Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»

жүктеу 1.27 Mb.



жүктеу 1.27 Mb.
бет1/5
Дата13.10.2018
өлшемі1.27 Mb.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып «Қазақ әдебиеті»


  1   2   3   4   5


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспары
7-сынып


«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жоспарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері бірлесіп құрастырған.



Мазмұны


  1. Түсінік хат

  2. Шығармалар тізімі

  3. Оқу жоспарының үлгісі


Түсінік хат

Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінің орта мерзімді жоспары Кіріктірілген білім беру бағдарламасына негізделіп құрастырылды. Оқу жоспары 7-сынып оқушыларының қазақ әдебиеті пәні бойынша білімі мен түсіну, жауап беру, анализ және интерпретациялау, бағалау, салыстыру дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

Оқу жоспарының мазмұнында қазақ әдебиеті пәнін оқыту барысында қалыптастырылатын коммуникативтік дағдыларға сілтеме, оқыту мақсаттары, оқытуда ұсынылатын әдіс-тәсілдер жүйесі, мұғалімге ескертулер мен оқыту ресурстары бөлімдері қамтылды. Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың жылдық жүктемесі - 68 сағат, аптасына – 2 сағат.

Оқу мақсаттарымен жұмыс. Оқушылар «Түсіну және жауап беру»дағдысы бойынша әдеби шығарманың жанрын, тақырыбы мен идеялық мазмұнын анықтайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы танылатын образын ашады. Көлемі шағын үзінділерді жаттау арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Көркем мәтіндерді оқу арқылы оқушыда мәтіннің мәнін түсіну, мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады. Көркем мәтінді оқу оқушылардың тұлғасы дамып-жетілуін, оның интеллектісі, сөйлеу әрекетінің төрт негізгі түрі (тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу) қалыптасуын, оқырмандық әрекеті мен қызығушылығы дамуын, осылар арқылы оқу әрекеттері компоненттері мен жан-жақты машық-дағдылар қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқушының көркем мәтінді ажырата тани алуы үшін, әрқайсысының маңыздылығын түсінуі, оны өмірлік жағдаяттарда саналылықпен қолдана алуы үшін оқудың саналы оқу, дұрыс оқу, жүгіртіп оқу, мәнерлеп оқу т.б. түрлері қолданылады.

Оқушылар әдеби шығарманың құрылысын, композиция жасалу тәсілдерін, екі нәрсені, құбылысты (оқиғалар желісін, кейіпкерлерді т.б.)салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеу тәсілдерін меңгереотырып, «Анализ жасау және интерпретациялау» дағдыларын қалыптастырады. Эпикалық шығармадағы жазушының авторлық тұлғасының көріну қалпын, суреткерлік шеберлігін анықтайды. Көркем шығармаға түрлі деңгейдегі талдау жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері (шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау т.б.) дамиды. Мәтінмен жан-жақты жұмыс жасау үдерісінде қаламгердің тілдік көркемдегіш құралдарды қолдану лабораториясына талдау жасайды. Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.

Көркем шығарманың бейнелі-мәнерлі тілдік құралдарын қабылдай алу, автор жасап шығарған өмір картинасын санасында орналастыру, көркем мәтіндегі себеп пен салдардың байланысын анықтау, көркем шығармадағы автордың көзқарасын түсіну, мәтіннің негізгі ойын, идеясын анықтау (мұғалімнің көмегімен) т.б. талдау әдістерін қолдануды меңгереді.

Оқушылар орындайтын ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы «Бағалау және салыстыру» дағдылары қалыптасады. Салыстыру тәсілінің мынадай түрлерін меңгереді:


  • салыстырылатын нысандардың тек ұқсастығын табуды мақсат ететін салыстыру;

  • салыстырылатын нысандардың тек айырмашылығын табуды мақсат ететін салыстыру;

  • салыстырылатын нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын қатар табуды мақсат ететін салыстыру.

