Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақ тілі интонациясын қолданбалы бағдарлама арқылы меңгеру

жүктеу 79.05 Kb.



жүктеу 79.05 Kb.
Дата14.04.2017
өлшемі79.05 Kb.

Қазақ тілі интонациясын қолданбалы бағдарлама арқылы меңгеру



ҚАЗАҚ ТІЛІ ИНТОНАЦИЯСЫН ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМА АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРУ

Ақымбек С.Ш.
Қолданбалы бағдарлама(Прикладная программа; application program) - 1) пайдаланушының қолданбалы мәселелерді шешуге арналған программасы; жұмыс істеуші адамның нақты тапсырмасын орындайтын дестелік файлдағы программа.


әл-Фараби атын. ҚазҰУ

доцент, филол.ғ.к.

Алматы.
Мақаланың арқауы ретінде қазақ тілінің интонациясын қолданбалы бағдарламалар арқылы зерттеу алынады.
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.

Қазіргі күнде экспериментальды-фонетикалық әдіссіз, электро-акустикалық талдаусыз бірде-бір фонетикалық зерттеу толыққанды болмайды. Дегенмен фонетика саласы бойынша зерттеу жасау үшін есту қабілетінің жақсы болуымен қатар, сөйлеуі мен қабылдауы логикалық және психологиялық үдерістермен байланысты болуы керек. Сонымен бірге мақалада заманауи қолданбалы бағдарламаларды да жетік меңгеру қажеттігі сөз болады.



Түйін сөздер: кідіріс, дауыс ырғағы, мағына тұтастығы, компьютерлік сараптау, интонациялық кескін.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Кескін (изображение; display image pict (picture) - 1) ақпаратты бейнелеу, мәліметтерді көзге көрінетіндей ұсыну; көзбен көру бетіне бір уақытта шығаруға болатын шығу мен сегменттер примитивтерінің жиынтығы; 2) apple фирмасының macintosh компьютерлеріне арналған мәліметтердің көлемін кішірейтіп тығыздауға мүмкіндік беретін, қозғалмайтын мультимедиа-кескіндерге арналған пішім.
Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Қазақ тіл білімінде интонацияны дербес сала ретінде қарастыру теориялық және практикалық жағынан жетілді. Интонациялық зерттеулердің бастамасын Түркменбаев т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бертін келе қазақ тілінің интонация жүйесі жаңа сипатта зерттеле бастады. Олардың ізденістері интонацияны сөйлемдердің коммуникативтік түрлерімен байланысты қарастыруға қатысты болып келеді. Лебізде сөйлем тек әр түрлі синтаксистік қатар түзіп қана қоймайды, сонымен бірге әр түрлі интонациямен айтылады. Осыған байланысты экспериментті-фонетикалық зерттеу туралы орыс ғалымы В.А. Артемов: «Экспериментальная фонетика – один из методов изучения языка, применяющийся не только в фонетике, но также в грамматике и, в известной мере, в лексикологии, поскольку язык носит звуковой характер. Слова имеют звуковой строй, различный в различных языках. Коммуникативные виды предложений характеризуются не только различным синтаксическим строем, но и интонационно» деген тұжырымы арқылы интонологиялық экспериментальды фонетикалық сараптаудың тіл біліміндегі маңызын белгілеп береді [1, 91]. Профессор З.М. Базарбаева: «Кез-келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, яғни сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды» [2, 3] деп интонацияның сипатын ашады, сөзін сабақтай түсіп «...

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Соңғы кезде тіл жүйесіндегі дербес құбылыс ретінде танылады. Оны өз алдына, жеке алып зерттейтін білім саласын бөліп алып интонология» деп тұжырым жасауы қазіргі қазақ тіл біліміндегі интонация мәселесінің зерттеу нысаны, жүйеленген өзіндік әдіс-тәсілдері бар жеке сала екендігін дәлелдейді [2, 14 ]. Қазақ тіл білімінде фонетика, фонология және интонология бойынша жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген А. Баймұратова, Т. Кеншінбаев, М. Кеншінбаева, А. Фазылжанова, А. Аманбаева., Ж.Жұмабаева, Б. Баймұханов, А. Молдашева және тағы басқа жас ізденуші ғалымдар бар.

Қазіргі күнде экспериментальды-фонетикалық әдіссіз, электро-акустикалық талдаусыз бірде-бір фонетикалық зерттеу толыққанды болмайды. Дегенмен фонетика саласы бойынша зерттеу жасау үшін есту қабілетінің жақсы болуымен қатар, сөйлеуі мен қабылдауы логикалық және психологиялық үдерістермен байланысты болуы керек. Сонымен бірге заманауи қолданбалы бағдарламаларды да жетік меңгергені қажет.

