Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия №3 хаттама

жүктеу 70.83 Kb.



жүктеу 70.83 Kb.
Дата16.03.2017
өлшемі70.83 Kb.

Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия №3 хаттама




Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия
3 хаттама

19 мамыр 2015 жыл Қарағанды қ.



Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін салалық коэффициенттерді көтеруді қолдану бойынша әлеуметтік серіктестіктердің біріккен жұмысы туралы

шешім

(2015-2017 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 3.2. тармағы)
Облыстық Келісімнің 3.2. тармақтарына сәйкес жақтар салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарға ауыр жұмыстарға, зиянды (аса ауыр зиянды), қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етуші жұмыскерлер үшін салалық коэффициенттерді кіргізуді қамтамасыз етуге міндеттеледі.

Ауыр жұмыстарға қамтылған, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етуші жұмыскерлер үшін еңбек заңнамалары тарапынан еңбекке төлеудің минималды стандарты (ЕТМС) белгіленеді. Бұл, сәйкесінше қаржылық жылында және салалық коэффициенттерді көтеру бойынша ҚР белгіленген минималды жалақыны есептеу арқылы анықталады.

ҚР Үкіметінің 09.06.08 жылғы № 548 Қаулысымен ауыр жұмыстарға қамтылған, зиянды, қауіпті еңбек жағдайларында еңбек етуші жұмыскерлер үшін ЕТМС есептеу үшін салалық коэффициенттерді бекіту, өзгертулер мен толықтыруларды есепке алып келесі салалар бойынша белгілейді:


  • тау-кен саласында - 1,8

  • машина жасау саласында - 1,1- 1,3

  • көмір өнеркәсібі саласында- 1,7 - 4

  • химия өнеркәсібі саласында - 1,5

  • мұнай-газ саласында - 1,8

  • құрылыс саласында - 1,5

  • электр энергетикасы саласында- 2,0

  • темір жол саласында - от 1,5 до 1,25.

Коэффициентті көтеру 2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қосымша келісімінсіз (№ 212-V 27.06.14ж. ҚРЗ) салалық келісіммен айқындалады.

Салалық келісім ұжымдық келісімді жасауда, аталмыш келісім аясында кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақыларының мөлшері мен нақты шарттарды айқындаушы базалық негіз болып табылады.

Сөйтіп, ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі, ҚР көмір өндіруші жұмыскерлерінің кәсіподағы жән ұйымдардың жұмыс берушілері, оларға қызмет көрсетушілер арасында 2014-2017 жылдарға арналған 1,7 бастап 4 дейінгі салалық коэффициенттер белгіленді.

«Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС сияқты ірі компаниялардың ұжымдық шарттарында ауыр, зиянды және қауіпті өндірістке қамтылған жұмыскерлердің еңбегіне төлеу және еңбектерін реттеу бойынша барлық нормалары қарастырылған және сақталған.

Осыған байланысты «Арселор Миттал Теміртау» АҚ құрамында еңбек жағдайлары, өндіріс сипаты және шығарылып жатқан өнімдер бойынша айырмашылықтары бар бөлімшелер жұмыс жасайды. Ауыр, зиянды және қауіпті жұмысқа қамтылған жұмыскерлер үшін әр түрлі тарифтік сеткалар әзірленіп, бекітілді (жұмыскерлер үшін 26 тарифтік сеткалар түрі, қызметкерлер үшін лауазымдық жалақылардың 23 кестелік сызбасы).

Сонымен бірге, салалық көтеру коэффициентерін түрлі салаларға қолдану мен айқындау жолдары белгіленген.

Облыстың Кәсіподақ орталығы айтып көрсеткеніндей, салалық көтеру коэффициенттері ҚР Үкіметінің № 548 Қаулысымен енгізілуіне қарамастан 2008 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап кейбір салаларда өз уақытынан кеш енгізілді. Электрэнергетикалық кешенде 2010 жылдан бастап енгізілсе, сәйкесінше «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС ұжымдық шартында 2011 жылдан бастап енгізу қарастырылған.

