Главная страница
Контакты

    Басты бет


Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-

жүктеу 0.98 Mb.



жүктеу 0.98 Mb.
бет5/7
Дата14.03.2017
өлшемі0.98 Mb.

Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-


1   2   3   4   5   6   7

Асептика- жараларды микробтармен залаладанудан қорғау. Бұл үшін стерилизация жүргізу керек.

Қан кету түрлері- артериалды, венозды, капиллярлы, паренхиматозды қан кетулерді ажыратады. Артериалды қан кетуде қан зақымдалған артериядан үзілмелі ағады және ашық қызыл түсті болады. Мұндай қан кету қауіпті, себебі қысыммен аққан қан тез ағып кетеді. Венозды қан кетуде қан қара қызыл түсті болады, зақымдалған қантамырдан үзіліссіз ағады. Каппилярлы қан кетуде жарадан губкадан шыққан сияқты тамшылап шығып тұрады. Мұндай қан кетуде әдетте жараға таңу қоюмен тез оңай тоқтайды.

Паренхиматозды қан кету ішкі паренхиматозды ағзалардан қан кету. Егер қан кету ашық жарақаттан сыртқа ағып тұрса сырттай қан кету деп аталады. Қан әлдебір қантамырдан ұлпаға немесе дененің бір қуысына ақса іштен қан кету деп аталады.



Қан кетуді тоқтату. Бұл жарақаттануларда көрсетілетін көмектің ең алғашқы тапсырмасы болады. Майда артериальды, венозды, капиллярлы қан кетуде қан әдетте қантамырда қанның ұйып бітелуімен тоқтайды.

Қан кетуді уақытша және біржолата тоқтатуға болады. Уақытша қан тоқтату қысатын таңу қою, артерияны сүйекке қысу, жгут қою арқылы жүзеге асады.



Жедел қаназдық.

Қан кетудің адам өміріне қауіптілігі оның мөлшеріне, қан кету жылдамдығына, адамның жасына және жынысына байланысты болады. Үлкен адам үшін 150-200 мл қан жоғалту айтарлықтай қауіпті болмайды, 1,5-2 л қан жоғалту қауіпті болады. Белгілері- ентігу, бас айналу, шөлдеу, көздің қарауытуы, құлақтағы шу, жүрек айну, құсу, тері бозғылттығы, әсіресе ерін мен аяқтар, мұздай тер, жиі кейде әлсіз әрең анықталатын пульс, аяқ-қолдың мұздауы, кейде естен тану жағдайы. Көп мөлшерде қан кетсе науқас есін жоғалтып өледі.


11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

  1. Әр түрлі қан кетудің белгілерін атаңыз?

  2. Мүшелердің түріне байланысты әртүрлі қан кетудегі клиникалық симптомдары қандай?

  3. Алговердің естен тану индексі дегеніміз не?

  4. Естен тану дегеніміз не?

  5. Естен танудың түрін және фазалары қандай?

  6. Хирургиялық көмекті ұйымдастыру, хирургиялық медбикенің атқаратын міндеттері.

  7. Хирургиялық жұмыстың түрлері, хирургиялық инфекцияның алдын-алу.

  8. ТЖ ошағында хирургиялық профильдің әсеріне дәрігерлік көмек көрсету.


12. Сабақты қорытындылау 15 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

1.Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу


9 дәріс

  1. Дәрістің тақырыбы: ТЖ ошағындағы суға кету және термиялық әсерде дәрігерлік көмек көрсету.

  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: адам ағзасына жоғары және төмен температураның әсері туралы.

  • тәрбиелік: әртүрлі термиялық әсердегі клиникалық симтомдарды білу

  • дамыту: суға кету және күюдің алдын-алу шараларын жүргізудегі үгіт-насихатты дамыту

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Суға бату- бұл тыныс алу жолдарының суға толуы, оның нәтижесінде тыныс алу бұзылып, адам тұншығады. Зардап шегушінің терісінің бет жағы ағарады, дене сипағанда суық, бет бейнесі көгереді, тыныс алуы тоқтайды, тамырдың соғысы зорға сезіледі немесе білінбейді, мұрын мен ауыздың тесігінде ұсақ бүршікті көбік пайда болады.

Тынысалуға арналған қорытынды. Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс.

Ең алдымен бір сәтке ойланған жақсы. Төңіректе құтқару құралы жоқ па? Ол адамның жүзгіштігін арттыратын кез-келген зат болуы мүмкін. Төңіректе қайық жоқ па екен? Көмекке тағы басқа нені алуға болады? Суға батушыны, оны міндетті түрде құтқарылатындығы туралы айқайлап айтып дем беріңіз.

