Главная страница
Контакты

    Басты бет


Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы

жүктеу 60.02 Kb.



жүктеу 60.02 Kb.
Дата22.04.2017
өлшемі60.02 Kb.

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы



Атырау облысы

Жылыой ауданы

Құлсары қаласы

1 жалпы орта білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімі



Кулекенова Шаттық Жексенғалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер, кестелік процессордың терезе интерфейсі. Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Excel кестелік процессоры туралы түсінік беру, деректерді енгізу және редакциялау туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа баулу.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.


Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау.

Сабақтың әдісі: Джигсо әдісі, топтық, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: ДК, MS Excel, интерактивті тақта, Activ Studio

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

/Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру. Оқушыларды фигура беру арқылы топтастырып, бағалау парағын таратып, зейіндерін сабаққа аударту/



ІІ. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» /Үй тапсырмасын пысықтау/

Топ басшысы бағалау парағын қадағалап отырады.



  • MS Word туралы жалпы түсінік?

  • Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?

  • Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?

  • Құжат беттерін рәсімдеу дегеніміз не?

  • Кесте дегеніміз не? Мәтіндік процессорда кесте қалай құрылады?

ІІІ. «Білгенге маржан... » /Жаңа ақпарат/

Фигуралар арқылы оқушылар топқа бөлініп, постерді қорғайды.

MS Excel –сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін программа. Іске қосу үшін: Пуск—Все программы-- Microsoft Office- MS Excel командасын орындау керек. MS Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағы 256 баған, 65536 жолдан тұратын кесте. Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі.

Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі. Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

Жұмыс кітабын ашу үшін: Файл—Ашу (Открыть).

Жұмыс кітабын сақтау үшін: Файл—Қалай сақтау (Сохранить как). Құжатты сақтау терезесі шығады.

Жұмысты аяқтау үшін Файл/ Закрыть командасы арқылы тек қана жұмыс парағын, ал Файл/ Выход командасы арқылы Excel-ді жабуға болады.


Деректерді EXCEL-ге енгізу.



Мәтін енгізу

Саннан басқа кез-келген символдар мәтін ретінде қарастырылады.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Белгіленген диапазондағы ұяшықтар арасымен табуляция пернесі арқылы ауысуға болады

Мәтінді түзету

Мәтін енгізіліген ұяшықты белгіле.

Формула қатары арқылы мәтінді өзгерт.

Формула қатарында енгізу батырмасьш басып,

Болдырмау батырмасын өзгертпеу үшін басу керек.

Деректерді енгізу. Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі. Енгізуді аяқтау үшін Enter-ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгендерді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Деректерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:


  • Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.

  • Ұяшыққа апарып, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және F2 пернесін басу. Бұл жағдайда редакциялау тек қана ұяшықта болады.

Ұяшықта редакциялауды аяқтағасын, Enter пернесін басу керек.

ІҮ. «Талдау – табыс кілті» /Оқушылардың өз бетімен жаттығу жұмысы/

Оқулық 100-бет 8.2-тапсырма.



Ү. «Қызықты сабақ – қиялға қанат»

/Сабақты бекіту кезеңі. Семантикалық карта/



MS Excel

ұяшық



Файл-сақтау



Файл-ашу

65536



256

Бағандар саны

























Жолдар саны

























Баған мен жолдың қиылысуы

























Жұмыс кітабын ашу

























Жұмыс кітабын сақтау

























Пішімдеу панелі

























MS Excel

белгісі

























Формулалар жолы

























Сонымен балалар , біз

Нені білеміз?: MS MS Word мәтіндік процессорының қызметтерін, атап айтқанда құжатпен жұмыс жүргізуді, кесте құруды, кестеге мәліметтер жазуды, бағаналар, шегіністермен жұмыс істеуді.
Бағана- тұрақты баспананың төбеге жабылған ағашын берік ұстап тұратын ұстын, тіреу (ағаш) діңгек. Қазақ түсінігінде үй тіреусіз, бақансыз болмауы керек. Яғни бағана ғұрыптық функция да аткарады. «Тіреусіз үй - көр» деген тұрақты сөз тіркесі осыған байланысты қалыптасса керек.


Нені білдік?: MS Excel кестелік процессоры туралы жалпы түсінік, яғни жұмыс кітабын, берілгендерді ұяшыққа енгізуді, редакциялауды білдік.

Не білгіміз келеді?: Кестелік процессорда формулалармен жұмыс жүргізуді, диаграммалар құруды.

ҮІ. Бағалау.

/Сабақ соңында бағалау өлшемдері белгіленген кестеге сәйкес оқушыларды топ басшылары бағалайды. Сабақ барысында формативті бағалап отырамын/



ҮІІ. Үйге тапсырма.

Тақырыпты мазмұндау. MS Excel-де шығармашылық жұмыс орындау.



Тақырыбы: «Менің сыныбым»

  • Сабақтың мақсаты: Білімділік
  • Оқушылардың
  • Сабақтың түрі
  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
  • ІІ. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
  • ІІІ. «Білгенге маржан... »
  • Кесте - ақпараттың
  • Файл/ Закрыть
  • EXCEL
  • Деректерді редакциялау.
  • ІҮ. «Талдау – табыс кілті» /
  • Баған мен жолдың қиылысуы
  • MS Excel белгісі
  • Сонымен балалар , біз Нені білеміз
  • Нені білдік

  • жүктеу 60.02 Kb.