Главная страница
Контакты

    Басты бет


Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары

жүктеу 280.62 Kb.



жүктеу 280.62 Kb.
бет1/2
Дата15.05.2017
өлшемі280.62 Kb.

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары


  1   2

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрлігінің

бұйрығымен бекітілген
2014 жылғы «____» ___________ №______

Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары

1. Жалпы ережелер
1.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Осы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптары (бұдан әрі - сертификаттау талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 41-58) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Сертификаттау талаптары авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі - Ұйым) қойылатын талаптарды белгілейді.

3. Осы Сертификаттау талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) авиациялық техника - азаматтық әуе кемелері (бұдан әрі - ӘК), олардың жабдықтары, жиынтықтаушы бұйымдары, қозғалтқыштары мен тренажерлер;

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Кеме - мұхитта немесе теңізде не су астында жүзе алатын, жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі.

2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - АТ ТҚ) жөніндегі сыртқы желілік станция - азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы оларға техникалық қызмет көрсету үшін құрған және Қазақстан Республикасынан тысқары жерде әрекет ететін желілік станция;

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

3. рұқсат беруші персонал - әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, оның жүйесін немесе компонентін оларды АТ ТҚ және Ж орындалғаннан кейін пайдалануға рұқсат беру үшін куәландыратын авиациялық персонал;

4) инженерлік-техникалық персонал - ӘК және/немесе оның компонентін АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысқа рұқсаты бар авиа маманның жарамды куәлігі бар авиациялық персонал;

5) ұшуға жарамдылық - әуе кемесінің қауіпсіздігі мен ұшу сапасын қамтамасыз ететін ұшу-техникалық сипаттамаларға сай келетін әуе кемесінің техникалық жай-күйі;

6) АТ ТҚ желілік станциясы - Қазақстан Республикасының аумағында АТ ТҚ негізгі базасы орналасқан әуежайдан тысқары кемінде  үш ай мерзімге құрылатын АТ ТҚ жөніндегі ұйымның бөлімшесі;

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

7) ұшуға жарамдылықта ұстау - ӘК-нің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі және оларды жұмыс істеуінің пайдалану мерзімі бойында қауіпсіз пайдалану үшін қажетті күйде ұстау солар арқылы қамтамасыз етілетін шаралар кешені;

8) жөндеу - ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес анықталатын авиациялық техниканың ұшуға жарамдылығын қалпына келтіру;

9) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы бекіткен және АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызмет саласы, оның басшылығының функциялары мен міндеттері, инженерлік-техникалық персонал, құрылымы, өндірістік базасы, АТ ТҚ және Ж рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы егжей-тегжейлі ақпараттан тұратын құжат;

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

10) сапа жөніндегі нұсқау - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сапа саласындағы саясатын баяндайтын және сапа жүйесін сипаттайтын құжат;

11) басшы персонал - АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес ресурстық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін жеткілікті өкілеттігі бар ұйым персоналының құрамындағы уәкілетті тұлғалар;

12) АТ ТҚ және Ж туралы куәлік - АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылықта баяндалған бекітілген деректер мен рәсімдерге сәйкес онда көрсетілген ТҚ жөніндегі жұмыстарды қанағаттанарлық орындауды растайтын мәліметтер бар құжат;

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Ақпарат Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

13) сапа жүйесі - сапа стандарттарына сәйкес сапаны әкімшілік басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылымның, құжаттамалық әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы;

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

14) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі - ҰҚБЖ) - қажетті ұйымдастырушылық құрылымды, жауапкершілік сатылығын, басшылық ететін қағидаттар мен рәсімдерді қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі көзқарас;

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

15) техникалық қызмет көрсету - бақылау-қалпына келтіру жұмыстарын, тексеруді, алмастыруды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, жеке-жеке де, үйлестіріп те орындалатын ақауларды жою, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;

16) адам факторы - АТ әзірлеуде және сертификатауда, персоналды даярлауда, ұшуларды жүргізуде және ТҚ-да қолданылатын және адамның қасиеттерін тиісінше қарастыру және есепке алу жолымен адам мен жүйенің басқа да элементтері арасындағы өзара қауіпсіз іс-қимылға қол өткізуге бағытталған қағидаттар;

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Ақау (Дефект) - су шаруашылығы саласында, гидротехникалық имараттарды пайдалану барысында орын алатын кемістіктер.
Адам факторы - адамның қарым-қабілетін, мүмкіндігі мен іс-әрекетін қоғамдық мүдделер тұрғысынан бағалауда кеңінен қолданылатын ұғым. Адамның болашаққа сенімін арттырып, өмірлік бет алысын айқындайтын және белсенділігін күшейтетін факторларға әлеум.

17) пайдалану құжаттамасы - ӘК-ні және ТҚ-ны қоса алғанда, компонентінің ұшуы мен техникалық пайдалануды регламенттейтін және пайдалану шектеулері, рәсімдер мен ұсынымдар бар құжаттама.

