Главная страница
Контакты

    Басты бет


Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-

жүктеу 0.98 Mb.



жүктеу 0.98 Mb.
бет7/7
Дата14.03.2017
өлшемі0.98 Mb.

Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-


1   2   3   4   5   6   7

Радиациялық авария- радиоактивті өнімдердің тасталуының немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын тиімді пайдалануға арналған жобада қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организмінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бұзады, бұл организмдегі биологиялық процесстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бұзады. Бұл өз кезегінде мидың, асқазанның, қалқанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жұмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.

Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos -қалқан) - шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі.

Адам сәуле ауруына ұшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәулеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістер өтеді.

Адамға сәуле алудың қауіпі

Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді.
I дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл) - 100 - 200 рад сәлелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-5 апта, бұдан кейін әлсіздік, бастың ауруы, температураның көтерілуі, лоқсу, пайда болады. Ауруды емдеуге болады.
II дәрежелі сәуле ауруы (орташа) - 200 - 400 рад сәулелену дозасы кезінде. Жасырын мерзімі 3-4 апта. Ауру белгілері анық білінеді. Өте жақсы емделген жағдайда екі—үш ай ішінде сауығады.
III дәрежелі сәуле ауруы (ауыр) - 400 - 600 рад сәлелену дозасы кезінде. Алғашқы белгісі анық білінеді әқ-сы 30 минуттан кейін қайта-қайта қүстыртып, дененің температурасы 33 градусқа жетеді. Ауру жедел және ауыр өтеді. Алғашқы аптаның өзінде ауыз кілегейі зақымдалып, гиперемия болуы мүмкін (қан белгілі бір орынға немесе үлпа учаскесіне қатты аққанда оның бір жердегі мөлшері артады немесе оның ағуы қиындайды), ауыз бен жүтқыншақ зақымданады, тері қабаттары қызарады. Терінің жәй немесе шөктен тыс қызаруы. Жасырын мерзімі 10-20 апта, бүдан кейін бас қатты ауырып, іш өтеді, есінен айрылады. Сәтті жағдайда бірнеше айдан кейін сауығуы мүмкін.
IV дәрежелі сәуле ауруы (өте ауыр) - 600 - радтан жоғары сәлелену дозасы кезінде 20-30 минуттан кейін алғашқы белгілері біліне бастайды. Дене температурасы 40° градустан асып, тері зақымданады. Дәрет сүйылады. Емдеусіз екі-үш апта бойында өледі. Аурудың барлығы дерлік өліммен аяқталады.

Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі

«Баршаңыздың назарыңызға» ескерту дабылы берілген бойда радионы, теледидарды қосып радиоактивті заттар мен шығуымен болған авария туралы хабарды ести сала екі нұсқадан тұруы мүмкін барлық ескерту шараларын тез, саспай және мұқият орындау қажет.

Бірінші нұсқада көрсетілген уақыт бойында қажет шараларды орындау:



  • Тұрғын үй мен өндірістік ғимараттарды және сумен жабдықтау көздерін қымтау жөніндегі жұмыстарды орындау;

  • Жеке қорғаныс құралдарын сауатты пайдалану;

  • Қоғаныс ғимараттарын пайдалану;

  • Қозғалысты шектеу;

  • Цистамин таблеткасын қабылдау арқылы сәуле ауруынан сақтандыру;

  • Йодтың немесе калий йодының 3-5 % тұнбасын пайдаланып, йодтық сақтандыруды жүргізу; қолдану схемасы 2 жасқа дейінгі балаларды йод тұнбасымен 7 күн бойы күніне 3 рет тамақтан кейін 100 мл суға немесе сүт қоспасына 1-2 тамшысын қосып беру, 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 100 мл суға немесе шайға калий йодының 3-5 тамшысын қосып беру, 2 жасқа дейінгі балаларға 7 күн бойы тәулігіне бір рет тамақтан кейін 40 мг, 2 жастан жоғары балалар мен ересектерге 125 мк мөлшерде суға қосып ішкізу;

  • Суды, азық- түлікті қорғау, оларды шаң өтпейтін ыдысқа сақтау;

  • Тағам өнімдерін жуып- шаю;

  • Мал қораларын қымтау;

  • Радио мен теледидарды қосып қою;

