Главная страница
Контакты

    Басты бет


Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бағдарламаларын оқытудың интерактивті әдістеріне талдау жасау

жүктеу 40.96 Kb.



жүктеу 40.96 Kb.
Дата23.10.2017
өлшемі40.96 Kb.

Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бағдарламаларын оқытудың интерактивті әдістеріне талдау жасау


Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің бағдарламаларын оқытудың интерактивті әдістеріне талдау жасау Қорқыт Ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті Жақапбаева Г.Ә., Сулейменова Ж.Д., Ермахан Б.Е. Қазіргі жағдайдағы қоғамның даму беталысында ерекше ойлай білетін шығармашылық адамдарына сұраныс артып отыр. Бүгінгі күнде, мамандарды дайындаудың дәстүрлі әдісі күн талабына сай келмеуде. Қазіргі заманғы білім беру негізі оқу пәніне байланып қалмай, студенттің ойлау жүйесі мен іс-әрекетін дұрыс қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Кез-келген жоғары оқу орнының алдындағы мақсат – жоғарғы кәсіби даярлықтан өткен маман дайындау ғана емес, сондай-ақ, студенттерді жаңа технологияларды жасау үдерісіне және шынайы өндірістік ортаға бейімделу кезеңіне қатыстыру.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Сонымен бірге, оқыту процесінде студенттердің шығармашылық белсенділік, креативті ойлау, бағалау, рационализациялау, нарықтың өзгермелі талаптарына бейімделе білу қабілеттерін дамытуға үлес қосуы ләзім. Жоғарыда айтылған дағдыларды қалыптастыру болашақ мамандарды оқыту әдістемесі мен оның мазмұнына тәуелді.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Бүгінгі күнде студенттерді оқытудың жаңа әдістері мен формаларын іздестіру мен енгізу мақсатындағы ізденіс қарқынды жүруде. Осыған байланысты, алға қойған негізгі міндеттердің қатарына: оқытуды интерактивті режимде оқытуды жүргізу, оқытылатын пәнге студенттедің қызығушылығын жоғарылату, оқу процесін күнделікті өмірдің практикасына жуықтату, дәлірек айтқанда, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, өзгермелі жағдайларға бейімделу, социализация, психологиялық күйзелістерге төзімділігін жоғарылату, келіспеушіліктерді реттей білуге үйрету және т.б.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Осылайша, жаңаша оқытудың негізгі міндеттері студенттің оқытылатын пәнге тұрақты қызығушылығына қол жеткізу, бірінші курстан бастап өз бетінше білім алуын, ғылыми ізденістерге тартуды құрайды. Ол үшін, студенттің болашақ мамандығын игеруін және білім ала білуіне мұрындық болатын психологиялық ойлау жүйесін алдын-ала қалыптастыру керек. Студент болашақ маман ретінде, қалай болғанда әлеуметтік және кәсіби дағдыларын игере отырып, практикалық іс-тәжірибеде қолданатынын түсіне білуі тиіс.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Бұл орайда, оқытудың инновациялық әдістері мен технологиялары көмекке келе алады. Әуел бастан, оқыту екі компоненттен құралатыны белгілі: ақпаратты беру және қабылдау.