Главная страница
Контакты

    Басты бет


Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-

жүктеу 0.98 Mb.



жүктеу 0.98 Mb.
бет3/7
Дата14.03.2017
өлшемі0.98 Mb.

Апат медицинасы пәні бойынша дәрістік жинақ Мамандығы: 0306000-


1   2   3   4   5   6   7

8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

Ұлпалардың ұзақ жаншылу синдромы

Ұлпалардың және бұлшық еттің ұзақ қысылуы зілзала апаттардың, жер сілкіну, үй мен нысандардың қирауы нәтижесінде болады.

Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і ақуыз, май, көмірсу және минералды тұздардан тұрады.

Аяқ қолдың бұлшық еттері ауыр бетон плитаның астында қалғанда, тамырлар қысылған кезде, ұлпалар алмасуының ыдырауының және бұзылуының жете тотықтанбаған өнімдерінің токсиндердің көп мөлшерде ағзада жиналады, зардап шегушінің жағдайы нашарлайды және бүкіл ағзалардың қызметі күрт бұзылады.

Ұлпа - (грек. hіstos; лат. textum) - өсімдіктердің шыққан тегі, құрылымы және организмдегі атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты жасушалар жүйесі.

Аурудың белгілері: ес-түссіз, тамыр соғуы өте нашар, күре тамыр қысымы айтарлықтай төмендейді. Аяқ-қолды босатқан кезде 2-3 литр дейінгі плазма мұнда ұмтылады, соның салдарынан зақымданған аяқ-қолдың көлемі күрт үлкейеді. Бұлшық еттің кескіні жоғалады, домбығудың тығыздығы ағаштай тығыз.

Улы ыдырау өнімдері мен миоглобин зақымдану аймағынан тамырға түседі де бүкіл ағзаға тарайды, бұның салдарынан басқа мүшелердің қызметі бұзылады, жүрек соғуы нашарлайды, миоглобиннің үлкен молекулалары міндетті түрде бүйрек қақпақшыларын зақымдайды. Бүйректің жұмысы нашарлайды, несептің түрі қызғылт (гематурия), оның бөлінуі азаяды немесе толығымен тоқталады (анурия). Осы асқынулар зардап шегушінің мерт болуына әкеп соқтырады.

Алғашқы медициналық көмек. Зардап шеккен адамды құтқару ретінде қысылып, көміліп қалған жерден шығарып алу. Алдымен жаншылған аяқ-қолды төменнен жоғары жаққа дейін кешіктірмей залалсыздандырылған танғышпен қатты таңып тастау қажет. Егер аяқ-қол көп уақыт жаншылып қалса, онда ширатпа қойылады. Аурғаның басатын дәрі-дәрмектер беріледі. Аяқ-қолдың жан жағына таяныш (көлік шиналар) қойылады. Зардап шеккен жерге мұз басып көп сусын беріледі. Тез арада емханаға жеткізіп, ертеден «жасанды бүйрек» аппаратын қолдану істің сәтті аяқталыуна үміттендіреді. Сонғы жылдары ұзақ жаншылу салдары кезіндегі тірі қалу айтарлықтай артты. Медициналық апат қызметтері құтқарудың жаңа әдістерін меңгерді. Сөйтіп, кедергіні бірден жоюдың қажеттігі жоқ болып шықты, бірден плазмаларды айырбастайтын ерітіндерді тамырдың ішіне еңгізіледі, егер ол жоқ болса 1,5-2 литр сұйықты тамшылай жібереді және сусынды көп ішкен жөн.Көбіне зақымдар организм жасушаларына механикалық күштің әсер етуінен болады (соғылу, жаншылу, созылу).Механикалық зақымдар жабық немесе ашық түрлі болады. Оларға жұмсақ жасушалар мен ағзалардың тері асты соғылуы мен созылуы жатады. Жабық зақымдардан тері мен шырыш қабыршақтарының тұтастығы бүліне қоймайды. Ашық зақымдарда жасушалар мен ағзалар кең көлемде зақым алады(жара, сүйек сынуы).