4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі куәлікті авиациялық персоналға уәкілетті орган береді.
2. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар
5. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді (бұдан әрі - АТ ТҚ және Ж) жүзеге асыратын ұйымдар мынадай талаптарға сәйкес келуі қажет:

1) қызметтің мәлімделген саласында жұмыстарды орындау үшін жеткілікті бекітілген ұйымдық құрылымының және өз қызметін басқару жүйесінің болуы;

2) қызметтің мәлімдеген саласына сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және орындауға қойылатын талаптарды айқындайтын жарамды және белгіленген тәртіппен ескерілген пайдалану құжаттамасының болуы;

3) ӘК техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті), ұшуға жарамдылық директивалары, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқаулары мен өкімдері, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат, ӘК әзірлеушінің (жасаушының) бюллетеньдері бойынша ӘК және оның құрамдауыштарына АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстарды орындауды қамтамасыз ету;

4) АА-дағы қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының және ұйымның ішкі құжаттамасының талаптары мен ережелерін (оның ішінде белгіленген тәртіппен бекітілген және қолданысқа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) оларды уақтылы зерделеу және орындау мақсатында персоналдың назарына уақтылы жеткізу нұсқаулығының болуы;

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

5) жұмыстарды орындау және персонал үшін талап етілетін жағдай жасау үшін ғимараттардың, құрылыстардың, қажетті энергия түрлерінің, өндірістік, қойма, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлардың болуы;

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

6) қажетті құралдар мен аспаптардың, сондай-ақ оларды жарамды күйде ұстау жүйесінің болуы;

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.

7) жұмыстарды орындауға қажетті құрамдас бөліктердің, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарының қажетті қорының болуы;

8) ұйымның штатында жоспарланған жұмыстарды орындауды қамтамасыз ететін мөлшерде қажетті білікті персоналдың болуы;

9) персоналдың біліктілігін қолдау (арттыру), оны даярлау және қайта даярлау жүйесінің болуы;

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

10) АТ ТҚ және Ж, модификациялау, жөндеу жұмыстарының және АТ-дағы өзге де жұмыстардың орындалғандығы туралы деректерді жұмыстардың толық көлемде және АТ ТҚ және Ж (жөндеу, модификациялау) бағдарламасына (регламентіне) сәйкес орындалғандығын растайтын деректерді тіркеуді және сақтауды қамтамасыз ету;

11) АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстардың тиісінше орындалуына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің болуы;

12) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қызметі туралы басшылық пен АТ ТҚ және Ж сапасы туралы басшылықтың болуы;

13) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің (ҰҚБЖ) болуы.

6. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мынадай шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді:

1) қолайсыз ауа-райы жағдайларынан қорғауды қамтамасыз ететін барлық жоспарланған жұмыстарды орындау үшін өндіріс қуаттарының, зертханалардың, учаскелердің болуы. Техникалық қызмет көрсетуді орындаған кезде қоршаған ортаны ластаудан және әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін қажетті, өзара бөлінген цехтар мен ангарлардың болуы;

2) барлық жоспарланған жұмыстарды басқаруды қамтамасыз ету, сондай- ақ белгіленген АТ ТҚ және Ж стандарттарына сәйкес өзінің міндеттерін табысты орындай алуы үшін рұқсат берілген персоналды орналастыру үшін жұмыс (офистік) үй-жайларының болуы;

3) жабдықтармен жұмыс істеу үшін ангарларды, цехтарды (зертханаларды, учаскелерді) қоса алғанда, өндірістік орта жағдайының және офистік үй-жайлардың онда орындалатын жұмыстарға сәйкес келуі, бұл ретте:

үй-жайлардағы температуралық режим Цельсий бойынша 16-22 градус аралығында ұсталуы тиіс;

шаң мен ауаның басқа да ластануы барынша азайтылуы тиіс, ӘК-нің/компоненттерінің беткі қабатына шаң қонуы көзге түскенде, жұмыс аумағының ластануының мұндай деңгейіне жол берілмейді.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Шаң немесе беткі қабатына шаң қону түріндегі өзге де ластану пайда болған жағдайда қолайлы жұмыс жағдайларын қалпына келтіргенге дейінгі кезеңде ластануға сезімтал барлық жүйені тығыз жабу қажет;

жарық АТ ТҚ және Ж жөніндегі тексерулердің барлық түрлерін, қараулар мен басқа да жұмыстарды тиімді жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс;

шу персоналдың жұмыстарды орындауына кедергі келтірмеуге тиіс, шу көзін реттеу орынсыз болған жағдайда аталған персонал артық шудың жұмыстарды орындауға кері әсерін жоятын қажетті дербес шудан қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс;

АТ ТҚ және Ж жөніндегі нақты жұмыс жоғарыда айтылғандардан ерекше өндірістік ортаның айрықша жағдайларын жасауды талап еткен жағдайда, мұндай жағдай жасалуға тиіс, мұндай айрықша жағдай АТ ТҚ және Ж жөніндегі құжаттамада көрсетіледі;

