Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Мазмұны

жүктеу 0.85 Mb.



жүктеу 0.85 Mb.
бет1/5
Дата02.06.2018
өлшемі0.85 Mb.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Мазмұны


  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы

« » №


қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2010 жылғы 30 қарашадағы
№ 1277 қаулысымен  
бекiтiлген

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы

Мазмұны
Кiрiспе

Ағымдағы жағдайды талдау


Миссиясы мен пайымдауы
Қызметтiң стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтiң түйiндi көрсеткiштерi мен межелi нәтижелер
Тәуекелдерді басқару

1-қосымша. Сыртқы микроортаны талдау


2-қосымша. Стратегияның мақсаттары, мiндеттерi мен көрсеткiштерi
3-қосымша. Мақсаттар мен мiндеттер бойынша түйiндi көрсеткiштер есептеулерiнiң негiздемесi

Кiрiспе
Осы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының даму стратегиясы (бұдан әрi - Стратегия) оның алдағы 10 жылға арналған стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын және қызмет нәтижелерiнiң көрсеткiштерiн анықтайды.

Стратегияны әзiрлеу үшiн мыналар негiз болып табылады:

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2012 жылғы 14 желтоқсан;

Қазақстан Республикасының 2020 жылға1 дейiнгi Стратегиялық даму жос­пары (бұдан әрi - Стратегиялық жоспар - 2020);

Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға2 арналған мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2015 – 2019 жылдарға3 арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрi - Мембағдарламалар);

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттiгiнiң 2010-2014 жылдарға4 және 2011-2015 жылдарға5 арналған стратегиялық жоспарлары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 – 2018 жылдарға6 арналған стратегиялық жоспары (бұдан әрi – Меморганның стратегиялық жоспары).

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Компания) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысына сәйкес Компанияның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен құрылды және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министірліктің Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының 2007 жылғы 2 тамыздағы ««Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атауың өзгерту тұралы» № 32 бұйрығының негізінде атауы өзгертілді.

Акциялардың мемлекеттiк пакетiн пайдалану және иелену құқығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетіне берілді.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің мәселелері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 маусымдағы № 438 қаулысына сәйкес Компания акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне берілді.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі таратылды және Компания акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №100 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен Компанияның мемлекеттік акциялар пакеттеріне (қатысу үлестерін) иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.

Ағымдағы жағдайды талдау
1. Сыртқы ортаны талдау


    1. Сыртқы микроортаны талдау

Компания 2010 жылдан бастап тиiстi жобаларды iске асыру жолымен әлемдiк ғарыш қызметтерi нарығының мына сегменттерiнде әрекет етедi:

ғарыш аппараттары (бұдан әрi - ҒА) өндiрiсi - «Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенiн құру» жобасы (бұдан әрi - ҒА ҚСК жобасы);

iске қосу қызметтерi - «Зенит» ЗТ (2013 жылға дейін) мен «Днепр» ЗТ-ны коммерциялық пайдалануға қатысу жөніндегі жобалар;

ЖҚЗ деректерiн беру қызметтерi - «Қазақстан Республикасының Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесiн құру» жобасы (бұдан әрi - ҚР ЖҚЗ ҒЖ жобасы);

спутниктiк навигация қызметтерi - «Қазақстан Республикасының Жоғары дәлдiктi спутниктiк навигация жүйесiнiң жерүстi инфрақұрылымын құру» жобасы (бұдан әрi - ҚР ЖСНЖ жобасы).

Төменде нарықтың көрсетілген сегменттерінің талдауы берілген.

