Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді

жүктеу 43.15 Kb.



жүктеу 43.15 Kb.
Дата13.10.2018
өлшемі43.15 Kb.

Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді


Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты. Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы. Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді: 1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу); 2) полемикалық (дауласу) сөз; 3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция). Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді. Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады. Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады,өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн. Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті,сөзі,мінезі, келбеті қатысып баяндалады;оқиға болған күннің реті,жер жағдайы аталады. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай: 1.Эмоционалдық, бейнелі,эксрессивті сөздер мол қатысады. 2.Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады. 3.Шығарма тартымды болу үшін синоним сөзднр, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады. 4.Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі. Іс қағаздар дегеніміз-жеке адамның, ұжымның,фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы. Іс қағаздарының мынадай түрлері бар: 1.Әр түрлі мазмұндағы арыздар. 2.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Өмірбаян . 3.Анықтама, түсінікхат,ақпар, есеп, хабарлау т.б. 4.Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т.б. 5.Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат – хаттама. 6.Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, мінездеме, ұсыныс т.б. Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады: 1.Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы). 2.Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың),мекеме басшысының аты-жөні. 3.Қатынас қағазының мазмұны. 4.Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы. Қатынас қағаздың композициясына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады.Әр реквизиттің жазылуына, пунктуациясына қойылатын талаптар бар.Ол талаптар мемлекеттік нұсқауларда айтылған.
Реквизит - құжаттың түпнұсқалығын білдіретін белгілер. Барлық мемлекеттік құжаттардың қағазында болады. Ол сызық, өрнек, сурет, таңба күйінде болу мүмкін.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері: 1.Мәтін өте жинақы құрылады. 2.Сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді. 3.Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады. 4.Экспрессивті сөздер қатыспайды. 5.Мәтін баяндау ретінде келеді. Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі.Іс қағазының мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі.Бірден онға дейінгі сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады.Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады.Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады.Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі. Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады: а)экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
Мақал - нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Тілдік тұлға - тіл жүйесінде бір-бірінен қызметі, құрылысы, орны жағынан дараланатын тұрақты тілдік элементтер. Тілдік тұлға тілдің негізгі қызметін атқаратын материалды-заттық мағыналық атауыш сөздер.
ә)тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер; б)толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер; в)тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер. Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар: 1)ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді; 2)ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады; 3)осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді. Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған.Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді;
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба. Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды.Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші.Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады. Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады. Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек.
Айқындауыш - айқындайтын сөзінің жетегінде қосарлана айтылып, оның мазмұнын ашып тұратын сөз не сөздер тобы.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді.


жүктеу 43.15 Kb.