Егер сіз батқан адамға жүзіп баосаңыз, судың ағысын, желдің бағытын, жағаға дейінгі қашықтықты барынша ескеруіңіз керек. Оған жақындағанда тыныштандыруға және сөзбен демеуге тырысыңыз. Егер бұлай ете алсаңыз суға батқан адам сабасына түсіп, құтқарушының арқасынан ұстауы тиіс. Басқашадай болса, қатаң іс-әрекетке дейін барыңыз.

Сіздің іс-әрекетіңіз: суға батушының жанына жүзіп барып, оның астынан сүңгіп өтіп, арт жағынан ұстап жағаға апарыңыз. Егер батқан адам сізді қолыңыздан, мойныңыздан немесе аяғыңыздан ұстап алса, дереу босаңыз, немесе қайта сүңгіңіз- өзін-өзі сақтау инстингі оны ұстаған жерді босатуға мәжбүр етеді.

Егер суға батқан адам есінен айрылса, оны бір қолынан ұстап, беті суға батпас үшін иегінен көтере отыра жағалауға апарыңыз.

Суға батқан адамның ішіндегі суын жедел шығарып, оның есін кіргізуге әрекеттену керек:

Ауыздың, мұрынның қуыстарын саусақпен құмнан немесе балшықтан тазарту;

Балшық - көбінесе сазды минералдардан тұратын және кышқылға төзімді материалдар, қыш, т.б өндіруде қолданылатын шәгінді тау жыныстары. Ақ балшық және пластикалық балшық болып бөлінеді.

Тілді сыртқа шығарып, оны осы жағдайда біраз уақыт ішке жібермей ұстай тұру қажет, өйткені ол тыныс алу жолын жабуы мүмкін;

Тар киімді шешіп, зардап шегушінің аяғын бүгіп, басы кеуде клеткасынан төмендеу болатындай етіп, етпетінен жатқызып, су тыныс алу органдарынан ағып шыққанда, екі жауырынның арасынан қатты қысу керек;

Жауырын (лопатка); (лат. scapula) - пішіні үшбұрыш-төменгі бұрыштары, сыртқы және ішкі беттері болады. Жауырынның жоғарғы жалпақ табанына жауырын шеміршегі байланысып тұрады. Жоғарыдан төмен қарай өтетін жауырын қыры - жауырынның сыртқы бетін - кішілеу келген алдыңғы қыралды шұңқырына және жалпақтау келген артқы қырарты шұңқырына бөледі.

Тыныс алу жолдары мен асқазанды судан босағаннан кейін жасанды дем алдыруға тырысу керек;

Өз бетінше дем алудың алғашқы белгілері байқалған бойда жасанды дем алуды тоқтатып, мүсәтір спиртін иіскету керек;

Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, жылытқаннан кейін есі кірген бойда ыстық шай беру;

Зардап шегушіні жақын жерлердегі емдеу мекемесіне апару.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды. Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді. Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде еанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту; тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару; жасанды тыныс алдыру; қан айналымын қолдау. Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады. Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс (13-сурет).

Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады. Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді.

13-Сурет. Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай

Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет (14-сурет). Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.



14-Сурет. «Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру:

«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.

Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

Сильвестр әдісі жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады (15а-сурет). Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды (15б-сурет). Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.

а) б)
15-Сурет. Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру:

а) ауа жұту; б) ауа шығару

Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.


Шефер әдісі

Жасанды тыныс алдырумен қатар жүрек қызметінің қалыпқа түсуі қоса жүргізіледі. Жүрек қызметінің тоқтауының басты белгісі –ұйқы күре тамыры соғысының байқалмауы. Тамырдың соғысын зерттеуге алғашқы үш жасанды ауа жұтқызылғаннан кейін жүргізіледі. Оның жоқтығы –жүректің жабық сылауының басталуына дабыл.

Жүректің сыртқы сылауы кеуде клеткасының алдыңғы қалқасы мен омыртқа арасындағы жүректі ырғақты қысу арқылы жүргізіледі. Жүректің жабық сылауын жүргізу үшін зардап шегушіні қатты тегіс жерге жатқызады (16а-сурет), оның басы қозғалмау үшін иығының астына қатты зат қояды. Көмек көрсетуші зардап шегушінің сол жағынан тұрады, қолын семсер тәріздес талшықтан екісін биік етіп кеудеге қояды. Бір саусақты кеудеге тікелей, екіншісін кеуденің үстіне жапсарлас қояды (16б-сурет).

Сылау кезінде иық белдеуінің бүкіл ауырлығымен қысым жасау үшін қолдар созылуға тиіс. Құтқарушы омыртқаға қарай бағыты бойынша кеудені жанши қысады, ол жағдайда кеудені 3-4 см қысады. Әрбір жанши қысудан кейін қолды кеудеден алмай босаңсытады.

Мұндай қозғалыстар минутына 60-тан кем болмауы тиіс.