Құрылыс және ТКШ қызметкерлерінің аумақтық салалық кәсіподақ филиалы 2012 жылы аймақтық даму жөніндегі ғылыми-зерттеу Институтына ЕТМС есептеулер жасау жөнінде өтініші түсірді. Есептеулер нәтижесі бойынша құрылыс саласы үшін көтеру коэффициент 4,7 болуы шарт екенін анықтады.

Құрылысшылар институт қорытындысын алып 2015-2017 жылдардың салалық Келісіміне 3,55 көлеміндегі көтеруші коэффициентті енгізді. Қазіргі күнде аталмыш Келісімге жақтар тарапынан қол қойылған. Салалық Келісімге кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы қол қоймай отыр, олар өздерінің бас тартуын келісімдегі әлеуметтік жеңілдіктерге қатысты тармақтарға келіспейтіндіктерімен түсіндіреді.

Осыған ұқсас есептеу жұмыстары аймақтық даму жөніндегі ғылыми-зерттеу Институты тарапынан басқа да салаларда өткізіліп, аталмыш есептеулер қолданыстағы көтеруші коэффициенттердің әлі де болса жоғары болуы керек екенін көрсетті.

Кәсіподақтар атап өткендей, ЕТМС есептеудің бірыңғай әдістемесін әзірлеп шығудың аса қажеттілігі туындап отыр. Осы мәселе кәсіподақтар тарапынан әр түрлі деңгейде көтеріліп жүр.

Осылайша, денсаулық сақтау қызметкерлерінің 2015-2017 жылдарға арналған салалық Келісімін әзірлеу және қол қою кезеңінде 2 тараудың 12 тармағының шарттары бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныстарды енгізу, соның ішінде, еңбекке ақы төлеудің минималды стандарты мен салалық ауыр, аса ауыр, зиянды және қауіпті еңбекке қамтылған жұмыскерлер үшін көтеру коэффициенттерін есептеу, анықтаудың әдістемесін қабылдау туралы жақтар өзара келісімге келді.

Тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы, тау-кен және тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар Республикалық ассоциациясы және ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі арасындағы (3.2 тармағы) салалық келісімінде 2014 жылдың қазан айынан бастап тау-кен-металлургиялық салада еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ, салалық көтеруші коэффициенттерді есептеу әдістемесі туралы ереженің принциптер негіздері туралы ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.

Облыстың еркін кәсіподақтар Конфедерациясының мәліметтері бойынша экономика және көлік ғылым-зерттеу Институты ДСӘҚМ тапсырысы бойынша ЕТМС анықтаудың Әдістемелік жобасын әзірледі, бірақ та, өкінішке орай, жұмыс тың алға қарай ілгерілеушілігі сезілмей отыр.

Облыстың еркін кәсіподақтар Конфедерациясы атап көрсеткендей, тау-кен-металлургиялық өнеркәсібнің көмір саласынан айырмашылығы 1,8 көлеміндегі көтеру коэффициентері бірнеше жыл бойы әлі де өзгерген жоқ. Кәсіподақтың пікірі бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС жалақының жоғары деңгейі көрсеткендей, сала бойынша өз кәсіпорындарының көкейтесті коэффициентерін нормативтік қамтамасыз етпеуі шарт.

Облыс кәсіподақтары айтып өткендей, кәсіподақ ұйымдары бар барлық кәсіпорындарда және зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын өндірістері бар кәсіпорындарда жұмыс орындарының аттестаттауы өткізілді, салалық Келісімдер мен ұжымдық шарттар тарапынан осыған сәйкесінше салалық көтеру коэффициенттері енгізілуде.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары ҚР Еңбек Кодексінің 320-1 бабының, 5 тармағына сәйкес өндірістік нысандарды аттестаттауды уақтылы және сапалы жүзеге асыруға бақылау жасайды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу және ауыр, аса ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмысқа қамтылған барлық жұмыскерлерге көтеру коэффициенттерін енгізілу жағдайлары тексеріледі.

2014 жылы «АМТ» АҚ КД шахталарын мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан жоспарлы тексеруден өткізу кезеңінде берілген нұсқауда жердің үстіңгі қабатында еңбек етіп жатқан жұмыскерлердің жұмыс орындарын аттестаттауды өткізу қажеттілігі көрсетілген. Бірақ та, облыс кәсіпорындарында ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайында еңбек ететін жұмыскерлер үшін көтеруші коэффициенттерді қолдану бойынша жалпы жағдайда өзгерістер жоқ.