Оқушылар көркем шығармадағы жекелеген эпизодтар арқылы тарихи құндылықтар мен кейіпкерлерді талдап танып, ол құндылықтарды шынайы өмірмен байланыстыра отырып бағалайды. Шығарма кейіпкерін өзіндік құндылық болмысы тұрғысынан талдап, нәтижесінде әдеби эссе, оқырман ретінде өзінің рухани дүниесінеберген әсерін бағалайтын сыни хабарлама жазады.Көркем шығармаларға түрлі мақсаттағы салыстырмалы талдау жасау дағдысын дамыту үшін сыныптан тыс оқитын қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады және жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығымен байланыстыру мүмкіндігі беріледі.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алуға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек.



Пәнаралық байланыс.

Әдебиет пәні мектепте оқылатын басқа тіл пәндерімен, тарих, жаратылыстану, бейнелеу өнері, музыка және басқа да пәндерментығыз байланыста үйлесім табады.Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуынкүшейтіп, оқу әдістерін белсендіреді. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады.Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады.



Әдіс-тәсілдер туралы.

Қазақ әдебиеті пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Дамыта оқыту», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Әрекет бағдарлы оқыту», «Саралай және даралай оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, осыған сай педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі қолданылады. Атап айтқанда, әдістер жүйесі мынадай жіктемеде жүйеленді:



  • әңгіме, пікірталас, дәріс, кітаппен жұмыс – репродуктивтік сипаттағы танымдық белсенділікті дамытатын білімді меңгеру әдістері;

  • классикалық проблемалық әдіс (Дьюи бойынша), коммуникативтік жағдаяттық әдіс, идеялар банкі – ми шабуылы, дидактикалық ойындар: еліктеу ойындары, іскерлік ойындары – оқушылардың өзіндік жұмыс арқылы шығармашылық танымдық белсенділікпен проблемаларды шеше отырып білім алу әдістері;

  • импрессивтік әдістер, экспрессивтік әдістер, шығармашылық тапсырмаларды орындау әдістері, оқу-практикалық әдістер– оқушылардың көркем әдебиетті көркем өнердің басқа түрлерімен байланыста қабылдау арқылы танымдық белсенділігін дамыту әдістері;

  • көркем әдебиетті меңгеру арқылы сурет салу, проблемаларды шешудің ең оңтайлы және тиімді жолдарын шешу және таңдау әдістері – шығармашылық міндеттерді жүзеге асыруды көздейтін практикалық әдістер;

  • пікірталас, өзіндік жұмыс, классикалық проблемалық әдістер.

Ресурстармен жұмыс. Қазақ әдебиетін оқытуүдерісінде оқу материалымен байланысты түрлі үнтаспа, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, ғаламтор материалдарын, электронды оқулықтарды, АКТ құралдарын пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттыру көзделінеді. Сонымен қатар оқыту ресурстарының қоры театр, мұражайлар мен кітапхана, тарихи ескерткіштерге саяхат жасату арқылы кеңейеді.

7-сыныпта оқытылатын көркем шығармалар тізімі

7-сыныпта«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасында ұсынылған көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға қосымша мүмкіндік болады. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады.

1. Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры


  1. Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»

  2. Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»

  3. «Қыз Жібек» жыры

  4. Ш.Қанайұлы «Зар заман»

  5. С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

  6. Ж.Жабаев «Зілді бұйрық»

  7. М.Жұмабаев «Батыр Баян»

  8. М.Әуезов «Көксерек»

  9. Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»

  10. С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»

  11. М.Шаханов «Нарынқұм зауалы»

  12. Т.Медетбек «Тәуелсізбін» өлеңі

  13. Т.Әбдіков «Қонақтар»

  14. А.С.Пушкин «Ескерткіш»



Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер

І тоқсан, сағат саны -18



Меңгерілген білімді дамыту

Бөлім оқушылардың 6-сыныпта қалыптастырылған білімі мен білігін, оқу, зерттеу, креативті, сыни ой айту дағдыларын жетілдіруге негізделген.







Бөлімнің негізгі мақсаты - тарихи ескерткіш, жыраулар поэзиясы мен лиро-эпостық жырдың жанрлық ерекшеліктеріне, көркемдік сипаттарына жан-жақты талдау жасау.

Бөлімде қамтылатын оқу мақсаттарының тізімі:

7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7. Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау

7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау 7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту 7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау 7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, музыка, бейнелеу өнері пәндерімен және театр, кино өнерімен т.б. байланыс жүзеге асырылады.



