Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

жүктеу 0.81 Mb.



жүктеу 0.81 Mb.
бет1/6
Дата05.04.2017
өлшемі0.81 Mb.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2014 жылғы «30» желтоқсан

№ 348


бұйрығымен бекітілген

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

1.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Негізгі ережелер

1-параграф. Өнекәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары


  1. Осы Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – «Азаматтық қорғау туралы» Заң) 12-2-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және уату-сұрыптау жылжымалы және құрастыру-бөлшектеу уату-сұрыптау және байыту қондырғыларын (бұдан әрі - фабрика) кесектеу (агломерация, брикеттеу, кесектеу), байыту, ұсақтау және пайдалану жөнінде қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, реконструкциялау, жаңғырту, консервациялау және жою кезіндегі ұйымдастыру мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналымды сумен қамту - суды тұрақты тұтынушылар үнемі пайдалану жағдайында оның қажетті тазартуын көздейтін судың айналымы бар өнеркәсіп сумен қамтуының жүйесі;

Су - сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

2) ағынды сулар - одан әрі пайдалануды ескере отырып қажетті тазартуға ұшырайтын адамның тұрмыстық және өндірістік қызметінде пайдаланылғаннан кейін шығарылған су;

3) ауыр ортада байыту - бөлінетін минералдардың тығыздықтары арасындағы аралық тығыздығы бар сұйықтықтарда немесе суспензияларда гравитациялық байыту процесі;

Гравитация(латынша: gravitas- ауырлық) - материяның кез келген түрлері арасындағы тартылыс күш әсері. Егер бұл өзара әрекеттестік біршама босаң болып, денелер баяу (жарық жылдамдығымен салыстырғанда) қoзғалатын болса, Ньютoнның бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады.

4) байыту өнімдері - пайдалы қазбаларды байыту процесінде алынатын өнімдер: концентрат, аралық өнім, қалдықтар;

5) гравитациялық байыту - тығыздығымен, мөлшерімен немесе нысанымен ерекшеленетін минералдық бөлшектердің бөлінуі ауырлық күші мен бөлу ортасы кедергісінің әсерінен олардың қозғалу жылдамдығы мен сипатының әртүрлілігіне негізделген процес;

6) елеу - елеуіш беттері бар құрылғыларда (електерде) жүзеге асырылатын материалды ірілік кластарына бөлу процесі;

7) жіктеу - мөлшері бойынша біркелкі емес шикізаттың түйіршікті және полидисперстік бөлшектерін елеу, гидравликалық (пневматикалық) жіктеу арқылы немесе ортадан тепкіш алаңда ірілігі әртүрлі кластарға бөлу процесі;

Гидравлика (гр. hydraulicos, hydor - су, aulos - түтік) - сүйықтықтардың қозғалысын және тепе-теңдік зандарын зерттеу мен оларды іс жүзінде пайдалану тәсілдерімен шұғылданатын ғылым саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз, сығылмайтын сұйықтықтарды зерттейді.
Шикізат Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.

8) концентрациялық үстелдерде байыту - су қозғалысының бағытына перпендикуляр көлденең жазықтықта ілгері-кейінді қозғалыстарды жасайтын нарифлениялары бар аздап еңкіш жазық деке бойынша ағатын судың жұқа қабатында гравитациялық байыту процесі;

Перпендикуляр Перпендикуляр (лат. perpendіcularіs - тік) - берілген түзумен (жазықтықпен) тік бұрыш жасап қиылысатын түзу (жазықтық).

9) концентрат - құнды компоненттердің құрамы бастапқы материалдан (кеннен) және байыту операцияларына ұқсас қалаған өнімдерден жоғары минералдық шикізатты байыту өнімі;

10) кептіру (минералдық шикізатты байытуда) - қыздыру кезінде ылғалды буландыруға негізделген материалдарды, соның ішінде байыту өнімдерін сусыздандыру процесі;

Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.