Ғарыш аппараттары өндiрiсi
Euroconsult 2015 жылғы «Satellites to be Built & Launched by 2024» есебіне сай келесі он жылдық ішінде (2015–2024 жж.) бұл сегментте:

жыл сайын массасы 50 кг артық шамамен 140 жерсерік ұшырылатын болады, с.і. коммерциялық секторда 10 жылдың ішінде 550 жуық байланыс және ЖҚЗ жерсеріктері ұшырылады дер күтілуде, олар қолданыстағы жерсеріктерді ауыстырады;

2015-2024 жылдары 1400 ҒА өндірісінен кіріс 255 млрд. АҚШ долларын құрайды;

мемлекеттік сектордың үлесі, негізінен 10 көшбасшы ел 60 ел үшін негізінен жерсеріктік байланыс және коммуникациялар, ЖҚЗ мен бейнетүсіру үшін 90% жерсеріктік жүйелер өндірісі есебінен 75% астам құрайды.

Қазақстан Республикасында 2016 жылға қарай ЖҚЗ және байланыс ғарыш жүйелері құрылды, ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесін құру басталды, оларды қолдау және одан әрі дамыту жоспарлануда. Отандық ҒА нарығы көлемінің шектелгендігін, сондай-ақ бәсекелестіктің жоғары деңгейін ескере отырып, халықаралық нарықта тек елдің ішкі қажеттіліктеріне бейімделе отырып бәсекеге қабілетті компания болу қиын екенін тұжырымдауға болады. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ұқсас жобаны мемлекеттік қолдаусыз және әлемдік ғарыштық нарықта берік орны бар компаниямен кооперациясыз мүмкін емес.

ҒА әлемдiк нарығына өте тез кiрудiң тиiмдi жолының бiрi олармен бiрлескен кәсiпорын (бұдан әрi - БК) құруды қоса алғанда, нарықтың жетекшi қатысушыларымен әр түрлi нысандағы кооперация болып табылады. Нарыққа кiргеннен басқа, бұл ҒА құрудың тiршiлiк циклында БК қатысу үлесiн ұлғайту мүмкiндiгiн беретiн тәуекелдердi БК қатысушылары арасында бөлуге, кәсiпорынның технологиялық деңгейiн және персоналдың нысаналы даярлық деңгейiн көтеруге мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасында ҒА құрастыру-сынау кешенiн (бұдан әрi - ҒА ҚСК) құру жобасы 2009 жылы таңдап алынған стратегиялық әрiптес - ғарыш саласының әлемдiк көшбасшысы – EADS Astrium компаниясы (2014 жылдан бастап EADS Astrium компаниясының аты Airbus Defence & Space деп өзгертілді) компаниясының қатысуымен iске асырылады. Сондай-ақ ҒА ҚСК жобалауға және салуға отандық кәсiпорындар да қатысатын болады.

Құрылатын ҒА ҚСК құрастыру-сынау орталықтарына қойылатын еуропалық стандарттардың барлық талаптарына сай келедi және ТМД-да аналогы жоқ.

ҒА ҚСК жобасын іске асыру жоспарына сәйкес Компания және оның стратегиялық әріптесі Қазақстан Республикасында ҒА өндіру, құрастыру және пайдалану жөнінде кәсіпорынды құру және іске қосу үшін «Ғалам» Қазақстан-Франция бірлескен кәсіпорыны құрылды. БК негiзгi қызметi 6 тоннаға дейiнгi ҒА жобалау, ҒА жиынтықтауыштарының өндіру, құрастыру және сынау қызметтерiн ұсыну болып табылады. Бастапқы сатыда БК өнiмiнiң негiзгi тұтынушылары болып отандық ғарыштық байланыс, Жердi қашықтықтан зондтау, ғылыми мақсаттағы жүйелерiнiң тапсырыс берушiлерi болады.
«Ғалам» ЖШС құрылтай шартына сәйкес стратегиялық әріптес 5 жылдың ішінде 60 млн. АҚШ долларынан кем емес сомаға БК-ға ҒА жиынтықтауыштарын өндіруге тапсырыстар орналасуға, сондай-ақ ЖҚЗ деректерін шетелде тарату бойынша маркетингтік қолдауды қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Кейiннен БК әлем нарығының көшбасшыларымен - Airbus Defence & Space (Европа), InteSpace (Франция), Surrey Satellite Technology Limited (Великобритания) компанияларымен халықаралық кооперациялар шеңберiнде бiрлескен бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға қатыса алады. ҚСК базасында шетелдiк фирмалардың ҒА құрастыру және бiлiктiлiк сынауларын жүргiзу, «ғарыштық емес» мақсаттағы түрлi электронды қондырғыларды, машиналарды және жабдықты сынау жөнiндегi қызметтердi ұсынуы мүмкiн,с.і. тау-кен және тау-кен шахталар жабдықтарын, ауылшаруашылық машиналарды.

