Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.26 Mb.



жүктеу 2.26 Mb.
бет11/13
Дата16.03.2017
өлшемі2.26 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Арифметикалық амалдар

Қосу:

0 0=0


1 0=1

0 1=1


1 1=10 бір көрші разрядқа тасымалданады.
Азайту:

0-0=0


1-0=1

0-1=1 көрші разрядтан бірін қарызға аламыз.

1-1=0

Көбейту:

0*0=0


1*0=0

0*1=0


1*1=1
Бөлу ондық жүйедегі сатылап бөлу сияқты орындалады.
Тапсырма:

Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:



  1. Дж. Фон Нейманның принципі

  2. ЭЕМнің буындары


Тапсырма:

Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:



  1. Компьютердің архитектурасы

  2. Қазіргі кездегі ЭЕМнің негізгі блоктары


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Семинар сұрақтарына жауаптарды ұсынылатын әдібиеттерді бпайдаланып жазыңыз


Тапсырма:

  1. Берілген сандарды ондық санау жүйесінен екілік санау жүйесіне аударыңыз
    а) 464(10); б) 380,1875(10); в) 115,94(10)

  2. Берілген сандарды ондық жүйеге аударыңыз
    а) 1000001(2) б) 1000011111,0101(2) в) 1216,04(8) г) 29A,5(16)

  3. Сандарды қосыңыз
    а) 10000000100(2)   111000010(2) 

  4. Алу амалын орындаңыз
    а) 1100000011,011(2) – 101010111,1(2) 

  5. Көбейтуді орындаңыз
    а) 100111(2) ´ 1000111(2) 

 

1 тапсырма

а) 464

0

 

б) 380

0

 

1875

 

в) 115

1

 

94

232

0

 

190

0

0

375

 

57

1

1

88

116

0

 

95

1

0

75

 

28

0

1

76

58

0

 

47

1

1

5

 

14

0

1

52

29

1

 

23

1

1

0

 

7

1

1

04

14

0

 

11

1

 

 

 

3

1

0

08

7

1

 

5

1

 

 

 

1

1

0

16

3

1

 

2

0

 

 

 

 

 

 

 

1

1

 

1

1

 

 

 

 

 

 

 

а)  464(10)=111010000(2); б) 380,1875(10) = 101111100,0011(2); в)  115,94(10) » 1110011,11110(2)
2 тапсырма

а)1000001(2) = 1 × 26   0 × 25   0 × 24   0 × 23   0 × 22   0 × 21   1 × 20 = 64   1 = 65(10)

б)1000011111,0101(2) = 1 × 29   1 × 24   1 × 23   1 × 22   1 × 21 

 1 × 20   1 × 2–2   1 × 2–4 =512   16   8   4   2   1   0,25   0,0625 = 543,3125(10)

в) 1216,04(8) = 1 × 83   2 × 82   1 × 81   6 × 80   4 × 8–2 = 512   128   8   

6   0,0625 = 654,0625(10).

г) 29A,5(16) = 2 × 162   9 × 161   10 × 160   5 × 16–1 = 512   144   10   0,3125 = 

= 656,3125(10).


3 тапсырма

а) 10000000100(2)   111000010(2) = 10111000110(2);



1

0

0

0

0

0

0

0

1

0

0

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

1

1

0

0

0

0

1

0

 

1

0

1

1

1

0

0

0

1

1

0

4 тапсырма

а) 1100000011,011(2) – 101010111,1(2) = 110101011,111(2);






1

1

0

0

0

0

0

0

1

1

,

00

1

1

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

0

1

1

1

,

1

 

 

 

 

 

1

1

0

1

0

1

0

1

1

,

1

1

10

 

 

5 тапсырма

а) 100111(2) ´ 1000111(2) = 101011010001(2);



 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

´

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

0

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

1

0

0

10

1

1

 

 

 

 

 

 

 

 

1

0

1

0

1

1

0

1

0

0

0

1

 

 

Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.
Сұрақтар:

  1. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз

  2. Джон фон Нейман принципі қай жылдары жарық көрді?

  3. Компьютердің функционалдық классификациясын атаңыз?

  4. Джон фон Нейманның программаны сақтау принципін атаңыз?

  5. Джон фон Нейманның жедел жады ұяшықтарына қатынасу принципіне анықтама беріңіз?

  6. Компьютер ұғымына анықтама беріңіз?

  7. Дербес компьютердің негізгі компоненттерін атаңыз?

  8. Дербес компьютердің қосымша құрылғыларын атаңыз?

  9. Жады түрлерін атаңыз?

  10. Микропроцессордың қызметі қандай?

  11. Санау жүйесі дегеніміз не?

  12. Позициялық және позициялық емес санау жүйелері дегеніміз не?

  13. Санау жүйелерінде қандай арифметикалық амалдарды қолдануға болады?

  14. Сегіздік, оналтылық, екілік санау жүйелерінің негізгі санадрын атаңыз

  15. Римдік санау жүйесі қанадй санау жүйесіне жатады?