Соғылу, жаншылу. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Соғылу.

Дененің құлап немесе белгілі бір заттан зақым алуынан жасушалар мен ағзалардың біртұтастығының бұзылуын соғылу дейді. Соғылудың негізгі белгісі- қан және лимфа талшықтарының қанталап көгеріп, ісіп кетуі. Тері асты талшықтардың жарылуынан қан ұйиды. Соғылу нәтижесінде жұмсақ жасушалардың ауыруы, аяқ-қолдың қозғалтпауы, сонымен қоса ішкі сарайдың зақымдалуы (ми, бауыр, өкпе, бүйрек) жалпы организмінің нашарлауына, тіпті өлімге әкелуі де мүмкін. Алғашқы көмек. Зақым алғаннан кейін зардап шегушіні тыныштандырып, жасушаларға қан құйылуы тоқтатады. Соғылған жерге су, қар, мұз басып, қатты танғыш салады. Адам зақым алып келіп астына түссе, вагон арасына қысылып немесе жоғарыдан құласа ішкі ағзалардың жыртылуы мүмкін (бүйрек, талақ, бауыр, ас қазан, ішектер). Осыны көмек көрсетуші білгені дұрыс. Науқас адам бозарып, тамыр соғуы, жиілеп, ішінің бұлшық еттері қатайып кетеді. Бұл жағдайда оны тыныштандырып, ішіне салқын компресс қойып, тез арада жақын емханаға жеткізу керек. Себебі өміріне қауіп төнген болса, кейбір жағдайда жедел операция жасауға тура келеді.



Жаншылу

Жаншылу жарақаттың ең ауыр түрі. Онда бұлшық еттер, тері асты майлы жасушалар, талшықтар және жүйкелер мыжылады. Бұл жарақаттар жар құлағанда, жарылыс уақытында, жер сілкінгенде алынады. Жаншылудан шок пайда болып, кейінрек жұмсақ жасушалардың ыдырауынан организм уланады. Алғашқы көмекте негізгі мақсат- адамды ауыр зат астынан алып шығу. Сонан соң организмді уланудан сақтандыру үшін аяқ-қолына бұрау салып, жан жағына мұз немесе салқын суға малынған шүберектер қояды.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Зақым алған аяқ-қолға жақтау салып, қозғалтпай тастау керек. Осындай ауыр жарақатта ең қауіптісі аурудың жалпы көрінісі-шок. Шок немесе оның алдын-алу мақсатында сырқатты жылы орап, азғантай су, шарап немесе ыстық кофе, шай берген жөн. Мүмкіншілік болса наркотик, жүрек қызметін жақсартатын дәрілер егу керек. Ауруды жатқан күйінде жедел емханаға тасымалдау қажет.



Сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Алғашқы дәрігерлік көмек.

Өзінің физиологиялық көлеміне немесе буынға қарсы қимыл жасалғанда буын сіңірлері созылады не үзіледі.

Сіңір (лат. tendo - қатаю, созылып керілу) - бұлшық еттерді қанқа сүйектеріне бекітетін бұлшық ет бөлігі.

Жарақаттанудан кейін буын ісініп, қатты ауырады.

Алғашқы көмекте, соғылған кездегі тәсілді пайдаланып, буынды қатты таңғышпен бекітеді.Буынның шығуы. Буын қуысында бір-бірімен қиылысып тұрған сүйектердің бірі орнынан ауытқыса, жылжыса немесе қабығын жарып маңайындағы жасушаларға өтсе буыннан шығу дейді. Толық буыннан шығу- буын қуысындағы сүйектердің бір-бірінен толық ажырасуы, жартылай буыннан шығуы- сүйектердің орталай шығуы. Буыннан шығу атауы қай сүйек тұсынан шығуына байланысты. Жанама жарақаттануда да буыннан шыға береді. Егер адам бүгілген аяғын ішке қайырса құласа- жамбас, қолын соза құласа иық шығады.