Сыртқы нарықтың осы сегментiнде Компанияның негiзгi бәсекелестерi Тhales Аleniа Sрасе (Франция), Surrey Satellita Тесhnology Limited (Ұлыбритания), Sрасе Systems/Lоral (АҚШ), Dongfanghong Satellite Company (Қытай), JAXA/NASDA (Япония), Korea Aerospace Research Institute (О. Корея) болып табылады.

Осы сегменттiң жаңа ойыншылары Үндiстанның, Тайваннiң, Иранның тез дамып келе жатқан ғарыш кәсiпорындары болып табылады.

АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Израиль, Украина елдерiнiң мамандандырылған компаниялары ғарыш тұғырнамаларының, жиынтықтауыштарының, пайдалы жүктеменiң, сондай-ақ, сынау жабдығының жеткiзушiлерi болып табылады. Бұл ретте, негiзiнен барлық құрауыштардың бiрiздендiрiлген интерфейсi бар, бұл жиынтықтауыштарды әртүрлi өндiрушiлерден сатып алу мүмкiндiгiн бередi.

Қорытындылар:

Қазақстан Республикасы өзiнiң ғарыш бағдарламасын дүниежүзiлiк ғарыш қызметiнiң өте қатаң даму жағдайларында дамытуда:

1) нарықта көшбасшылық орынды алған, агрессиялы маркетингтiк саясат жүргiзiп отырған және нарықты өз араларында бөлiп алған ғарыш қызметiнiң негiзгi қатысушылары (АҚШ, Еуропа ғарыш агенттiгi, Жапония, ҚХР) арасындағы өсiп келе жатқан бәсеке;

2) әр түрлi экономикалық-индустриялық даму деңгейiндегi әлемдiк қоғамдастық мемлекеттерiнiң ғарыш қызметi белсендi қосылуының аясында дамуда.

ҒА отандық өндiрiсiнiң табысты қызмет iстеуi Қазақстанның халықаралық ғарыштық бағдарламалар мен кооперацияларға қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi, бұл елдiң рейтингiн айтарлықтай жоғарылатады.

Ғарыштық техника жасауға мемлекеттiк тапсырыстың бiр бөлiгiн өз бетiмен игеру үшiн мүмкiндiк пайда болады, бұл елiмiзде ғарыш қызметiн ұйымдастырудың басқа нұсқаларында шетелдiк технологиялар мен өндiрiстердi дамытуға қаржы салады.
Iске қосу қызметтерi

Euroconsult 2015 жылғы «Satellites to be Built & Launched by 2024» есебіне сай келесі он жылдық ішіндегі (2015–2024 жж.) негізгі тенденциялар:

өткен он жылмен салыстырғанда алдымыздағы 10 жыл ішінде - 15 % өсу;

кассеталық (кластерлі) іске қосу санын көбейту;

Қытай мен Үндістанда – нарықтың бұл сегментінде жаңа ірі ойыншылардың пайда болуы, бұл іске қосу қызметтеріне бағаның төмендеуіне ықпал ететін болады;

ҒА өндірісі мен іске қосу бойынша негізгі өңірлер АҚШ (2024 жылға қарай 525 ҒА), Азия (2024 жылға қарай 352 ҒА), Еуропа (2024 жылға қарай 202 ҒА), ТМД(2024 жылға қарай 197 ҒА)қалады;

Коммерциялық сектордың 80% геотұрақты орбитаға ҒА, олардың 300 байланыс және коммуникациялар ҒА ұшыруға шоғырланады;

жылына 10 жерсеріктік топ геотұрақты емес орбиталарға ұшырылады.