Зертханалық жұмысы №7

Тақырыбы: Алгоритмдер. Алгоритмдерді өңдеу негіздері. Блок-схема (блок-схема элементтері, блок типтері).(2 сағат)

Мақсаты: Алгоритм ұғымымен танысу. Алгоритм құруды үйрену
Теориялық түсініктеме:

ЭЕМ машиналық команда түрінде жазылған тек бір қарапайым арифметикалық не бір логикалық амалды ғана орындай алатын етіп құрылған. ЭЕМ арқылы ақпаратты өңдеу нәтижесін табу үшін біртіндеп орындалатын амалдар, нұсқаулар тізбегін алдын ала дайындап алу керек. Нәтиже алу үшін арнайы ереже бойынша жинақты түрде дайындалған нұсқаулар тізбегі– алгоритм деп аталады. Яғни, алгоритм – белгілі бір нәтижеге жету үшін ретпен орындалатын әрекеттер жиынтығы.



Алгоритм қасиеттері:

    1. Жалпылылық - әрбір алгоритмнің барлық деректер иыны үшін анықталуы керек.

    2. Анықтылық – алгоритмнің әрбір қадамы нақты бір амалды анықтауы немесе орындауы керек.

    3. Нәтижелілік – алгоритмнің ь орындалуы, нақты нәтиже беруі.

Алгоритмді әр түрлі тәсілдерді пайдаланып дайындау мүмкін.

Берілгендер – информатикадағы негізгі ұғымдардың бірі ЭЕМ-ге ендірілетін, шығарылатын және ішкі кодталған түрде өңделетін информация - берілгендер деп аталады.

Алгоритмнің қарапайым операцияны орындауы үшін машинаға берілген әр нұсқауы машиналық команда деп, ал командада көрсетілген сан және символ -аргумент деп аталады.

Машинаға түсінікті командалар тізбегі арқылы жазылған есептің алгоритмі осы есептің программасы деп, программа құру процесі – программалау деп аталады.

ақпаратты өңдеудің алгоритмін 3 түрлі жолмен құруға болады.



Алгоритмнің берілу формалары:

1) ауызша алгоритм

2) блок-схема түрінде

3) алгоритмдік тілде



Ауызша алгоритм – күнделікті пайдаланылатын сөздер мен математикалық символдарды қолданып жазылған жеке-жеке нұсаулар жиынтығынан тұрады.

Блок-схема – түрлі арнайы фигуралар, нұсқаулар арқылы программада орындалатын әрекеттер мен олардың орындалу ретін көрсететін графиктік схема. Мұнда алгоритмде орындалатын әрекеттер геометриялық фигуралар арқылы сызылып, олардың байланыс жолдары нұсқама арқылы көрсетіледі.


басы
а)

алгоритмнің басы мен соңы



соңы

б) - берілгендерді ендіру және нәтижені шығару


в)

- шартты тексеру

г)

- информацияны өңдеу


д) - байланыс бағыттары

Алгоритмдік тіл – құрылымы нақтыланған бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен ережелер жүйесінен тұрады. Пайдаланылатын символдар – тілдің алфавитін, ережелер жүйесі-оның синтаксисін құрайды.

Алгоритмнің құрылымдық жағынан бөлінуі:

  1. Сызықтық - әрекеттер ретімен бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады.

  2. Тармақталған – алгоритм қандай да бір шартқа байланысты тармақталып кетеді.

  3. Циклдік – белгілі бір қадамдар қайталана беретін алгоритм.

  4. Көмекші алгоритм – программа ішіне алдын –ала дайындалған алгоритм.

Тапсырма:

  1. Екі жай бөлшек берілген. Олардың бөліндісін есептейтің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз

  2. а,b,c 3 нақты сан берілген. Ең үлкенің табатын есептің алгоритмін және блок- схемасын құрыңыз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

1-тапсырма:

Екі жай бөлшекті бөлу амалы келесі түрде орындалады. Сондықтан бізге n,m сандарын табу керек.

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:
алг Бөлшектерді бөлу(нақ a, b, c, d, m, n) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c, d {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт m, n {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c, d



m=a*d

n=b*c

шығару алымы=m

шығару бөлімі=n

cоңы
Есептің блок- схемасы:

Басы

a, b, c, d

m=a*d

n=b*c
m,n

соңы

2-тапсырма:

Есептің алгоритмі келесі түрде болады:



алг Үш санның үлкенің табу (нақ a, b, c, mах) {Қолданушы енгізетін

және алгоритм есептеп шығаратын айнымалылар типі көрсетіледі}

арг a, b, c {Қолданушы енгізетін айнымалылар }

нәт mах {Шығатын айнымалылар }

басы

енгізу a, b, c



егер a>b

онда max:=a

әйтпесе max:=b

тармақ соңы



егер с>max

онда max:=c

тармақ соңы

шығару Ең үлкені=mах

Басы

a, b, c

max


соңы

a>b

max:=a

max:=b

с>max

max:=c

Иә

жоқ



Иә

cоңы
Есептің блок- схемасы:


Әдістемелік нұсқау: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Бекіту сұрақтары:


  1. Алгоритм териніне анықтама беріңіз

  2. Алгоритмнің қандай түрлерін білесіз?

