Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

жүктеу 191.65 Kb.



жүктеу 191.65 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі191.65 Kb.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің




Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2018 жылғы «12» ақпандағы

166 бұйрығына



37-қосымша

«Заттай нысандағы салықтық міндеттемені

орындау туралы декларация (есеп) (531.00-нысан)»

салық есептілігін жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы «Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларацияны (есепті) (531.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 772 және 773 баптарына сәйкес әзірленген және пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, роялти және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жөніндегі «Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есеп)» салық есептілігінің (бұдан әрі – декларация (есеп)) нысанын жасау тәртібін айқындайды.

Декларацияны (есепті) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттармен және Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттармен, өнімді бөлу туралы келісімдермен (келісішарттармен) белгіленген, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента, роялти және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндетемелерді орындау есебіне пайдалы қазбаларды беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушымен, мұндай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алуға уәкілетті тұлға арқылы немесе өз еркімен пайдалы қазбаларды өткізетін, мемлекет атынан алушымен толтырылады.

  1. Декларация (есеп) декларацияның өзінен (531.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента салығы, роялти және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі жөніндегі заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (531.01-ден 531.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

  2. Декларацияны (есепті) толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

  3. Декларацияға (есепке) қосымшалар оларда көрсетiлуге жататын деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

  4. Декларацияның (есептің) жолдарын толтырған кезде декларацияның қосымшалары міндетті түрде жасалады.

  5. Қосымша парағындағы жолдардан көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, қосымшаның осындай парағы толтырылады.

  6. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–»– алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

  7. Сомалардың теріс мәндері декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

  8. Декларацияны (есепті) жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық нысанда – Салық кодексінің 208-бабына сәйкес толтырылады.



  1. Салық төлеуші (салық агенті) декларацияны (есепті) Салық кодексінің
    204-бабының 2-тармағына сәйкес қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жасайды, қол қояды, (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мөрмен не электрондық цифрлық қолтаңбамен) куәландырады.

  2. Декларацияны (есепті) табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы декларацияны (есепті) қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің атын (болған кезде) мен қойылған қолы және мөрдің (мөртабан) бедері белгісімен салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште


– салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) ақпараттарды компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық нысанда – салық төлеуші (салық агенті) мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.



  1. Декларацияға (есепке) қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімдерінде декларацияның (есептің) «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.


2-тарау. Декларацияны (есепті) толтыру бойынша түсіндірме
(531.00-нысан)



  1. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) жер қойнауын пайдаланушының (уәкілетті тұлғаның), мемлекет атынан алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

2) салық есептілігі тапсырылатын салық кезеңі –

жер қойнауын пайдаланушымен – тиісті тоқсан;

мемлекет атынан алушымен:

есепті ұсынған кезде – тиісті тоқсан;

декларацияны ұсынған кезде – тиісті жыл көрсетіледі;

3) салық төлеушінің атауы – құрылтай құжаттарына сәйкес мемлекет атынан алушының, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента, роялти және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне пайдалы қазбаларды беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының толық атауын көрсетіледі;

4) салық төлеушінің санаты.

Егер салық төлеуші А және В жолында көрсетілген, санаттардың біріне жататын болса, торкөздер белгіленеді;

5) ұсынылатын есептіліктің түрі.

5 А торкөзі Салық кодексінің 772 бабының 2-тармағы 2) тармақшасымен көзделген заттай нысанда салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау бойынша есепті ұсынған кезде мемлекет атынан алушымен толтыруға жатады;

5 В торкөзі:

жер қойнауын пайдаланушымен Салық кодексінің 722 бабының
2-тармағы 1) тармақшасымен көзделген, заттай нысандағы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау бойынша декларацияны ұсынған кезде;

мемлекет атынан алушымен Салық кодексінің 722 бабының 2-тармағы


2) тармақшасымен көзделген, заттай нысандағы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау бойынша декларацияны ұсынған кезде толтырға жатады;

6) декларацияның (есептің) түрі.

Салық кодексінің 206-бабында көрсетілген, салық есептілігінің түріне декларацияны (есепті) жатқызуды ескере отырып, тиісті торкөздер белгіленеді;

7) хабарламаның нөмірі және күні.

Салық кодексінің 206-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген декларация (есеп) түрін ұсынған жағдайда жолдар толтырылады;

8) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт туралы мәліметтер – уәкілетті мемлекеттік органмен тағайындалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркеу нөмірі және күні араб цифрларымен көрсетіледі;

9) «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланыталын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен бекітілген, 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) шетел валютасында салықтарды есептеу және төлеу көзделген болса, декларация (есеп) мұндай келісімдерде (келісімшарттарда) белгіленген валютада толтырылады;

10) ұсынылған қосымшалар.