Аяқ-қол шығуының негізгі белгілері:



Буынның шығуда алғашқы көмек. Біріншіден, ауырсынуды басу керек. Ол үшін буын шыққан маңайға салқын басып, ауыруды басатын анальгин, амидопирин, промидол салу қажет. Аяқ-қолды жарақат алған күйінен қозғалтпау.Қолды орамалмен, бинт орамымен жоғары көтеріп байлау, ал аяқты жақтау салып қозғалтпау керек. Екі ойнамалы буыннан шығудан гөрі жаңадан шыққанды салу оңай. Жарақат алған 3-4 сағаттан кейін сол тұсқа қан ұйып, жасушалар ісініп, буынға салу қиындай түседі. Буынға салу тек дәрігерлік іс. Сондықтан, науқасты тез арада дәрігерге жеткізген жөн. Қол буыннан шыққанда сырқат дәрігерге өзі де жетеді немесе оны кез келген көлікпен шықса, сырқатты жатқан күйі тасымалдайды.

11. Жаңа тақырыпты бекіту 20 минут

1. Ұзақ уақыт жаншылу синдромына жалпы сипаттама.

2. Соғылу, жанжылу белгілері.

3. Сіңірдің созылуы кезінде медициналық көмек көрсету түрлері.



12. Сабақты қорытындылау 15 минут

  • Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

  • Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру 10 минут

  1. Негізгі және қосымша әдебиеттерден алу

6 дәріс



  1. Дәрістің тақырыбы: Төтенше жағдайлардағы психологиялық аспектілер.

    Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.



  2. Сағат саны: 2 сағат (120 минут)

  3. Сабақ түрі: дәрістік

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: төтенше жағдай кезіндегі адамдардағы психологиялық бұзылыстар

  • тәрбиелік: организмге келер қауіп қатердің алдын алу

  • дамыту: алғашқы дәрігерлік көмекті және реанимациялық шараларды тез арада ұйымдастыра білу

  1. Оқыту әдісі: Оқушылардан сабақ сұрау.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, тест тапсырмалары.

в) оқыту орны: кафедра бөлмесі.

7. Әдебиеттер:

Негізгі :

  1. Левчук И.П., Третьяков Н.В. Медицина катастроф. Курс лекций.-М.,2010-248 с.

  2. Сергеев В.С «Защита населения и территории в чрезвычайных ситуациях».-М., «Академ проект», 2010

  3. Хван Т.А., Хван П.А. Основы безопасности жизнедеятельности. Учебник.-«Феникс» Ростов на-Дону. «Феникс»-2010.

  4. Кошелев А.А. «Медицина катастроф».-Санкт-Петербург. «Паритет»-2003

5. ҚР Азаматтық қорғанысын ұйымдастыру және жүргізу жөнінде нұсқаулық. Алматы. 2002.

6.Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы. Алматы. 2002.

7. Рябочкин В.М., Назаренко Г.И. Медицина катастроф. Москва. 1996.
Қосымша әдебиеттер:

1. Әбдірахманов Е. Хирургия. Алматы. «Жетіжарғы». 1997.

2. Гордиенко Е.А., Крылов А.А. Руководство по интенсивной терапии. Ленинград. Медицина. 1986.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС ГО.

4. Принципы организации, структура, управление и обеспечение экстренной службы в ЧС от 21 ноября 2001 г. Казахский фармацевтический вестник.

5. Приказ «О мерах по совершенствованию скорой и неотложной медицинской помощи населению РК». Астана. 2001.

6. Постановление кабинета министров РК от 27 сентября 1994 г. №1068 «О создании службы экстренной медицинской помощи РК и в ЧС».

  1. Информационно-методический сборник материалов по Чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне. Ежеквартальное специализированное издание Агентства РК по чрезвычайным ситуациям.