11) қалдық қоймасы (шөгінді қоймасы) - шикізатты (байыту қалдықтарын) қайта өңдеудің үйінді өнімдерін төсеу, оларды шөгу, қалдық қойыртпақтарынан айналымды сумен қамту үшін пайдаланылатын техникалық суды бөлуге арналған құрылыс;

12) қалдықтар - жынысты қалыптастыратын минералдардан тұратын және жеке жағдайларда пайдалы компоненттерді алдын ала алу орынды және технологиялық мүмкін болатын пайдалы компоненттердің айтарлықтай көп емес көлемі бар байыту процесінің қалдықтары;

13) қойылту - ауырлық күші немесе ортадан тепкіш күштің әсерінен қатты бөлшектердің қойыртпақта шөгу (жылжу) нәтижесінде орын алатын қойыртпақты қойылтылған өнімге және сұйық фазаға (төкпе) бөлу процесі;

14) магнитті байыту (магнитті сепарация) - бөлінетін компоненттердің магнитті қасиеттерінің өзгешелігіне негізделген шикізат кесектерін және минералдық түйіршіктерді бөлу процесі;

15) минералдық шикізатты байыту - минералдық шикізаттан бастапқы шикізаттағы олардың құрамынан артатын концентрациясы бар пайдалы компоненттерді бөлу мақсатында минералдық шикізатты қайта өңдеу процестерінің жиынтығы;

Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

16) сусыздандыру - шикізатты қайта өңдеу өнімдерінде судың құрамын төмендету процесі;

17) уату – кесек, минералдық шикізатты сыртқы механикалық күштердің әсерімен уату агрегаттарында жүзеге асырылатын жаншу, жару, соғу, кесу немесе олардың үйлесуі жолымен қирау процесі;

18) ұсақтау - пайдалы компоненттерді және жынысты қалыптастыратын минералдық агрегаттарды алу мақсатында, сондай-ақ байыту процесінің қажетті ірілігін қамтамасыз ету үшін уату ортасының (шарлар, өзектер) және шикізаттың соққылау және қажалу әсерінің нәтижесінде минералдық шикізатты ұсақтау процесі;

19) флотация - беттік қасиеттердің әртүрлілігіне және минералдар бөлшектерінің фазаларды бөлу бетіне: сұйықтық-газ, сұйықтық-сұйықтық және т.б. іріктеу байланысына негізделген пайдалы қазбаларды байыту процесі;

20) флотация реагенттері - минералдардың флотациялануын реттеу мақсатында флотация процесіне енгізілетін органикалық және органикалық емес заттар;

21) электр сепарациясы - электр зарядтарының мөлшерлеріндегі өзгешілікке негізделген электр алаңында осы бөлшектердің қозғалу траекториясын өзгерту жолымен бөлшектерді бөлу процесі.

Флотация (фр. flottation - су бетіне қалқып шығу) - сулы ортадағы бір минералды басқа минералдан ажыратып алу әдісі.
Алаң - қоғамдық құрылыстардың орталығындағы, қала немесе кент көшелерінің құрамына кіретін біртұтас сәулеттік ашық жер. Көлемі мен пайдалану шарты бойынша, қаланың орт. алаңы, театр алаңы, стадион алаңы, құрылыс алаңы т.б.

Технологиялық процестерді фабриканы пайдаланатын ұйымның басшысы әзірлеген және бекіткен технологиялық регламентті (бұдан әрі – технологиялық регламент) сақтай отырып жүргізу қажет.

3. Қатты пайдалы қазбаларды өңдеуді жүргізетін әрбір ұйымда өнімділіктен тәуелсіз, өнеркәсіптік қауіпсіздік, соның ішінде бұзылған жерлерді қалпына келтіру бөлімдерін қосатын, салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттамасы (бұдан әрі - жобалық құжаттама) әзірленеді және оларды сақтауы қажет.

4. Барлық пайдаланылатын жабдықты, қолданылатын аспаптар мен арнайы құрылғыларды жарамды күйде ұстау қажет.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.
Жарамсыз жабдықта жұмыс істеу, жарамсыз аспаптар мен құрылғыларды қолдануға жол берілмейді.

5. Ұйымдардың жабдығы мен ғимараттары олардың күйлеріне қарамастан, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған ұйымдарды тарта отырып және сараптамалық қорытынды беріле отырып, олардың беріктігін, орнықтылығы мен пайдалану сенімділігін бағалаумен кезең-кезеңмен өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамаға ұшырайды.

6. Қатты пайдалы қазбалардың қайта өңделуін жүргізетін ұйымның басшысымен мыналар әзірленеді және бекітіледі:

1) өндірістік бақылау туралы ереже;

2) технологиялық регламенттер;

3) аварияларды жою жоспары.

