Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 5.51 Mb.



жүктеу 5.51 Mb.
бет15/32
Дата15.03.2017
өлшемі5.51 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

10-нұсқа

Үлгі№1

«Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру» дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға келдi:


  • кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

  • әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

  • жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic­-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында инновацию, «педогогикалық инновация деген түсініктерді зерделей келе аудан мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:



басымдылықтарды анықтау;

  • өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

  • басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Үлгі№2

Әдістемелік семинардың бiр сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн тepic әлеуметтiк­-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда болуы белгiлi бiр жағдайларды объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің жандануына түрткі болады, қалыптасқан «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.



Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  5. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  7. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9
Тақырыбы: Алмастыру буферімен жұмыс. Беттерді форматтау. Шрифтермен жұмыс
Мақсаты: Алмастыру буберімен меню көмегімен және пернелер көмегімен жұмыс істеуді үйрену. Беттерді форматтауды, мәтін шрифтін өзгертуді үйрену
Тапсырмалар:
1-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. Таратпа материалда көрсетілген мәтінді теріңіз. Қайталанатын сөздерді жазу үшін алмасу буферін пайдаланыңыз. Құжатты өз есіміңізбен Мои документы папкасына өз папкаңызды құрып, сақтаңыз


2-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. Таратпа материалда, Үлгі№1-де көрсетілген бет параметрлерін орнатыңыз, Үлгі№2-дегі мәтінді теріңіз, «Алмасу буфері» деген атпен, өз папкаңызда сақтаңыз. Бет режимдерін ауыстырып, болған өзгерістерді СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Үлгідегі мәтіннің шрифт параметрлерін анықтаңыз. Құжатты қайта сақтаңыз. Файлды жабыңыз.

Сақтаған құжатыңызды қайта ашыңыз. Абзац соңынан бастап Үлгі №3- те көрсетілген мәтінді теріңіз. Көрсетілген шрифт парамерлерін тағайындаңыз. Құжаттың қайта сақтаңыз.

3-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. Таратпа материалда көрсетілген мәтінді теріңіз. Буферге қиып алу, буферден қою батырмаларын пайдаланып, сөздердің ретін дұрыстаңыз.


Сұрақтар:

  1. Алмастыру буферіне анықтама беріңіз

  2. Көшіру, қиып алу, қою командаларын орындайтын пернетақталар комбинациясын атаңыз

  3. Алдын ала көру батырмасы қай құраладар тақтасында орналасады?

  4. Бет параметрлерін атаңыз

  5. «Шрифт» сұхбат терезесін сипаттаңыз



Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып, таратпа материалда ұсынылған өз нұсқаңызды таңдап орындаңыз. Нәтижені баспаға шығарып оқытушыға өткізіңіз. Орындалу жолын СОӨЖ дәптеріңізге жазып, оқытушыға түсіндіріңіз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы Зертханалық жұмыс №12 көрсетілген әдістемелік нұсқауға сүйене отырып орындаңыз


Таратпа материалдар:
1-тапсырма

Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!!

Қазақстан-2030. Алға!!! Қазақстан-2030 Алға!!! Қазақстан-Семей Алға!!! Қазақстан- Семей Алға!!! Қазақстан-2030 Алға!!!  Қазақстан- Семей Қазақстан-2030 Алға!!! Қазақстан-2030, Қазақстан-2030, Қазақстан- Семей, Қазақстан- Семей, Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!! Алға!!!  Алға!!! Алға!!! Алға!!! 
2-тапсырма

Үлгі №1:


Бет параметрлері:

Бағытталуы- Альбомды

Өрістері-Төменнен және жоғарыдан-3 см

Оң жақтан-2 см

Сол жақтан-1,5 см

Үлгі №2:


Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.



Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.
Үлгі №3

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.



Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Шрифт параметрлері:

Шрифт түрі-Times New Roman

Шрифт өлшемі-16, қарайтылған, курсив

Шрифт түсі- қызыл
3-тапсырма

Даңкымыз шықты ғой.

Қазағым мықты ғой!

Ерліктің дастаны,

Ежелден ер деген,

Алтын дән даласы,

Намысын бермеген,

Алтын күн аспаны,

Еліме қарашы!

Қайырмасы:

Туған жерім менің – Қазақстаным!

Гүлің болып егілемін,

Менің елім, менің елім,

Жырың болып төгілемін, елім!
Біздің ел бақытты,

Тәуелсіз елім бар.

