Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.26 Mb.



жүктеу 2.26 Mb.
бет2/13
Дата16.03.2017
өлшемі2.26 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ақпарат беру тәсілі – сигнал. Сигнал дегеніміз – ақпараттық сипаты бар физикалық процесс.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Сигналдар үздіксіз және дискретті болады.

Үздіксіз сигналдарға амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз қалатын сигналдар жатады. Уақыт моменттерінің шектеулі санында тек шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар дискретті деп аталады. Қандайда бір шаманың оның жеке міндерінің тізбегі түрінде бейнелеу процесін дискреттеу деп атайды.

Электрлік түрде берілген сигналдардың көп артықшылықтары бар:


  1. Жылдамдығы шектеулі, қозғалмалы механикалық құрылғыларды талап етпейді.

  2. Электрлік сигналдарды ең жоғары жылдамдықпен беруге болады (жарық жылдамдығы).

  3. Жылдамдығы жоғары электрондық құрылғылардың көмегімен электрлік сигналдарды өңдеу, салыстыру, түрлендіру, жеңу мүмкіндіктері бар.

Ақпаратты беру және өңдеу жүйелерінде сигналдар бірнеше мәрте түрленеді. Бұл кезде сигналдардың физикалық табиғаты өзіндегі ақпаратты жоғалтпай өзгеруі мүмкін. Мысалы, телефон байланысында акустикалық сигнал (тасушы дыбыстық толқындар), электрлік толқындар (тасымалдаушы) көмегімен электр сигналына түрленеді және осы түрлендіру керісінше орындалады да байланыс жүзеге асады.

Акустика (грекше akustіkos - естілетін, тыңдалатын) - физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.

Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.

Сигналдарды беру уақытында олардың ақпараттық сипаты өзгеруі мүмкін: үзіліссіз сигнал дискреттіге немесе керісінше ауысуы мүмкін. Ақпарат аналогтық түрден цифрлық түрге немесе керісінше арнайы құрылғылардың көмегімен ауысады. Мысалы: модем, дыбыстық карта, видеокарта, т.б. жатады.

Қоғамдағы ақпараттың көлемінің үздіксіз ұлғаюына байланысты қазіргі заманның адамына ақпаратты меңгеру талабы қойылады. Адам ақпарат ұғымының ең аз дегенде 3 құрамдас бөлігін бөліп қарастырады:

Мағынасы (семантика);

Кескіні (синтаксис);

Бағасы (прагматика);

Ақпараттың қасиеттері:


  1. Объективтілігі: Егер ақпарат біреудің түсінігіне тәуелсіз болса, онда объективті ақпарат болады.

  2. Дәлдігі: Егер ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, онда дәл ақпарат болады.

    Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.



  3. Толықтығы: Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда ақпарат толық болады.

  4. Өзектілігі: Егер ақпарат дәл қазіргі уақытта маңызды боса, онда ақпарат өзекті (актуальная) болады.

  5. Пайдалылығы: Егер ақпараттың көмегімен шешілетін мәселе оның маңыздылығымен байланысты болса, онда ақпарат пайдалы болады.

  6. Түсініктілігі: Егер ақпарат пайдаланушыға түсінікті болса, онда ақпарат түсінікті болады.


Бекіту сұрақтары

  1. Информатика ұғымының анықтамасы. Информатика нені оқытады?

  2. Информатика неге күнбе-күн дамып отыратын ғылым?

  3. Информация дегеніміз нз?

  4. Информацияның қандай түрлерін білесіздер?

  5. Информациялық технология деген не және оның жаңа информациялық технологиялардан айырмашылығы неде?

  6. Информациялық процестер дегее не?

  7. Дербес компьютер деп қандай ЭЕМ-дерді айтады?

  8. Ақпарат терминіне анықтама бер?

  9. Сигнал деген не?

  10. Электрлік түрде берілген сигналдардың артықшылықтары.

  11. Ақпараттың қасиеттері.

