Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қарағанды облысы қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысы әкімі аппаратының «ҚОҒамдық келісім» кмм

жүктеу 59.86 Kb.



жүктеу 59.86 Kb.
Дата14.03.2019
өлшемі59.86 Kb.

Қарағанды облысы қазақстан халқы ассамблеясы қарағанды облысы әкімі аппаратының «ҚОҒамдық келісім» кмм



ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!
Сізді «Этномәдени бірлестіктер жас көшбасшыларының тұлғалық қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Конференция Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім моделін насихаттау, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларын ілгерілету мақсатында өткізіледі.



Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Өтетін күні: 2019 жылы 21 ақпан.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Достық үйі (Шахтерлер даңғылы, 64).

Жұмыс тілі: қазақ, орыс және ағылшын. Ілеспе аударма қарастырылмаған.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі;

- Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры;

- Рухани жаңғыру – жастарды болашаққа бастар жол;

- Жаһандану әлеміндегі Қазақстан: әлеуметтік-демографиялық мәселелер;

- Ғасырлар дәстүрлерін сақтау: қазақтардың мәдени коды және толеранттылық;

- Ұлы даланың ұлы есімдері.

Пікірталасқа қатысуға ЖОО оқытушылары, докторанттары, магистранттары және студенттері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың және мекемелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері шақырылады.



Конференцияға қатысу түрі: бетпе-бет және сырттай, пленарлық мәжілістердегі және панельді сессиялардағы баяндамалар. Басқа қалалардан келетін және шетелдік қатысушылардың іссапарлық шығындары (жолақысы (ұшып келуі, қайтуы), жатын орны, тамақтануы және тәуліктік шығыны) жіберетін тарап есебінен төленеді. Ұйымдастырушылар үлестірме материалдар ұсынады.

Конференция қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталады, конференция материалдарының жинағы басып шығарылады. Конференция мақалаларының жинағына ISBN, ӘОК және КБК кодтары беріледі. Мақалаларды жариялау тегін. Мақаланың бірлескен авторларына бір жинақ беріледі.


Егер Сіздің қатысқыңыз келген жағдайда, Сізден қатысушыны тіркеу үлгісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтыруды сұраймыз. Тіркеу үлгісін (1 Қосымша) және Сіздің баяндамаңызды міндетті түрде «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ» белгісімен kelisimank@gmail.com электронды мекенжайға 2019 жылғы 4 ақпанға дейін жіберуді сұраймыз. Қосымша ақпаратты 8 (7212) 900309, 900329 телефондары бойынша алуға болады.
Баяндаманы (мақалаларды) рәсімдеуге талаптар.

Баяндамада автордың жеке позициясы көрсетіліп, ғылыми деректерге, өз зерттеулеріне негізделуі тиіс, конференция бағыттарының контексінде дәлелденген фактілер болуы қажет. Сөз сөйлеу уақыт тәртібі - 5 минут.

Көлемі: компьютерлік терім 5 беттен аспауы қажет;

Формат – А4;

Жиектері: жоғарғы және төменгі - 2 см, сол жағынан - 2 см, оң жағынан - 2 см.

Шрифт - TimesNewRoman, TimesNewRomanKZилиKZTimes New Roman. Шрифт көлемі - 12 кегль.

Жол аралығы - дара. Азат жол басындағы бос жер – 1, 25 см. Жоғарыда – баяндаманың, мақаланың атауы, (ортада, қалың қаріппен), төменде, сызықтан кейін 1 аралық – автордың аты-жөні, тегі, ғылыми атағы, ұйымның, қаланың атауы, электронды пошта атауы (Авторлар саны 3 адамнан аспауы қажет). Төменде, сызық арқылы 2 аралық – баяндама мәтіні азат жолдан.

Мәтіндегі сілтемені нөмірлеу тік жақшамен (үлгі: [1, с. 646]) рәсімделеді. Әдебиеттер тізімі баяндама мәтінінен кейін рәсімделеді. Электронды сілтемелерді қолдануға болмайды. Мақалаларды плагиатқа қарсы тексеру қажет.

Мақалаларды рәсімдеу үлгісі:





ҚАЗАҚ ЕЛІ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ МЕКЕНІ

(1 бос жер)

Н.А. Бейсенбекова, т.ғ.к., доцент

«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ.

e-mail: nurapai@mail.ru

(2 бос жер)

Мақала мәтіні



(1 бос жер)

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Омарханов Қ. Қазақ елінің дәстүрлі құқығы. - Астана: «Елорда» баспасы, 2003. - 276 бет.

2. Ахметова Н.С. Көшпелі қазақ қоғамының құқығы. – Қарағанды: «Арко» ЖШС, 2007.-187 бет.



3. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейін. Бес томдық. 2 том. - Алматы: «Атамұра», 1998. - 633 бет.


Сізді қызығушылық танытып, қатысқаныңыз үшін, әрі Сіздің әріптестеріңіздің ынтымақтастық танытқаны және хабардар болғаны үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
Құрметпен, ұйымдастырушылар комитеті.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қарағанды қ.

Шахтёрлер даңғ., 64, Достық Үйі, № 210 кабинет.

Электронды пошта: kelisimank@gmail.com

Байланыс телефондары: 8 (7212) 900309, 900329

Қосымша 1
«Этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғалық қалыптасуы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция
Тіркелу нысаны


Аты-жөні (толық)




Қала, мемлекет




Жұмыс орны




Лауазымы, ғылыми дәрежесі, атағы (егер болса)




Электрондық пошта




Байланыс телефоны




Баяндама (мақала) тақырыбы




Пікірталастық панель




Қатысу формасы (бетпе-бет, сырттай)




Техникалық құрылғылар қажеттілігі (презентация)





Регистрационная форма


Ф.И.О. (полностью)




Город, страна




Место работы




Должность, ученая степень, звание (при наличии)




Электронная почта




Контактный телефон




Тема доклада (статьи)




Дискуссионная панель




Форма участия (очная, заочная)




Необходимость технической поддержки (презентация)





Registration form


Full name




City, country




Place of work




Position, Scientific degree, rank




e-mail




Contact details




Topic of report




Panel discussion




Form of participation (in person, in absentia)




The need for technical support (presentation)





*- қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтыру міндетті

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАТ! Сізді «Этномәдени бірлестіктер жас көшбасшыларының тұлғалық қалыптасуы»
  • Ұйымдастырушылар
  • Өтетін орны
  • Конференцияға қатысу түрі
  • Мақаланың бірлескен авторларына бір жинақ беріледі
  • 2019 жылғы 4 ақпанға дейін
  • Көлемі
  • Шрифт
  • Мәтіндегі сілтемені нөмірлеу
  • Мақалаларды плагиатқа қарсы тексеру қажет.
  • (2 бос жер)
  • Сізді қызығушылық танытып, қатысқаныңыз үшін, әрі Сіздің әріптестеріңіздің ынтымақтастық танытқаны және хабардар болғаны үшін алдын ала алғыс білдіреміз!
  • Құрметпен, ұйымдастырушылар комитеті.
  • «Этномәдени бірлестіктердің жас көшбасшыларының тұлғалық қалыптасуы» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция Тіркелу нысаны

  • жүктеу 59.86 Kb.