Главная страница
Контакты

    Басты бет


Азаматтық сот өндірісіне сот медиациясын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны соттарда іске асыру нәтижелері туралы анықтама

жүктеу 37.04 Kb.



жүктеу 37.04 Kb.
Дата16.09.2017
өлшемі37.04 Kb.

Азаматтық сот өндірісіне сот медиациясын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны соттарда іске асыру нәтижелері туралы анықтама



Азаматтық сот өндірісіне сот медиациясын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны соттарда іске асыру нәтижелері туралы

анықтама
2014 жылғы желтоқсан айынан бастап Жоғарғы Сот республиканың жекелеген соттарында азаматтық сот өндірісіне сот медиациясын  (судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді) енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асырды.

Жоғарғы Сот Төрағасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі өкімімен бекітілген пилоттық жоба туралы ережеге сәйкес жоба қатысушылары болып облыс орталықтарында орналасқан жалпы юрисдикциядағы азаматтық істерді қарауға мамандандырылған аудандық (қалалық) соттар, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқалары анықталды.

Азаматтық іс - азаматтық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау-дамайлар жөніндегі іс; басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс-әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни, ар-намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т.б.) қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.

Жобаның басында барлығы 39 сот анықталды, алайда жоба барысында оған тағы 20 сот қосылды. Осылайша, жоба елдің 59 сотында іске асырылды.

Жобаға қатысқан барлық соттарда қажетті қондырғылар мен компьютерлік техникамен жабдықталған бітімгершілік рәсімдерді өткізу үшін арнайы кабинеттер ашылды.

Халыққа пилоттық жобаны іске асыру туралы ақпарат беру мақсатында соттардың ғимараттарында және интернет-ресурстарында сот медиациясын қолдану механизмін түсіндіретін баннерлер, ақпараттық стендтер және жарияланымдар орналастырылды.

Жобаны іске асыру мезетінен бастап соттар барлығы 3 939 істі сот медиациясын қолданумен қарады, олардың ішінде 3 816 немесе 97%-ын аудандық соттармен және 123 іс (3%) облыстық соттардың апелляциялық сот алқаларымен қаралды.

БААТЖ сәйкес қаралған азаматтық істердің жалпы санына қатысты бұл 0,5%-ды құрайды.

2014 жыл бойы медиатордың қатысуымен (яғни «классикалық» медиацияны қолданумен) 5 090 іс немесе жалпы санның 0,8%-ы аяқталғанын атап айтқан жөн.

Сөйтіп, жалпы медиация (оның ішінде сот) 9 029 іске қолданылды, бұл барлық қаралған істердің 1,4%-ын құрайды. Олардың ішінде 44% - сот медиациясы арқылы (2013 жылы осындай істердің саны 1 276 іс немесе 0,2% болды).

Медиатордың қатысуымен қарастырылған істердің жалпы аз санына қарамастан 2013 жылмен салыстырғанда олар дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласының айтарлықтай кеңігендігіне куәлік етеді.

Даулар категориялары тұрғысында сот медиациясы, негізінен, берешекті өндіріп алу, оның ішінде коммуналдық төлемдер, кәмелет жасқа толмағандарға алименттерді өндіріп алу және некені бұзу туралы істерде қолданылды.

Істерді сот медиациясын қоданумен қарау туралы

Пилоттық жоба барысында сот медиациясын қолданумен қаралған істердің ең көп саны Шығыс Қазақстан (725 немесе осы істердің жалпы санының 18,4%), Оңтүстік Қазақстан (710 немесе 18%), Батыс Қазақстан (636 немесе 16,1%) және Қостанай (342 немесе 8,8%) областарында болды.

Батыс Қазақстан Батыс Қазақстан аймағы - Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Аудандық соттар тұрғысында осындай істердің максималды саны БҚО Орал қ. №2 сотында (555 немесе осындай істердің жалпы санының 14%), ШҚО Семей қалалық сотында (369 немесе 9,3%) және ОҚО Әл-Фараби аудандық сотында (215 немесе 5,4%) аяқталды.

Семей Семей - Шығыс Қазақстан облысының батыс өңіріндегі екінші орындағы ірі қала болып табылады. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы метр.


Пилоттық жоба барысындағы ақпараттық жұмыс

Пилоттық жобаны іске асыру республикалық және аймақтық БАҚ-та жарияланып отырды. Шамамен судьялар мен сот қызметкерлерінің 1200 мақалалары жарияланды, сот медиациясы туралы 185 сюжет түсірілді, 175 баспасөз маслихаты мен 55 баспасөз-конференциялары өткізілді.

Пилоттық жобаны қолдау аясында облыстық және оларға теңестірілген соттардың оқыту орталықтары азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сот алқаларымен бірлесе отырып, жергілікті соттардың судьялары үшін семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер түрінде оқыту шараларын өткізді.

Пилоттық жобаны енгізген мезеттен бастап облыстық соттармен барлығы 285 оқыту іс-шаралары, олардың ішінде 111 семинарлық сабақтар, 156 дөңгелек үстел, 9 тренинг, 7 лекция мен 2 конференция өткізілді.

Сонымен қатар, БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп «Қазақстанда медиация институтын енгізу» жобасын іске асыру барысында кәсіби медиаторлардың қатысуымен аймақтық семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

Осылай, 2014 жылғы маусымда Алматы қалалық сотының оқыту орталығы базасында Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасын талқылау бойынша, оның ішінде соттарда бітімгершілік рәсімдерін қолдану бөлігінде дөңгелек үстел өткізілді. Ұқсас аймақтық семинар-тренингтер Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстық соттарының оқыту орталықтары базасында да өткізілді.



Талдау және жоспарлау бөлімі


  • 3 816 немесе 97%
  • 5 090
  • Істерді сот медиациясын қоданумен қарау туралы
  • Батыс Қазақстан
  • Семей қалалық
  • Пилоттық жоба барысындағы ақпараттық жұмыс
  • Талдау және жоспарлау бөлімі

  • жүктеу 37.04 Kb.