  12. Ақпараттың үздіксіз және дискеретті формасы.

  13. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата.


2-дәріс. Дискретті математиканың негізі
Мақсаты: Информатиканың логикалық негіздері, алгебра логикасы, логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер, логикалық амалдар, логикалық схемалар және логикалық машиналар, Буль алгебрасы түсініктерімен таныстыру.

Буль алгебрасы, буль торы - ішінара реттелген жиынның арнаулы түрі. Егер жиынның ең үлкен элементі 1 (Буль алгебрасының бірлігі), ең кіші элементі 0 (Буль алгебрасының нөлі) болса және әрбір х элементі мен оның толықтыру элементі Сх: sup =1, іnf =0 қатынастарын қанағаттандырса, онда Буль алгебрасы дистрибутивтік тор деп аталады.


ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.

Логика — бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, онын ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұскалары дараланады: формалъды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т.б.

Диалектика (гр. διαλεκτική – пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралы философиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.

Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне кайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.



Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық. логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оны басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл — дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалык айнымалылардың мәндері де екі: "0" және "1". Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өндеу және сактау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары, схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және карапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейті бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.



Пікір дегеніміз — жалған немесе ақиқат болуы мүмкін кандай да бір пайымдау.

Мысалы, "Қар — ақ", "2 • 2 = 4" деген ақиқат, ал "Тау тегіс", "2 • 2 = 5" деген — жалған пікірлер. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқат ретінде қабылданады.

Пайымдау - логикалық ойлаудың екі типі. Ойдың ақиқатқа қарай ілгерілеуі білм шеңберінде тәжірибенің мәліметтері мен амалдарын жасайды, оларды қатаң тиянақталған ережелер бойынша реттейді. Оған қатаң анықтылық, бұлжымайтын шектеулермен схемаларға ойысу тән.

Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс; берік тағайындалған білім; қандай да бір болжамды тексеру болып табылатын қандай да бір қорытынды, түйін үшін қызмет ететін тәжірибедегі мәліметтер.

Жалған пайымдаулар, көбінесе, пайымдаулар мен ұйғарымдардағы қателерден немесе сондай болса екен деген тілегімізді шындық ретінде көрсетуге тырысудан пайда болады.

Шкірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3 3 < 7", "Бүгін күн шуақты болды".

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр", "Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

Жалпы пікір объектілердің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы үшін емес "х-у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін акиқат және сонымен катар у кез келген болғанда, х = 0 үшін жалған.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Мысық немесе үй мысығы (лат. Felis catus) - Мысықтәрізділердің биологиялық түрі, типен бірдей кең таралған үй жануары.



Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болсап, онда жалпы пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, "Иттің төрт аяғы бар" пікірі кез келген ит үшін рас.

Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы, "a b = b а" пайымдауы кез келген нақты сандар үшін орынды және ол "Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Күрделі жағдайларда сұрактардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулыктарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы беріледі. Мысалы, "Бұл оқушы ақылды және зерек" пікірі қарапайым "Бұл окушы ақылды" және "Бұл оқушы зерек" деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементпар деп атайды.

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды. "Айдар жазда теңізге барады" айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы — "Айдар жазда тауға барады" айтылымы белгіленсін. Сонда "Айдар жазда теңізге де, тауға да барады" құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы "және" — логикалық жалғаулық, А, В — логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: "ақиқат" немесе "жалған", сәйкесінше олар "0" не "1" арқылы белгіленеді.

Айнымалы - әріп түрінде немесе әріптер тобы түрінде программаға енгізілетін және уақыт, ұзындық, баға, түс және т.б. әр түрлі мәндерді қабылдайтын программадагы сандық шама; белгілі бір мәліметтер типін сақтай алатын және программаны атқару барысында мәнін өзгертуге болатын атауы белгілі объект.

Жалғау- сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.).

Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі — бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың (айтылымдардың) ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған операциянын шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Негізгі логикальщ операцияларды карастырайық.



Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunctio — біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы "." нүктемен белгіленеді (& белгісіменде белгіленуі мүмкін).

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалык операциясының ақиқаттық кестесі:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

Жоқ

жоқ

Жоқ

Ақиқаттық кестесінен:

  • Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А жөне В конъюнкциясы
    ақиқат.

  • А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда
    А және В конъюнкциясы жалған болады.

Логикалық қосу

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалың қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunctioбөлу), ал операцияның нәтижесі — логикалык қосынды деп аталады.



НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде белгісімен) белгіленеді.

НЕМЕСЕ логикалық операциясының акикаттық кестесі төмендегідей болады:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Иә

жоқ

жоқ

Жоқ

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса, не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы жоқ мәніне ие болады.

  • А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі акиқат болғанда, А немесе В дизъюнкциясы ақиқат.

  • А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
    дизъюнкциясы жалған.

Логикалық терістеу

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады.



ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.

ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:

А

А емес

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым.

Мысалы, "Бүгін күн ыстық" айтылымы үшін "Бүгін күн ыстық емес" айтылымы терістеу болады.

Кейбір кездерде барлық айтылым "... жалған" сөзін колдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын терістеу "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы болады.

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А ақиқагп емес), теріске шығаруы иә мәніне ие болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.





Бекіту сұрақтары

  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы жөне жеке пікірлерге мысал келтіріңдер.

  3. Әдеттегі және математикалық пікірлердегі жалғаулардың рөлі қандай?

  4. ЖӘНЕ жалғаулығымен мысал келтір.

  5. НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңіз.

  6. Пайымдауларды теріске шығаруға мысалдар келтіріңіз.

  7. Логикалық көбейту дегеніміз не? Мысал

  8. Дизъюнкция дегеніміз не? Мысал

  9. Логикалық терістеу деп нені айтады? Мысал.


3-дәріс. ЭЕМ-нің архитектурасының негізгі түсініктері (2 сағат)

Мақсаты: Сыртқы құрылғылар және олардың жұмыс принциптерімен таныстыру. Қазіргі компьютер архитектурасы, компьютерлердің функционалдық құрылымы, жады құрылымы түсініктерін енгізу. Компьютер ұғымы және оның функционалды схемасымен және жасау принциптерн таныстыру

    • Компьютер архитектурасының тарихы және оған шолу.

    • Компьютердің логикалық элементтері: логикалық вентилдер, триггерлер, санауыштар, регистрлер.

    • Мәліметтің комьютер жадында бейнеленуі: биттер, байттар, сөздер; сандық мәліметтің бейнеленуі және сандық жүйелер; таңбалы бейнелеу және қосымша кодпен бейнелеу; биттермен негізгі операциялар; сандық емес мәліметтердің бейнеленуі.

    • Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, команда жүйелері мен типтері.

    • Енгізу-шығару және тоқтау.

    • Компьютер жадысының ұйымдастырылуы.

    • Жады иеархиясы. Негізгі жадтың ұйымдастырылуы және операциялар.

    • Виртуалды жады.

    • Енгізу-шығару құрылғылары.

    • Қазіргі ақпараттарды қамтамасыз етуге шолу.


Процессор

Жад


Ақпараттық кеңарна (магистраль)



Шығару құрылғылары

Енгізу құрылғылары



Компьютердің құрылғыларының схемасы.

Бағдарламалық құралдар — әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды.

Бағдарламалық өнім (ағыл. Software; soft - жұмсақ және ware - өнім;орыс. Программное обеспечение - бағдарламалық жасақтама,) - компьютердің жұмыс істеуіне арналған компьютер бағдарламалары жиынтығы, яғни бағдарламалық жасақтама.

Олар:


  • жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

  • қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған;

  • бағдарламалық жүйелер деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы төмендегі суретте көрсетілген.