  3. Алгоритмнің қасиеттерін атаңыз

  4. «Алгоритм» терминінің шығу тарихын айтыңыз

  5. Алгоритм қандай элементтерден тұрады?


Зертханалық жұмысы №8

Тақырыбы: Операциялық жүйелердің негізгі элементтері(командалар, утилиттер)

Мақсаты: Файлдармен, каталогтармен, дискілермен жұмыс. Мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру. Проводник программасы. Қолданбалы және қызметтік бағыттағы стандартты қосымшалармен жұмыс жасау
Теориялық түсініктеме:

Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең гараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады. Дербес компьютерлерлерге арналған операциялык жүйежрдің барлығы да тек бір адамдық болып табылады. Расында да екі адамның бір мезетте бір компьютерде жүмыс істеуін елестету қиын ғой.

Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жүмысын қолға алды, солардың бірі WINDOWS жүйесіболатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төменділігімен түсіндіруге болады.



WINDOWS жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты WINDOWS мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемея жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

- колданбалы программаларды іске қосу. Бұған қоса WIN

DOWS жүйесі:

- бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әртүрлі программалар арасында мәліметтермен алмасуды;

- масштабталатын қаріптерді қолдауды;

- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

WINDOWS жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе - WINDOWS жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, WINDOWS сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. WINDOWS терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденен сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбүрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметгер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Жұмыс столы - екінші негізгі үғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (WINDOWS, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б.) интерфейсінің элементі болып саналады. Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр Түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.



Белгіше/(Ісоп) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай белгішелер кездеседі:

- қосымша (қолданбалы) программалар белгішесі;

- белгілі бір топтар белгішесі;

- функциялар белгішесі.



Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалык файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады.

Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ – жеке программаларға арналған контейнер, т.с.с. Әрине, мүндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, кошіру және т. б.).


Тапсырма:



1 тапсырма

Жұмыс үстелінде орналасқан объектілердің қызметі туралы ақпарат алыңыз.



2 тапсырма

Менің компьютерім терезесін ашыңыз, жабыңыз.



3 тапсырма.

Менің компютерім және себет обьектілерінің жанама менюінің мазмұнын анықтаңдар.



4 тапсырма.

Менің компьютерім белгсінің орнын ауыстырыңыз. Менің компьютерім терезесін ашып, орнын ауыстырыңыз.

Менің компьютерім (мой компьютер; my computer) - WINDOWS ортасының жүйеге кызмет ету программасы немесе жүйелік бумасы деп те айтылады. Ол дискілердегі (магниттік, лазерлік) мәліметпен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнату істерін жүзеге асырады.

Терезені жабыңыз.



5 тапсырма.

Менің компьютерім терезесінің өлшемін өзгертіңіз. Жұмыс үстелінде объектілер тобын белгілеңіз.



6-тапсырма.

Менің компьютерім обьектісіне арнайы жылжытуды қолдаңыңыз.



7-тапсырма.

Менің құжаттарым атты жаңа бума құрыңыз, оның ішіне Суреттер және Ойындар атты бума құрыңыз.



8 тапсырма

(С:) дискісінде УАҚЫТША пакасын құрыңыз оған Рисунки және Игры пакаларын орналастырыңыз. Орналасқан пакаларды ерекшелеудің әртүрін пайдалан отырып, ерекшелеуді жүргізіңіз. Алмасу буферін қолданып Рисунки және Игры папкаларын Мои документы папкасына көшіріңіз және кері әрекетті орындаңыз. Алмасу буферімен жұмыс істеу үшін жанама менюді және пернелер комбинациясын пайдаланыңыз.



9 тапсырма

Рисунки және Игры папкалырын ерекшелеп Корзинаға жойыңыз.. Жойылған папкілерді қалпына келтіріңіз. Қалпына келтірілген папкілерді КОРЗИНАҒА жібермей жойыңыз.



10 тапсырма

Проводник программа менюінің командаларын анықтаңыз.. Изменить вид значков на правой панели Проводник панелінің оң жағындағы : Крупные, Мелкие, Таблица, Список белгілерін ауыстырыңыз. Белгілерді аты, көлемі, типі, күні және құрылу уақыты бойынша сұрыптаңыз.



11 тапсырма

(С:) дискісінде УАҚЫТША папкасын құрыңыз. Мои документы папкасында Отчеты папкасын құрыңыз, соңғысының ішіне Таблицы папкасын құрыңыз. Отчеты папкасын жылжыту арқылы УАҚЫТША папкасына көшіріңіз.



