Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 2.26 Mb.



жүктеу 2.26 Mb.
бет1/13
Дата16.03.2017
өлшемі2.26 Mb.

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Семей қаласының шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-39. 1.ХХ/01- 2013

ПОӘК

«Программалау» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



Редакция №____от_____

5В010900 – «Математика», 5В011000 - «Физика» мамандықтарына арналған


«Информатика»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР



Семей

2013


МАЗМҰНЫ


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық және зертханалық жұмыстар

  4. Студенттің өздік жұмысы

ГЛОССАРИЙ
Алгоритм – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым амалдардың санаулы жиыны.

Ассемблер тілі - ең төменгі деңгейдегі программалау тіліне жататын машиналық код түрінде жазылатын программалау тілі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Ассемблер тілі процессордың машиналық кодының әрбір командасын мнемоника деп аталатын арнайы шартты белгілермен көрсетеді.

Ассемблерлеу тілі (орыс. Язык ассемблирования; ағылш. assembly language) - адрестер мен операцияларға символдық атау қою мумкіндігі бар, нақты бір компьютердің командалар жиынымен тығыз байланысқан бағдарламалау тілі; әдетте, ассемблер коды машиналық бір кодқа ауыстырылады.



Базистік аппараттық конфигурация – компьютердің жұмыс істеуіне қажет ең аз аппараттық комплектіні айтады.

Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі.

Брандмауэрлер - қорғаныстық қызметін атқаратын шлюздік компьютерлер.

Броузерлер - HTML пішімі түріндегі Web-құжаттарды оқу үшін арналған программа.

Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтетін пайдаланушы интерфейсі.

Дискретті сигналдар - уақыт моменттерінің шектеулі санында тек шектеулі мәндер қабылдайтын сигналдар.

Желі топологиясы - жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі.

Желілік хаттама - компьютерлердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.



Идентификатор - тілдің кез-келген объектісінің атауы.

Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

Есептегіш, электр есептегіш - тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал. Тұрмыста жиілігі I 50 Гц, бір фазалы 220 В немесе 127 В айнымалы кернеуге арналған есептегіш пайдаланылады. Электр энергиясы киловатт-сағатпен өлшенеді.



Команда есептегіш (счетчик комманд) – кезектегі орындалатын команда адресі сақталатын УУ регистрі, жадының тізбекті ұяшығынан программаларды автоматты теруге арналған;

Компьютерлік программа – ол орындалатын инструкциялардың реттелген тізбегі.

Операциялық жүйе - жүйелік және қызметтік программалар пакеті.

Пайдаланушы интерфейсі - барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандыру.

Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын пайдаланушы интерфейсі.

Позициялық санау жүйесі – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесін .

Санау жүйесі – сандарды санаудың, жазудың ережелері.

Сигнал - информацияны беру тәсілі.

Сумматор – әрбір операцияны орындауға қатысатын АЛУ регистры; Тактілік жиілік (МГц) - процессордың негізгі сипаттамасы.

Транслятор-программалар - процессор тек қана машиналық кодтты түсінеді, сондықтан адам жазған программа мәтінін машиналық кодқа аудару керек.

Машиналық код (Машинный код; computer (machine) code) - 1) жоғары деңгейлі программалау тілін аудару арқылы алынған машиналық тілдегі программа; компилятордың немесе ассемблердің көмегімен алынган, микропроцессор қабылдайтын және орындайтын

Осы жұмысты орындайтын арнайы программа.

Транслитерация - бір машиналық инструкцияны бір ассемблер командасына бірмәнді аудару.

Үздіксіз сигналдар - амплитудасы бойынша әр уақыт моментінде өзгеріссіз қалатын сигналдар.

Файл – дискіде ат қойылып, берілгендер сақталған облыс.

Файлдық жүйе – ОЖ берілгендерді дискіге сақтап, оларға қатынасты қамтамасыз ететін ОЖ-нің функционалды бөлімі.

Файлдар сақталатын таблицалар (FAT-таблицалар) - берілгендердің дисктің қай жерінде жазылғандығы туралы мәлімет орналасатын дисктің жүйелік облысы.

Амплитуда (лат. amplіtudo - шама) - белгілі бір заңдылықпен ауытқитын шаманың өзінің орташа мәнінен не шартты түрде алынған “нөлдік мәнінен” ең үлкен ауытқуы. Мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, айнымалы электр тогының электр күші мен кернеу мәндерінің ауытқуы амплитудаға жатады.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.



