. Компьютерлік модельдеу үшін алдын ала қағазға модельдің сызбасын немесе үлгісін жасап, есептеу формулаларын жазу қажет. Тек, мазмұны таныс, карапайым есептерге ғана компьютерлік емес таңбалық модельдің кажеті жоқ. Қазіргі кезде компьютер зерттеушінің негізгі құралы болып отырғандықтан, адамдардың көпшілігі есептеуді бірден компьютерде орындайды.

Компьютерлік модель. Ақпараттық таңбалық модель жасалғаннан кейін компьютерлік модельді құруға көшуге болады. Ақпараттық модельді зерттеуге мүмкіндік беретін көптеген программалар жинағы бар. Әрбір программалық ортаның өзінің аспаптары бар және белгілі бір ақпараттық объектілермен жұмыс істеуге негізделген. Сондықтан адам койылған мәселені шешуге ыңғайлы әрі жеңіл программалық ортаны таңдап алуы кажет.

Компьютерлік модель дегеніміз — программалық орта көмегімен жүзеге асатын модель

3-кезең. Компьютерлік эксперимент

Жаңа конструкторлық жұмыс, техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру үшін эксперимент жасау кажет.

Лабораториялық және табиғи эксперименттер көп уақыт пен материалдық шығынды кажет етеді.

Есептеу техникасының дамуына байланысты зерттеудің жаңа әдісі компьютерлік тәжірибеге жол ашылды. Тәжірибелік үлгі мен сынақ үшін көптеген жағдайда модельдерді компьютерлік зерттеулерде қолдануға болады. Компьютерлік тәжірибе жүргізу мынадай екі кезеңнен тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы.



Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі қажет. Көп жағдайда жоспар компьютерлік модельді зерттеуші орындауға тиісті іс-әрекеттердің нөмірленген тізбегімен беріледі. Мұнда қолданылатын программалық ортаны анық көрсету қажет емес.

Жоспардын бірінші бөлімі тест құру, одан кейін модельді тестілеу болып табылады.



Тестілеу дегеніміз - модельдің дұрыстығын тексеру.

Тест дегеніміз - алдын ала нәтижелері белгілі болатын бастапқы мәліметтердің жинағы.

Модельдеуден алынған нәтиженің дұрыстығына сенімді болу үшін құрылған тест бойынша модельге алдын ала компьютерлік тәжірибе жүргізу керек. Бұл кезде мынадай мәселелерді ескеру қажет:



  1. біріншіден, тест компьютерлік модельдін атқаратын қызметіне кұрылған алгоритмді тексеруге бағытталуы тиіс. Тест оның мағыналық. мазмұнын сипаттамайды. Бірақ тестілеу процесі кезінде алынған нәтиже, адамды есеп койылымының мағыналық мазмұны ашылған бастапқы ақпараттық немесе таңбалық модельге өзгеріс енгізуге жетелеуі мүмкін.

  2. екіншіден, тестіде бастапқы дерек нақты жағдайды мүлдем көрсетпеуі мүмкін. Бұл кез келген қарапайым сан және символдар жинағы болуы мүмкін. Мұнда нақты деректердің нұсқасына байланысты күтілетін нәтижені алдын ала білу маңызды.

Мысалы, күрделі математикалық қатынастар арқылы көрсетілген модельді тестіден өткізу кажет болсын. Ол үшін бірнеше, бастапқы деректерді таңдап алып, алдын ала жауабын есептейміз де, күтілетін нөтиже белгілі болады. Одан кейін осы бастапқы деректер арқылы компьютерлік тәжірибе жүргіземіз де, алынған нәтижені күтілетін нәтижемен салыстырамыз. Бұл екеуі бірдей болуы тиіс. Егер бірдей болмаса себебін іздеп, қатені түзетеміз.

Тестілеуден кейін модельдің дұрыстығына көз жеткізіп, модельдеу технологиясына көшеміз.



Модельдеу технологиясы дегеніміз — пайдаланушы адамның компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы.

4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау

Модельдеудің соңғы мақсаты — шешім кабылдау болын табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші кезең болады. Себебі бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе тоқтату керек. Модельдеу нәтижесі үнемі мақсатқа сай келе бермейді. Кейбір жағдайда модельдеуді кайта бастауға тура келетін кездер де болады. Алдыңғы кезеңдерде қате жіберілгендіктен нәтиже мақсатқа сай келмеуі мүмкін. Қате ақпараттық модель толық жасалмағандықтан, модельдеу ортасы немесе әдісі дұрыс таңдалмағандықтан т.б. болуы мүмкін. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы кезеңге кайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға дейін қайталана береді. Жіберілген қатені табудың өзі нөтиже болып табылады.


