Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.26 Mb.



жүктеу 2.26 Mb.
бет6/13
Дата16.03.2017
өлшемі2.26 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

IP адресациясы

Желілік деңгейдің басқа хаттамаларындағыдай біріккен желі арқылы IP диаграммаларының маршруттау процесіне қатысты IP адресациясының сызбанұсқасы интегралды болып келеді.

IP адресінің ұзындығы 2 немесе 3 бөлікке бөлінген 32 биттен тұрады.1-кестеде IP желілеріне арналған адрестердің форматтары көрсетілген.

Адрес екі логикалық бөліктен тұрады. Олар желі нөмірі және желідегі торап нөмірі.Ал қайсы бөлігі желі нөміріне, қайсы бөлігі торап нөміріне жатуы адрестің алғашқы биттерінің мәнімен анықталады.

Егер адрес 0-ден басталса, онда желі А класқа жатады және желі нөмірі 1 байт алады,ал басқа 3 байт желідегі торап нөмірі деп түсіндіріледі.А кластағы желілерде 1-ден 126-ға дейінгі диапазондағы нөмірлер бар. (0 нөмірі қолданылмайды, ал 127 нөмірі арнайы мақсаттарға сақталған, ол төменде айтылады). А класының желілеріндегі тораптар саны 216-дан көп, бірақ 224 аспауы керек.


А классы

0

Желі №

Торап №

В классы

10

Желі №

Торап №

С классы

110

Желі №

Торап №

D классы

1110

Multicast топтық адресі

E классы

11110

Сақталған

1-кесте. IP желілеріне арналған адрестердің форматтары

Егер адрестің алғашқы екі биті 10-ға тең болса,онда желі В класына жатады және торап саны 28-216 болатын орташа өлшемді желі болып саналады. В класының желілерінде желі адресі мен торап адресіне 16 биттен, яғни 2 байттан беріледі.

Егер адрес 110 тізбегінен басталса,онда желі С класына жатады, торап саны 2-ден аспайды. Желі адресіне 24 бит, торап адресіне 8 бит арналады.

Егер де адрес 1110 тізбегінен басталса, онда ол multicast деп аталатын ерекше топтық адресті білдіріп, D класты адреске жатады. Егер пакетте бағытталу адресі ретінде D класының адресі берілген болса,онда пакет осы адресті меншіктенген барлық тораптар алуы керек.

Егер адрес 11110 тізбегінен басталса, онда ол Е класының адресі және болашақта пайдалануға сақталған.

Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны келтірілген.




Класс

Ең кіші адрес

Ең үлкен адрес

A

01.0.0.0

126.0.0.0

B

128.0.0.0

191.255.0.0

C

192.0.1.0

223.255.255.0

D

224.0.0.0

239.255.255.255

E

240.0.0.0

247.255.255.255

Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback



Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі

DNS (Domain Name System) - бұл Internet желісінде түйінді идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын бөлінген мәлімет базасы. DNS қызметі түйіннің белгілі символдық аты бойынша IР-адресті автомтты түрде іздеуге арналған. DNS IР-адресті компьютердің адресін көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.

DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып табылады. Бұл хаттама симметриялы емес, онда DNS -серверлері мен DNS-клиенттері анықталған. DNS -серверлері символдық аттары мен IР-адресінің сәйкестігі жөніндегі бөлінген мәлімет базасының бір бөлігін сақтайды. Бұл мәлімет базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша бөлінген. DNS серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз административті доменін біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс жібереді, бұл сұраныста белгілі символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті қайтаруды сұрайды.

Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет базасында сақталған болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда ол сұранысты басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын өндей алады, немесе басқа DNS -cepвepгe жібереді. Барлық DNS -серверлер Internet желісінің домендерінің иерархиясьша сәйкес иерархиялы түрде біріктірілген. Клиент керекті көрсетулерді таппағанша барлық аттар серверін сұрайды. Сұраныс бойынша берілген ақпаратты аттар серверлері ылғи да кэштайтындықтан бұл процесс тездетіледі. Клиенттік компьютер өз жұмысында бірнеше DNS -серверлердің IР-адресін қолданыла алады, бұл олардың жұмысының сенімділігін артады.

DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты бар және поддоменді ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың домендік кеңістігі деп аталады. Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне байланысты жағдайын идентификациялайды, және де аттарындағы нүкте доменнің түйініне сәйкес бөліктерді беледі.