  • Ықтимал көшуге даярлану

Барлық шектеу шаралары хабарланып, түсіндіріледі. Екінші нұсқада көшу шараларына қатысу қажет, яғни шекті нормадан жоғары зақымдалуы мүмкін аймақтан кету. Ғимараттардан шығар алдында көшу үшін мұздатқышты тазалап, барлық электр және газ приборларын ажыратып, қоқыс салғашқа жылдам бұзылатын азық- түлікті, сұйықты, қоқысты апару керек. Тосын қажеттілік жағдайында көшіру үй, кіре-беріс және қорғаныс ғимараттары арқылы жүргізіледі. Қалған жағдайда көшу мына тәртіппен жүргізіледі: бірінші кезеңде еөшірілетін халық қауіпті радиоактивті зақымдалу аймағының шекарасына дейін көлікпен жеткізіледі. Екінші кезеңде дозалық бақылау, дәрігерлік тексерістен кейін, ал қажетті жағдайда кір киім мен аяқ киім ауыстырылып, көшірілетін адамдар орналастырылатын елді мекендерге таза көлікпен жеткізіледі. Барлық ұйымдастыру мен қамсыздандыруды жергілікті органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мен басқармалар, милиция органдары өзіне алады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Ядролық жарылыс ошағында медициналық көмек көрсету.

2. Иондық сәулелерге сипаттама беру.
12. Сабақты қорытындылау 15 минут


  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу


12 дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: ТЖ ошағындағы зақымданушыларға және зардап шеккендерге қолданылатын реанимациялық шаралар.

  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  • Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: терминалды жағдайдың түсінігі, терминалдық жағдайдың топтары, қайтымды және қайтымсыз жағдайдың түсінігі

  • тәрбиелік: организмге келер қауіп қатердің алдын алу

  • дамыту: алғашқы дәрігерлік көмекті және реанимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білу

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

    Терминал (Terminal) - өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде - мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылады.



  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

  3. а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

  4. б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

  5. в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Тоқтаған жүректің, тыныс жүйесінің және басқа ішкі органдардың жұмысын қайта жаңғыртуға бағытталған күрделі медициналық шараларды реанимация деп атайды. Өмір мен өлім арасындағы терминалдық жағдайда организмде күрделі патологиялық өзгерістер жүреді. Ол барлық ағзаларды қамтиды. Жүрек пен тыныс жүйесінің жұмысы тоқтағанда ішкі ағзалар мен тіндер өмір сүруін жалғастыра береді. Сондықтан уақтылы өткізілген реанимациялық шаралар адамның өмірін сақтап қалуы ықтимал. Отегінің жеткіліксіздігіне бірінші болып мидың қыртыстары сезімталдығы көрсетеді. Осыдан аурулар есінен танады. Мидағы гипоксия 3-6 минуттан асса, онда оның жұмысын қалпына келтіру мүлдем мүмкін емес. Мидың қыртыстарынан кейін оның басқа бөліктеріде өле бастайды. Мидың жұмысының бұзылуы жүрек пен қан айналу жүйесінің жұмысының істен шығуына себеп болады. Жүректің өз бетінше жиырылу қасиетінің болуына байланысты ол ұзақ уақыт өзінше істей беруі ықтимал. Бірақ оның жиырылу күші төмен болғандықтан тамырлардағы қысым күрт азайып кетеді. Одан ары жүректің ырғағы бұзылып, жұмысы тоқтайды. Терминалды жағдайдың бастапқы кезеңінде тыныс алу жылдамдап, тереңдей түседі. Ол мидың гипоксиясына байланысты организмнің орнын толтыруға бағытталған жұмысы. Ал агония кезінде тыныс алу ырғағы істен шығып, бірте-бірте тоқтауға бет алады. Зат алмасу ісінде де күрделі өзгерістер жүреді. Қоректік заттардың жануы нашарлап, организмде органикалық қышқылдар және көмір қышқыл газы жиналады. Ол ішкі ортаның қышқылдылығын арттырып, зат алмасу процессін нашарлата түседі. Организмнің жаны кіре бастағанда біріншіден жүректің жұмысы қалпына келеді. Содан кейін өз бетінше тыныс алу басталып, кемінен барып ішкі ортаның қышқыл реакциясы кетеді. Аурудың есі ұзақ уақыт қалпына келмейді. Реанимация шараларының бірінші кезекте атқарылатын жұмыстарына қолдан дем беру және жүрекке массаж жасау істері, осыдан кейін ішкі ағзалардың жұмысын қалпына келтіруге бағытталған өнімді емдеу шаралары жүргізіледі.