12 тапсырма

Уақытша бумасын Себетке алып тастау.Проводник программасының екінші терезесін ашып, екі терезенің тек оң жақ панельдерін қолдана отырып 1,2, тапсырмаларды орындау



1 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Апару. Есептер тақтасында орналасқан ПУСК батырмасына тышқанды апарыңыз және оны біраз уақыт ұстаңыз, сол кезде қалып шығатын анықтама пайда болады, соны оқыңыз. Есептер тақтасында орналасқан уақытқа тышқан курсорын апарыңыз, сол кезде ағымдағы күнді көрсетеді. Осы тәсілді қолдана отырып, жұмыс үстелінде орналасқан барлық объектілердің қызметін анықтаңыз.

2 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Екі рет шерту.

Екі рет шерту обьектілерді қолдану үшін алынады. Мысалы, белгіге екі рет шерту осы обьектінің жүктелуіне әкеледі және құжатқа екі рет шертсе жасалған құжатта ашылады.

Тышқанның меңзерін Менің компьютерім белгісіне вапварып, сол жақ батырмамен екі рет шертіп(шертулер арасында аз уақыт аралығы өтуі мүмкін, әйтпесе, екі рет шерту жалғыз екі шертпе ретінде қабылданады)-диск белгілері, принтер және т.б. бар Менің компьютерім терезесі ашылады. Бір рет шерту арқылы «Жабу» пернесін басамыз (батырмалардың аталуын тоқтап қалу арқылы білуге болады).

Екі рет шерту арқылы мүмкін болатын бір әрекет ғана орындалады. Ол-негізгі әрекет.



3 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Оң жақ батырманы басу.

Менің компьютерім белгісіне шертсе, тура жанында жанама меню ашылады. Әртүрлі обьектілердің жанама менюінің құрамы әртүрлі болады. Менюді жабу үшін бос орынға шерту керек. Менің компьютерім жіне себеттің жанама менюлерінің құрамын салыстырыңыз.

Обьектіде, сонымен қатар Қасиеті орындалатын жанама менюде барлық әрекеттер бар. Қасиеті арқылы обьектінің қасиетін өзгертуге және қарап шығуға болады.

4 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Жылжытып апару.

Тышқанды Менің компьютерім белгсіне апарыңыз. Солжақ батырмасын ұстап тұрып, тышқан арқылы Менің компьютерім белгсін жібермей жылжытыңыз.

Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Тышқанды тақырып жолына апарып, оны басқа жерге жылжытыңыз. Терезені жабыңыз.

5 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Созу.

Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Тышқанды терезе рамкаларының біріне апарса – тышқан меңзері екі бағыттағы бағыттауыш пайда болады. Сол жақ батырмасын басып және тышқанды жылжытып, терезенің өлшемі өзгереді. Меңзерді терезенің оң жақтағы төменгі бұрышына апарып, созуды орындағаннан кейін терезенің өлшемі екі координат бойынша өзгереді. Терезені жабыңыз.

Жалпылама обьектілерді ерекшелеу үшін созылу қолданылады. Тышқанды жұмыс үстеліне апарып, тышқанның батырмасын басып және тышқанды оңға, солға қарай созыңыз-меңзер соңынан тіктөртбұрыш контуры ерекшеленеді. Контур ішінде барлық обьектілер ерекшеленеді. Ерекшелеуді алып тастаңыз. Осы операцияны алдымен сол жақ, одан кейін оң жақпен орындаңыз. Салыстырыңыз.

6 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

Арнайы жылжытудың менюі.

Тышқанды Менің компьютерім обьектісіне апарып, оң жақ пернесін басып тұрып, тышқанның орнын ауыстырыңыз. Батырманы жібергенде-арнайы жылжытудың менюі ашылады. Бұл меню көптеген обьектілерге: Көшіру, Орнын ауыстыру, Сілтеме құру және Болдырмау пунктілерінен тұрады. Менің компьютерім,Себет және т.б. ерекше обьектілеріне меню пункті: Сітеме құру, және болдырмау тұрады. Болдырмау пунктін таңдап, сол жақ батырманы басыңыз.



7 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Менің компьютерім бумасын ашып, С: дискісін ашыңыз.

  2. Меню жолында шерте арқылы Файл пунктін таңдап, Құру, содан кейін Буманы (Файл-Құру-Бума). Жұмыс үстелінде Жаңа бума атты буманың белгісі пайда болады.

  3. Үлкейту батырмасы арқылы барлық терезені бүкіл экранға ашыңыз.

  4. Меню арқылы жаңа буманы (Файл-Құру-Бума) құрса-жаңа бума пайда болады.

  5. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюін ашып, Құру-Бума командасын таңдау керек. Жаңа бума пайда болады.

  6. Жанама меню арқылы жаңа бумаға ат қоға болады, мысалы, суреттер. Екінші бумаға және оның атына шертіп, меңзер арқылы атын редакртлеуге болады. Екінші бумаға Ойындар деген атты беріңіз және ENTER пернесіне басу арқылы редактрлеу режимінен шығасыз.

  7. Теренің бастапқы «Қалпына келтіру » режиміне оралыңыз.