Шлюздер - бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдаланушылар түсінетіндей форматқа аударып берету қызметін атқаратын программалар немесе компьютерлер.
ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ

1-дәріс. Кіріспе. Информатиканың негізгі түсініктері

Мақсаты: Информатика пәні және міндеттері, оның дамуы, информатика пәні, объектісі, құрылымы және міндеттері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Информатика (Computer science, informatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.

Ақпарат түсінігі, түрлері, құрылымы, түсініктерін қалыптастыру.


  • Информатика ғылым және техниканың бірлестігі.

  • Қазіргі информатика құрылымы.

  • Ғылым жүйесіндегі информатиканың орны.

  • Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Ақпараттың бейнеленуінің әртүрлі деңгейлері.

    Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.



  • Мәліметтерді тасушылар. Мәліметтермен операциялар.

Біз бәріміз бала кезімізден бастап информация алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі информация аламыз.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де информация түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау - информация алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген информациялар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.

Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұматпен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді. XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін бастады деуге болады.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесінің тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламаларын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді. Мөліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде олар компьютер деп аталады) берді.

Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.

Есептеу машинасы - күрделі математикалық және қисындық есептерді шешуге арналған есептеу қондырғыларының кешені.

ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолдана бастадық



"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Информацияны біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті информацияның мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

Сабақ үстінде мүғалім жаңа информацияны оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді.

Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.

Оқып үйренуге керекті информацияны компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа көмегімен экранға шығарып береді.

Біз өзімізге қажет информацияны оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз. Өндірістегі информация жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.Осындай информацияларды ЭЕМ арқылы да алуға болады. Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар береді. Ол біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай көйлек киеміз немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап Бере алады. Бірақ информация әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала 1F101Dжәне т.б.



Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.



Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Информация және есептеу машиналары. Бүл күнде ЭЕМ информацияны өңдудің ең негізгі құралы болып саналады.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

70-жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде, институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. Ең алдымен ЭЕМ-дер өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып береді. Оның үстінг, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отырболуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып исаналады.

Мәдениеттілік – адамның тұлғалық асыл қасиеттерінің көрінісі. Дәстүрлі әдеп жүйесіндегі әдептілік, имандылық, ізеттілік ұғымдарымен үндес. Адамның ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарды құрметтеуі және оны әрі қарай дамытуы - мәдениеттіліктің белгісі.

Ол үшін ЭЕМ-нің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді) айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын білуге барып тіреледі.

Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

Дербес ЭЕМ-дер - жұмыста және үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютёрлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.

Ақпарат термині латынның баяндау, түсіндіру ұғымдарын білдіретін «information» сөзінен шыққан. Ең алғаш ғылыми термин ретінде ақпарат 1930 ж. Журналистика саласында пайда болған. Бұл кезде ақпарат ретінде әртүрлі мәліметтер, хабарламалар түсінілді. Кейін техникалық ғылымның дамуына байланысты ақпаратқа әртүрлі анықтамалар берілді. Ақпараттың математикалық теориясының негізін салушы Клод Шеннон – америкалық ғалым болды.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.

1948 жылы оның берген анықтамасы бойынша кез-келген хабарлама ақпарат бола алмайды. Соның ішінде орын алған анықталмағандықты жоя алатын хабарлама ғана ақпарат болады. Шеннон теориясы бойынша ақпаратты тасушы ретінде сигналдар қабылданған. Әрбір сигналға оның пайда болу ықтималдылығы сәйкес келеді. Сигналдың пайда болу ықтималдылығы неғұрлым аз болса, соншалықты ауқымды ақпаратты жеткізеді. Жай сөзбен айтқанда жаңалық неғұрлым аз болса, соғұрлым ауқымды болады.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

  • «Информатика» ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  • ГЛОССАРИЙ Алгоритм
  • Базистік аппараттық конфигурация
  • Брандмауэрлер
  • Диалогтық режимде
  • Дискретті сигналдар - уақыт
  • Идентификатор
  • Компьютерлік программа
  • Пайдаланушы интерфейсі - б
  • Позициялық санау жүйесі
  • Сигнал
  • Транслятор-программалар - п
  • Транслитерация - б
  • Файлдар сақталатын таблицалар
  • ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚАША КОНСПЕКТІСІ 1-дәріс. Кіріспе. Информатиканың
  • Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
  • ЭЕМ-дерді
  • Информатиканың негізгі объектісі
  • Информация және есептеу машиналары.
  • Жаңа информациялық технологиялар
  • Информациялық процестер

  • жүктеу 2.26 Mb.