DNS мәлімет базасының түбірі INIC (Internet Network Information Center) орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домені әр елге бөлек беріледі, сонымен қатар ұйымдастырушылық деңгейде белгіленеді. Елдерді белгілеуде 3 әріпті және 2 әріпті аббревиатуралар қолданылады, ал түрлі ұйымдастырушылық типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:

com — коммерциялық ұйымдар;

edu - білімдік;

gov — үкіметтік ұйымдар;

org — коммерциялық емес ұйымдар;

net — желіні қолдайтын ұйымдар.

Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз доменін поддоменге бөліп, бұл поддомендерді администрациялау функцкясын басқа ұйымдарға береді. Әр домен ерекше атқа ие, ал әр бір поддомен өзінің доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола алады. Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады. Ол FQDN (fully qualified domain name) бағыты хостан түбірге дейінгі барлық домендердің атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru



Internet-тің маршрутизациясы

Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді, бірақ бұл сәтсіз термин, өйткені күнделікті желілер индустриясында бұл терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғыны атайды. Шлюздер (осы сәттен бастап біз оны роутер деп атаймыз) Internet желісінде иерархиялық принципке сәйкес ұйымдастырылған, Кейбір роутерлер бірдей администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған белгілі бір нақты желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда колданылады. Мұндай объектілерді автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе қарамағындағы ақпаратты алмастыруда қолданатын роутерлер ішкі роутерлер (interior routers) деп аталады. Олар осы амалды орындауда түрлі ішкі хаттамаларды (interior gate way Protocol-IGP) қолданады. Ақпаратты автономды жүйелер арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior routers) деп атайды. Ол үшін олар сыртқы роутерлер хаттамаларын қолданады. 1суретте Internet архитектурасы көрсетілген.







Локальді желі

Шлюз-


маршрутизатор

Алыс сервер

 маршрутизатор
 маршрутизатор
 маршрутизатор

Internet


1-сурет. Internet архитектурасы
IP маршрутизацияның хаттамалары динамикалық хаттамалар. Динамикалық маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар жайлы сұраулар белгілі бір уақыт интервалы арқылы құрылғылардың программалық қамтамасыз етуімен саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт интервалы арқылы жүргізіледі. Бұл процесс желісі администратормен қойылған және де желі администраторы өзі ауыстырмағанша ауыспайтын статикалық маршрутизацияға (static routing) қарсы процесс.

IP маршрутизациясы біріккен желілер арқылы IP дейтаграммасының қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл маршрут белгісіз. Оның орнына әрбір аялдамада, дейтаграммада бар тағайындалу пункті ағымдағы түйіннің маршруттық кестесімен сәйкестіріліп, келесі тағайындалу пункті есептелінеді.

Информацияны қорғау әдістерінің бірі резервті даналарды магниттік тасушыда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискетгерге көшірген жөн екені алдыңғы дәрістерде айтылған болатын. Егер файл жадтың көп көлемін алса және дискетке сыймайтын болса, не істеу керек? Мұндай жағдайларда информацияны құртпай, оны қысуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады. Мұндай қысылған файлдарды дискетте сақтап кана қоймай, компьютерлік желілерде байланыс каналдары бойынша жіберуге болады.

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.



Информацияны қысу дегеніміз - файлдағы информацияның сақтау жадының көлемінің кішіреюіне әкелетін өзгерту процесі.

Файлда информацияны қысу процесі деректерді архивтеу деп те аталады.

Архивтеу файл алатын кеңістік көлемдерін едәуір қыскартуға мүмкіндік береді, оларды бір компьютерден басқаға тасымалдауды елеулі жеңілдетеді, файлды дискіге көшіру уақытын кішірейтеді, бөгде адамдардың орынсыз қатынауынан (килігуінен) информацияны парольмен қорғайды және сонымен қатар файлдарды компьютерлік вирустардан бұлінуден жарым-жартылай қорғайды.

Архивтеудің мәнісі - қарапайым қапшықтар мен файлдар буып-түйіледі (қысылады) және арнайы архивтік файлға орналастырылады.

Архивтік файл дегеніміз — өзінде бір немесе бірнеше файлдар, немесе кысылған түрде капшықтар, сонымен қатар файлдың аты, олардың құрылған немесе өзгертілген күні және уақыты, өлшемі т.с.с. туралы қызметтік информациялардан тұруы мүмкін арнайы түрде ұйымдастырылған файл.

Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мүндай архивті көптомды деп атайды. Том дегеніміз — көп томдық архивтің құрайтын бөлігі. Бірнеше бөліктерден архивті құра отырып, олардың бөліктерін бірнеше дискеттерге жазуға болады.