2010 жылдан бастап 2012 жыл бойы Компанияның «Зенит» ЗТ коммерциялық пайдалануына қатысу мәселесі пысықталды. 2012 жылы «Зенит» ЗТ коммерциялық пайдалануына қатысу міндеті, «Бәйтерек» зымыран-ғарыш кешенін құру жобасы шеңберінде келешекте «Зенит» ЗТ жаңғыртуға байланысты Компанияның мақсаттарынан алып тасталды.

Компания, 2010 жылдан бастап «Космотрас» ХҒК ЖАҚ - «Днепр» ЗТ іске қосу операторының жарғы капиталының 10% иелене отырып, 2011-2015 жылдары шамамен 330 млн.теңге мөлшерінде дивиденд алып, 10 млн. теңге мөлшеріндегі өзінің бастапқы инвестицияларының орнын толтырды.



2012 жылдан бастап Байқоңыр ғарышайлағынан «Днепр» ЗТ іске қосу тоқтатылды. 2013 жылдан бастап 2015 жыл бойы «Космотрас» ХҒК ЖАҚ - «Днепр» ЗТ іске қосу операторының жарғы капиталындағы Компанияның үлесін 10%-дан 33,3%-ға дейін көбейту мақсатқа сәйкестігі мәселесі пысықталды. Бұл ретте, 2015 жылы Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы халықаралық қатынастардың өзгеруіне байланысты ресей кәсіпорындары «Космотрас» ХҒК ЖАҚ жарғы капиталындағы украиндық компаниялардың қатысу үлесін сатып алды.

2015 жылдың аяғындағы жағдай бойынша «Днепр» ЗТ іске қосулары, олардың жоғары сенімділігі мен бәсекеге қабілеттігін ескере отырып әлімдік нарықта әлі де қажетті қызметтер болып табылады. Алайда РФ мемлекеттік органдарының өкілдері 2014-2015 жылдар ішінде «Днепр» бағдарламасын одан әрі іске асыру проблемалары туралы бірнеше рет мәлімдеді.

Қорытынды:

Қазақстанның «Днепр» ЗТ коммерциялық пайдалануына қатысу үлесін көбейту мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік берер еді:

өзіне меншікті ҒА кепілді іске қосу;

ҒА жер маңындағы орбитаға шығару саласында қазіргі ғарыштық технологиялар трансферті;

отандық ғылыми-техникалық, өнеркәісіптік әлеуетті дамыту, саланың ғылыми-техникалық және білім деңгейінің жалпы көтерілуі;

ЗТ дайындау, қызмет көрсету және іске қосуларды жүзеге асыру саласында білім, практикалық тәжірибе мен дағдылар алу.

ресейлік тараптан «Днепр» бағдарламасын дамыту келешегі жөнінде ақпараттың жоқ болуына байланысты «Космотрас» ХҒК ЖАҚ жарғы капиталындағы Компанияның үлесін көбейту жөніндегі міндетті қолайлы жағдайлар туындағанға дейін қозғамау мақсатқа сәйкес.


Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн беру қызметтерi

«Жерді қашықтықтан зондтау азаматтық және коммерциялық жерсеріктер» Forecast International (АҚШ) компаниясының 2010 жылғы зерттеулеріне сай 2010-2019 жж 110 ҒА өндірісі болжанды. Әлемдік нарықтың бұл сегментінің көлемі 2018 жылға қарай 16 млрд. АҚШ дол. деңгейінде жоспарланды.