Қазақ тілінің интонация жүйесін эксперименталды әдістер арқылы талдау жұмысында қазақ тіліндегі интонациялық бірліктерді ажыратушы деп саналатын негізгі акустикалық параметрлер алынады.

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.
Акустика (грекше akustіkos - естілетін, тыңдалатын) - физиканың ең төменгі жиіліктен (шартты түрде 0 Гц) ең жоғарғы жиілікке (1011-1013 Гц) дейінгі аралығын қамтитын серпімді тербелістер мен толқындарды және олардың затпен өзара әсерлесуі мен түрліше қолданылуын зерттейтін саласы.
Олар:



  • тоналды кескіннің формасы

  • кескіннің басталу деңгейі

  • кескіннің аяқталу деңгейі

  • кескіннің жалпы диапазоны

  • кескіннің ауқымдылық құрылымы

  • кескіннің сандық-сапалық жағынан өлшемі.

Сөйлемнің құрылымдық-коммуникативтік түрлеріне қарай оның тоналды кескінінің формасы әртүрлі болуы мүмкін. Лебіздің аяқталғанын білдіретін тиянақты әуен, аяқталмағанды білдіретін тиянақсыз әуенмен беріледі. Сөйлемнің әуенін анықтауда негізгі тон жиілігінің өзгеруімен қатар оның биіктігінің қай жерде орналасқанының да мәні зор. Қазақ тілінде аяқталмағанды білдіретін көтеріңкі әуеннің деңгейі сұраулы сөйлемдердің кейбір түрлерінің, құрмалас сөйлемнің бірінші компонентінің және сыпайы бұйрықты сөйлемдердің соңына қарай орналасады. Ал аяқталғанды білдіретін бәсең әуеннің шарықтау деңгейі бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдердің кейбір түрлерінің басына таман орналасады. Аталған шарттардың іске асуын фонетикалық Praat [3] сараптау қолданбалы бағдарламасы арқылы дәлелдеп анықтауға болады. Осы бағдарлама бойынша жасалған интонологиялық эксперименттік-фонетикалық талдаудың негізінде кескіндерге қарап, сөйлемнің қай коммуникативтік түріне жататынын анықтауға болады. Нәтижесінде мынадай мақсаттарды анықтауға мүмкіндік туады:

  • Лебіз (сөйлем) құрамының қанша синтагмаға (//), немесе ырғақты топқа бөлінетінін белгілеу (/).

  • Олардың синтагмалық, ырғақтық және ой екпінін белгілеу.
    Синтагма (гр. σύνταγμα - біртұтас құрастырылған) - синтаксистік біртұтас қатынасты білдіретін интонациялық-мағыналық бірлік, анықтауыш-анықталушы түріндегі қос мүшелі Құрылым. Мұндай құрылым жеке сөздер мен морфемалардан (от-оғасы, орын-басар, қол-ғанат, жылкы-шы, ескерт-кіш), сөз тіркесгерінен (королы қой, шапқан сайын), паузамен шектелген кез келген фразалар (Адам ауыр науқас уетінде/бұл дуниеден гөрі о дүниені/көбірек ойлайтын әдеті ғой (Қ, Жумаділов)).


  • Интонацияның деңгейіне байланысты синтагманың тоналды контурын көрсету: көтеріңкі, бәсең, көтеріңкі-бәсең, бәсең-көтеріңкі, бірқалыпты.

  • Синтагманың қарқынын анықтау: баяу, орташа, жылдам.

  • Синтагманың айтылу күшін анықтау: күшеюі, азаюы, бірқалыпты.

  • Буын немесе бунақтың орташа ұзақтығын анықтау.