Архивтеу немесе буып-түю алғашқы файлдарды қысылған түрде архивтік файлға орналастыру болса, онда кері процесс архивтік файлдарды шешу (архивтен шығару) болуы қажет.

Архивтен шығару дегеніміз - архивке орналасарға дейін олар қандай түрде болса, тура сол түрде архивтен файлдарды , қалпына келтіру процесі.

Архивтік файлдарды шешу кезінде файддар архивтен алынады және дискіге орналасады.

Файлдарды буып-түйетін және шешетін профаммаларды архиватор-программалар деп атайды.

Архиватор-программалардың негізгі түрлері

Архивтік файл құру үшін ондаған арнайы архиватор-программалар бар. Олардың көбі орындайтын міндеттері бойынша негізінде онша ерекшеленбейді, кейбір программалар жылдам жұмыс істейді, басқалары файлдарды қысудың жақсы дәрежесін қамтамасыз етеді, әдетте, қолданушылар өзіне ыңғайлы архиваторларды қолданады.

Кеңтараған программалардың ішіненARJ, RAR, PRZIP, РАК, LHA, ІСЕ, НҮРЕR, WINZIP, ZOO, EXPAND атауға болады.

Әдетте, файлды буып-түю және шешу сол бір ғана программамен орындалады, бірақ кейбір жағдайларда бұл бөлек программалармен орындалады, мысалы, PRZIP программасы файлдарды буып-түйеді, ал PKUNZIP файлдарды шешеді.

Соңғы уақыттарда қолданушыларда ARJ, RAR және ерекше WINZIP архиваторлары кеңінен танылуда.

ARJ архиваторы жүмыс істеудің жоғарғы жылдамдығын және информацияны қысудың жоғарғы дәрежесін камтамасыз етеді. RAR архиватор ARJ-ге карағанда өте ыңғайлы интерфейске ие. WINZIP архиваторы WINDOWS-қа құрастырылған және ол да терезелік интерфейсті қолданады.

Осы архиваторлардың барлығы архивтеудің негізгі міндеттерін орындайды:


  1. Жаңа архивтерді құру;

  2. Архивтерден файлдарды алу;

  3. Бар архивке файлдарды қосу;

  4. Өзі шешілетін архивтерді құру;

  5. Көп томды архивтерді құру;

  6. Архивтерді бүтіндігіне тестілеу;

  7. Зақым келтірілген архивтерді толығымен немесе жартылай қалпына келтіру;

  8. Бөгде адамдардын қарауынан және өзгертуінен архивтерді қорғау.

Бұл міндетгердің кейбіреулерін біз WINZIP архиваторының мысалында қарастырамыз.

Архивтік файл басқа қолданушыларға беру үшін құрылған жағдайларда архивтік файл құрылатын архиватордың оларда бар-жоғын білу керек. Сондықтан әрқашанда өзі шешілетін архивтерді құрған жөн.



Өзі шешілетін архивтік файлдар дегеніміз - архивтеу программасы қосылған қарапайым архив.

Архивтің өзі .EXE кеңейтілуін алады. Қолданушы архивті программа сияқты жүктейді, содан кейін архивтің шешілуі автоматты түрде жүреді.


Winzip архиваторы

Деректерді архивтеудің кейбір міндеттерін WINZIP архиваторының мысалында карастырайық.



I. Архивтеу

Архивтеудің бірнеше әдістері бар.



Бірінші әдіс:

  1. Жұмыс орнындағы таңбасы бойынша тышқанды екі рет шертіп немесе Пуск WINZIP әрекеттерінің тізбегін орындап, WINZIP жүктейді.

  2. WINZIP диалог терезесінде Келісемін (I Agree) батырмасы бойынша шертеді.

  3. Диалог терезесінде New батырмасы бойынша шертеді немесе File-New Archive командасын орындайды.

  4. Пайда болган New Archive терезесінің Имя файла өрісіне архивтің атын енгізеді. ОК батырмасын шертеді.

  5. Add терезесінде архивке орналастыратын файлды таңдайлы. Add батырмасы бойынша шертеді.

  6. Архиватормен жүмысты аякгау үшін File-Exit командасын орындайды.


Екінші әдіс

  1. Архивтелуге тиіс файлда немесе қапшыкта маустын, оң жақ батырмасын шертеді.

  2. Жанама (динамикалық) менюден Add to (файлдың аты) .zір таңдайды. Архивтің атын программа архивтелетін файлдың аты бойынша өзі қояды.

  3. Аgree батырмасын шертеді. Архив түпнұсқасы орналасқан қапшықта пайда болады.