  2. Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам Чрезвычайных ситуаций и Гражданской обороне. Агентство РК по чрезвычайным ситуациям.

  3. «Медицина катастроф», А.А.Кошелев, Санкт-Петербург, «Паритет», 2000г.

  4. «Медицина катастроф», Учебное пособие под редакцией проф. В.М.Рябочкина и Г.И.Назаренко, Москва, «ИНИ Лтд», 1996г.

  5. «Основы безопасности жизнедеятельности», под редакцией В.А.Алексеенко и И.Ю.Матасовой, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2001г.


8. Ұйымдастыру кезеңі: 15 минут

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30 минут

  • Тест сұрақтары және ауызша сұрақ – жауап арқылы білімін тексеру



10. Жаңа сабақты түсіндіру 30 минут

· Біздің балаларымыз кейде өздеріне әртүрлі жағымсыз келеңсіздіктерді тартып тұратындай, ыстық судың үстіне құйылып кеуі, ваннаның бұрышына қабағын жару.... Қай ата-ана осы сөздерді теріске шығара алады! Егер бөбегіңіз қақалып қалса ше? Мұрыннан аққан қанды қалай сауатты тоқтату керек? Қандай жағдайда дәрігерді шақыру керек? Біздің ойымызша, осы сұрақтарға жауап алу үшін, әр ата-анаға біздің «Оқыту- үйрету орталығынан» дәріс алып, үйрену керек.

·Жұмыста. Көптеген мамандықтар қатерлі істермен байланысты - әртүрлі өнеркәсіптер, құрылыстар, көшпелі жұмыстар, көлік қызметтері сияқты орындар. Көп жағдайларда, сізге сеніп тапсырған, адамның – бірінші кезекте балалардың өмірі сіздің сауатты, дұрыс іс-әрекеттеріңізге байланысты.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Сонымен қатар офистік өмірде де алғашқы көмек көрсете білу пайдалы: сіздің әріптесіңіздің жүрек ұстамасы ұстаса, тоқ соқса, төбе құлап кетсе .... Жалпы айтқанда, өмірдің тосын сыйлары аз ба?

·Саяхаттауда. Санақ бойынша, саяхатқа шыққан кезде әртүрлі келеңсіз жағдайлар өте жиі кездеседі: күнге күю, зиянды шыбын-шіркейлердің шағуы, уланулар, жарақаттар тағыда сол сияқтылар. Алыс сапарларға шыққанда, дәрігерлік сақтандыруды рәсімдеу – жақсы әдеттердің бірі. Бірақ, демалыс орнында қандай жағдай болмасын, зардап шегушінің өмірі мен денсаулығы, мамандандырылған дәрігерлік көмек, нақ алғашқы сауатты көрсетілген көмекке байланысты.

·Саяжайда. Сіздің саяжай мамандандырылған дәрігерге дейін қаншалықты алыс екенін анықтадыңызба? Тәжірибеде, оқыс, аяқасты жағдайларда бар ауыртпашылықты өзіңізге көтеруге тура келеді- күйікті өңдеу, сыныққа шендеуіш салу, уланғанда асқазанды жуу....

Қарын, асқазан (лат. ventriculus - гр. gaster - қарын) - азық (ас) қорыту жүйесінің қапшық тәрізді кеңейген қуысты ағзасы. Бөлімдерінің санына қарай қарын - бірбөлімді және көпбөлімді қарындар болып бөлінеді.

Сонымен қатар, саяжайда шұғыл босандыру сияқты – әр түрлі жағдай болады! Сондықтан саяжайдың мезгілі басталғанша керек білім мен машықтануды «Оқыту- үйрету орталығынан» алыңыз.