Компьютердің жүйелік блогы

Процессор



Ақпараттық кеңарна (шина)

Жедел жады (ішкі)

Пернетақтаның контроллері

Дисплей контроллері

Порттар контроллері

Дискілер контроллері

Қосымша құралдар контроллері

ИМДЖ (дискета)

ҚМДЖ (винчестер)

CD-ROM


Пернетақта

Монитор


Принтер, маус, джойстик

Сканер, модем т.б.


Көріп отырғанымыздай дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т.б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар - адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы т.с.с, жалғасады.

Контроллер немесе адаптердің міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады).

Қазіргі компьютерлер алуан түрлі. Бірақ олардың құрылымы кез-келген компьютерде келесі негізгі құрылғыларды анықтайтын жалпы логикалық принциптерге негізделген:



  • нөмірленген ұяшықтардан тұратын жады: (жедел есте сақтау құрылғысы (ОЗУ));

    Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.



  • өзіне басқару құрылғысы (УУ) мен арифметикалық-логикалық құрылғыны (АЛУ) қамтитын процессор;

  • енгізу-шығару құрылғысы;

Бұл құрылғылар бір-біріне ақпарат беретін байланыс каналдарымен жалғанған. Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың арасындағы байланыс келесі схемада көрсетілген:
Енгізу-шығару құрылғысы

Жады


ОЗУ

ПЗУ ысы


Орталық процессор

АЛУ


УУ

Сыртқы жад

ҚМД

ЖМДЖ


CD-RW

Жады функциялары:



  • Басқа құрылғылардан ақпарат қабылдау;

  • Ақпаратты есте сақтау.

  • Машинаның басқа құрылғыларының сұранысы бойынша информацияны беру;

Процессор функциясы: арифметикалық және логикалық операцияларды орындау жолымен берілгендерді сәйкес программа бойынша өңдеу.

  • Компьютердің құрылғыларының жұмысын программалық басқару.

Процессордың командаларды орындайтын бөлігі арифметико-логикалық құрылғы (АЛУ) деп аталады, ал басқа құрылғыларды басқару функцияларын орындайтын құрылғы басқару құрылғысы (УУ) деп аталады.

Әдетте бұл екі құрылғы таза шартты түрде ғана бөлінеді, ал құрылымдық жағынан олар ажыратылмайды.

Процессор құрамында регистр деп аталатын жадының арнайы қосымша ұяшықтары бар. Регистрлер қысқа мерзімге команда немесе сан сақтайтын функция атқарады. Регистр ішіндегі мәліметтермен арнайы электрондық схемалар кейбір манипуляцияларды жүргізе алады. Мысалы кейбір командалардың бөлігін ары қарай қолдану үшін қиып алу немесе сандармен белгілі арифметикалық амалдар жасау. Регистрдің негізгі элементі – триггер деп аталатын электрондық схема. Ол бір екілік санды сақтай алады (разряд).

Регистр – ортақ басқару жүйесінің белгілі әдісімен бір-бірімен байланыстырылған триггерлердің жиынтығы. Регистрлардың орындалатын операциялары бойынша айырмашылығы бар бірнеше түрлері болады. Кейбір маңызды регистрлардың өздерінің атаулары бар, мысалы:



  • Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры;

  • Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

  • Команда регистрі – команданы орындауға қажет уақыт периодында команда кодын сақтауға арналған УУ регистрі. Оның разрядтарының кей бөлігі операция кодын сақтауға арналған, ал қалғаны операнд адрестерінің кодын сақтауға арналған.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • Бекіту с ұрақтар ы
  • 2-дәріс. Дискретті математиканың негізі Мақсаты
  • ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС
  • Логикалық көбейту ЖӘНЕ
  • НЕМЕСЕ
  • Логикалық терістеу
  • 3-дәріс. ЭЕМ-нің архитектурасының негізгі түсініктері (2 сағат) Мақсаты
  • Компьютердің жүйелік блогы

  • жүктеу 2.26 Mb.