Бұл ретте Euroconsult компаниясының 2015 жылғы «Satellite-Based Earth Observation: Market Prospects to 2024» болжамы бойынша 2015-2024 жылдар ішінде 50 кг астам массасымен, 2005-2014 жылдар кезеңінде 179 ҒА салыстырғанда, 400 ЖҚЗ ҒА ұшыру күтілуде. Осыдан бұрынғы кезеңмен салыстырғанда бұл 2015-2024 жылдары 80% кіріс өсімін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, массасы 50 кг аз 1200 артық 10 жылдық ішінде ЖҚЗ cubsat-топтарын дамыту күтілуде.

Euroconsult компаниясының бағаларына сай ЖҚЗ деректерінің коммерциялық нарығы, оның көлемі 2010 жылы 1,3 млрд. АҚШ долларымен бағаланған, 2024 жылға қарай 3,5 млрд. АҚШ долларына жетуі мүмкін.

ЖҚЗ нарығына инвестициялар өсімі жалғасуда – 2015 жылы 50-ден астам ел ЖҚЗ бағдарламаларына шамамен 10 млрд. АҚШ долларын инвестициялайды.

Ақпараттандыру деңгейі кез келген мемлекеттің қуаттылығы мен қауіпсіздігін бағалаудың аса маңызды өлшемі және ішкі және сыртқы стратегияны жасаудың маңызды құралы болады. Қазақстандық ЖҚЗ нарығы жас және тәжірибенің жоқтығынан, сондай-ақ ЖҚЗ деректеріне жоғары баға салдарынан ЖҚЗ барлық мүмкіндіктерін пайдалануға қабілетсіз.

Бұдан басқа, жерсерікті ұшыру кезінде ол елдің барлық мүмкіндіктерін қанағаттандыра алуы екіталай екенін ескеру қажет. Бірқатар елдердің тәжірибесі, ел жерсеріктерінің топтары барлық қажетті ақпарат бере алмайтынын көрсетті. Сондықтан, кез келген дамыған елдің ЖҚЗ деректерінің нарығында бүгін ұлттық сияқты, сондай-ақ шетелдік ЖҚЗ жүйелерінің деректері тең ұсынылады.

Әлемдік тәжірибені талдау, ЖҚЗ ғарыштық жүйелерін құру және пайдалану негізінен мемлекеттік қаражат пен субсидиялар есебінен жүзеге асырылатынын көрсетті. Бұл ретте ЖҚЗ ҒА мемлекеттің теңгерімінде болады және ЖҚЗ деректерін таратуға жауапты ұлттық опреаторлардың басқаруына беріледі.

Қазіргі уақытта әлемдік нарықтың ЖҚЗ ҒЖ қызметтерінің сегменті келесі тенденциялармен сипатталады:

жеке елдердің үкіметтері мен әскери мекемелері жерсеріктік түсірілім деректерінің маңызды тұтынушылары болып қалуда;

жаңа ұрпақтағы айыру қабілеті аса жоғары ЖҚЗ ҒА пайда болуы;

түрлі ауа-райлық түсірілім үшін радарлық ҒА қарқынды игеру;

каналдар саны 256 және жоғары көпспектральдық (видеоспектрметрлік, гиперспектральды) түсірілімдерді қолдану салаларының туындауы және кеңейту;

деректерді алу, өңдеу және ұсыну технологияларын жетілдіру, деректерді табыстау жылдамдығын ұлғайту, тұтынушыға деректерді «виртуалды стансалар» арқылы жеткізу уақытын қысқарту;

Интернеттің желілік технологияларын және мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану;

жерсеріктерді құру және пайдалану мақсатында жеке сектормен мемлекеттің өсіп келуші әріптестігі. Үнді Cartosat, канадалық RADARSAT, франко-итальяндық COSMO-SkyMed/Pleiades осындай әріптестіктің нәтижелері болып табылады.

ЖҚЗ деректерін ұсыну қызметтерінің әлемдік нарығындағы негізгі өнім берушілері мен бәсекелестері GeoEye (АҚШ), Digital Globe (АҚШ), Spot Infoterra Groupe (Франция/Германия) халықаралық компаниялары болып табылады.