·Автокөлікте. Өзіңіз көлікті қауіпсіз және сеніммен жүргізсеңізде, өкінішке орай, басқа жол жүргіншілері туралы бұлай айта алмаймыз. Жол апатынан кейін - ең маңыздысы алғашқы минуттарында. Санақ бойынша, уақытында және сапалы, сауатты көрсетілген алғашқы көмек, зардап шегушілердің санын екі есеге артық аман алып қалады. Кім біледі - мүмкін сіз де аман қалушылардың санын көбейтетін шығарсыз?

·Спортпен шұғылданған кезде. Жалпы спортпен шұғылданудың қай түрін алсақта қауіптілікпен байланысты. Доппен ойнап жүріп, аяғын қайырып алу, велосипедтен құлау, шаңғы тебетін тау баурайында сынық алу .... Егер экстремальды спорт - дайвинг, парашютты спорт, мотоспорт түрлерін алсақ, зардап шегушінің өмірі көбіне дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс көрсетілуіне байланысты. Әр түрлі оқыс, аяқасты жағдайларда мамандандырылған көмек әруақытта тез келе бермейді, сондықтан барлығына ертерек дайын болған жөн.

· Үйде. «Менің үйім – менің қамалым» - деген қағидаға сенбеңіз. Жарақаталу пункті қызметкерлерінің растауынша – атап айтқанда үйде, бос жерде, қисынсыз оқиғалардың жиі кездесетінін айтады.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Өзіне қайнап тұрған сағанды (кастрюль) құйып алу, диваннан қисынсыз құлау, үстелдің қырына соғылу .... Алғашқы диагностиканы жүргізу, жедел жәрдемді сауатты шақырту, қолда бар заттармен жарақатты таңу, адамды тасымалдауға дайындау – осының барлығына сізді «Оқыту- үйрету орталығында» үйретеді.

· Дәрігерлер үшін. Дәрігерлер өздерінің алған мамандықтары бойынша кәсіпқой мамандар, бірақ жалпыдәрігерлік білімдері ақырындап жойыла бастайды. Егер бақытсыз жағдайға тап болсаңыз, қолыңызда «дәрігерлік қобдиыңыз» болмаса, не істер едіңіз? Сіз жүрек-өкпе реанимациясын сауатты жасай аласызба? Зақымның алғашқы диагностикасын өткізесізбе? Егер сіздің көзіңізше бақытсыздық жағдай болса - жан-жағыңыздағы адамдар дәл сізге сенеді, олардың сенімін ақтауға тырысыңыз! Сол себепті көптеген дәрігерлік мекемелерде қосымша алғашқы көмек көрсету бойынша білімдерін толықтырып, әр түрлі өмірлік жағдайларда не және қалай істеу керектігі жайлы айқын нұсқаулар кездейсоқ емес.

Бақытсыздық - тағдыр тауқыметін, қайғы-қасіретті, азапты, өлшеусіз бейнетті білдіретін этикалық ұғым. Бақытсыздық көп жағдайда қоғамдағы әділетсіздік, зорлық-зомбылық, дау-жанжал, кедейлік, табиғи апаттар салдарынан туады.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

· Студенттер үшін. Осы орталықта оқып кетсеңіз, халықаралық студенттік бағдарлама бойынша (Work and Travel; Camp USA; Au Pair) сізге жұмысқа орналасу артықшылығын аласыз. Қазақстанда халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп жатқан компанияларға жұмысқа орналасу үміті арта түседі.

Оқытудың бағыттары

1. Әрекет. Алғашқы көмек және Төтенше жағдайдағы жүріс-тұрыс

· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Анатомия және физиология негіздері

· Зардап шегушіні тасымалдау.

· Тыныс алу жолдарының бұзылуы

· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы

· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).

· Күйік және үсік. Суық өту.

· Кейінге қалдыруға болмайтын жағдай ( талма, эпилепсия, инсульт, қант диабеті, жоғары температура)

· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)



2.

Қояншық (эпилепсия) - (грек. epіlambano – шап беріп ұстаймын, шабуыл жасаймын), қояншық – жиі кездесетін ұстамалы аурулардың бір түрі.