8 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Менің компьютерім терезесін ашыңыз. Алдын ала дискета салу арқылы немесе (D:) дискісінен қандай да бір файлды ашаңыз. УАҚЫТША деген атпен папка құрыңыз. Құрылған папканы ашыңыз. Shift пернесін басып тұрып, Игры папкасын УАҚЫТША папкасына апарыңыз. Рисунки папкасын УАҚЫТША папкасына арнайы жылжытамыз. Жылжытып болған соң, жанама менюдегі Переместить командасын орындаймыз. .

  2. УАҚЫТША папкасында Рисунки папкасын ерекшелеп, CTRL пернесін басып тұрып, Игры папкасын ерекшелеңіз, сонда екі объект ерекшеленді (топтық ерекшелеу). Ерекшелеуді алып тастаңыз. Рисунки және Игры папкалырын тышқанды жылжыту арқылы ерекшелеңіз.

  3. Ерекшеленген объектілердің бірінде жанама менюін ашып, Вырезать пунктін таңдаңыз, сонда объектілер алмасу буферіне көшеді.

  4. Мои документы папкасын ашыңыз. Жұмыс өрісінің бос аймағында жанама менюін ашып, Вставить пунктін таңдаңыз, сонда нітижесінде алмасу буферінде орналасқан объектілер Мои документы папкасына көшеді.

  5. УАҚЫТША папкасынан көшірілген папкаларды қайтарыңыз: 12,13 пунктіндегі әрекеттерді орындаңыз, ол үшін CTRL-X пернелерінің комбинацияларын қолданып, алмасу буферіне объектілерін көшіріңіз, ал буферден қою үшін CTRL-V пернелерінің комбинацияларын қолданамыз.

9 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Рисунки және Игры папкаларын ерекшелеңіз. Жанама менюді ашыңыз және Удалить пунктін таңдаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде объектілерді жоюды растаңыз. УАҚЫТША және Мои документы папкілерін жабыңыз.

  2. Корзина папкісінің терезесін ашыңыз. Оның ішінен өшірілген Рисунки және Игры папкілернің белгішелерін табыңыз. Папкаларды ерекшелеп, олардың бірінде жанаама менюді шақырыңыз. Выберите пункт Восстановить пуктін таңдаңыз. Корзинаны жабыңыз.

  3. УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Онда қалпына келтірілген Рисунки және Игры папкаларын табыңыз. Екі папканыда ерекшелеңіз. DELETE және SHIFT пернелерінің көмегімен оларды өшіріңіз.

  4. Корзинаны ашып, жанағы SHIFT пернесінің көмегімен өшірілген объектілердің ешқайсысы түспегеніне көз жеткізіңіз.

10 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Проводник программасын жіберіңіз (Пуск|Программы|Проводник).

  2. Файл пункт менюін ашыңыз. Ақпараттың жолда пайда болатын ақпараттармен танысып, берілген пункт командаларымен танысыңыз. Пункт менюінің басқа командалармен де танысыңыз. Егер команда активті болмаса, онда қандай да бір объектіні ерекшелейміз, мысалы, папканы. Проводник панелінің оң жағындағы : Крупные, Мелкие, Таблица, Список белгілерінің түрін ауыстырыңыз.

  3. Белгілерді аты, көлемі, типі, күні және құрылу уақыты бойынша сұрыптаңыз.

11 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Сол жақ панельден (С:) дискісін табыңыз және оны диск белгішесіне шерту арқылы ашыңыз.

  2. Оң жақ тақтада УАҚЫТША папкасын құрыңыз.

  3. Оң жақ тақтада Мои документы папкасын табыңыз және осы папканы ашыңыз.

  4. Оң жақ тақтада Отчеты папкасын құрыңыз.

  5. Сол жақ тақтада Мои документы папкасындағы « » белгісн шерту арқылы сол папканы жазыңыз. Жазу және жинау арасындағы айырмашылықтарды көріңіз. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын табыңыз.

  6. Сол жақ тақтада Отчеты папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтада ешқандай белгі болмауы керек, себебі бұл папканың ішіі бос.

  7. Оң жақ тақтадағы Отчеты папкасының ішіне Таблицы папкасын құрыңыз. ОТЧЕТЫ папкасының жанында « » белгісінің пайда болғанын көресіз. Бұл папка ішінде папка бар екенің көрсетеді. Папканы жазыңыз. Торапты қайтадан «-» белгішесіне басу арқылы жабыңыз.

  8. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын табыңыз, бірақ ашпаңыз.

  9. Жылжытуды қолдана отырып, Отчеты папкасын оң жақ тақтадан, сол жақ тақтадағы УАҚЫТША пакасына апарыңыз. УАҚЫТША пакасының түсі өзгерген кезде тышқан батырмасын жіберіңіз. Осыған ұқсас объектілер тобында көшіруге болады

  10. Сол жақ тақтадан УАҚЫТША папкасын ашыңыз. Оң жақ тақтадан осы папканың ішінде Отчеты пакасының жоқтығына көз жеткізіңіз


12 тапсырмаға әдістемелік нұсқау

  1. Құралдар тақтасындағы «жоғары» батырмасын пайдаланып Уақытша бумасына және содан соң (D:) дискісіне оралыңыз.