Сонымен бірге, кеңістікті айыру қабілеті жоғары және аса жоғары QuickBird, WorldView-3 американдық жерсеріктерінің және Франция, Үндістан, Израиль және Канада ЖҚЗ ҒА деректері ЖҚЗ деректерінің жылдам дамып келе жатқан нарығында аса үлкен сұранысына ие болды.



ЖҚЗ ҒЖ деректерін ұсыну қызметтерінің тұтынушылары, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ведомстволары, ірі ұлттық холдингтері мен компаниялары, ғылыми-зерттеу және коммерциялық ұйымдары болады. ЖҚЗ деректерінің тұтынушылары ретінде шекаралас елдердің ұйымдары мен ведомстволары, трансұлттық компаниялар, халықаралық ұйымдар қаралады.

Жаңа ойыншылар - 2009 жылдан нарықты дамытудың маңызды тенденциясы ретінде Google Earth/Maps, Microsoft Virtual Earth/Bing, Yahoo Maps белгілі картографиялық веб-порталдарын құру және жаңғырту үшін геодеректердің үлкен көлемдерін сатып алу арқылы ЖҚЗ ғарыш индустриясын қаржыландыруға Google және Microsoft интернет-гиганнттарының қатысуын айтуға болады.

Қазақстанда негізгі тұтынушылар «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, «ҚазГеоКосмос» АҚ, «DigitalORB» ЖШС, «Терра» қашықтықтан зондтау және ГАЖ орталығы» ЖШС, «Надир» ЖШС болып табылады. Маркетингтік зерттеулер ЖҚЗ қазақстандық нарығында айтарлықтай бәсекелестіктің жоқтығын көрсетті.



Осы компаниялардың әрбірі нарықтың жеке сегментінде жұмыс істейді және онда белсенді қызмет етеді.

Ақпараттандыру деңгейі кез келген мемлекеттің қуаттылығы мен қауіпсіздігін бағалаудың аса маңызды өлшемі және ішкі және сыртқы стратегияны жасаудың маңызды құралы болады. Қазақстандық ЖҚЗ нарығы жас және тәжірибенің жоқтығынан, сондай-ақ ЖҚЗ деректеріне жоғары баға салдарынан ЖҚЗ барлық мүмкіндіктерін пайдалануға қабілетсіз.

Бұдан басқа, жерсерікті ұшыру кезінде ол елдің барлық мүмкіндіктерін қанағаттандыра алуы екіталай екенін ескеру қажет. Бірқатар елдердің тәжірибесі, ел жерсеріктерінің топтары барлық қажетті ақпарат бере алмайтынын көрсетті. Сондықтан, кез келген дамыған елдің ЖҚЗ деректерінің нарығында бүгін ұлттық сияқты, сондай-ақ шетелдік ЖҚЗ жүйелерінің деректері тең ұсынылады.

Әлемдік тәжірибені талдау, ЖҚЗ ғарыштық жүйелерін құру және пайдалану негізінен мемлекеттік қаражат пен субсидиялар есебінен жүзеге асырылатынын көрсетті. Бұл ретте ЖҚЗ ҒА мемлекеттің теңгерімінде болады және ЖҚЗ деректерін таратуға жауапты ұлттық опреаторлардың басқаруына беріледі.

Қазiргi уақытта ЖҚЗ деректерiнiң iшкi нарығын дамытуды мынадай факторлар тежеуде:

ЖҚЗ жүйелерiнiң мүмкiндiктерi туралы хабардар болу деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi;

Қазақстан Республикасында ЖҚЗ деректерiн пайдалану үшiн нормативтiк және әдiстемелiк негiздiң жеткiлiксiз пысықталуы;

мемлекеттiк органдардың ғарыштық түсiрiлiмдердi автоматты түрде өңдеу үшiн мүмкiндiктерi мен қазiргi заманғы қүралдарының жоқтығы;

ЖҚЗ түсiрiлiмдерiн өңдеумен айналысуға қабiлеттi мамандар санының жеткiлiксiздiгi.