Сыныптан тыс шаралар:

әдеби оқулар, әдеби кештер, сахналық қойылымдар өткізу, театр, кино, тарихи-өлкетану мұражайларына т.б.саяхат жасау.



Бөлімге қатысты лексика мен терминология: тұрақты сөз тіркестері, көнерген сөздер, ауыспалы мағыналы сөздер, жыр, ғашықтық жырлар, сюжет, образ, тұжырымдама, композиция, композициялық тәсілдер, т.б.

Коммуникативтік дағдыларға сілтеме

Оқыту мақсаттары

Ұсынылатын әдіс-тәсілдер

Мұғалімге ескертулер


Оқыту ресурстары

Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры (5 сағат)

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

А/И1 Әдеби шығарманың композициясы

А/И4. Шығармашылық жұмыс


Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы


7. Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру


«Болжау»

Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін суреттер беріледі.



http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gctpdmpad44oob8fm9k9vwkev5qp_j3ulsboikezhhedhvbrae7cтоныкөкhttp://kz2.fatwords.org/safia/birinshi-blim-orshaan-orta-adam-aparat-aparat-trleri-adam-apar/23.pnghttp://referatikz.ru/musor/skrin1/1/1/skachannye_fajly.jpg
https://pp.vk.me/c307506/v307506591/5e9d/lqmpruct3ye.jpghttp://www.tarih-begalinka.kz/files/thumbnails/00001267.jpgb33df82d0bd5da9ce365d230ade24501http://referatdb.ru/pars_docs/refs/93/92979/92979_html_5132c79a.jpg

Т.

«Сөздік» жұмысы.

«Күлтегін» жыры бойынша сөздердің мағынасын анықтайды.




Сөз

Біздің анықтама

Сөздік

тегі анықтама

Сөйлем

Қадырхан,Кері -Кену










қаһан










қатын










паң










қоңы










шад










түстік










терістік










алдаспан










пышыра












«Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар «Күлтегін» жырының мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын, Күлтегіннің ерлік, батырлық болмысын ашады.
Қалыптастырушы бағалау
Т.

« Шығармашылық матрица»
http://t3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gctpdmpad44oob8fm9k9vwkev5qp_j3ulsboikezhhedhvbrae7c

Мұғалім оқушыларға Елтеріс Күлтегін, Білге қаған туралы бірнеше үзінді таратады. Оқушылар Елтеріс, Күлтегін, Білге қаған образы мен іс-әрекетін сипаттайтын тірек сөздерді матрицаға орналастырады. Олар осы сөздердің Елтеріс,Күлтегін, Білге қаған образын ашудағы нақты әсерін , автордың образ жасауда осы жолды неліктен таңдағанын талқылайды.




Мәселе










Кімге?










Қайда?












Оқушылар берілген мәселені шешуде ең дұрысырақ жауаптарды басқа топ жұмыстарымен салыстыра отырып таңдаайды. Өз жұмыстарын сыни бағалайды.

Ж/Ж.

Мәтіндік зерттеу


Түркілердің  мекені

Білікті  басшы- Білге

Ойыңды суретпен бейнеле.

«Ел  қорғаудағы  ерлік  істер»

Жырдан өмірлік қағида шығар.«Ат-ер  қанаты»

Тәрбиелік мәні бар қорытынды жаса.



Өзара бағалау.

Ж.

«Соңғы  сөзді  мен  айтайын» 

«Дауыл  өшті, жел  қайтты, өрісімді  ұлғайттым»- «Мәңгілік Ел» идеясы.

Оқушылар жырдан қысқа тіркестер тауып, жоғарыда көрсетілген тақырып аясында ойтолғауды «Мәңгілік Ел» идеясымен байланыстырып жазады.



Қалыптастырушы бағалау.

Т.

«Үш қадамды сұхбат»

Әр топ тақырыпқа байланысты бір-біріне мәтін бойынша 3 түрлі сұрақ, пікір айтып талқылайды. Негізгі ақпаратты анықтайды.