  2. Сол жақ панельде Себетті тауып, Уақытша бумасын оның белгісіне жылжытып апарыңыз. Себетті ашып оңдағы жойылған бумалардың бар екеніне көз жеткізіңіз.

  3. Проводник терезесін ашып, жоғарыда айтылған алмастыру әрекеттерін екі терезенің тек оң жақ панельдерін қолдана отырып орындаңыз

  4. Проводник программасының екі терезесін жауып тастаңыз.

  5. Windows-пен жұмысты аяқтаңыз. (іске қосу|жұмысты аяқтау, компьютерді өшіру).


Әдістемелік нүсқау: Тапсырманы орындау. Қысқаша конспект құру. Қорытындысын электронды нұсқамен көрсету
Бекіту сұрақтары:

  1. Жаңа буманы қалай құрамыз?

  1. Объектінің атын өзгертудің қандай әдістерін білесіз?

  2. Объектінің дискідегі орнын қалай ауыстыруға болады?

  3. Объектілер тобын ерекшелеудің қандай әдістерін білесіз?

  4. Объектілерді жоюдың қандай әдістерін білесіз?



Зертханалық жұмысы №8 (2 сағат)

Тақырыбы: Интернет. Негізгі түсініктер (сайт, IP-адрес, порт, сокет, сервер, клиент).

Мақсаты: Internet Explorer браузерімен жұмыс істеп үйрену, керек ақпаратты интернеттен алып, оны компьютерде сақтау тәсілдерін меңгеру.
Теориялық түсініктеме:

Желі деп ресурстарды, коммуналдық жабдықтар тобын ортақ пайдалану мүмкіндіктерін беретін жеке компьютерді біріктіруді айтады. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысатын жұмыс станциялары (жеке компьютерленген желілік адаптер) және желілік программалық жасақ болуы қажет.

Сервер - отрақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қолданатын компьютер.

Клиент сервер типті желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндіктерін береді.

Желілер мынандай топтарға бөлінеді:



  • Жергілікті желілер (локальные сети)

  • Кең ауқымды желілер (глобальные сети)

  • Интернет

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер тобы. Яғни, бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер жиыны.

Ауқымды желі құру үшін көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады

Терминал - енгізу шығару құрылғысы. Терминал ретінде дербес компьютерді қолдана аламыз.

Порт дегеніміз компьютерге ішкі жабдықтардың қосылуы үшін арналған логикалық-аппараттық құрылғы. Яғни, компьютердің ішкі құрылғылармен байланысқа түсуі үшін онда ақпараттарды қабылдау және тасымалдау қабілеті бар порттар болады.

Модем дегеніміз телефон желілері арқылы компьютер арасында ақпараттарды тасымалдау құрылғысы. Тікелей жалғау кезінде компьютердің бірі – жетекші, ал басқасы қосымшалар болып табылады.

Internet желісі

Әулеметтік пенде болғандықтан адам әрқашаңца өзі сияқтылармен араласу тәсілдері іздестіреді. Соңғы кездегі Іпіегпеі желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шыгарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.



World Wide Web

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіңді жүйе болып табылады.



Интернет желісінің негізгі қызметтері:

        1. Электронды почта.

        2. Файлдарды жіберу, алу

        3. Хабарламаларды оқу

        4. Ақпара тіздеу

        5. Жойылған басқару (программаларды орнату, сұраныс жасау)

        6. ЧАТ-пен әңгімелесу

        7. Интернет арқылы ойындар ойнау

Тапсырма:

  1. www.yandex.ru сайтының іздеу жүйесін қолданып, «Информатика» пәніне қатысты кітаптар, рефераттар табыңыз.

  2. Табылған материалдың біреуін компьютерге көшіріңіз.

  3. www.rambler.ru іздеу жүйесін қолданып, Турбо Паскаль тілі бойынша теориялық материалдар іздеңіз. Оның ішінде «Массивтер» тақырыбына қатысты материалдарды компьютеріңізге сақтаңыз.

  4. Өз жұлдызнамаңызды тауып оқыңыз.

  5. Өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша іздеу жүргізіңіз (әншілер, суреттер, жаңалықтар т.б.).

  6. Microsoft Internet Explorer программасының көмегімен бірнеше сайттарды ашыңыз.

    Паскаль (Pascal) - бағдарламашыларды оқыту курстарында пайдаланылатын жоғары құрылымды бағдарламалау тілі.

    Internet Explorer (қысқаша ІЕ не MSIE) - Microsoft компаниясы 1995 ж. бастап Microsoft Windows амалдық жүйесі құрамдас бөлігі ретінде жасаған графиктік ғаламтор шолғыш өнімі. Бұл бағдарлама 1999 ж. бастап дүние жүзі бойынша қолданымы ең көлемді бағдарлама болып, 2002-2003 жж.