Салық төлеушімен ұсынылған декларацияға (есепке) қосымшалардың нөмірі белгіленеді;

11) жер қойнауын пайдаланушының (уәкілетті тұлғаның) БСН-і.

Мемлекет атынан алушы - пайдалы қазбаларды өндіру салығы, экспортқа рента, роялти және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндетемелерді орындау есебіне пайдалы қазбаларды беруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының БСН көрсетеді;

12) мемлекет атынан алушының БСН-і.

Жер қойнауын пайдаланушы (уәкілетті тұлға) – Салық кодексінің 722 бабымен көзделген, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттармен, өнімді бөлу туралы келісімдермен (келісішарттармен) және (немесе) салық заңнамаларымен көзделген, салықтық міндеттемелер есебіне жер қойнауын пайдаланушымен заттай нысанда берілетін, пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекеттің тапсырмасы бойынша және оның атынан әрекет ететін, мемлекет атынан алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірін көрсетеді;

13) Мемлекет атынан алушы 531.02, 531.03 нысанды Декларацияны толтырған кезде есепті кезеңдегі пайдалы қазбалар бойынша қорытынды деректерді көрсетуге тиіс (531.02 нысан бойынша F және N бағандары толтырылмайды).


  1. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:

1) «Басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) жолында басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

  1. декларацияны (есепті) табыс ету күні – декларацияны (есепті) мемлекеттік кірістер органына тапсыру күні көрсетіледі;

  2. мемлекеттік кірістер органының коды – салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органының коды көрсетіледі;

4) «Декларацияны (есепті) қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)» жолында декларацияны (есепті) қабылдаған мемлекеттік кірістер органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі;

5) декларацияны (есепті) қабылдау күні – Салық кодексінің 206-бабы 2-тармағына сәйкес декларацияның (есепті) табыс етілген күні;

6) құжаттың кіріс нөмірі – мемлекеттік кірістер органы берген декларацияның (есептің) тіркеу нөмірі;

7) пошта штемпелінің күні – пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні.



Осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшалары декларацияны (есепті) қағаз жеткізгіште қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері толтырады.

3-тарау. Есептеу және төлеу (беру) бойынша

мәліметтер – 531.01 нысанын толтыру бойынша түсіндірме


  1. Осы нысан заттай нысанда салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне берілетін, пайдалы қазбалардың көлемдері туралы ақпаратты жер қойнауын пайдаланушымен (уәкілетті тұлғамен) толық көрсетуге арналған.

  2. «Есептеу және төлеу (беру) бойынша мәліметтер» бөлімінде:

  1. А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

  2. В бағанында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес пайдалы қазбалар коды көрсетіледі;

  3. С бағанында пайдалы қазбаның атауы көрсетіледі;

  4. D бағанында пайдалы қазбаның өлшем бірліктері (тонна, текше метр, килограмм және басқалары) көрсетіледі;

  5. E бағанында өндіру көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  6. F бағанында заттай нысанда төлеуге жататын, салықтың мөлшері, пайызда көрсетіледі;

  7. G бағанында пайдалы қазбалар беруі салықтық міндеттеме орындау есебіне жүргізілетін, жер қойнауын пайдаланушының БСН-і көрсетіледі;

  8. Н бағанында Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамаларына сәйкес беруге жататын, пайдалы қазбалардың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  9. I бағанында Салық кодексінің 722 бабымен көзделген, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, өнімді бөліу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың бірлігі үшін шартты баға көрсетіледі. Егер Салық кодексінің 722 бабымен көзделген, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттағы, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) шартты бағаны айқындау тәртібі жоқ болса, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының салық төлеушісімен берілетін пайдалы қазбалардың көлемін және оның Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген ақшалай түрде айқындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

Осы тармақшаның бірінші азат жолымен көзделген шартты баға, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және (немесе) уақытылы орындамаған, орындаған заттай нысандағы салықтық міндеттемені, ақшалай түрде дербес шотында бейнелеу үшін қолданылады;

  1. J бағанында, H және I бағандарында көрсетілген мәндердің туындысы арқылы айқындалатын, есептік құны көрсетіледі.

J бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

  1. K бағанында нақты берілген, пайдалы қазбалардың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  2. L бағанында, K және I бағандарында көрсетілген мәндердің туындысы арқылы айқындалатын, есептік құны көрсетіледі.

L бағанының жиынтық шамасы 531.01 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

  1. M бағанында міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбалардың беруі жүзеге асырылатын, бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі.