жедел АТ ТҚ және Ж орындау шарты Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келуге тиіс, температура, ылғалдық, тұман, мұз, қар, жел, жарық, шаң немесе ауаның осындай өзге де ластануы бөлігінде жол берілмейтіндей деңгейге дейін жұмыс жағдайы нашарлаған жағдайда, нақты жұмыс немесе АТ ТҚ және Ж түрі қалыпты жұмыс жағдайын қалпына келтіргенге дейінгі кезеңге кейінге қалдырылуға тиіс;

компоненттерді, жабдықтарды, аспаптар мен материалдарды орналастыру үшін қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған қойма үй-жайларының болуы.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Сақтау шарты кондициялық және кондициялық емес құрамдастар мен материалдарды және басқа да өзге құрамдастарды, материалдарды, жабдықтар мен аспаптарды бөлек сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Сақтау шарты АТ әзірлеушілердің нұсқауларына жауап беруге тиіс, ал бұл үй-жайларға шектеу қойылып, рұқсат тек уәкілетті персоналға ғана берілуге тиіс.
3. Персоналға қойылатын талаптар
7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі сертификатты алу үшін АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым жауапты басшыны тағайындайды, оған жұмыстарға тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі барлық жұмыстарды қаржыландыру және уақтылы орындау бөлігінде жауапкершілік жүктеледі.

8. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда ұйымның осы талаптарға тұрақты түрде сәйкестігіне қатысты жауап беретін басшы персонал болады. Бұл басшы персонал тек ұйымның жауапты басшысына ғана бағынады, бұл ретте:

1) басшы персонал Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық және экспериментальды авиацияның авиация персоналын аттестаттау қағидасына сәйкес аттестатталады;

2) әрбір нақты адамның, олардың ұзақ уақыт болмай қалған жағдайда орнын ауыстырудың айқын рәсімдері болуға тиіс.

9. Жауапты басшы кері байланыс жүйесін қоса алғанда, сапа жүйесіне қатысы жауапты болатын адамды тағайындайды. Бұл тағайындалған адам сапа және талаптарға сәйкестік мәселелері бойынша жауапты басшыға тиісінше ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін жауапты басшыға тікелей кіре алуға тиіс.

10. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымда жоспарлау, орындау, өндірісті басқару және жұмыстардың сапасын бақылау үшін оны бекіту саласына сәйкес қызметкерлердің жеткілікті өз штаты бар екендігін растайтын жүктеме жоспары болуға тиіс.

Жоспарлау (Планирование; scheduling) - уақыт бойынша процестерді реттеу, процестердің арасындағы ұтымды байланыстар мен олардың ортасын ұйымдастыру. Тәжірибені жоспарлау - параметрлер мөлшеріне байланысты тәжірибені рационалды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін математикалық статистика бөлімі.
Бақылау Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Бұдан басқа, ұйымда қызметкерлердің іс жүзіндегі штаты нақты жұмыс ауысымы немесе жұмыс кезеңі үшін жоспарланғаннан аз болған жағдайда орындауға қабылданған жұмыстарды жедел қайта жоспарлау рәсімі болуға тиіс.

11. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісілген рәсімдерге сәйкес ТҚ орындауға, басқаруға немесе жұмыс сапасын бақылауға қатысатын персоналдың құзырет деңгейін белгілейді және бақылайды. Белгілі бір еңбек функциясына қатысты қажетті жұмыс тәжірибесінен басқа, құзыреттілік деңгейі адам факторы мәселелері мен осы адамның ұйымдағы тиісті функциясына байланысты адамның қасиеттерін түсінуді қамтиды.

12. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мысалы, ӘК және/немесе құрамдастарды бұзылмайтын бақылау сияқты ұшуға жарамды етіп ұстауға байланысты жұмыстардың арнайы түрлерін орындайтын немесе бақылайтын персоналда ӘК/компонент бөліктерді әзірлеушілердің нормативтік талаптарына сәйкес келетін біліктіліктің болуын қамтамасыз етеді.

13. Сапа жүйесіне қатысты жауап беретін адам, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атынан рұқсат етілетін персоналға рұқсаттар беруге де жауап береді.

14. Ұйым барлық инженер-техникалық персоналдың тізілімін жүргізеді. Персоналдың тізілімі мыналардан тұрады:

1) АТ ТҚ және Ж жөніндегі мамандардың куәліктері туралы мәліметтер;

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

2) персонал өткен барлық даярлық түрлері туралы мәліметтер;

3) берілген рұқсаттар саласында;

4) шектелген немесе бірнеше рұқсаты бар персонал жөніндегі деректер.

15. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым тізілімнің деректерін инженер-техникалық персонал құрамындағы адам осы ұйымнан жұмыстан кеткен күнінен не рұқсатты жойған күннен бастап кемінде екі жыл сақтайды. Бұдан басқа, рұқсат етілген персоналдың құрамындағы жұмыстан кететін адамның сұрау салуы бойынша АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым бес жұмыс күні ішінде оған тізілімнен үзінді көшірме береді.

16. Инженер-техникалық персоналдың құрамындағы адамның сұрау салуы бойынша оған бір жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған тізілімнің жеке деректеріне рұқсат беріледі.

  1   2

  • 2. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар
  • 3. Персоналға қойылатын талаптар

  • жүктеу 280.62 Kb.