Талдауға алынған сөйлемдердің лексикалық құрамы мен синтаксистік қатары интонациямен тікелей байланысты. Талдауымызды жүзеге асыру үшін интонацияда тон жиілігін физикалық тұрғыдан өлшеуде герц (Герц) мәні қолданылды.
Лексика (грек. лексикос - сөздік) - тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.
Бұл әрбір дыбысқа тән қасиет, яғни оның бір секундтың ішінде өзін қоршаған ауаны қанша рет сығып, қанша рет босататынына қатысты өлшем.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Сығудан және босатудан тұратын әрбір циклды толық бір кезең деп атайды. Бір секундтың ішінде жасайтын кезең санын дыбыс жиілігі дейміз. Жиіліктің бірлігі ретінде бір секундта жасалатын бір тербеліс алынады. Ал үдемеліктің амплитудасына (үдемелікті өлшеуде децибел қолданылды (интенсивтілікті немесе үдемелікті физикада дыбыстың қаттылығы деп береді).
1) Қаттылық (орыс. твердость ) - металдың ішіне басқа қаттырақ дененің кіруіне қарсылық жасау қабілеті; материалдардың жергілікті жанасқан күштік әсерлер кезінде беттік қабатының созымды деформацияға немесе морт қирауға қарсыласу қасиеті тексеру.
Тәжірибеде децибел (дБ) мәні қолданылады, фраза бойындағы уақыт бірлігі миллисекундпен өлшенеді. Негізгі тонның жоғарылығына, екпінге, синтагмаларға жіктелуіне сипаттама беріледі.

Бағдарламаның басты мүмкіндіктері:



  • лебізді (сөйлемді) талдау: қарқынды талдау (интенсивтілік), дауыс толқынын талдау, спектрлік талдау, дыбыс ырғағын талдау, буын жігін талдау, формантты талдау, дірілдеу, үзіліс, интонация;

  • лебізде анықталатын биіктік, формант, қарқын, акустика бойынша синтездеу;

  • лебізді тану жұмыстарын жасау;

  • таңбалау және сегменттеу, интервалдарды интонемалардың бірнеше деңгейлері бойынша белгілеу;

  • әр түрлі қосалқы сүзгілерді қолдану арқылы сөзді өңдеу;

  • дайын алгоритмдер бойынша жұмыс істеу;
    Қарқындылық (орыс. интенсивность (лат. intensio - қарқын)) - дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты, айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі.
    Синтез (гр. ,synthesis құрастыру, тіркестіру) - Берілген қасиеттерін ескере отырып, бүтінді құру; Бүтіннің элементтері мен қасиеттерін талдай отырып, оның қасиеттерін анықтау; Тілдік құбылыстың құрамын өзара байланыста, тутас қалпында алып қарастыру.
    Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)


  • мақалалар мен баяндамалар үшін жоғары сапалы кескіндерді жасау;

  • өзге бағдарламалармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін кірістірілген бағдарлама жасау тілінің болуы болып келеді [3].

Қазіргі пунктуацияда сауаттылыққа қойылатын талаптар да көпшіліктің көңілінен орын алып дағдыға айналған. Ал жазылған мәтіннің оқылуы, тыныс белгілерінің лебіздегі көрінісі әлі толық зерттеліп қарастырылмаған. Ал осылардың іске асу тәсілдерінің пуктуациялық тыныс белгілерімен тікелей байланысы бар. Өйткені жазудағы таңба айтылым жағдаятында интонацияның қызметіне тәуелді болып келеді. Айтылған жайттарды жоғарыда сөз болған бағдарлама арқылы талдау барысында сөйлемің коммуникативтік мақсаттарын іске асыратын лебіздің кескіндері төмендегіше болып келді.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Диктор ретінде орта білім беретін оқу орнын бітірген тұлға алынды.

Мәселен, соңына нүкте қойылған сөйлем еш уақытта көтеріңкі дауыспен (интонациясы) айтылмайды:


Біреуі бойдақ еді.

(Бірөуү бойдағ еді)

Бұл кескіннен біз интонацияның бірқалыпты әуенмен айтылып келіп, сәл көтеріліп, сосын төмендегенін көріп отырмыз (әуен ақ-сары сызық түрінде берілген). Ал спектограмма мен палатограммадағы қою қара бояқ 7 буын санын, яғни сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығуын көрсетеді. Сөйлемдегі қарқындылық бірінші буын қасында сәл түседі, қайта көтеріледі де, екінші буында бірқалыпты, үшінші буында қатты түсіп, қайта көтеріледі, төртінші, бесінші және алтыншы буын тұстарында түсіп барып, көтеріледі. Сөйлем соңында қайта түседі. Форманттар саны – бесеу. Дауыс биіктігінің ең жоғарғысы – 42 Гц.

Керісінше сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады. Мысалы:



Сенің айтып отырғаның – қай қазақ?

(Сенің айтыб отұрғаның қай ғазақ)

Лебіздегі әуен «отырғаның» сөзіне келгенде төмендеп, біраз кідірістен кейін «қай» сөзінде көтеріңкі түрде айтылған. Спектограмма мен палатограммадағы қою қара бояу 11 буын санын көрсетіп тұр. Қарқындылық «отырғаның» сөзінен кейін төмендеп барып көтеріледі де, сөйлем соңында қайта төмендейді. Формант саны – бесеу. Дауыс биіктігі – 43 Гц.