Бекіту сұрақтары

  1. Материалдық модель дегеніміз не?

  2. Ақпараттық модель дегеніміз не?

  3. Вербальдік модель дегеніміз не?

  4. Таңбалық модель дегеніміз не?

  5. Көрсету әдістеріне қарай модель қандай топтарға жіктеледі?

  6. Компьютерде модельдеу үшін не кажет? Компьютерлік модельге мысал келтіріндер.

  7. Модельдеудің бастапқы және соңғы бөлімдеріне сипаттама беріңдер.

  8. Есеп қойылымының қандай түрлері бар?

  9. Бірдеңгейлі өзара байланысқан объектілерге мысал келтіріңдер.

  10. Бағынышты түрде байланысқан объектілерге мысал келтіріңдер.

  11. Компьютерлік модельдеудің құралдарын атаңдар.

  12. Компьютерлік модель дегеніміз не?

  13. Компьютерлік тәжірибе деп нені айтады?

  14. Модельді тестілеу дегеніміз не?

Зертханалық жұмыс №1 (1 сағ)



Тақырыбы: Сервистік программалар түрлері және олардың мүмкіндіктері.

Мақсаты: MS Windows ОЖ қысылған бумалармен жұмыс істеп, WinRar көмегімен архивтеуді меңгеру

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, WinRar архиваторы



Теориялық түсініктеме:

«Қысылған бумалармен» аз орын алады және басқа компьютерлерге орын ауыстырғанда тез көшеді. Бұл бумалармен жұмыс істегеу қолданушы қарапайым бумалармен бірдей. Қысылғкан бумадан керек файлды ашуға, оны қысуыға, орын ауыстыруға болады. Оларды кез келген бумаларға көшіре беруге болады.



Тапсырма:

  1. zip-бума құру. Екі құжат құрыңыз. Оларды қысылған бумаға көшіріңіз. Ашып қараңыз.

  2. zip-бумаға құрылған, тағы да екі файлды көшіріңіз. Пароль орнатыңыз. Осы бумадан барлық файлдарды шығарыңыз. Барлығын жойыңыз.

  3. Екі файлды rar-архивпен архивтеңіз. Ашып қараңыз. Осы қысылған бумаға тағы да файлдар қосыңыз. Архивтен шығарыңыз.

  4. Өзі ашылатын rar-архив құрыңыз. Барлық архивтеген, архивтен шығарған файлдарды жойыңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1 және Тапсырма 2

zip-бума құру үшін:



  • Менің компьютерімді ашыңыз.

  • Бума немесе дискіні ашыңыз.

  • Файл менюінен Құу (Создать) – Қысылған бума (Сжатай папка) командасын орындаңыз.

  • Жаңа буманың атын беріңіз. ENTER батырмасын басыңыз.

  • Қысылған бумаға файлдар қосу үшін файлды тышқан көмегімен қысылған бумаға тартып әкелесіз.

  • Ашқан кезде екі рет шерту арқылы ашылады.

  • Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі керек файлды басқа жерге тартып алады.

  • Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.

  • Пароль қою үшін қысылған буманы ашып, файл менюінен Шифрлеу (Зашифровать) коимандасын орындайсыз.

  • Пароль өрісіне парольді енгізесіз.

Тапсырма 3

rar- архив жасау үшін:



  • Керек файлдарды ерекшелеңіз.

  • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.

  • «Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде керек параметрлерді орнатыңыз

  • Архифті қарау үшін екі рет шертесіз.

  • Файлдарды архивтелген бумаға қосу жоғарыдаңы жолмен орындалады.

Тапсырма 4

Өзі ашылатын архив (саморасраспаковывающиеся архивы) құру:



  • Керек файлды таңдаңыз

  • Файл менюінен Архивке қосу (добавить в архив) командасын орындаңыз.

  • «Аты және архив параметры (Имя и параметры архива)» терезесінде «SFX-архив құру» (Создать SFX-архив) параметрін орнатыңыз

  • Бір файлды архивтен шығару үшін, қысылған буманы ашып, ішіндегі керек файлды басқа жерге тартып алады.