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Көптеген оқытушылардың негізгі проблемасы – өз тәжірибесі мен білігіне сүйене отырып, пәнді өзінің ұғынғанына қарай студенттерге түсіндіруге тырысады. Ал, білімді бағалау кезінде студент өз сөздерімен жауап бере бастаса, дәріс пен оқулыққа сәйкес келмегені үшін сабақты түсінбегендік ретінде қарайды. Оқытудың инновациялық әдісінде пәнді түсінудің шығармашылық тұрғыдан қарастырылуы және стандартты мәселелердің ерекше шешімдерін табуға қолдау білдіріледі. [7] Бұдан шығатын қорытынды, білім алу жәй ғана оқулықтағыны жаттанды қайталау емес, адамның тұлғалық әрі кәсіби өсуіне себін тигізетін қызғылықты да тартымды процесске айналуы тиіс. Дәстүрлі білім беру әдістері ЖОО-да берілетін білім мен өндіріс саласының сұранысының алшақтығына алып келді. Осыған орай, көптеген білім ордалары өндірістегі шынайы мәселелерді шешуге негізделген, мәселеге бағытталған білім беруге көшуде. Классикалық білім беру жүйесінде «chalk-and-talk», яғни, «бор-һәм-сөйлеу» әдісі ондаған жылдар бойы білім беру стратегиясы ретінде қолданылып келді. Бұл жерде оқытушы ақпаратты береді, ал студент қабылдайды. Практика жүзінде белгілі болғандай, бұл жерде оқу режимі негізінен пассивті, ал, білім алушылардың оқыту процесіндегі рөлі елеусіз [3]. Осы мәселені шешуге, яғңи, студенттердің ой белсенділігін қолдау, шығармашылық қабілетін арттыру, практикалық даярлық деңгейін көтеру үшін оқытудың жаңа принциптері қажет.
Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Қазіргі күнде мұндай әдістер қолданыста бар, және олар оқытудың активті және интерактивті түрлері деп аталады. Оқытудың активті түріне білім алушының танымдық әрекетінде оқу материалын бастамашылық және шығармашылық турасынан қабылдауына итермелейтін педагогикалық әдіс-тәсілдердің жиынтығы жатқызылады.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Оқытудың активті әдісі «оқытушы = студент» өзара іс-қимыл схемасына орай тұрғызылады. Аты айтып тұрғандай, бұл жерде оқу процесінде оқытушы мен студенттің теңдей дәрежеде қатысуы көзделеді. Оқытудың интерактивті түрінде «оқытушы = студент» және «студент = студент» схемасы негізінде тұрғызылады. Демек, студентті оқу процесіне оқытушы ғана емес, сондай-ақ, білім алушылар бір-бірімен өзара қарым-қатынасы арқылы білім алушының әрқайсысының мотивациясына ықпал етеді. Оқытушы тек көмекші рөл атқарады. Оның міндеті – білім алушының бастамашылдығына қолдау жасау. Оқытудың активті және интерактивті әдістерінің ерешеліктері: Студенттердің мәжбүрлі белсенділігі: оқытушыдан мәселені шешуге немесе белгілі-бір жұмысты орындауға тапсырма алғаннан кейін студенттер топ болып соны орындауға кіріседі. Оқытудың интерактивті әдісінде студенттің интеллектуалдық қабілетінің қаншалықты екенін сезініп, өз-өзіне сенімділігінің артуын көздей отырып оқытудың қолайлы жағдайын жасауын қамтамасыз ететіндіктен, тиімділігі күмәнсіз. Әдебиеттер Бершадский М. Е., Гузеев В. В. Дидактические и психологические основания образовательной технологии. — М.: Центр «Педагогический поиск», 2003. Беспалько В. П. Образование и обучение с участием компьютеров. — М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж, 2002. Васильев В. Проектно-исследовательская технология: развитие мотивации В. Васильев Народное образование. — 2000. — № 9. Малев В. В. Общая методика преподавания информатики: Учебное пособие. — Воронеж: ВГПУ, 2005. — 271 с. Малев В. В., Малева А. А., Микерова Л. Н. Современный кабинет информатики: Учебно-методическое пособие для студентов. — Воронеж: ВГПУ, 2004. — 271 с. Молодцов В.А., Рыжикова Н. Б. Современные открытые уроки информатики. 8–11 классы. — Ростов нД: Феникс, 2003. Паклина Г. Ф. Применение проблемного обучения на информатике. Ж. «Информатика и образование», 12–2003 г. Современный урок информатики в профильной школе: Методическое пособие Под ред. Е. В. Огородникова, С. Г. Григорьева. — М.: МГПУ, 2004. – 102 с.


жүктеу 40.96 Kb.