Қойшы, қарағым, әурелемеші!

(Қойшұ, қарағым, әурөлемеші)

Лебіздегі интонация «қойшы» сөзінен кейін көтеріліп, «қарағым» деген қаратпа сөз тұсында төмендеп, кідірістен кейін қайта көтеріледі. Ал интенсивтілік «қойшы» сөзінің тұсында сәл төмендеп, қаратпа сөзден кейін мүлдем төмендейді де, қайта көтеріліп бірқалыпты қарқынмен жылжиды. Спектограмма мен палатограммадағы қою қара бояқтар арқылы 10 буынды байқап отырмыз. Қаратпа сөзден кейін үлкен кідірісті көріп отырмыз. Дауыс биіктігі – 47 Гц.

Міне, жоғарыдағы лебіздерді осылай сараптаудан өткізу арқылы бірнеше мәселелерді шешуге болады:



  1. Лебіздің (сөйлемнің) толық сандық кескіні алынады.

  2. Теориялық мәселелер практикалық жағынан толық шешімін табады.

  3. Ізденушілердің зерттеу аппараты толыға түседі.

  4. Қазақ тілінің интонологиясы интонациялық сандық қормен толыға түседі.

  5. Орфоэпиялық нормалардың сақталу мүмкіндігі мен жиілігі анықталады.

  6. Тілді қолданбалы зерттеудің жаңа қырлары ашыла түседі.

  7. Қазақ тілі интонациясын толық меңгеруге жол ашылады.

Жоғарыда аталғандар негізінде сөйлеу барысында интонацияға қатысты кеткен қателіктерді сандық тұрғыдан сараптап түзетуге, сонымен бірге кейбір тұрақты қолданыстардың интонациялық сызбасын үлгі ретінде алуға мүмкіндік жасайды.

Сонымен қатар интонацияның динамикалық күші мен тоналдығына арналған қосымша есептеулер жүргізуге болады. Бұл талдау интонация кескіні арқылы лебіздің коммуникативтік мақсатын ғана емес эмоционалды-экспрессивтік мағынасын ажырататын қызметін де анықтайды. Сөйлеушінің эмоциясы бойынша өктемдік жүргізу, қорқыту, қатты таңғалу және таңырқауды айқын көрсететін интонация мен хабарлау, санамалау мәнінде келетін прозалық суреттеудегі логикалық интонацияның берілу кескіні басқаша болып келеді. Оған «Қазақ грамматикасы» тілдегі бастауышы жоқ, жалғыз баяндауыштан тұратын бір құрамды сөйлемдерді жатқызуға болады дейді. Мысалға жалғыз етістіктен тұратын сөйлемді алып қарайық: Білеміз (құрылымдық схемасы Vf1pl) деген сөйлем (ешбір өзгеріссіз) интонациясына қарай түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Мысалы, бұл сөйлем жай, саябырлы орта деңгейлі тонмен айтылса, хабарлы жай сөйлем болады. Ал жоғары, жеңіл тембрлі, жарқын тонмен айтылса, қуанышты, ризашылықты білдіретін сөйлем болады. Егер де бұл сөйлем созылыңқы, ұзағырақ, төмен тонды, зілді тембрмен айтылса, онда жақтырмағандықты, кекесінді, мысқылды білдіреді: «Сенің немесе оның кім екенін білеміз» деген сияқты мағынада қолданылады [4, 114]. Аталған мәселені өте мұқият түрде жоғарыда біз көрсеткен үлгі бойынша зерттеп, адамның есту қабілетінен тыс жатқан белгілерді табуға болады. Бұл болашақта өз кезегін көрсетіп тұрған мәселелер қатарына жатады.


Әдебиеттер

  1. Артемов В.А. Экспериментальная фонетика. Изд: Литературы на иностран. языках. –Москва, 1956г. –227 с.

  2. Базарбаева З.М. Қазақ тілі: Интонология. Фонология. –Алматы: Жібек жолы, 2008. –323 бет

  3. http://www.praat.org

  4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис.
    Морфология (гр. morf - түр, тұлға, logos - сөз, ілім) - дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір саласы.
    –Астана, 2002. –784 бет.


Резюме

В статье рассматривается проблемы компьютерного анализа казахской интонации.


Resum

In article it is considered problems of the computer analysis of the Kazakh intonation.

  • Түйін сөздер

  • жүктеу 79.05 Kb.