а) б)

16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:



а) ауа жұту; б) ауа шығару

Шефер әдісі (16-сурет)

а) ауа жұту; б) ауа шығару



17-Сурет. Жүректің сыртқы сылауы


Жүректің жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (17-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (18б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (18а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.

группа 108Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын төрт-бес рет қысу, одан кейін ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады (18б-сурет).


группа 105

18-Сурет. Жасанды тыныс алдыру және жүректі жанама сылау.

а) ауа жұту; б) ауа шығау

6.2. Электр жарақаты

Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Найзағай - бұлттар не бұлт пен жер арасында болатын ұзындығы бірнеше км, диаметрі ондаған см және ұзақтығы секундтың ондаған үлесіндей болатын алып электрлік ұшқынды разряд. Найзағай - кешенді атмосфералық құбылыс.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.



Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы.

Сілекей (лат. saliva) - тұтқыр, түссіз сұйықтық. Үш түрлі сілекей (шықшыт, тіл асты, жақ асты) бездерден шығатын зат. Сілекейдің сутектік көрсеткіші - рН (6,8-7,0) аралығында, яғни бейтарап реакцияға жақын келеді.

Тоқтың әсерінін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі жүйкі жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйде бастан өткереді. Естен айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Дене температурасы - дененің түрлі бөлігінде жылылық әр түрлі болады. Дененің сыртында жылылық өте төмен, ал ішкі ағзаларда жоғары болады. Түрлі жануарлардың орташа дене жылылығы да әр түрлі болады. Мыс: тік ішек арқылы өлшегендө жылқыда-38, сиырда-39, қойда -40, ешкіде-40, қоянда -39, теңіз шошқасында -39, шошқада -39,5, итте -38,5, мысықта-39, тауықта-41,5, үйректе-41,5, көгершінде - 41,1, адамда -37,1, қолтық жылылығы-36,5 С тең болады.

Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:

Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).

Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).

Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:

I-дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;

II-дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;

III-дәрежеде зардап шегушіде есінен айырылумен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;

IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

Алғашқы көмек көрсеткен кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарқатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет.

Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.


Үсік төменгі температураның әсерінен дамиды. Бетте, әсіресе мұрын, құлақ, бет сүйегі аймағының тіндері үсікке жиі шалдығады. Төменгі температураның әсерінентері аз зақымданса да шеміршек зиян шегеді. Перихондриттер дамуы мүмкін, олар ұзаққа созылып, құлақ қалқаны мен мұрын ақауланады. Бет қаңқасының сүйек тері үсікке өте сирек шалдығады. Ерін мен тілдің металлды заттарға жанасуынан үсуі кездеседі. Төменгі температура әсерінен зақым тіндерге тереңдеп таралады. Бет тіндерінің үсуі госпитализациялау көрсеткіші болып табылады.

Үсік кезінде патологиялық өзгерістерінің дамуының екі кезеңін ажыратады: 1. Тіндік гипотермия; 2. Тіндердң жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі.

Реактив, реагент (ре… және лат. agentіs - әсер етуші) - химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды.

Дәл осы екіншк кезең бұзылуларының клиникалық көріністерін анықтайды. Бұл алдында спазммен, кейін қан тамырлардың тромбозымен көрінеді.

Алғашқы кезеңде науқастар шаншып, ысыған, бет аймағында ауыру сезімін байқайды. Кейін мүлде жансызданғанын сезеді. Науқастар үсікке шалдыққанын байқамай қалады. Бұл кезеңде терінің бозарғаны, зақымданған аймақта температураның төмендегені, ауыру сезімінің жоғалғаны анықталады. Үсікке шалдыққан тіндерді жылытқан соң анық ауыру сезімі пайда болады.

Зақымдану тереңдігіне байланысты үсіктің 4- дәрежесін анықтайды:



  1. Тіндер өлмеді. Науқастар қышынып, анық ауыратынына, ысыған, жансызданған сезімге шағымданады (парестезия). Тері қызарған, көкшілденген таңбалар бар. Тіндердің айқын ісінгені көрінеді. Ауыру сезімі төмендеген. Аталған өзгерімтер 3-7 күннен кейін басылып, эпидермистің түлеуі байқалады.

  2. Эпидермис өледі, шағымдар 1-ші дәрежедегідей, бірақ ауру сезімі күшейеді, әсіресе түнде 2-3 күндей ауыру сезімі сақталады. Өлген эпидермис сыдырылып бір немесе бірнеше күлдіреуіктер түзіледі. Олар сары немесе геморрагиялық сұйықтықпен толған.