4-тарау. Қабылдау, өткізу және аудару бойынша

мәліметтер – 531.02 нысанын толтыру бойынша түсіндірме


  1. Осы нысан заттай нысанда салықты төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне алынған және өткізілген пайдалы қазбалар туралы және мұндай пайдалы қазбаларды өткізуден алынған және бюджетке аударылған ақшалар туралы ақпаратты мемлекет атынан алушымен толық көрсету үшін арналған.

  2. «Қабылдау, өткізу және аудару бойынша мәліметтер» бөлімінде:

  1. А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

  2. В бағанында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес пайдалы қазбалар коды көрсетіледі;

  3. С бағанында пайдалы қазбаның атауы көрсетіледі;

  4. D бағанында пайдалы қазбаның өлшем бірліктері (тонна, текше метр, килограмм және басқалары) көрсетіледі;

  5. E бағанында алуға жататын өндіру көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  6. F бағанында Салық кодексінің 722 бабымен көзделген, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа, өнімді бөліу туралы келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес айқындалатын, пайдалы қазбалардың бірлігі үшін шартты баға көрсетіледі. Егер Салық кодексінің 722 бабымен көзделген, Қазақстан Республикасы Президентімен бекітілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда) шартты бағаны айқындау тәртібі жоқ болса, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының салық төлеушісімен берілетін пайдалы қазбалардың көлемін және оның Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген ақшалай түрде айқындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

Осы тармақшаның бірінші азат жолымен көзделген шартты баға, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану және (немесе) уақытылы орындамаған, орындаған заттай нысандағы салықтық міндеттемені, ақшалай түрде дербес шотында бейнелеу үшін қолданылады.

Декларацияны тапсырған кезде осы баған толтырылмайды;



  1. G бағанында, E және F бағандарында көрсетілген мәндердің туындысы арқылы айқындалатын, есептік құны көрсетіледі.

G бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

  1. H бағанында міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбалардың беруі жүзеге асырылатын, бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі;

  2. I бағанында есепті кезеңде нақты алынған пайдалы қазбалардың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  3. J бағанында есепті кезеңдегі жоғалтудың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  4. K бағанында технологиялық мұнайдың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  5. L бағанында есепті кезеңде өткізуге жататын пайдалы қазбалардың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  6. M бағанында есепті кезеңде нақты өткізілген пайдалы қазбалардың көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі;

  7. N бағанында пайдалы қазбаның бірлігі үшін өткізу бағасы көрсетіледі.

Декларацияны тапсырған кезде осы баған толтырылмайды;

  1. O бағанында, M және N бағандарында көрсетілген мәндердің туындысы арқылы айқындалатын, өткізуден түскен нақты түсім көрсетіледі.

O бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

  1. P бағанында мұндай пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты, шығыстарды өтеумен, комиссиялық сыйақыны қоспағанда, заттай нысанда салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау есебіне салық төлеушімен берілген, пайдалы қазбаларды өткізу бойынша көрсетілген қызметтер үшін нақты алынған комиссиялық сыйақы көрсетіледі.

P бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

17) Q бағанында көліктік шығыстар көрсетіледі.

Q бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

18) R бағанында өзге шығыстар көрсетіледі.



R бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады;

  1. S бағанында, O бағанының сомасынан P бағанының, Q бағанының және R бағанының сомаларын азайту арқылы айқындалатын, төлеуге (аударуға) жататын сомасы көрсетіледі.

S бағанының жиынтық шамасы 531.02 нысанының тек бірінші бетінде 00000001 жолында көрсетіледі, және де барлық беттердегі осы бағанда көрсетілген, барлық сомаларды қосу арқылы айқындалады.

5-тарау. Қалдықтар бойынша мәліметтер - 531.03 нысанын толтыру бойынша түсіндірме


  1. Осы нысан есепті кезеңдегі пайдалы қазбалардың өткізілмеген қалдықтары туралы ақпаратты мемлекет атынан алушымен толық көрсету үшін арналған.

  2. «Қалдықтар бойынша мәліметтер» бөлімінде:

  1. А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

  2. В бағанында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес пайдалы қазбалар коды көрсетіледі;

  3. С бағанында міндеттемені орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбалардың беруі жүзеге асырылатын, бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі;

  4. D бағанында пайдалы қазбаның өлшем бірліктері (тонна, текше метр, килограмм және басқалары) көрсетіледі;

  5. E бағанында есепті кезең басына пайдалы қазбалар қалдығының көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

Есепті тапсырған кезде өткен кезеңнің Есебінің F бағанының деректері көшіріледі. Декларацияны тапсырған кезде өткен кезеңнің Декларациясыеың F бағанының деректері көшіріледі;

  1. F бағанында есепті кезең аяғына пайдалы қазбалар қалдығының көлемі, D бағанында көрсетілген, өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

Есепті тапсырған кезде 531.03 нысанның E бағанын 531.02 нысанның L бағанына қосып   531.02 нысанның M бағанын азайту арқылы айқындалады. Декларацияны тапсырған кезде 531.03 нысанның  E бағанын, 531.02 нысанның L бағанына қосып 531.02 нысанның M бағанын азайту арқылы айқындалады.