Қазақстан Республикасында құрылып жатқан Жердi қашықтықтан зонд­тау ғарыш жүйесiнiң (бұдан әрi - ЖҚЗ ҒЖ) құрамында 2 ҒА болады, олардың сипаттамалары оптикалық аппаратурасы бар алдыңғы қатарлы ұқсас ЖҚЗ ҒА сипаттамасына сәйкес келедi, әрi ЖҚЗ iшкi нарығының ағымдағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға мүмкiндiк бередi.

UrtheCast канадалық компания құрған жаңа халықаралық жерсеріктік топқа кіру жоспарлануда, ол 2019-2020 жылдарда оптикалық және радиолокациялық ҒА тандемі - ЖҚЗ ҒА 8 жұбы құрамында орбитада бірнеше кезеңде өрістетіледі.

2015 жылғы мамырда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мен UrtheCast арасында оптикалық және радарлы ҒА құруға қатысу жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Халықаралық жерсеріктік топқа кіру артықшылықтары:

жерсеріктік топтың барлық ҒА ресурстарын пайдалану есебінен түсіруді қайталаудың жоғарылығы;

ауа-райы мен тәулік мезгіліне қарамастан түсіру мүмкіндігі, айыру қабілеті аса жоғары және бейне түсіру мүмкіндігі;

топта деректерді өңдеу IT-платформасының бар болуы және қосылған құны жоғары өнімдер беру;

жүйенің жоғары өнімділігі есебінен өнім бағасының арзандауы;

2021 жылға қарай «KazEOSat-1» ҒА орнын басу мүмкіндігі;

жекелеген ЖҚЗ ҒЖ құрумен салыстырғанда ең аз сомаға ең жақсы техникалық сипаттамалар;

халықаралық жерсеріктік топтың ҒА өндірісіне қатысу арқылы қазақстандық ҚСК мен АКТБ табыс табу;

халықаралық жерсеріктік топтың жүйесіне кірігу есебінен қазақстандық ЖҚЗ ҒА, с.і. қолданыстағы «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» қазақстандық ҒА деректерін сатуды көбейту.

Қорытындылар:

Қазiргi уақытта әлемдiк нарықтың Жердi қашықтықтан зондтау (бұдан әрi - ЖҚЗ) деректерiн беру қызметтерiнiң сегментi мына үрдiстермен сипат­талады:

барлық деңгейдегі мемлекеттiк сектор ЖҚЗ деректерiнiң негiзгi сатып алушысы болып қала бередi;

ЖҚЗ ғарыштық жүйелерiнiң саны өсуде, с.i. жаңа буынның айыру қабілеті аса жоғары ЖҚЗ ҒА-ның, барлық ауа райында түсiруге жарамды радарлық ҒА-ның пайда болуы;

көпспектрлi түсiрулердi қолдану аясы кеңеюде;

ЖҚЗ деректерiн беру үдерiсiнiң барлық кезеңдерiнiң технологиялары жетiлдiрiлуде, с.i. желiлiк, ГИС-технологиялар, Интернет мүмкiндiктерi кеңiнен қолданылады;

мемлекеттiң жеке сектормен әрiптестiгi өсуде.

Қазақстандық «KazEOSat-1» ұқсас Ikonos ЖҚЗ жерсеріктік топтың және қазақстандық «KazEOSat-2» ұқсас RapidEye ЖҚЗ ҒА қызметінің мерзімі аяқтаулын ескерсек, сыртқы нарықта қазақстандық ЖҚЗ ҒА деректеріне қажеттілік үшін негіз пайда болады. Бұл ретте әлемдегі ЖҚЗ ғарыштық жүйелеріне және ҒА өндірісіне инвестициялардың қарқынды өсуі ЖҚЗ өнімімен шетелдік нарықтарға шығу және ҒА мен ғарыш техникасының құрамдас бөліктерін өндіру үшін тосқауылдардың өсу, және тиісінше сыртқы нарықта ҚР ЖҚЗ ҒЖ өнімі мен қызметтерін іске асырудан кірістің төмендеу қауіпін туғызады.

«KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» айыру қабілеті жоғары және орта Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒА) 2 оптикалық ғарыш аппаратынан тұратын ЖҚЗ қазақстандық жерсеріктік топ, 2021 жылға қарай осы ҒА белсенді тіршілік ету мерзімінің аяқталуымен байланысты жаңартуды талап етеді.

2018 жылы ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенін (ҒА ҚСК) іске кірістіру жоспарлануда, сондай-ақ оның құрамында жиынтықтауыштардың өндірісіне, бірінші кезекте отандық ҒА құрастыруға және сынауға арналған тәжірибелі өндіріспен арнайы конструкторлық-технологиялық бюро салынады. Яғни ҒА ҚСК жүктеу одан арғы жерсверіктік жобалар мен тапсырыстардың болуына тікелей байланысты.

Сонымен, құрылған активтерге мемлекет салған қаражаттың талап етілмеу және кейін олардың құнсыздануы, жоғары технологиялық өндірістер құруға құзыретті өсіру мүмкіндіктерін жоғалту тәуекелі бар.

Бұдан басқа, отандық радиолокациялық ЖҚЗ ҒЖ жоқтығы бұлттылықққа және көру жағдайларына қарамастан қазақстандық ҒА-дан ЖҚЗ деректерін алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Яғни мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдар ЖҚЗ деректерін шетелдік өнім берушілердер сатып алады.

ҚР-да ҚР ЖҚЗ ҒЖ тиімсіз пайдаланудың мынадай келелі мәселелері бар:

- мемлекеттік органдар ҚР ЖҚЗ ҒЖ мүмкіндіктерін мемлекеттік басқару, ұлттық қорғаныс пен қауіпсіздік, инновациялық жобаларды іске асыру, мемлекеттік қызметер ұсыну міндеттерін шешу үшін пайдаланбайды;

- мемлекеттік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жөніндегі жобаларды жасау кезінде бюджеттік қаражатты үнемдеу және ҚР ЖҚЗ ҒЖ пайдалану негізінде кеңістіктік деректерді пайдалану тиімділігінің (мысалы, с.і. ұлттық ГАЖ, «Ауыл шаруашылығын субсидиялау автоматтандырылған жүйесі» зияткерлік көлік жүйесі, «Агробизнес 2020», «Ақылды қала» құру жөнінде) мүмкіндіктері ескерілмейді.

Сондай-ақ, ҚР ЖҚЗ ҒЖ дамуына әсер ететін мынадай мәселелер шешілмеді:

- республикалық бюджттен ҚР ЖҚЗ ҒЖ дамытуды, с.і.қазақстандық радиолокациялық ЖҚЗ ҒЖ құру және белсенді тіршілік ету мерзімі 2021 және 2022 жылдары аяқталатын қолданыстағы оптикалық ЖҚЗ ҒЖ ауыстыруды қаржыландыру қамтамасыз етілмеді;

- ғарыштық державалар тәжірибесі бойынша ҚР ЖҚЗ ҒЖ активтерін басқару және түрлендіру үлгісі әзірленген жоқ (операторға сенімді басқарумен активтерді мемлекет теңгеріміне табыстау), бұл Компанияның табысқа жетуіне және ҚР ЖҚЗ ҒЖ дамыту үшін инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

  1   2   3   4   5

  • «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы Мазмұны
  • Ағымдағы жағдайды талдау 1. Сыртқы ортаны талдау Сыртқы микроортаны талдау
  • Ғарыш аппараттары өндiрiсi
  • Iске қосу қызметтерi
  • Жердi қашықтықтан зондтау деректерiн беру қызметтерi

  • жүктеу 0.85 Mb.