Кенеттен тыныс алу тоқтағанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек

Электр тогының әсерінен, суға батқанда, уланғанда және тыныс жолдары бөгде заттармен бітелгенде кенеттен тыныс алудың тоқтауы мүмкін. Қолдан дем беру үшін өкпеге ауа айдайтын арнаулы аспаптарды пайдалану тиімдірек болады.

Аспаптар (саймандар) панелі (Панель инструментов; toolbar) - 1) Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанатбелгілер болады.

Осындай аспаптар жоқ жағдайда қарапайым әдістерді қолданып дем береді. Қолдан дем беру үшін зардап шегуші адамды шалқасынан жатқызып, басын барынша артқа қарай шалқайтады. Осыдан кейін тыныс жолдарымен ауаның еркін жүретіндігіне көз жеткізеді. Иектен басып, ауыз қуысын ашады. Оның ішіндегі сілекейді, құсық қалдықтарын салфеткамен тазартады. Ауыз қуысын қол орамалмен, дәкемен жауып, мұрнын екі саусақпен қысады. Зардап шегуші адамның аузына аузын тығыз жанастырып, пәрменімен ауа үрлеу арқылы дем береді. Әр жолы өкпе толық жазылатындай етіп ауа үрлеу қажет. Оны көкіректің қимылынан анықтауға болады. Өздігінен тыныс алғанға дейін минутына 16-18 рет бір ырғақпен дем беру қажет. Осы әдісті «ауыздан ауызға үрлеу» деп атайды. Астынғы жақ сүйегі зақымданған, тістері сынған және тілі жарақаттанған адамдарға қолдан дем беру үшін мұрны арқылы ауа үрлеп, тыныс алдырады.



Жүректің жұмысының кенеттен тоқтауына байланысты жүргізілетін реанимациялық шаралар

Кенеттен жүректің жұмысы тлоқтағанда тамырдың соғуы, жүректің дүрсілі және көздің жарықты сезуі істен шығады. Жүректің жұмысын қалыпқа келтіру үшін дереу жүрекке сырттай және тікелей уқалау жүргізіледі. Сырттай уқалауды жүргізу үшін зақымданушы қатты жерге, столға, төсекке шалқасынан жатқызады. Жәрдемші оның сол жағына тұрып, екі қолдың алақанын төстің төменгі жағына бірінің үстіне бірін қойып, қалыпты ырғақпен минутына 60-80 рет басып, босатады. Әр басқанда көкірек сарайы 3-4 см. Төмендікке түсуі керек. Жүрек тұсын уқалау қолдан тыныс алғызумен ұштастыра жүргізіледі. Мұндай жағдайда зақымданушыға екі- үш адам көмектесуі керек. Біріншісі жүрек тұсын уқалауды, екіншісі «ауыздан ауызға үрлеу» арқылы дем береді. Ал үшіншісі зақымданушының оң жағында тұрып, басын сүйемелдейді. Сонымен қатар қолдан дем беріп, жүректі сырттай уқалаудың үздіксіз жүруін қамтамасыз ету үшін жәрдем берушілер бірін-бірі алмастырып отырады. Ауа үрлеген кезде көкіректен басуға болмайды. Бұл шараларды алма кезек жасайды. Көкірек сарайын 4-5 рет басып, соңынан бір рет өкпеге ауа үрлейді. Өлім халіндегі адамға реанимация жасаудың ең қарапайым әдісі жүректі сырттай уқалап, қолдан дем беруді үйлестіру. Егде адамдардың сүйектері морт болғандықтан, жүрек тұсын уқалаған кезде, төстің аймағын алақанмен баспай саусақтармен сипалайды.


11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Реанимация туралы түсінік.

2. Жарақат шогына түсінік.
12. Сабақты қорытындылау 15 минут


  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу




1   2   3   4   5   6   7

  • Радиациялық қауіпті обьектілердегі авария кезінде халықтың өзін-өзі ұстау және іс-қимыл жасау тәртібі «
  • 11. Жаңа тақырыпты бекіту 20
  • 13. Үйге тапсырма беру 10
  • Сағат саны
  • Материалды-техникалық жабдықталуы: а) техникалық құралдар
  • 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30
  • Кенеттен тыныс алу тоқтағанда көрсетілетін алғашқы медициналық көмек
  • Жүректің жұмысының кенеттен тоқтауына байланысты жүргізілетін реанимациялық шаралар

  • жүктеу 0.98 Mb.