    (Өзіңіз таңдаңыз). Сайтта берілген бір суретті Microsoft Word-қа көшіріңіз. Осы суретті жеке файл ретінде сақтаңыз. Ашық тұрған сайттарды толығымен өз компьютеріңізге сақтаңыз.

Yandex іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі тапсырмаларды орындау:

  1. «Математикалық логика» пәні бойынша «Тьюринг машинасы» тақырыбынан есептер тауып сақтау

  2. MS Excel электронды кестесі бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  3. MS Access мәліметтер қоры бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  4. Қазақстандық кез келген әшні топтың жеке сайтына кіріп, сол топ жайлы ақпарат жинақтау.

Rambler іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауаптар жазу:

  1. Бұрынғы Ресей президенті Б.Н.

    Ресей Федерациясы Президенті - Ресей Федерациясындағы жоғары мемлекеттік қызмет, сондай-ақ, осы қызметке сайланған тұлға.

    Ельциннің туған күні және туған жері

  2. Математик Н.И.Лобачевскийдің туған жері және туған күні

  3. Алла Пугачева қай жылы қай мектепті бітірді

  4. Роза Рымбаеваның туған жері

  5. Honda фирмасының негізін қалаушылар және құрылған жылы

  6. «Beetles» тобының алғашқы концерттік гастрольдері қай жерде өтті

  7. Филипп Киркоровтың туған жері

  8. «Жасқанат» фестивалінің алғаш өткен жылы


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. URL адрес ресурстың қай жерде орналасқанын және оны қалай табуға болатынын көрсетеді.

  2. Келесі бөлімдерге қос нүктемен бөлініп жазылады:

http://сервер аты/ жолы/файл

  1. Іздеу сервері дегеніміз Интернетте ақпаратты ізеуге мүмкіндік беретін, қолданушының сұрақтарына жауап беретін мамандандырылған сервер.

  2. Іздеуді тақырып бойынша немесе кілттік сөз арқылы жүргізуге болады.

  3. Мысалы іздеу өрісіне «Россия футбол чемпионат» осы кілттік сөздер арқылы, ресейдің футбол клубтары жайлы, өткен чемпионат жайлы ақпараттарды табуға болады.

Әдістемелік нұсқау : Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Желі дегеніміз не?

  2. Интернет желісі қандай желіге жатады?

  3. WWW қалай түсінесіз?

  4. Internet Explorer-ден басқа қандай браузерлер білесіз?

  5. Интернет желісінің қызметтерін атаңыз.


Зертханалық жұмысы №10 (2 сағат)

Тақырыбы: Графикалық қосымшалармен жұмыс

Мақсаты: Paint графикалық редакторында графикалық құралдардың көмегімен сурет салды дамыту
1-6 суреттерді 90, 180 және 270 градуспен айналдырып, салынған фрагментерді көшіру мүмкіндіктерін қолдану арқылы келесі фигураларды бейнелеңіз.
Сурет 1. Кроссворд-1 Сурет 2. Кроссворд-2

Сурет 4. Снежинка Сурет 3. Выпуклая штучка


Сурет 5. Стороны света Сурет 6. Упаковка лимонада






Студенттің оқытушымен бірге орындайтын

өздік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау
Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1
Тақырыбы: ЭЕМ даму этаптары. Ақпаратты өлшеу бірліктері

Мақсаты: ЭЕМнің даму кезеңдерін және буындарын тереңірек қарастыру.Ақпарат туралы түсінікті бекіту, ақпарат өшем бірліктерімен танысу
Тапсырма:
Таратпа материалда көрсетілген тақырыптар бойынша кесте құрып, толтырыңыз
Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқада көрсетілген үлгі бойынша, СОӨЖ дәптеріне жазыңыз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Кестені ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып толтырыңыз.


Таратпа материалдар:

Кесте тақырыбы: ЭЕМнің буындары

Кесте үлгісі:




ЭЕМнің буындары

Аралығы

Сипаттамасы

1










2










...











Тапсырма:
Таратпа материалда көрсетілген тақырыптар бойынша кесте құрып, толтырыңыз
Тапсыру формасы: Тапсырманы қосымшада көрсетілген үлгі бойынша, СОӨЖ дәптеріне жазыңыз. Сұрақтарға жауапты СОӨЖ дәптеріңізге жазыңыз. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Кестені Дәріс№2-ге «Ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері. Ақпарат құрылымы. Ақпарат өлшем бірліктері» сүйеніп толтырыңыз. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, толықтырыңыз.


Таратпа материалдар:
1-тапсырма Ақпарат түрлері

2-тапсырма Ақпарат өлшем бірліктері

3-тапсырма Ақпарат құрылымы
Сұрақтар:

  1. Информатиканың мақсаты мен міндеті туралы айтыңыз

  2. Информатиканың ғылым жүйесіндегі орыны

  3. ЭЕМнің бірінші буынын«Информатика» терминіне анықтама беріңіз

  4. Информатиканың шешетін мәселелерін атаңыз

  5. Информатиканың негізгі құраушыларын атаңыз

  6. «Ақпарат» терминіне анықтама беріңіз

  7. Ақпарат түрлерін атаңыз

  8. Ақпарат өлшем бірліктерін атаңыз

  9. Байт, бит дегеніміз не?