Мінездеу Кейіпкерлерге  мінездеме  беру:

Күлтегін,  Білге



Анықтау. Күлтегін  жауласқан  елдер  мен  жер  атауларын  анықтау.

Салыстыру.

Жоқтау-жырды батырлық жырмен салыстыру.



Топтық бағалау.

Оқылым алды тапсырмасы:

- оқушыларға тақырып пен мазмұнды болжату.


Мұғалім ерлік, елдікті жырлаған тарихи жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен де үндесетінін салыстыруына болады.
Жырдағы тағы басқа түсініксіз сөздерді кестеге енгізуге болады


«Күлтегін» жыры ежелгі түркі дәуірінің ерлік, елдік, батырлық өмірін жырлаған тарихи жыр екенін аңдату.
Жырдың  идеясын  ашатын  тұсын  оқушылардан  сұрау.

Мұғалім образды ашуда тарихпен байланыстырып, картаны қолдана алады.

Мұғалім таңдалған сөздер мен олардың әсері туралы талқылауға басшылық жасайды.

Иоллығ тегін туралы А.Бернштамның пікірін айтуға болады.

Тыңдай отыра оқушы өз пікірін айтуға, ойын дәлелдеп сөйлеуге дағдыланады.
Жырдан дәлел келтіре отырып, ой бөлісу мен оны қолдану оқушыларға

өз көзқарасын білдіру, ойын жеткізу дағдыларын дамытуға ықпал етеді, көмектеседі.



«Мәңгілік Ел» идеясының тарихи негіздерімен байланыстырады.


https://kk.wikipedia.org/wiki
Презентация

[PPT]тоныкөк білге күлтегін 4

pps.kaznu.kz/kz/Main/FileShow/563959/.../1


Бейне материал

https://kaztube.kz/video/95948

http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/231-kazak-adebieti/2523-ejelgi-dayir-adebieti.html

«Күлтегін» жырының мәтіні

http://anyzadam.kz/info/514/
http://www.zox.kz/load/aza_debieti/ezhelgi_d_uir_debieti_k_ltegin_zhyrlary/13-1-0-816


Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім» (2 сағат)


Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

А/И3. Көркем шығарманың тілі


Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

5.Б/С1.Шығармадағы эпизодтар арқылы тарихи құндылығын бағалау


Т.

«Жырау» сөзіне құрастырылған сөзжұмбақты шешеді.



Ми шабуылы

http://www.kerekinfo.kz/uploads/images/00/03/75/2011/05/26/750b89.jpg http://e-history.kz/media/upload/1299/2014/08/29/c08137a23ffd25d9544e1cc7ff9da65e.jpg

Осы екі сурет арқылы бір адамды қандай қырынан қарастыруға болады?



«Интеллект карта құрастыру» әдісі

Әрекеттер:

1.Толғау мәтінін ұсыну.

3.Мәтіннің мазмұнын жеңілдету үшін интеллект картасын құрастырудың маңызын түсіндіру.Нұсқаларын көрсету.

3.Оқушылар топтарда мәтінді талдайды.

4.Мәтіндегі ең негізгі ұғымдарды интеллект карта түрінде бейнелейді.

Топтық бағалау.

Т.
«Пирамидалық талқылау» арқылы

мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды:теңеу,символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ, т.б.

Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа төрт пікірге ортақ түйінді ой жазылады.

Топтық бағалау
Т.

«Талдап білу»

Оқушылар толғауды бірінен соң бірі дауыстап оқиды және бір- бірінің оқылымдарына қысқаша сипаттама береді.



Талқылаушы-толғаудың тақырыбын, сюжетін айтады.

Белгілеуші- толғау мазмұны бойынша сұрақ дайындайды.

Байланыстырушы-толғаудан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады.

Топ шешені- толғау мазмұнына сәйкес елдік,ерлік туралы мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- толғаудың құндылығын айтып, баға береді.

Қалыптастырушы бағалау.

Мұғалім жаңа тақырыпқа кіріспе жасау үшін жыраулық өнерге байланысты сөзжұмбақ, ребус құрастыруына болады.

«Интеллект карта құрастыру» әдісі

Сипаты: күрделі мәтінді ұғынуда маңызды әдістердің бірі болып табылады. Топтағы әр оқушының пікірлері ескеріледі.
Оқушылардың жауаптарын тыңдай келе шығарманың тақырыбы мен идеясы ашылуын бағалайды.