6-Тарау. Пайдалы қазбалар коды


  1. Декларацияны (есепті) толтыру кезінде мынадай пайдалы қазбалар кодтауды пайдалану керек:




0001

Сүтек

0002

Гелий

0003

Литий

0004

Бериллий

0005

Бор

0006

Көміртек

0007

Азот

0008

Кислород

0009

Фтор

0010

Неон

0011

Натрий

0012

Магний

0013

Алюминий

0014

Кремний

0015

Фосфор

0016

Күкірт

0017

Хлор

0018

Аргон

0019

Калий

0020

Кальций

0021

Скандий

0022

Титан

0023

Ванадий

0024

Хром

0025

Марганец

0026

Темір

0027

Кобальт

0028

Никель

0029

Мыс

0030

Цинк

0031

Галлий

0032

Германий

0033

Мышьяк

0034

Селен

0035

Бром

0036

Криптон

0037

Рубидий

0038

Стронций

0039

Иттрий

0040

Цирконий

0041

Ниобий

0042

Молибден

0043

Технеций

0044

Рутений

0045

Родий

0046

Палладий

0047

Күміс

0048

Кадмий

0049

Индий

0050

Қалайы

0051

Сүрме

0052

Теллур

0053

Йод

0054

Ксенон

0055

Цезий

0056

Барий

0057

Лантан

0058

Гафний

0059

Тантал

0060

Вольфрам

0061

Рений

0062

Осмий

0063

Иридий

0064

Платина

0065

Алтын

0066

Сынап

0067

Таллий

0068

Қорғасын

0069

Висмут

0070

Полоний

0071

Астат

0072

Радон

0073

Франций

0074

Радий

0075

Актиний

0076

Резерфодий

0077

Дубний

0078

Сиборгий

0079

Борий

0080

Хассий

0081

Майтнерий

0082

Металл өндіретін өнеркәсіп үшін кенді емес шикізат

0083

Қалыптық құмдар

0084

Далалық шпат

0085

Пегматит

0086

Басқа құрамында сазды топырағы бар жыныстар

0087

Әктас

0088

Доломит

0089

Әктасты-доломитті жыныстар

0090

Тамақ өнеркәсiбiне арналған әктастары

0091

Кенге жатпайтын басқа шикiзат

0092

Отқа төзімді саздар

0093

Каолин

0094

Вермикулит

0095

Ас тұзы

0096

Жергілікті құрылыс материалдары

0097

Вулкандық кеуек жыныстар

0098

құрамында суы бар вулкандық шыны

0099

Шыны тәріздес жыныстар

0100

Перлит

0101

Обсидиан

0102

Ұсақ жұмыр тас

0103

Қиыршық тас

0104

Гипс

0105

Қиыршық тас-құм қоспасы

0106

Гипсті тас

0107

Ангидрит

0108

Гажа

0109

Саз

0110

Сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар)

0111

Бор

0112

Мергель

0113

Мергельді–бор жыныстары

0114

Кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит)

0115

Кварцты-дала шпатты жыныстар

0116

Гранит

0117

Диабаз

0118

Мәрмәр

0119

Базальт

0120

Басқа шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар

0121

Шой тас

0122

Құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты)

0123

Құм тас

0124

Табиғи пигменттер

0125

Ұлутас

0126

Жерасты су

0127

Мұнай

0128

Газ

0129

Мұнай-газ конденсаты

0130

Басқа

  • «Заттай нысандағы салықтық міндеттемені орындау туралы декларация (есеп) (5 31 .00 -нысан ) »
  • 2-тарау. Декларацияны (есепті) толтыру бойынша түсіндірме (531.00-нысан)
  • 3-тарау. Есептеу және төлеу (беру) бойынша мәліметтер – 531.01 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
  • 4-тарау. Қабылдау, өткізу және аудару бойынша мәліметтер – 531.02 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
  • 5-тарау. Қалдықтар бойынша мәліметтер - 531.03 нысанын толтыру бойынша түсіндірме
  • 6-Тарау. Пайдалы қазбалар коды

  • жүктеу 191.65 Kb.