  10. Ақпаратты ұсыну тәсілдерін атаңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

  6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

  7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2
Тақырыбы: Информатиканың алгоритмдік негіздері. Алгоритмдер түрі.

Мақсаты: Алгоритм құруды үйрену

Тапсырма:

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды орындаңыз


Тапсыру формасы: Тапсырмаларды СОӨЖ дәптеріңізге орындаңыз. Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмаларды №8 зертханалық жұмысқа сүйеніп орындаңыз.



Таратпа материалдар:

1 тапсырма

y=(ax3 b)/(cx3-d) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құру қажет.

Алгоритм

Блок-схема







2-тапсырма

y=(at2 2)/(at3-1), мұндағы t=а*х х3 формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құру қажет.

Алгоритм

Блок-схема






3 тапсырма

Төмендегі өрнектерді алгоритмдік тілде жаз.




  1. ………………………………………………………..




  1. ………………………………………………………..

  2. ………………………………………………...




  1. ………………………………………………...



  1. …………………………………………………..




  1. …………………………………………………………



  1. ……………………………………………………



  1. ………………………………………………..

………………………………………………..

4 тапсырма

1. Блок-схема берiлген. Алгоритмiн жаз.



Блок-схема

Алгоритм




басы

х, у енгiз



соңы




2. Блок-схема берiлген. Алгоритмiн және программасын жаз.



Блок-схема

Алгоритм




басы

a, b енгiз



соңы




3. Блок-схема берiлген. Алгоритмiн және программасын жаз.

Блок-схема

Алгоритм




басы

a, b,c енгiз



соңы

4. Блок-схема берiлген. Алгоритмiн және программасын жаз.

Блок-схема

Алгоритм



басы

a, b, c енгiз



соңы


Сұрақтар:

  1. Алгоритмге анықтама бер

  2. Алгоритм қасиеттерін ата

  3. Алгоритмді өрнектеу, жазу тәсілдерін ата

  4. Серия ұғымын қалай түсінесің

  5. Компьютерде есеп шығару кезеңдерін ата


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.

    6. Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.

    7. Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №3
Тақырыбы: Norton Commander қабықшасы.

Мақсаты: Негізгі командалар және пернетақта комбинацияларымен танысу және жұмыс істеуді үйрену
Тапсырма:

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды(өз нұсқаңыз бойынша) әдістемелік нұсқауда көрсетілген командаларды пайдалана отырып орындаңыз


Тапсыру формасы: Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Таратпа материалда берілген тапсырмаларды алғашқы тапсырмаға қарап отырып орындап көрсетіңіз. Жұмыс нәтижесін баспаға шығарып оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Әдетте Norton С дискісінде NC каталогында орналасады. Сондықтан оны жүктеу үшін командалық жолда келесі команданы теру керек:



C:\>C:\NC\NC

Немесе


C:\>NC\NC

Norton Commander-ді жүктеген кезде экранда «тақта» деп аталатын екі көк терезе пайда болады.

NC экранын төрт бөлікке бөлуге болады. Оларды жоғарыдан төменге қарай атап шығайық:


  • Жазылмалы меню(Спускающиеся меню);

  • Ақпараттық тақталар – сол жақ және оң жақ;

  • Командалық жол;

  • Функционалдық пернелер кілті.

Жазылмалы меню NC-дің барлық функцияларын орындауға көмектеседі. Оған [F9]пернесі арқылы қатынасуға болады..

Тақталар – бұл сіздің дербес компьютеріңіздің файлдық құрылымы туралы,яғни файлдар мен каталогтардың орналасу туралы ақпаратты көрсететін негізгі терезелер.Әрбір тақатада келесі ақпараттар орналасуы мүмкін:

Файл атаулары толық(соңғы модификациялаудың уақыты, өлшемі көрсетілуі) және қысқа (тек қана атау)түрде, сұрыптаудын кез келген бір түрінде;

Файлдардың иерархиялық бұтағы (файлдардың және каталогтардың каталог бойынша орналасуы);

Белгіленген каталог немесе диск туралы ақапарат.

Командалық жол – қолданушы MSDos командаларын теруге және хабарламалар шығаруға аранлаған кеңістік. Бұл жерде DOS командалық жолының курсоры орналасады.

Функционалдық пернелер кілті керекті комнданы жылдам орындау үшін қолданылады.Бұл батырмаларға курсордың көмегімен қатынасуға болады. Курсорды басқару пернелердің көмегімен жылжытуға болады.Тақталар арасында курсорды [Ctrl-I] немесе [Tab] батырмаларының көмегімен жылжытуға болады. Кез келген операцияны [Esc] батырмасын басу арқылы бас тартуға болады..

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


жүктеу 2.26 Mb.