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Мәңгілік досындай.

Ұрпаққа жол ашқан,

Қарсы алған уақытты,

Біздің ел осындай!

Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  5. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  7. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003



Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10
Тақырыбы: Абзацтармен жұмыс. Бағаналар, колонтитулдармен жұмыс
Мақсаты: Парақ шетіндегі өрістер мен абзацтарды форматтау, қатар арасындағы интервал, абзац аралығы, кестелеу позицияларының орналасуы, сол жақ және оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру, жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазуды, мәтінді бағаналарға бөлуді, колонтитулдар қоюды үйрену
Тапсырмалар:

1-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. Өз есіміңізбен сақтаңыз. Таратпа материалда көрсетілген мәтінді теріңіз және сол үлгіге абзацты форматтаудың әртүрлі параметрлерін пайдаланып, болған өзгерістерді СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Құжатты қайта сақтаңыз. Файлды жабыңыз.



2-тапсырма

Жаңа құжат құрыңыз. «Форматтау» деген атпен сақтаңыз. Таратпа материалда көрсетілген мәтінді теріңіз. Көрсетілген абзац парамерлерін тағайындаңыз. сақтаңыз. Терілген мәтінді екі бағанға бөліңіз. Төменгі колонтитулды құрыңыз. Колонтитулда уақыт пен парақ номері көрсетілсің


Сұрақтар:

  1. Word мәтіндік редакторында абзацқа анықтама беріңіз

  2. Мәтінді бағанға бөлу жолын айтыңыз

  3. Шегініс, ұмтылыс терминдерінің мағынасын түсіндіріңіз

  4. Абзацты сызғыштың көмегімен форматтаудың тәсілдерін атыңыз

  5. Колонтитул терминіне анықтама беріңіз


Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып, таратпа материалда ұсынылған өз нұсқаңызды таңдап орындаңыз. Орындалған жұмысты баспадан шығарып, оқытушыға өткізіңіз. Орындалу жолын СОӨЖ дәптеріңізге жазып, оқытушыға түсіндіріңіз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырманы Зертханалық жұмыс №12-де көрсетілген әдістемелік нұсқауға сүйене отырып орындаңыз


Таратпа материалдар:

1-тапсырма

Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.

Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.

Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.

Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.



2-тапсырма

Мектептегі информациялық технологиялар және информация курстарын бағдарламалау тілдерінің әлементтері бар компьютер құралы алғашқы білім түрлері ретінде қарастыру - кейіннен зиян тигізетін өте қарапайым көзқарас Компьютерлік ғылымдар пәндерін инженерлік білім негіздерсіз (жоғары оку орындарына емес) нашар техникалық жабдықталған ортада үстірт оқып үйренуге талпыну - мектеп түлегінің көзі алдында ИКТ мүмкіндіктерінің рөлін төмен түсіру деген сөз. Балалардың мұндайда Компьютерге байланысты теріс көзқарасы қалыптасып, кейіннен оларды көптеген қиындықтарға душар етуі мүмкін.

Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".

Абзац параметрлері:

Туралау- ені бойынша

Шегініс-Сол жақтан-0 см, бірінші жол- 1,27 см

Интервал- жоларалық-1,2
Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  5. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  7. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №11
Тақырыбы: Табуляциямен жұмыс
Мақсаты: Tab пернесінің мәтін теру барысындағы қызметі,сол сияқты табуляцияны параллель бағандар жасау мен құжат ішіндегі мәтінді көлденеңінен тегістеу үшін (выравнивания) қолдануды меңгерту.
Тапсырма:

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды әдістемелік нұсқаулықты пайдаланып орында


Сұрақтар:

  1. Tab пернесінің қызметі

  2. Табуляция позициялары не үшін қажет?

  3. Табуляция позицияларын қандай тәсілдермен орнатуға болады? Әр тәсілге тоқталып, айтып бер.


Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, баспаға шығарып оқытушыға тексертіңіз, орындалу жолын СОӨЖ дәптеріне жазыңыз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Табуляция позициялары құжаттың ені бойынша 1,25 см үнсіз келісіммен қойылған маркерлер болып табылады. Tab пернесін басу курсорды табуляцияның келесі позициясына жылжытады. Табуляцияны пайдаланудың көптеп кездесетін жері абзацтың бірінші жолының алға жылжуы (отступ первой строки).