Технологиялық регламент технологиялық процесс немесе жұмыс жағдайлары өзгерген, жаңа жабдық қолданған кезде қайта қаралады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Беріктік - материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.
Технологиялық процесс - бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жетудің реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі.

7. Ұйым «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес тиісті біліктілігі бар, орындалатын жұмысқа медициналық кері көрсеткіштері жоқ, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөнінде даярлаудан, қайта даярлаудан өткен қызмет көрсетуші персоналмен жабдықталады.

Медицина Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.

8. Жұмысқа қабылданатын барлық адамдар, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстырылатын адамдар үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөнінде нұсқама, жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен дағдыларын оқыту, зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсетуді үйрету жүргізілуі тиіс.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

9. Жұмысшылар мен мамандарды олардың мамандықтарына сәйкес арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, жарамды қорғау дулығаларымен, көзілдірікпен, жеке қорғаныс құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз ету және оларды пайдалануды міндеттеу қажет.

Штатта тұрмаған, бірақ өндірістік тапсырмаларды орындау мақсатында қауіпті өндірістік объектінің аумағында тұрған адамдар нұсқама жүргізу журналына енгізіле отырып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқамадан өтуі және ЖҚҚ қамтамасыз етілуі тиіс.

Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.

10. Ұйымдарда газқағарларды, оқшаулау респираторларын және өзіқұтқарғыштарды қосқандағы ЖҚҚ пайдалану уақытын есептеуді ұйымдастыру қажет, одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ЖҚҚ қолданудан алып тастай отырып, оларға мерзімді тексеру жүргізілуі тиіс.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

11. Құрамында табиғи радиоактивтілігі жоғары компоненттері бар кендерді қайта өңдеу және байыту кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін ЖҚҚ қолданылады.

Кен - жер қабығындағы бір минералдан немесе минералдар агрегатынан тұратын, пайдалы қазындылардың ерекше жекеленген табиғи жиынтығы. Ерекше бір территорияда орналасқан және жалпы геологиялық құрылысы жағынан байланысты кендер тобы бассейн немесе аудан деп аталады (мыс.: Қарағанды көмір бассейні, Атасу темір кені ауданы, тағы басқалар)

12. Қауіпсіздіктің жоғары талаптары қойылған жұмыстарды жүргізуге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғарғы қауіптіліктегі жұмыстарды орындауға жазбаша жүктелім-рұқсатнамалар беріледі.

Рұқсат беру наряды мен бөгде ұйымның персоналы жұмыстарды орындау үшін объекті аумағында рұқсатнама ресімделеді. Онда қауіпті факторлар көрсетіледі, рұқсат алған ұйым жұмыстарды орындайтын және оларды қауіпсіз өндіретін учаскенің немесе объектінің шекаралары белгіленеді.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

13. Кез келген жұмыскер жұмыс басталмас бұрын өз жұмыс орнының қауіпсіз күйде екеніне көз жеткізуі, жұмысқа қажет қорғағыш құрылғылардың, қорғау құралдарының, аспаптардың, тетіктердің және жұмысқа талап етілетін құрылғылардың бар болуын және жарамдылығын тексеруі тиіс.

Тетік (ор. деталь) - құрастыру операцияларын қолданбай жасалған бұйымның бөлшегі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын айқындаған кезде жұмыскер жұмысқа кіріспес бұрын ол туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды.

14. Осы Қағидалардың бұзылуы орын алған кезде жұмысты өндіруге жол бермейтін ауысымның техникалық басшысы кез келген жұмыс орнын ауысым ішінде қарайды.

15. Адамдарға, өндірістік объектілерге төніп тұрған қауіпті байқаған кез келген жұмыскер бұл туралы ауысымның техникалық басшысына хабарлайды, сондай-ақ қауіп төніп тұрған адамдарды ескертуі тиіс.

16. Жабдықтың жұмыс істеп тұрған орындарын және оларға барар жолдарды адамдардың, машиналар мен тетіктердің қозғалуын қиындататын заттармен үйіп тастауға жол берілмейді.

Өрт сөндіру құралдарына баратын жолдарды үйіп тастауға рұқсат етілмейді.

17. Ұйым басшысының жазбаша рұқсатынсыз (авариялық жағдайларды қоспағанда) тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (электр қосалқы станцияларын, сутөкпелерді, калориферлі қондырғыларды, қазандықтарды) тоқтатуға жол берілмейді.