Сыни тұрғыдан бағалау дағдыларын дамыту қажет.


Шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға немесе ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.


Оқушылар рөлдері бойынша жиналады, бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды.

Оқушылар сыныпта жырау толғау не көрсеткісі/түсіндіргісі келгенін және шығарма қандай сезім тудыратынын талқылап, бағалайды.



https://kk.wikipedia.org/wiki/

Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»
http://bilim-all.kz/olen/2032-Ensegei-boily-Er-Esim
Бес ғасыр жырлайды

Жеті ғасыр жырлайды

«Жорық жолындағы Жиембет жырау». Арнайы тележоба



youtube.com›watch?v=NkDRMnpzLkA

Жыраулар жырындағы хандар келбеті | «Ана тілі» Ұлт...

anatili.kazgazeta.kz›?p=32716




Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» (3 сағат)

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс


А/И2. Автор бейнесі

Б/С4.Әдеби сын

7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

7.А/И2.Эпикалық,поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

7.Б/С4.Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.


Қызығушылықты ояту

Б.Тілеуханның орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім!»туындысын тыңдатып, талқылату арқылы «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауына

өту.

ЖЖ.

«Төрт сөйлем» тәсілі 1. Пікір. Тыңдаған мәтіндегі кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді.

2. Дәлел. Мәтіннен үзінді келтіре отырып өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін тарихпен байланыстырып, мысал келтіреді. 4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Өзара бағалау.
Ж/С.

«Сұрақ қоя білу» тәсілі

Негізгі сұрақ

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп неліктен айтылған?



Жанама сұрақ

Жыраудың қайғыру себебі неде?

Неліктен Еділ, Жайық, Аштарханды қоныс етпеудің жайын жырлаған? Ойыңызды тарихи деректерге сүйене отырып баяндаңыз.

Қайта келер деймісің


Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!-деп жырлауының астарына пайымдау жасаңыз

...Атаңа нәлет кәпірдің


Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!-деп кейінгі ұрпағына нені аманаттайды?
Анықтауыш сұрақтар

Алдыңғы сұрақтардың жауаптарын жазып, одан тағы да сұрақ туындатып бірнеше сұрақ қояды.



Жауаптағы детальдар негізгі сұраққа жауап бере ала ма?

Сұрақтар мен жауаптар шынайы ма?

Әлде шындыққа жанаспай ма?
Өз жауаптарыңды негіздеу мақсатында толғау мазмұнында кездесетін сөздер мен сөйлемдерге сілтеме жасаңыз.

Оқушылар өз жауаптарын сыни хабарлама ретінде жазады. Қалыптастырушы бағалау.





20120708130227
Оқушылар:

Өз оқуларын таспаға жаза алады;

• Мәдени іс-шараларда жатқа оқыған шығармаларын музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен жыраулар мақамына салып орындай алады.

Осы жұмыс арқылы оқушылардың шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары бағаланады.

Сыни хабарлама жетістік критерийіне сәйкес жазылады.Оқушының жас ерекшелігі ескеріледі.


Бекболат Тілеухан«Қайран менің Еділім!»

https://www.youtube.com/watch?v=hgzO7rD9kdI



Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»
http://bilim-all.kz/olen/2293-Qaztugannyn-qonysymen-qoshtasuy
Бес ғасыр жырлайды

Жеті ғасыр жырлайды

http://kitap.kz/audiobook/5095-qaztuhan_zhyrau/5095-qaztuhan_zhyrau

Әдебиет порталы | Қазтуған жырауМадақ жыры

adebiportal.kz›Мадақ жыры



ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ

zhas-kyran.kz›kazak-zhyraulary/item/97-kaztu-an-s…





«Қыз Жібек» жыры (8 сағат)

Т/Ж1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні


Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ

Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс
А/И1. Әдеби шығарманың композициясы

А/И3. Көркем шығарманың тілі

А/И4. Шығармашылық жұмыс

Б/С1.Тарихи және көркемдік құндылығы

Б/С3.Әдеби эссе

7. Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.

7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау.

7. Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.

7.А/И1.Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру.

7.А/И3.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау

7.А/И4. Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу

7.Б/С1.Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру

7.Б/С3.Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.




http://www.qazaquni.kz/wp-content/uploads/quman-meruert.jpghttp://baq.kz/foto/8044190301930ee883bebc6bb9ec2ada.jpghttps://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/a/a0/kyz_zhibek_tolegen.jpghttps://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/9/92/tolegen.jpghttps://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/3/3f/kyz_zhibek.jpg

Ойқозғау

Суреттерде кімдер бейнеленген?

Олар туралы не білесіңдер?

«Қыз Жібек» фильмін көрдіңдер ме, қандай әсер алдыңдар?

Жыр, ғашықтық жыр туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылар жыр мазмұнымен танысады.



Т.

«Пазл әңгіме»

Топтарға жыр бөлімдері қиылып таратылады. Оқушылардан берілген бөліктерден жырдың нұсқасын оқиға желісіне байланысты құрастырады. Соңында оқушылардан өз жұмыстарымен жалпы сыныпта немесе жылжымалы топтарда бөліседі. Жырдың қорытынды бөлімін бермей, оқушылардың өздеріне аяқтауға мүмкіндік беруге болады.http://www.likar.info/pictures_ckfinder/images/depositphotos_4423634_s.jpg



Қалыптастырушы бағалау.

Т.

«Әдеби шеңбер»

  1. 1. Талқы себепшісі – жыр мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады. (кейіпкерлері, сюжет, қарым-қатынас, автор позициясы, т.б. бойынша)

2. Белгілеуші – жырдың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.

3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

Қалыптастырушы бағалау
Т.

http://poleznye-sovety.su/images/kak_nauchitsya_risovat_3/10.jpg


«Кубизм»

Білу- Үзінді кім туралы?

Түсіну- Үзіндінің негізгі идеясы?

Қолдану- Үзінді оқиғаларының желісін ой картасына түсіріңдер. Анализ – Қыз Жібек пен Төлеген арасындағы алғашқы диалогқа талдау жасаңыз.

Синтез- Қыз Жібек өз атына лайықты адам екенін дәлелдеңіз.

Бағалау- Қыз Жібек қандай адам? Өздеріне ұнаған Қыз Жібек пен Төлеген сипатына қатысты үзінділерді жаттайды.

Қалыптастырушы бағалау.


Ж.

«Ақыл-ой» картасы
https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gctpqoh--7nrkiijem3dwymjdztqrt2mfoq9phmatdpvjsn0r3js

Төлеген мен Бекежан

Оқушылар аталған екі кейіпкердің арасындағы қарым-қатынасты өз сөздерімен қорытындылап жазады.



Т.

Содан соң топтасып, үлкен параққа «Ақыл-ой картасын» жасайды. Олар алдымен «шимай», артынан таза нұсқасын тақта алдында көрсету үшін дайындайды. Оқушылардың 2 кейіпкердің біреуін жақтайтын талқылау жұмысына мұғалім басшылық жасайды. Сол сияқты Төлеген мен Шеге, Сырлыбай мен Базарбай, т.б. бейнелерді салыстыра алады.



Сұрыптап талдау жұмысы 
Сынып төрт топқа бөлінеді де тапсырмаларын алады. 
А тобы – жырдағы суреттелетін эпизодтар.

Ә тобы – осы эпизодтардың жырға арқау болуына түрткі болған ой.

Б тобы – екі немесе үш эпизодтың айырмашылығы туралы не айтасың?
В тобы –осы эпизодтарда адамдар бейнесі қалай көрсетілген

Концептуалды кесте


«Қыз Жібек» жырының эпизодтары

Адамгершілік ұстанымдары

Менің пікірім












Қалыптастырушы бағалау

Ж/Т.

http://abc174.ru/images/content/futbolnye_vorota.jpg


«Қақпа»

Орындалу барысы:

-тақтада қақпаның суреті тұрады;

-сынып топқа бөлінеді;

-мұғалім бір көркемдегіш сөзді айтады;

-топ сол сөзді кестеге толтырады;

1 оқушы кестені толтырады;

1оқушы сөздікпен жұмыс істейді;

1оқушы гол салады.

Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отыруға болады.


Көркемдегіш құрал

Мысал

символ




теңеу




эпитет




аллитерация




ассонанс




эпифора




анафора




Айшықтаудың түрлері




параллелизм






Қалыптастырушы бағалау.
ЖЖ.

«Фишбоун»

Басы – жыр көтерген мәселе;

Үстіңгі сүйектер – жырдың негізгі түсініктері;

Астыңғы сүйектер – себептері;

Құйрығы – мәселенің шешімі.

Оқушылар мәселенің шешімін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазады.



Өзара бағалау
«Болжау»

  • Осы фрагменттерден қандай тарихи кезеңді көруге болады?

  • Үзіндіден ұлттық құндылықтарымыздың қандай жай-күйін байқадыңдар?

Т.

«Керемет пікірталас»

Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан

бір өкіл шығады. Әрқайсысы бір кейіпкер мен соған қатысты тарихи оқиғаны таңдап алады. Сол кейіпкер бейнесін жасаудағы автор шеберлігі мен шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.

Топтық бағалау

Ж.

Әдеби эссе

«Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр»

Қалыптастырушы бағалау


Сабақ тақырыбына кіру үшін жыр бойынша иллюстрациялы суреттер, т.б. материалдарды көрсету арқылы ойқозғау сұрақтарын қоюға болады.
Ғашықтық жырдың негізгі тақырыбы – екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет-зары, махаббаты.

Ғашықтық жырда рулық қарым-қатынастар, салт-дәстүр, әдет-ғұрып тақырыптың негізгі арқауы етіп алынады.

Ғашықтық жырда кейіпкерлер реалистік түрде сипатталады, яғни кейіпкерлер өздеріне тән қасиеттерімен бейнеленеді.

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория


Композициялық тәсілдер: екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулер

«Қақпа»

Ойынға қажетті құралдар:жыр мәтінінен алынған көркемдегіш сөз қиындылары, қақпаның суреті,кесте.

Мақсаты – мәтіндегі көркемдегіш құралдармен жұмыс. Көргенін жылдам жазу арқылы мағынасын еске сақтау.



Шаңырақтың күйреуі, бос бесік, ата-мекенін тастап үдере көшу, қаңырап бос қалған жұрт, көлін тастап ұшқан құс...

Мұғалім оқушыларға «Қыз Жібек» жырының шығу тарихының зерттелуі туралы монографиялар мен зерттеу жұмыстарын алдын-ала оқып келуді тапсыруына болады.

Мұғалім жырдан Қыз Жібек пен Төлеген сипатын беретін үзінділерді алдын-ала дайындап келуіне болады.
Бұл әдіс оқушылардың кейіпкерді (шеберлікпен) автордың қалай суреттегеніне анализ жасауға ынталандырады. Олар

кейіпкерлерді сомдағанда шығармадан дәлелдемелер, мысалдар ала отырып бергені қадағаланады.



«Фишбоун» -мәселені талдауға арналған жаттығулар.

Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың

негізгі ойын ашатын фразалар болуы мүмкін.




Қыз Жібек — Аудиокітап — Kitap.kz

kitap.kz›Қыз Жібек

«Қыз Жібек» жыры бойынша суреттер

https://www.google.kz/search?qWBuNjKAhVBCCwKHU3CAEcQsAQIKg
«Қыз Жібек»
жыры толық нұсқасы

https://ushkin1.wordpress.com/




«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы  «Қыз Жібек» жырына түсініктеме

https://kk.wikipedia.org/wiki/



«Қыз Жібек» жыры
https://www.youtube.com/watch?v=9f39aS5uWAU

«Қыз Жібек» фильмінен үзінділер

https://www.youtube.com/watch?v=XS_OEQ9kamU

«Қыз Жібек» фильмі.

Тарихи оқиғаларды сипаттайтын фрагменттер.

https://www.youtube.com/watch?v=7FWJihVkBtA
http://old.abai.kz/node/2841
http://almaty-akshamy.kz/2012/05/17/қыз-жiбек-қалай-түсiрiлдi/
  1   2   3   4   5


жүктеу 1.27 Mb.