Табуляцияны сол сияқты паралель бағандар жасау мен құжат ішіндегі мәтінді көлденеңінен тегістеу үшін (выравнивания) қолданады.. Табуляция позицияларының орналасуын сызғыштың көмегімен өзгертуге болады немесе Формат менюінен ашылатын Табуляция сұхбат терезесінің көмегімен жүзеге асырады.
1-мысал:

Табуляцияның негізгі типтері:



  • Сол жағы бойынша(Left Tab). Табуляцияның бұл типі үнсіз келісім бойынша берілген. Мәтін табуляция позициясының оң жағынан көрінеді.

  • Ортасына (Center Tab). Табуляцияның бұл типінде мәтін табуляция позициясына қатысты ортаға, яғни оң жағына да, сол жағына да орналасады.

  • Оң жағы бойынша (Right Tab). Табуляцияның бұл типінде мәтін табуляция позициясының сол жағынан көрінеді.

  • Бөлгіш бойынша (Decimal Tab). Табуляцияның бұл типі сандық жазбаларда қолданылады. Мәтін ондық нүкте бойынша тегістеледі.

  • Сызықпен (Bar). Табуляцияның бұл типі сызық қою үшін қолданылады.


Табуляция позициясын сызғыштың көмегімен орнату

Сызғыштың сол жақ шетінде табуляция типін таңдау батырмасы орналасқан. Үнсіз келісім бойынша сол жағы бойынша (Left Tab) табуляция орналасқан. Осы батырмаға шерту арқылы көрсетілген табуляция типтенірінің кезкелгенін таңдауға болады.

Қажетті табуляция типін таңдаған соң сызғыштың табуляция позициясын орнататын жерін шерту керек. Табуляция позициясының маркері пайда болады. Маркерді жылжыту үшін тышқанның көмегімен оған басып тұрып, тартамыз.

Табуляцияны орналастыру курсор тұрған абзацқа қатысты ғана орындалады. Егер жаңа құжатқа мәтін енгізбес бұрын табуляция позицияларын орналастырып алған болсаңыз, бұл жағдайда табуляторлардың орналасуы барлық мәтін үшін бір келкі болады.



Табуляция позициясын және толтырғыш типін Табуляция сұхбат терезесінің көмегімен орнату.

Табуляция позицияларын Табуляция сұхбат терезесінің көмегімен орнатуға болады. Формат-Табуляция командасын таңда Табуляция сұхбат терезесі ашылады(Сурет-1): Табуляция позициясының өрісінде жаңа табуляция позициясын енгізу керек. Тегістеу (выравнивания) тобына табуляцияның қажетті типін таңдау керек.

Толтырғыш (заполнитель) табуляция позициясының сол жағындағы бос орынды толтыруға мүмкіндік береді.



Сурет-1. Табуляция сұхбат терезесі.

Табуляция позициясы, типі және толтырғыш орнатылған кезде Орнату (Установить) батырмасын шерту керек. Тізімдегі табуляция позицияларының типін өзгерту үшін Табуляция сұхбат терезесін ашып, тізімдегі позицияны таңдап алып, табуляция типін, толтырғышын өзгерткеннен кейін Орнату(Установить) батырмасын шертеміз.


Таратпа материалдар:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32

  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №9 Тақырыбы
  • Тапсырмалар: 1-тапсырма
  • 3-тапсырма
  • Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар
  • Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.
  • Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты
  • Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш
  • және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет. Үлгі №3
  • Шрифт параметрлері: Шрифт түрі- Times New Roman Шрифт өлшемі- 16, қарайтылған, курсив Шрифт түсі- қызыл 3-тапсырма
  • Қайырмасы: Туған жерім менің – Қазақстаным! Гүлің болып егілемін, Менің елім, менің елім
  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №10 Тақырыбы
  • Тапсырмалар: 1-тапсырма
  • Абзац параметрлері: Туралау- ені бойынша Шегініс- Сол жақтан-0 см, бірінші жол- 1,27 см Интервал- жоларалық-1,2
  • Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №11 Тақырыбы
  • Тапсырма
  • Табуляция
  • Сол жағы бойынша(Left Tab).
  • Оң жағы бойынша (Right Tab).
  • Сызықпен (Bar).
  • Табуляция позициясын және толтырғыш типін Табуляция сұхбат терезесінің көмегімен орнату.
  • Сурет-1. Табуляция сұхбат терезесі.

  • жүктеу 5.51 Mb.