    Сұйықтық - сұйық агрегаттық күйдегі зат, газ бен қатты күйлердің арасындағы аралықты алып жатыр. Сұйықтықтың басқа агрегаттық күйлерден басты айырмашылығы - көлемін түрақты түрде сақтай отырып жанама күштердің әсерінен өзінің формасын шексіз түрде өзгерте алуы.

    Егер күлдіреуіктің қабығын сыдырса ауыратынашық-қызыл дерма көрінеді. 2-ші дәрежелі үсікте жаралар 10-15 күннен кейін эпителиймен жабылып жазылады.

  3. Терінің барлық қабаты және жұмсақ тіндері өледі. Науқастар қатты және ұзақ ауыру сезіміне, парестезияға шағымданады. Іштері геморрагиялық сұйықтықпен толған күлдіреуік астындағы дерма қоңыр түсті болып келеді. Күлдіреуіктің орнына 6-7 күннен кейін қара түсті өлеттенген қабық пайда болады. Қабық 3-4 аптаның соңына таман сыпырылып түсіп, гранулденеді. Жиектік эпителизацияның біртіндеп жүруімен тыртық түзіліп барып жазылады.

  4. Жұмсақ тіндер өліп, сүйек жалаңаштанады. Кейде зақымданады. Шағымы 3-дәрежедегідей. Ісіну өлген тіндерден асып, таралып айқын көрінеді. Қабық түзіліп, біртіндеп түседі. Улану белгілері байқалып, науқастың жалпы жағдайы ауырлайды. Үсіктің 3-4 дәрежелерінде 5-7күннен кейін өлетті шекарасы көріне бастағаны анықталады. Үсіктің 4-дәрежесінде бет, мұрын, құлақ, ұрт, бет доғасының жұмсақ тіндері жойылуы мүмкін.

    Доға- атты арба не шанаға жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды. Ол үшін жұмыр ағаштың иілуге тиісті жерін шауып жұқартып алып, морға салып жұмсартады да, тез арқылы екі жақ басын иіп, қалыпқа салып кептіреді.



Бетке пластикалық операциялар жасалған адамдар, әсіресе Филатов сабақшасын қолданғанда, суықтан сақтануы қажет. Филатов сабақшасы тіндерінің суыққа сезімталдығы әрқашанда жоғары болады. Олар ауа температурасы-5 с 2-3 сағат аралығында үсікке шалдығуы мүмкін. Дұрыс және уақытында көрсетілген көмек үсік кезіндегі өзгерістердің жайылуын тежеуі мүмкін. Бұл тіндерге қан келуді қалпына келтіру жылдамдығына байланысты. Терінің зақымданған аймағы қызарып, жылынғанша қолмен жеңіл, жылы массаж жасау тиімді. Кейін теріні спиртпен немесе йодтың әлсіз тұнбасымен сүртіп, вазелин немесе басқа жылытатын таңғыш салған жөн. Үсіген жерді қармен уқалауға болмайды, себебі одан әрі салқындап, зақымдану ағымын ұлғайтады. Бұдан басқа қардың кристалдары теріні жырып тіндердің инфекциямен зақымдануына жағдай жасайды. 1- дәрежеде біріншілік көмек көрсетілгеннен кейін арнайы емді қажет етпейді.

2-дәрежелі үсікте көпіршіктердің бүтіндігін сақтауға тырысу қажет, өйткені оның астында жарақаттың эпителизациясы жүреді. Егер көпіршік ішіндегі сұйықтық іріңдесе, көпіршік алынады. Бет тіндерінің құрамында антибиотик немесе антисептик бар май, эмульсиямен жабады.



3-дәрежелі үсіктерде жарақаттың бетіне 5% йод тұнбасын жағады және қабықты алады. Жараның іріңдеуін болдырмау үшін жиі антисептик ерітінділерімен жуады. Қабық алынып, гранулденген соң ылғалды-құрғататын таңғыш салады, яғни жабық әдіспен жазылғанға дейін. Таңғышыт сулау үшін антисептик ерітінділері қолданылады. Осы кезге дейін үсікті емдеу ашық әдіспен жүргізіледі. Үсік салдарынан ақауланған бет тіндері мен мүшелерді рекострутивті операциялар көмегімен қалпына келтіру қажет. Үсікке шалдыққан науқастарға сіреспеге қарсы сарысу енгізген жөн. Үсікке шалдыққан тіндердің төменгі температура әсеріне сезімталдығы жоғары келеді. Суық аз әсер еткен күнде де қайтадан үсуі мүмкін.
1   2   3   4   5   6   7

  • 11. Жаңа тақырыпты бекіту 20
  • 12. Сабақты қорытындылау
  • 9 дәріс Дәрістің тақырыбы
  • Сабақ түрі
  • 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30
  • 6.2. Электр жарақаты
  • Белгілері
  • Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді
  • 6.3. Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

  • жүктеу 0.98 Mb.