II. Архивке файлдарды қосу

Архивке файддарды қосудың бірнеше әдістері бар. Ең қолайлысын қарастырамыз.



  1. Архивке орналастыратын файлды ерекшелейді.

  2. Правка - Вырезать (егер файлдың орын ауыстыру қажет болса) немесе Правка - Копировать (егер файлды тек қана көшіру қажет болса) командасын орындайды.

  3. Файлдар қосылуға тиіс архивті ерекшелейді.

  4. Правка - Вставить командасын орындайды.

  5. Аgrее батырмасын шертеді.
    Ш. Архивтен файлдарды алу

  1. Архивтелінген файлда тышқанды екі рет шертеді.

  2. Agree батырмасын шертеді.

  3. Архивтен алынуға тиіс файлдарды ерекшелейді.

  4. Extract батырмасы бойынша шертеді немесе Action Extract командасын
    орындайды.

  5. Extract терезесінің Extract to өрісіне архивтен шығарудың жолын енгізеді.
    Үнсіз келісім бойынша С:\windows\tетр.

  6. Extract батырмасы бойынша шертеді.
    IV. Бүкіл архивті архивтен шығару

  1. Архивтін файлында маустың оң жақ батырмасын шертеді.

  2. Жанама (динамикалық) менюден Extract to folder (щтшыкщың немесе
    файлдыңаты/жолы)
    тандалады.

  3. I Agree батырмасын шертеді.

Вирус - бұл арнайы жазылған шағын программа, ол компьютердегі оған қатынасы бар ақпаратты бұрмалауы немесе жоюы; өзін басқа программаларға «тіркеуі» (яғни оларды зақымдауы), сондай-ақ жағымсыз әрекеттер жасауы мүмкін.

Ішінде вирусы бар программа «зақымдалған» деп аталады. Мұндай программа жұмыс істей бастағанда басқаруды алдымен вирус алады. Вирус басқа программаларды тауып зақымдайды, сонымен қатар қандай да бір басқа зиянды әрекеттерді орындайды (мысалы: компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді, дискідегі файлды бұзады, компьютерде сақталған ақпаратты бүлдіреді, жедел жадты «ластайды» және т.с.с.)-



Вирустардың таралу жолдары:

  • дисктер;

  • лазерлік дискілер;

  • компьютерлік желілер.

Вирустың пайда болуының белгілері:

  • программа дұрыс жұмыс істемейді немесе жұмысын тоқтатады;

  • экранда бөгде хабарламалар, символдар және т.с.с. шығуы;

  • компьютердің баяу жұмыс істеуі;

  • кейбір файлдардың бұзылуы;

  • компьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулар және жаңылысулар және т.с.с.

Вирустар екі түрге бөлінеді:

резиденттік;

резиденттік емес.

Резиденттік вирустар зақымдалған программаны орындауға қосу кезінде активтенеді, өзін жедел жадқа көшіреді де, біраз уақыт бойы білінбейді.

Резиденттік емес вирус өзін жедел жадқа жазбайды, бірақ зақымдалған программаны орындауға қосқанда активтенеді. Ол өзін файлға қосып жазады да, оның орындалу барысын былай, файлды іске қосқанда алдымен вирус - программа, содан кейін программаның өзі орындалатындай өзгертеді.

Вирустардың барлық алуан түрінен негізгі топтарын ерекшелейік.



Жүктейтін вирустар — дисктің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды және компьютерді жүктегенде іске қосылады.

Файлдық вирустар — ең алдымен СОМ және ЕХЕ кеңейтулері бар файлдарға кіріп алады. Олар файлдардың басқа типтеріне де кіре алады, бірақ онда олар ешқашан басқару ала алмайды, демек көбею қабілетін жоғалтады.

Жүктейтін - файлдық вирустар - файлдарды да, дискілердің жүктейтін секторларын да зақымдайды.

Драйверлік — компьютер құрылғыларының драйверлерін зақымдайды немесе өзін қосымша қатар (жол) конфигурациясының файлына қосу жолымен іске қосады.

Желілік вирустар - ондаған және жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін желілерде тарайды.

Вирустардан қорғау үшін:

  • профилактикалық (алдын алу) шараларды;

  • вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларды қолдануға болады.

Профилактикалық шараларға төмендегілерді жатқызуға болады:

  • қосалқы көшірме жасау - ақпаратты архивтеу;

  • зақымдануы ықтимал кездейсоқ «пираттық» (ұрлық) программаларды қолданбау;

  • дисктерді вирусқа тексеру;

  • компьютерді ұдайы вирусқа тексеру:

  • антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту:
    Вирустардан қорғауға арналған арнайы бағытты программаларға вирустарды табуға және жоюға мүмкіндік беретін антивирустық (вирусқа қарсы) программалар жатады.

Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады:

  1. Жұмысы файлдағы деректерге арналған әр түрлі бақылаулы қосындыларды есте сақтауға негізделген программалар;

  2. Резиденттік программалар, олар вирусты программаны немесе операциялық жүйені (ОЖ) зақымдау кезінде табады;

  3. Файлдарда вирустардың барын олар зақымдағаннан кейін анықтайтын программалар.

Антивирустық программалардың келесі типтері бар:

  • Детектор - программалар;

  • Доктор - программалар;

  • Ревизор - программалар;

  • Фильтр - программалар;

  • Вакцина - программалар немесе иммунизаторлар.

Вирустермен күресуге арналған көп антивирустық программалар белгілі. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары Aidstest, Doctor Web, Касперскийдің АVR-і. Бұл программалардың антивирустық базаларын жаңарту Internet желісінің көмегімен жүзеге асырылады.
Бекіту сұрақтары

  1. Сендер қандай графикалық редакторларды білесіндер?

  2. Corel Draw не үшін қолданылады?

  3. Photoshop-тың қызметі қандай?

  4. Графикалық файлдардыц қандай кеңейтiлулері бар?

  5. Растрлық графиканың векторлықтан айырмашылығы неде?

  6. Word 2003-те қандай векторлық примитивтер бар?

  7. Іскерлік графикасы үшін қандай дестелер пайдаланылады?

  8. Internet дегеніміз не?

  9. Internet хаттамалары дегеніміз не?

  10. IP адресациясы дегеніміз не?

  11. IP маршрутизациясы дегеніміз не?

  12. Информацияны қысу дегеніміз не?

  13. Файлдарды архивтеу не үшін қолданылады?

  14. Архивтік файл дегеніміз не?

  15. Қандай архивтер көп томды деп аталады?

  16. Архивтен шығару дегеніміз не?

  17. Архиватор-программаларды атаңыз.

  18. ARJ, RAR және WINZIP архиваторларының айырмашылығы неде?

  19. Архивтеудің негізгі міндеттерін атап айтыңьп.

  20. Қандай файл өзі шешілетін деп аталады?

  21. Қандай жағдайларда өзі шешілетін архивтер қолданылады?

  22. Вирус дегеніміз не?

  23. Вирус неше түрге бөлінеді?

  24. Вирустардан қорғанудың алғы шаралары қандай?

  25. Антивирус дегеніміз не?

  26. Антивирустық программаларды неше топқа бөлеміз?


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


  1. c


Зертханалық жұмыс №2 (4 сағат)

Тақырыбы: Microsoft Office пакеттерімен жұмыс. Кестелік процессор. Негізгі түсінік. Функционалдық мүмкіндіктері. MS Excel. Функциямен жұмыс. Берілгендерді өңдеу және талдау. Диаграммамен жұмыс.

Мақсаты: MS Excel электронды кестесімен танысу, терезесіне шолу жасау, құрылымымен танысу, құжатты баптап үйрену, бағандар мен қатарлармен, ұяшықтар және ұяшық топтарымен жұмыс жасауды үйрену. Диаграммалар және графиктер құрып үйрену. Диаграммаларды өңдеу және безендіру. Диаграммаларды баспаға шығару.
Теориялық түсініктеме:

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекті түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз, Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз. Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі келесідей болады (Сурет 2).



Сурет 2. Excel программасының терезесі

Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1- кітап (Книга1 ) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптын атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) шертеміз немесе [Ctrl N] пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2- кітап, 3- кітап ( Книга 2, Книга 3) т.с.с. болады


  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып жолы орналасқан.

  • Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары.

  • Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі
  • Internet-тің маршрутизациясы
  • Информацияны қысу
  • Архиватор-программалардың негізгі түрлері
  • Winzip архиваторы
  • Правка - Вырезать
  • Правка - Вставить
  • Extract
  • Вирустардың таралу жолдары: дисктер; лазерлік дискілер; компьютерлік желілер. Вирустың пайда болуының белгілері
  • Вирустар екі түрге бөлінеді
  • Жүктейтін - файлдық вирустар
  • Желілік вирустар
  • Антивирустық программаларды үш негізгі топтарға бөлуге болады
  • ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
  • Сурет 2. Excel программасының терезесі

  • жүктеу 2.26 Mb.