18. Дірілді өндіретін жабдық үшін (уатқыштар, диірмендер, електер және т.б.) дірілді рұқсат етілетін нормаларға дейін төмендетуді қамтамасыз ететін құрылыс, технологиялық және санитарлық-техникалық іс-шаралар кешені пайдалануы тиіс.

19. Тікелей цехтарда, жұмыс істеп тұрған тетіктердің қауіпті аймағында, көлік жолдарында, жабдықтарда демалуға жол берілмейді.

20. Барлық қызмет көрсететін алаңшаларды, өтпелі көпірлер мен баспалдақтарды берік, орнықты етіп орындау және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы және көлденең шабағы бар биіктігі кемінде 1 м таянышпен жабдықтау қажет.

Биіктік географияда - жер бедеріндегі жеке элементтердің тік бағытта орналасу шамасы (қара Абсолют биіктік, Салыстырмалы биіктік); астрономияда (h) - аспан шырағының горизонталь координаттар жүйесіндегі (қара Аспан координаттары) координатының бірі.

21. Жұмыс алаңшалары мен тетіктерге арналған баспалдақтардың мынадай көлбеу бұрышы бар болуы тиіс:

1) тұрақты пайдаланатындар –450 астам емес;

2) ауысымына 1-2 рет келетіндер –600 астам емес;

3) сужиғыларда, құдықтарда –900 дейін.

Баспалдақтардың ені кемінде 0,6 м, сатылардың биіктігі 0,3 м астам емес, сатылардың ені кемінде 0,25 м болып орнатылады. Сужиғылар мен құдықтарда қапсырмаларды пайдалануға жол беріледі.

22. Үй-жайларда және ұйым аумағында орналасқан барлық құрастыру ойықтары, жертөлелер, сужиғылар, құдықтар, орлар және 0,14 м биіктікке таяныштардың төменгі жағы бойынша тұтас қаптамасы бар биіктігі 1 м таяныштармен қоршалған немесе барлық үстіңгі қабаты бойынша төсеніштермен (торлармен) жабылды, ал қажетті орындарда ені кемінде 1 м өтпелі көпірлермен жабдықталуы тиіс.

23. Құбырлар, науашалар, коммуникациялар жұмыс алаңшаларына кедергі келтірмейтіндей, ал олар өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса еден деңгейінен кемінде 2,0 м биіктікте орналасады.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Реагентөткізгіштер өтетін жер мен жұмыс алаңшаларын қиып өтетін болса, соңғыларында табандық болуы тиіс: өтетін жер деңгейінен (жұмыс алаңшасы) табандықтың шығып тұрған бөлігіне дейін ең төменгі биіктік – кемінде 1,8 м.

24. Қашықтықтан басқарылмайтын бекітпе арматурасына қызмет көрсету және еден деңгейінен 1,5 м биіктікте орналасқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану үшін ені кемінде 0,8 м стационарлық алаңшалар орнатылады.

25. Машиналар мен аппараттар және қабырғалардан жабдық габариттеріне дейінгі ең төменгі қашықтық мынадай болуы тиіс:

1) негізгі өтетін жерлерде – кемінде 1,5 м;

2) машиналар арасындағы жұмыс өту жерлерінде – кемінде 1 м;

3) қабырға мен машиналар арасындағы жұмыс өту жолдарында - кемінде 0,7 м;

4) машиналар арасындағы және қабырға (құрылыс құрылымдары) мен машина арасындағы қалыпты жұмыс өту жолдарын сақтағандағы жергілікті тарылу – кемінде 0,7 м;

5) қызмет көрсету және жөндеу үшін арналған бактарға, шандарға және резервуарларға арналған өту жолдарында – кемінде 0,6 м.

26. Жабдықты жөндеу уакытында ірі ауысымдық тораптар мен бөлшектерді тасымалдау үшін арналған өту жолдарының ең төменгі ені әрбір жаққа 0,6 м қоса отырып тораптар мен бөлшектердің ең жоғары көлденең мөлшерімен анықталады.

27. Персоналды барлық қауіпті өндірістік факторлардан қорғау қамтамасыз етілуі тиіс.


  1   2   3   4   5   6

  • 1-параграф. Өнекәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары

  • жүктеу 0.81 Mb.