Естен тану - қатты күюдің, қансыраудың, қатерлі басқалай дерттің, организмде қажетті су мөлшерінің жетіспеушілігінің немесе аса қатты аллергиялық реакцияның салдарынан болатын адам өміріне қауіпті құбылыс.

Диабет (лат. diabetes mellitus) - бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.

ӘРЕКЕТ.ШҰҒЫЛ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК.

· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Зардап шегушіні тасымалдау.

· Тыныс алу жолдарының бұзылуы

· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы

· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).

· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)



3. ӘРЕКЕТ. Полигон. ОЙЫН КҮНІ. МАШЫҚТАНДЫРУДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.

· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі

· Айналадағылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Жүрек-өкпе реанимациясы жұмысын машықтандыру

· «Қалада» қысқа жағдайлық ойындар.

· «Алыс шығаберісте» жағдайында

· Құтқарушылар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер келгенге дейінгі әрекет

· Құтқаратын құралдардың қолданылуы



БІЛІМ. ПСИХИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БАСҚАРУ.

· Девиантты мінез- құлықтың талдау негізі (қияңқы,өзіне-өзі қол жұмсау)

· Девиантты мінез- құлықтың белгілерін анықтау: түр сипаты, сөзі, тәртібі.

· Алдын- алу шаралары, даулы жағдайларды болдырмаудың әдіс-тәсілдері

·Даулы жағдайлардағы тәртіп алгоритмі ( холлда, номерде, демалыс орындарында)

· .Дағдарыстық жағдайды шешуде арнайы қызметтермен өзара әрекеттік әдістемесі



БІЛІМ.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

КЕШЕНДІ ҚАУІПСІЗДІК.

· Компания қауіпсіздігі негізі

· Офистің қауіпсіздігі, күдікті әрекеттер

· Өрт сөндіру қауіпсіздігі

· Қолдағыны қолдана білу.

· Жарылыс қаупі, пошталық терроризм, күдікті заттар.

· Есірткіні, жарылғыш заттарды анықтау

· Көлікті тексеру, компания автомобильдерінен ұрлық

· Ақпараттық қауіпсіздік

· Тонаудағы іс-әрекет, саяхат жасаудағы қауіпсіздік



4.

Наркотик ( гр. ναρκωτικός - естен айырылу) - БДСҰ-ның анықтауы бойынша, ауру сезгіштікті жоятын химиялық есірткі. Термин әдетте есiрткi анальгетиктер деп аталған апиыны бар заттарға немесе опиоидтарға жатады.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

ТЕРРОҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ.

· Қауіпсіздік формасы: Security&Safety

· Телефон, e-mail және жазбаша түрдегі қауіп-қатер , қорқытудағы әрекет алгоритмі

· Жарылғыш заттарды тауып алғандағы әрекет алгоритмі.

· Басып алу/ кепілге алынған кездегі әрекет алгоритмі.

· Жеке және айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

· Арнайы қызметті сауатты шақыру

· Арнайы қызметтің келгеніне дейінгі іс-әрекет

· Эвакуацияны ұйымдастыру

· Жағдайлы – рөльдік ойындар


1   2   3   4   5   6   7

  • 9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 30
  • Соғылу, жаншылу. Алғашқы дәрігерлік көмек. Соғылу.
  • Сіңірдің созылуы, буынның шығуы. Алғашқы дәрігерлік көмек.
  • 11. Жаңа тақырыпты бекіту 20
  • 12. Сабақты қорытындылау
  • 6 дәріс Дәрістің тақырыбы
  • Сағат саны
  • Оқыту әдісі
  • Спортпен шұғылданған кезде
  • Естен тану
  • 3. ӘРЕКЕТ. Полигон. ОЙЫН КҮНІ. МАШЫҚТАНДЫРУДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ.
  • БІЛІМ. ПСИХИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЛАРЫНДА БАСҚАРУ.
  • Есірткіні

  • жүктеу 0.98 Mb.