Кәсіпкерлер ассоциациясы -Кәсіпкерлердің аймақтық палатасы және кәсіпкерлер ассоциациясының берген мәліметтеріне қарағанда ауыр, зиянды және қауіпті өндірістері бар орта және кіші бизнес ұйымдарында салалық көтеру коэффициенттерін белгілеу туралы мәліметтерге ие емес, сонымен бірге мұндай ұйымдардың тізімі де жоқ.

Жақтар тарапынан аутсорсинг бойынша кәсіпорындарда ауыр, зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы еңбек етушілерге міндетті түрде көтеруші коэффициенттерді қолдануға асықпайтыны айтылды.

Қарағанды облысының әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның мүшелері шешім қабылдады:



  1. Аймақтық салалық кәсіподақ бірлестіктерінің салалық келісімдер мен ұжымдық шарттарына ауыр (аса ауыр), зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстарға қамтылған жұмыскерлер үшін көтеру коэффициенттерін енгізу бойынша атқарып жатқан үнемі және жалғасып келе жатқан жұмыстары атап өтілсін.

  2. ҚР ДСӘҚМ-не облыстық үшжақты комиссия атынан ЕТМС есептеудің бірыңғай әдістемесін және кіші және орта бизнестің кәсіпорындарында өндірістік нысандарды аттестаттау көрсеткіштерін есепке алған жағдайда ЕТМС қолдану жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік деңгейде жасауды әзірлеу және бекіту жұмыстарын жеделдету қажеттілігі турасында қолдаухат арқылы шықсын.

  3. Кәсіпкерлер Палатасына (Петренко Е.С.), кәсіпкерлер ассоциациясының өкілдеріне (Абильдин Е.Т., Алдангаров Ж.Т., Санаубаев С.М.) зиянды және қауіпті өндірістері бар орта және кіші бизнес ұйымдарында көтеру коэффициенттерін қолдану бойынша қолданыстағы еңбек заңнамалары талаптарына сәйкес еңбек шарттары бойынша өндіріс нысандарын міндетті түрде аттестаттауды өткізу жүйесін қарастыру жағдайы зерделенсін.

  4. Жақтардың өкілдері тарапынан (Куанышбекова Л.А., Белкин С.Л., Бейсембаева С.Б., Петренко Е.С., Абильдин Е.Т., Алдангаров Ж.Т., Санаубаев С.М.) облыстық үшжақты комиссия қарамағындағы жұмысшы тобы құрылсын және ЕТМС анықтау, салалық көтеру коэффициенттерін қолдану жөніндегі әлеуметтік әріптестердің аймақтық ұсыныстарын дайындасын.

  5. Аталмыш шешімнің орындалуы барысы туралы ақпаратты 2015 жылдың бірінші және екінші жартыжылдықтары қорытындылары бойынша 2015 жылдың 20 шілдесі мен 2016 жылдың 20 қаңтары мерзімдеріне дейін Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсынылсын.

  6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жұмыс тобына және комиссия үйлестірушісіне (Альбазарова М.К.) жүктелсін.



Жақтар:

Үшжақты комиссия Облыстың кәсіподақ Облыстың төрағасы орталығының төрайымы жұмыс берушілер кеңесі



Ж. Әбішев Л. Куанышбекова Д. Павлов
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Облыстың еркін кәсіподақтар палатасы конфедерациясы

Е. Петренко С. Белкин

Кәсіпкерлердің Еуразиялық Қазақстан кәсіпкерлер Облыс кәсіпкерлерінің қауымдастығы қаумдастығы және сервис қызметтері Ассоциациясы



Ж. Алдангаров Е. Абильдин С. Санаубаев






  • Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін салалық коэффициенттерді көтеруді қолдану бойынша әлеуметтік серіктестіктердің біріккен жұмысы туралы шешім
  • (2015-2017 жылдарға арналған облыстық Келісімнің 3.2. тармағы)
  • Жақтар
  • Ж. Алдангаров Е. Абильдин С. Санаубаев

  • жүктеу 70.83 Kb.