  • Ал барлық буманы архивтен шығару үшін, жанама менюден барлығын шығару (извлечь все) командасын орындайсыз.


Тапсыру формасы:Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[4,5,6,9]/[1,2,3]



Бақылау сұрақтары:

  1. Өздігінен ашылатын, қарапайым, таратылған архивтердің айырмашылықтары қандай?

  2. RAR архиваторының терезесін сипаттаңыз.

  3. ZIP архиваторының ерекшелігі қандай?


Зертханалық жұмыс №2 (1 сағ)

Тақырыбы: Антивирустық программалармен жұмыс

Мақсаты: Антивирустық программалық құралдармен танысып, түрлерін, қызметін, қалай жұмыс жасайтынын түсіну

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, антивирусытқ программа



Теориялық түсініктеме:

  1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

  2. Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

  3. Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.

Антивирустық программалардың келесі типтері бар:

  • Детектор - программалар;

  • Доктор - программалар;

  • Ревизор - программалар;

  • Фильтр - программалар;

  • Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.

Вирустермен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-і. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.

Тапсырма:

  1. Өз компьютеріңізде орнатылып тұрған анитвирустық программаға толық сипаттама беріңіз.

  2. А дискісін және Менің құжаттарым бумасын антивирустық программа көмегімен тексеріп нәтижесін талдаңыз. Табылған вирус болса, ол қандай вирус түріне жататынын анықтаңыз.

  3. Компьютерді аптасына бір рет автоматты түрде тексерілетіндей етіп баптаңыз.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Орнатылған антивирустық прогармманың анықтама бөлімін шақырып, сол программа бойынша мағлұмат алыңыз. Дәріс №2 сүйене орындаңыз. Келесі суретте NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі (Сурет 1 )





Сурет 1 . NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі

Тапсыру формасы:Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:

[4,5,6,9]/[1,2,3]


Бақылау сұрақтары:

  1. Вирус ұғымы

  2. Вирустардың классификациясы

  3. Вирустардың кіруі

  4. Резиденттік және резиденттік емес вирустар айырмашылығы

  5. Вирусқа қарсы құралдар


Зертханалық жұмыс №3 (2 сағ)

Тақырыбы: MS Excel. Программаны жүктеу. Excel программа терезесіне шолу. Кітап беттерімен жұмыс. Бағандар мен қатарлармен жұмыс. Ұяшықтармен және ұяшық топтарымен жұмыс.

Мақсаты: MS Excel электронды кестесімен танысу, терезесіне шолу жасау, құрылымымен танысу, құжатты баптап үйрену, бағандар мен қатарлармен, ұяшықтар және ұяшық топтарымен жұмыс жасауды үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, MS Excel ЭК



Теориялық түсініктеме:

Microsoft Excel 2003 – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекті түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық десте.

Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз, Microsoft Excel 2003 қатарында тышқанды шертеміз. Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі келесідей болады (Сурет 2).



Сурет 2. Excel программасының терезесі

Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1- кітап (Книга1 ) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптын атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) шертеміз немесе [Ctrl +N] пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2- кітап, 3- кітап ( Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады


  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып жолы орналасқан.

  • Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.

1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32

  • Статистикалық модель
  • Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.
  • Вербальдік модель
  • Геометриялық модель
  • Математикалық модель
  • Логикалық модель
  • Модельдеудің негізгі кезеңдері
  • 1-кезең. Есептің қойылымы.
  • Модельдеу мақсаты.
  • Объектіні талдау.
  • 2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель.
  • Ақпараттық модельде объектінің параметрлері мен оның құраушылары сандық. мәтіндік және басқа түрде беріледі.
  • Компьютерлік модель дегеніміз — программалық орта көмегімен жүзеге асатын модель 3-кезең. Компьютерлік эксперимент
  • Тестілеу дегеніміз
  • Модельдеу технологиясы дегеніміз
  • Зертханалық жұмыс №1 (1 сағ) Тақырыбы
  • Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар
  • Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: Тапсырма 1 және Тапсырма 2
  • Тапсыру формасы
  • Зертханалық жұмыс №2 (1 сағ) Тақырыбы
  • Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар
  • Сурет 1 . NOD32 антивирустық программасының негізгі терезесі Тапсыру формасы
  • Ұсынылатын әдебиеттер
  • Зертханалық жұмыс №3 (2 сағ) Тақырыбы
  • Сурет 2. Excel программасының терезесі

  • жүктеу 5.51 Mb.